- •Мектепке дейінгі ақыл ойы артта қалған балаға психологиялық, педагогикалық сипаттама
- •Жүріс-тұрысты меңгеру мен заттық іс-әркеттің дамуы
- •1. Есту қабілеті бұзылысының себептері.
- •2.Мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балаларға педагогикаылқ сипаттама.
- •3.Мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балаларға психологиялық сипаттама.
- •Нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған арнайы мекемелер, олардың негізгі қызметі.
- •Психикалық дамуы кешеуілденген балаларға мектепке дейінгі көмек көрсету мекемелері
- •Зияты бұзылған балаларды түзете тәрбиелеу жұмысының негізгі бағыттары
- •5. «Радиоэфир» мақсаты: балалардың есту арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
- •Көру қабілеті бұзылған балаларды түзете тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттары.
5. «Радиоэфир» мақсаты: балалардың есту арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
Барысы: балалар қазір біз өзімізге таныс өлең жолдарын тыңдаймыз. Сендер сол өлең жолдарындағы жетпей тұрған сөзді сызбаға қарап қосуларың керек.
Ақыл-ойы тежелген мектепке дейінгі жастағы балалар селсоқ, сенімсіз әрекет етеді. Олардың эмоциялары аз, алайда күйзелістері тұрақты, анағұрлым терең болып келеді. Олар айқайлауға, жүгіруге, сұрамай затты алуға, шулауға, қырсығуға, болмайтындығын түсінбейді. Ал кейбіреулері сөйлемейді, жан-жағына үреймен қарайды, ата-аналардың артына тығылады, үндемейді, қарым-қатынастан бас тартады және т.б
Ойын. Ақыл-ойы артта қалған мектепке дейінгі жастағыларда жекелеген ойын әрекеттерін байқауға болады, бірақ олар мазмұны жағынан толық емес. Бала бос ойыншық мәшинені оның моторының шуылын білдіретін дыбыстарды шығара отырып, бөлменің бір бұрышынан екі бұрышына қайта-қайта жүргізеді. Оның қозғалыстары мен дыбыс шығаруы стереотипті болып келеді және қандай да бір ойды іске асырмайды.
Суре салу (бейнелеу). Ақыл-ойы артта қалған балалар бейнелеу іс-әркеттері ерекше әрі баяу қалыптасады. Олардың салған суреттері шимай-шатпақ күйінде және тек мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай барынша толық орындалмаған дөрекі қателіктері бар, анық емес, қисық суреттермен салынған сюжеттік бейнелерді көруге болады. Осы суреттерден олардың көріп қабылдаудың дифференциясының болмауы, ойлау мен естің төмен деңгейі және қозғалыс сферасының жетілмеуі анық көрініс табады.
Еңбек іс-әрекеті. Ақыл-ойы артта қалған балаларға арнаулы жалпы білім беретін мектепте оқу іс-әрекетімен қатар негізгі іс-әрекетінің бірі еңбек іс-әрекеті болып табылады. Олар тапсырманың мақсатын түсінбей және іс- әрекет жоспарын білмей орындайды. Ақыл-ойы тежелген балалар тапсырманы түсінбей орындайды. Тапсырманы орындау барысында балалар үшін қүрделі іс-әрекетке анағұрлым жеңіліне қарай әрекеттенулері жиі байқалады: қойылған тапсырманы түсінбейді және қызығушылықтары төмен, үйреншікті түрде болады.
Мотивациялық қажеттілік сферасы.Баланың қалыптасып келе жатқан жеке тұлғасының күрделі құрылымынан мотивациялық қажеттілк сферасын анықтау керек. Ол ақыл-ойы артта қалған оқушыларда пісіп жетілмегендігінен, әлсіз көрінетіндігінен және іс-әрекетке ынталандырудың қысқа уақыттылығымен, мотивтердің шектеулігімен, әлеуметтік қажеттіліктердің жеткілікті түрде қалыптасуымен сипатталады.
Дәріс № 10 –( 2 сағат)
Естіуі бұзылған мектепке дейінгі балалармен түзету,тәрбиелеу жұмыстарының жүргізілуі
Жоспары:
1) Кіріспе
2) Естуі бұзылған балалармен психолого – медико – педагогикалық зерттеу бағыттарының жұмыстарына шолу.
3) Қорытынды.
Кіріспе
Есту қабілетінің бұзылуы ерте балалық шақтағы және мектеп жасына дейінгі балаларда жиі кездеседі.Себебі,бұл жастағы балалар есту қабілеті қызметінің бұзылысына шағым айта алмайтындықтан, ата – анасы уақытында баланың есту қабілетінің төмендігіне назар аудармайды, оның үстіне, естуі бұзылған балалардың гуілдеуімен былдыры қалыпты балалардан еш айырмашылығы болмайды.Ерте балалық шақта пайда болған есту қабілетінің аздап бұзылуы, баланың қоршаған ортаны акустикалық қабылдауының дамуына және сөйлеу тілі мен жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына кері әсерін тигізеді.Естімейтін балалар арнайы оқытусыз сөйлеу тіліне мүлдем ие бола алмайды.Бала өз даусын және қоршаған орта дыбыстарын естімейтіндіктен, дыбыстарға еліктей алмайды.
Есту қабілетінің бұзылуы сөйлеу тілінің, есту қабілетінің фонематикалық жағының дамуы мен қалыптасуына, сөздің дыбыс – буын құрамымен грамматикалық қатарының дұрыс қалыптасуына әсер етеді.
Соңғы жылдары мерзіміне жетпей туылып жатқан балалар санының өсуі, кемістігі бар балалардың санының көбеюіне алып келіп отыр.
Баланың естуінде қандайда бір кемістік барын байқаған жағдайда бірден балалар дәрігер – сурдологына көрсету керек.Дәрігер – сурдолог тексеру кезінде объективті диогностикалық әдістерді қолданады.
Қазіргі есту қабілетін диогностикалау әдістерінде алғашқы болып тексерілетіндер:
― есту қабілеті 15-20 дб деңгейінен төмен болған жағдайдан бастап тіркеуге алу;
― орталық құлақты тексеру, бақылау, тимпанометрия;
― электрофизиологиялық анықтау нәтижесінде есту қабілетінің бұзылуына әсер еткен жағдайларды тіркеу,т.б.
Сурдологиялық орталықтардың зерттеп анықтауы бойынша баланың есту функцияларының бұзылу деңгейіне қажетті медициналық шаралар жасалынады, баланың жасына сай арнайы педагогиканың көмегімен есту және сөйлеу деңгейлеріне, психофизиологиялық дамуына, отбасы жағдайына байланысты көмек түрлері көрсетіледі.Ұсынылатын әдістер есту қабілетін түзетуде, баланың есту қабілетінің қай деңгейде екендігін, осы кемістіктің салдарын анықтауда көмектесе алады.
Ерте жастағы баланың сенсорлық жүйесі еркеше нәзік болатындықтан, түзету жұмыстарын осы жастан жүргізу өте тиімді болып саналады.
Адекватты емдеу, баланы түзете – дамыта оқыту қаншалықты ерте басталса, соншалықты нәтижелі болатындығын есте сақтауымыз керек.
Естуі бұзылған балалармен психолого–медико –педогогикалық зерттеу жұмыстарына шолу
Зерттеу жұмыстары жаңа туылған сәбилерде перзентханаларда, ерте жастағы және мектепке дейінгі балаларда – балалар емханасында жүргізіледі.Балада есту қабілетінің төмендігі немесе бұзылуы байқалса, сол ауданда орналасқан сурдологиялық кабинеттермен орталықтарға жібереді.Дәрігер – сурдологтар алынған мәліметтермен аудиологиялық тексеру нәтижиелерін және есту қабілетін анықтауға арналған әртүрлі жаттығулар арқылы баланың есту қабілетінің жағдайын дифференциалды диогностикалау жұмыстарын жүргізеді.Мамандар емдеу тәсілдерін анықтайды, қажетті жағдайда жеке есту аппаратын ұсынады.Сурдологиялық кабинеттерде баламен бірге ата – анасыменде балалар психиатры, психолог, сурдопедагог жұмыс істейді.Олар ата – анасын арнайы жұмыстардың жүру әдістерімен таныстырып, кеңестер береді.
Баланың есту қабілетінің дамуын анықтауда түзету жұмыстарын жүйелі түрде психолого – медико – педагогикалық зерттеген тиімді болады.Мұндай зерттеулер психолого – медико – педагогикалық комиссия мүшелерінің қатысуымен жүзеге асады. Психолого – медико – педагогикалық комиссияның негізгі жұмыстарына мыналар кіреді :
–баланың есту қабілетінің себебін анықтау, мінездеме беру ;
–баланың жеке тұлғалық психикасын зерттеу ;
– баланың оқу және тәрбиелеу жағдайын анықтау(отбасында, арнайы мектепке дейінгі мекемеде, жалпы білім беретін мектепке дейінгі мекеме және т.б.) ;
–педегогикалық негізде оқыту ;
–есту қабілеті төмен балалардың тәрбиесін және оқуын бақылау ;
–ата – аналарға кеңес беруге дайындық.
Психолого – медико – педагогикалық комиссия арнайы мекемелерде топ құру мәселесімен; ерте жастағы және мектепке дейінгі балалардың есту қабілетінің дамуын бақылауды жүзеге асырумен; дамуында қиын жағдайы бар балаларды оқыту мәселесімен; балалардың мектепке дайындық деңгейін және оқитын мектеп түрін анықтаумен айналысады.
Естуі бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларды психолого – педагоикалық принциптерімен әдістері мына ғалымдардың еңбектерінде көрсетіледі А.А.Венгер, Г.Л.Выгодский, Э.И.Леонгард(1972), Т.В.Розанова(199,1995), Т.В.Розанова және Г.П.Бертынь(1993) және т.б.
Естуі бұзылған ерте жастағы және мектепке дейінгі балаларды зерттеудегі негізгі психолого –педагогикалық бағыттар келесідей қатарды құрайды:
1). Ерте жастағы және мектепке дейінгі балалардың мінез –құлығын комплексті тексеру.
Комплексті тексеру әртүрлі даму диагностикасына бағытталады : медико –физиологиялық, психолого –педогогикалық, әлеуметтік.Әртүрлі мамандардың қатысуы ұсынылады :дәрігерлер – сурдолог және психиатр, психолог, сурдопедагог, логопед, қажетті жағдайда – басқада мамандардың қатысуы (невропотолог, офтальмолог).
2).Мінезді психолого – педагогикалық жан – жақты зерттеу.
Психолого – педагогикалық зерттеуге психиканың барлық жақтарын : сөйлеу тілі, таным процестері, ерік – жігер сферасы және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру жатады.Берілген комплексті зерттеу баланың есту қабілетінің себебімен уақытын анықтауға; есту қабілетінің деңгейін айқындауға; жасына сай таным қабілеттерінің дамуын анықтауға; балалық әрекеттер жасауға (ойын, сурет салу) ;жеке ерекшеліктерін көрсетуге негізделеді.
3). Психолого – педагогикалық зерттеуде баланың жас ерекшелігін ескеру.
Психолого – педагогикалық зерттеуде негізгі жұмыс түрі және мазмұны бойынша баланың жасына сәйкес келеді.Зерттеу жоспарын құруда баланың жасына сәйкес жағдайлар қарастырылады: балаға ыңғайлы оырытын орындық, жасына сай дидактикалық ойыншықтар.Мектепке дейінгі балаларды зерттеуде әртүрлі ойындар, суреттер, жыинастыру т.б. әдістер қолданылады.Бағалау және қорытындылауда баланың жасы маңызды роль атқарады.
4).Баламен жеке қарым –қатынас орнату.
Бұл жұмыс дамуы өте ауыр ерте жастағы және мектепке дейінгі балалармен зерттеу жүргізуде маңызды жұмыстардың бірі.Баламен жеке қарым –қатынас орнату кемістіктің даму тарихымен танысуға мүмкіндік береді: сөйлеу тілінің қалыптасуы, қандай аурумен ауырғаны, отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері, баланың мінезі.
5).Тексеру нәтижесінің сапалы анализі жәнебаланың потенциалды мүмкідіктерінің анықталуы.
Алынған нәтижиені бағалауда баланың тапсырмаларды орындауына және жасына сай орындауына назар аудуру керек: тапсырмаға қызығушылығы, өздігінен орындауы, біреудің көмегімен орындауы, тексеру барысында нені үйрене алғаны.
Психолого – педогогикалық тексеру кезінде баланың ең жоғарғы мүмкіндік деңгейі көрінеді, яғни бала үлкендердің көмегінсіз не істей алады.Баланың қол жеткен мүмкіндіктері "дамудың жақын аймағында" тәрбиеленуімен оқытылуында маңызды орын алады.
Қорытынды: Берілген әдістер есту қабілетінің бұзылыстарының анықталуына, диагноз қойып түзету жұмыстарының жүргізілуіне көмектеседі.Ерте балалық шақта және мектепке дейінгі кезеңде есту қабілетінің бұзылуы болғанда, есту функцияларын зерттейтін әдістерді уақытында, сапалы түрде қолдану қажет.Бұл әрекеттер балаға диагнозды ертерек қойып, уақытылы емдеу , түзету шараларын қолдануға жағдай жасайды.Естуі бұзылған балалар медициналық және психолого – педагогикалық түзету жұмыстарын көп қажет етеді.
Дәріс № 11 – (2 сағат)
