- •Мектепке дейінгі ақыл ойы артта қалған балаға психологиялық, педагогикалық сипаттама
- •Жүріс-тұрысты меңгеру мен заттық іс-әркеттің дамуы
- •1. Есту қабілеті бұзылысының себептері.
- •2.Мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балаларға педагогикаылқ сипаттама.
- •3.Мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балаларға психологиялық сипаттама.
- •Нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған арнайы мекемелер, олардың негізгі қызметі.
- •Психикалық дамуы кешеуілденген балаларға мектепке дейінгі көмек көрсету мекемелері
- •Зияты бұзылған балаларды түзете тәрбиелеу жұмысының негізгі бағыттары
- •5. «Радиоэфир» мақсаты: балалардың есту арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
- •Көру қабілеті бұзылған балаларды түзете тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттары.
Көру қабілеті бұзылған балаларды түзете тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттары.
Көруі қабілеті бұзылған балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытудың өз ерекшеліктері бар. Баланың ата-анасы үнемі тифлопедагог, психолог, офтольмолог мамандарынан көмек алып тұруы қажет. Баламен сөйлескенде үлкендер үнемі өз қимылдарын баяндап тұруы керек, бұл балаға болып жатқан нәрсені есту арқылы көруге мүмкіндік береді. Бала үйде тәрбиеленсе, балаға қажет жағдайлар жасау керек.
Соқырлықтың балаға әлеуметтік салдары болады. Соқыр баланың жанұясын қоршаған адамдар, туысқандар, таныстар оны және баланы сөз қылады, бала бұдан кері әсер алады.
Мектепке дейінгі мекемелер қазіргі кезде мемлекеттің қарамағында. Онда 2-3 жастан бастап 7 жасқа дейінгі балаларды оқытады. Бұл мекемелер баланы тәрбиелейді, емдейді, көру функцияларын мүмкін болса қалпына келтіруге тырысады. Онда оқытудан басқа балалардағы қалған көру қабілеттерін сақтауға тырысады.
Мектепке дейінгі мекемелер соқырлар мен әлсіз көретіндерге арналған және бұл жалпы мемлекеттік оқу жүйесінің бір бөлігі болып саналады. Жалпы соқырлар мен әлсіз көретіндерге арналған мекеме келесі функцияларды орындайды: оқу-тәрбиелік, коррекциялы- дамулық, санитарлы-гигеналық, әлеуметтік және т.б
Бұл мекемеде бала жеке тұлға ретінде өседі. Ол көру гигенасын сақтауды үйренеді. Мекемеде көздің көру, сезінуді дамыту және кеңістікте өмір сүруді үйретеді. Мекемеде баланың мүмкін болатын мүмкіндіктерін дамытады, ғылыми көзқарасын көреді.
Мекемеде соқырларға білім беруде оқу мен жазуды Брайль жүйесі арқылы оқытуға үлкен мән береді. Баланың физикалық тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Бұл мекемеде Брайль жүйесі бойынша жазылған кітаптар, оқулықтар шығарылады. Барлық кітаптарда Брайль бойынша шығарылған кесте, суреттер, сызбалар бар.
