Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
212.48 Кб
Скачать

Зияты бұзылған балаларды түзете тәрбиелеу жұмысының негізгі бағыттары

Бала белгілі әлеуметтік ортада өсіп, айналасындағы заттар мен құбылыстарды танып біледі, олармен тікелей қарым- қатынастарда әсерленіп, бойындағы табиғи қасиеттерін жетілдіріп, ақыл- ой сезімін таным әрекетімен байланыстырады. Сезімнің бұл түрі балалардың оқып білім алуын, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастырады. Баланың шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану баланың әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән - жайын жан - жақты танып, оларды тереңірек түсінуіне жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Ақыл-ой сезімі адамның кез-келген іс-әрекеттегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл-күй болып табылады. Ал осындай ақыл -ой сезімі кейбір балада жетілмей, артта қалып қояды. Оның себебі: негізінен тұқымқуалаушылық, ортаның экологиялық әсері, отбасының әлеуметтік жағдайы. Мұндай түсініктерге ауруға ұшырау салдарынан зақым шеккен балалар, дене кемістіктеріне орай ақыл-ойы тоқырап қалған балалар, тағы да басқа себептерден кеміс болып қалғандар жатады. Сондай-ақ, бұл топқа дені сау, бірақ тұрмыс жағдайының ауыр болу себептерінен бірқалыпты дамымай қалған балаларды да қосамыз. Мұндай жәйттер негізінен әлеуметтік жағдайларға байланысты.

Ақыл-ойы артта қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету барысында медициналық бейімдеудің мәні зор. Мұнда ақыл-ойы артта қалған балалармен жігерлі терапия жүргізе отырып, оларға дәрігерлік емдеу, физио, психотерапия, емдік дене шынықтыру жаттығулары, жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары қолданылады.

Ақыл-ойы кем балаларды оқытудың негізгі әдісі біріктіру болып табылады. Қазіргі шақта біріктіру зейін орталығы болып табылады. Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерінен жалпы білім беру стандартының қалыпты уақытқа жақын болуымен сипатталады.

Біріктіру әдісі білімді түзетудің, дамытудың заңдылығы болып табылады. Тұжырымдамаға сәйкес біріктіре оқыту келесі қағидалар негізінде жүргізіледі:

  • Дамуындағы кемшілікті ерте бастан түзету, дамуында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызметтерін қалпына келтіру қабілеттері;

  • Біріктіре оқыған әрбір балаға түзету көмектері міндетті;

  • Біріктіре оқуға негізделген балаларды таңдау психоэмоционалдық дамуы терең бұзылған балалар қалыпты балалар арасында тәрбиелене алмайды.

Ақыл-ойы артта қалған балалармен дәрігерлік психологиялық педагогикалық және түзету шараларын жүргізгенде мамандар мынадай маңызды ұстанымдарды сақтауы тиіс:

  • Жеке және топ арқылы олармен түзету дамыту сабақтарын жүргізу;

  • Қимыл қозғалысы мен ақыл-ойының жетілуін бағалап жетілдіре түсу;

  • Ақыл-ойы артта қалған балалрдың психологиялық қауіпсіздігін сақтау, сол ортаға мейірімділік пен қамқорлық жағдайын туғызу, олардың қиыншылығын түсіну және жағдай жасау.

Ақыл-ойы кем балалардың ұсақ қол қимылдарын дамыту, тіл байлығын дамыту, сонымен бірге баланың логикалық ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту мақсатында төмендегі ойындарды сабақтарда пайдалануға болады.

  1. «Сиқырлы таяқша» ойыны. Мақсаты: сиқырлы таяқша көмегімен топ балаларын етене жақын таныстыру.

Барысы: балалар шеңбер жасап тұрады. Балалар «Сәлеметсіз бе? Менің атым....» деген сөзден бастайды. Осылайша барлық бала өзін таныстырып болғанша ойын жалғаса береді.

  1. «Атадан немереге дейін». Мақсаты: суреттерді көлеміне қарай жасы үлкен, кішіні айыруға, орналастыра білуге үйрету.

Барысы: жанұя мүшелерін жасы үлкенінен кішісіне қарай сурет бойынша айтып, орналастырып шығу.

  1. Сергіту сәті. Балалар бірінің соңына бірі тұрып, алдындағы баланың иығына екі қолын салып тұрады. Егін егу үшін жаттығулар жасау керек.

  1. Жер жыртамыз 3. Арықпен су жібереміз

  2. Дән себеміз 4.Орақпен дән орамыз

4.«Сыйлық.» Мақсаты: бір-біріне деген жайлы қарым-қатынас орнату, балалардың сөздік қорын дамыту.

Барысы: балалар кім сыйлық алғанды жақсы көреді? Ал кім сыйлағанды жақсы көреді? Балалар осы сұрақтарға байланысты өз ойларын айтып болған соң, жанындағы көршілеріне сыйлық сыйлайды. Сыйлық көлемі, пішіні ым-ишара, қимыл-қозғалыс арқылы түсіндіріледі. Сыйлық қабылдаған адам, қандай сыйлық алғанын айтады. Ал сыйлық берген адам көршісіне қандай сыйлық бергенін, ол сыйлықты беру себебін айтады. Осылай ойын жалғаса береді. Ойын соңында әр ойыншы өзіне қандай сыйлық ұнағанын айтып береді.