- •Мектепке дейінгі ақыл ойы артта қалған балаға психологиялық, педагогикалық сипаттама
- •Жүріс-тұрысты меңгеру мен заттық іс-әркеттің дамуы
- •1. Есту қабілеті бұзылысының себептері.
- •2.Мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балаларға педагогикаылқ сипаттама.
- •3.Мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балаларға психологиялық сипаттама.
- •Нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған арнайы мекемелер, олардың негізгі қызметі.
- •Психикалық дамуы кешеуілденген балаларға мектепке дейінгі көмек көрсету мекемелері
- •Зияты бұзылған балаларды түзете тәрбиелеу жұмысының негізгі бағыттары
- •5. «Радиоэфир» мақсаты: балалардың есту арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
- •Көру қабілеті бұзылған балаларды түзете тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттары.
Психикалық дамуы кешеуілденген балаларға мектепке дейінгі көмек көрсету мекемелері
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелері бар .Қазақстан Республикасының Минитірлігі білім беру мекемелерінің түрлерімен типтерін бекітті, онда – мектепке дейінгі мекемелер және түрлі мектепке дейінгі мекемелер оның ішінде түзету педагогикалық тәрбиелеу мекемелері:
- физикалық және психикалық дамуын түзету балабақшалары
-денсаулықты жақсартатын шаралар және санитарлық-гигиенеалық қарауды алдын-алу балабақшалары
-құрастырылған балабақша түрі, құрамына жалпы даму кіреді,компенсаторлық және денсаулықты нығайтудың әр түрлі топтары
-балалар даму орталығы-физикалық және психикалық дамуды жүзеге асыру балабақшалары және барлық тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту мен түзету.
ПДК балаларға арналған мектепке дейінгі құрастырылған білім беру мекемелерінде дамуында ауытқулығы бар балалар қысқа уақытта болады.Бұл мекемелерде балаларға түзету дамытушылық, диагностикалық және арнайы топтар құрастыра алады.Сонымен қатар балаларға мектепке дейінгі топты, ПДК балаларға арналған мектеп интернатта және «Бастауыш мектеп-балабақша» кешенінде ұйымдастырады.
Ерте жаста бұл балаларды дәрігер және балалар емханасындағы психолог немесе ерте жастағы балалар абилитациялық орталықтарында бақыланады.
ПДК балаларға қазіргі кезде әрдайым жұмыс жасайтын көмек көрсетудің маңызды орны ПМПК. Жұмыс жасау процессінде ПМПК мамандары кешенді психолого-медико-педагогикалық тексеру жүргізеді, ата-анамен балаларға жеке және топтық кеңес беру, жеке және топтық жұмыс, дамуында қиындығы бар балалармен жұмыс жасайтын мамандарға тақырыптық семинарлар өткізу,психотерапиялық және әлеуметтік психологиялық тренинг өткізу. Дәл осы мамандар қиын балаларды оқыту түрлері мен формаларын анықтайды, балаларға медициналық көмек, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық жеке бағытталған бағдарламаны өңдейді. ПМПК шешімі ПДК балаларды мектепке дейінгі мекемелерге және топтарға бағыттайды.Балаларды қабылдауда негізгі медициналық көрсеткіш болады:
ПДК органикалық-церебральды генеза;
ПДК және конституционалдық психикалық және психофизикалық инфатилизм түрі;
ПДК психогенді пайда болу;
ПДК түрлі себеп;
Микроәлеуметтік жағымсыз жағдайда тәрбиелегендіктен мектепке дейінгі мекемелерге педагогикалық көрсеткішпен қабылдайды. Тең жағдайда бірінші ПДК ауыр түрін аталған мекемелерге бағыттау керек-органикалық церебральды генеза, басқа клиникалық форма, энцефопат симптомының асқынуы.Диагнозды ұзақ бақылау процессінде қоятын болса, онда балалар мектепке дейінгі мекемеде 6-9 ай болады. Кей жағдайда бұл уақытты ПМПК созуы мүмкін.
Мектепке дейінгі мекелерге және топтарға қабылдауға болмайтын балаларда мынадай клиникалық жағдайы мен формасы бар:
-олигофрения; органикалық, эпилепсия, шизофрения.
-көру қаблетінің бұзылысы, есту, қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылысы.
-сөйлеу тілі бұзылысы: алалия, афазия, ринолалия, дизартрия, тұтықпа.
-шизофрения эмоционалдық көңілсіздік сферасының көрінуі
-психопатияның формасы және психопаттың әр түрлі табиғи жағдайы
-пароксизм, жүйелі бақылау мен психоневрологта ем қабылдауды талап етеді
-энурез және энкопрез
Жүрек жүйесінің асқынған ауруы, тыныс алу органдары, асқорыту органдары және т.б
ПДК балаларға арнайы мектепке дейінгі мекемеде болған балаларда жоғарыда тіркелгендей бұзылыстар болса, онда шығарады немесе сәйкес келетін мекемелерге ауыстырады.
ПДК балаларға арналған мекелерге балаларды бақылап, диагнозды дұрыс қойып әкелгеннен кейін, оның мектепте білім алу сұрағын шешеді. Мектепке дейінгі білім беру мепкемелерінің педагогикалық кеңестің шешімі бойынша ПДК балаларға арналған мектепке немесе сыныпқа ауыстыру жайлы құжатты толтырады, жалпы ауытқуы жағдайда – жалпы білім беретін мектепке , жеке жағдайда оған көрсеткіш болса – арнайы мектепке бағыттайды.
Білім беру министірлігінің бекіткен « ПДК балаларды мектепке дейінгі мекемелерге және арнайы топтарға қабылдауға бағыт беру» бойынша екі топ жинақталған: үлкен 5-6 жастағы балаларға және 6-7 жастағы дайындық балдарға. Бірақ кейінгі жылдары Қазақстанда ерте жастан бастап көмек көрсету топтары ашылуда. Мұндай мекемелерге 2,5 және3,5 жастағы балдарға кіші диагностикалық топ ашылуда, ары қарай үлкен , орташа, дайындық топтары бар. Өмірлік , өндірістік жетіспеушіліктен әр түрлі жастағы балаларды бір топқа жинақтайды.
Мектепке дейінгі түзетушілік тәрбиенің басты мақсаты баланың эмоционалдық , әлеуметтік және интелектуалдық шамасын дамыту , жеке қасиетін позитивті түрде қалыптастыру, дамуындағы екінші ауытқушылығын түзете отырып , бірінші бұзылыстың орнын толтыру . Мектепке дейінгі арнайы мекемелер келесі міндеттерді шешеді: диагностикалық, тәрбиелік , түзете – дамытушылық, емдік және білімдік.
Диагностикалық міндеттер баланың мидициналық – психологиялық – педагогикалық түрде меңгеруді ұйымдастыру. Мақсаты баланың диагнозын анықтау және баланың дамуына жеке бағдарланған бағдарлама құрау.
Тәрбиелік міндет әлеуметтік сұрақтарды шешуге бағытталған, баланың және оның отбасының автономиясын және тәуелсіздігін жоғарлату, баланың тәртібінде іс-әрекетінде адамгершілік бағдар беру сондай-ақ бала бойында жағымды қасиеттерге тәрбиелеу.
Түзетушілік жұмыстың мазмұнымен ұйымдастырылуы бірінші ден қиын баланы іс-әрекетін және психикасының компенцаторлық механизмдерін дамытуға , екіншіден бала бақша тәрбиеленушісінің екіншілік ауытқушылығындағы танымдық сферасын дамыту , тәртібін және адамгершілдігін бағдарлауға бағытталған.
Емдік міндетте мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленуші баланың денсаулығын нығайту және сақтау , қорғау шарттарын анықтайды.
Осы міндеттердің барлығы мектепке дейінгі мекеменің мамандары сабақта шешеді.
Тәрбиеші топтық және жеке сабақта келесілерді жүргізеді. Денсаулық сабақтары жабыстыру, аппликациялау, сурет салу, құрастыру , қол еңбегі дене тәрбиесі еңбек тәрбиесі айналадағы өмірмен танысу және әлеуметтік дамыту.
Мұғалім – дефектолог келесі сабқты жүргізеді. Әлеуметтік дамыту, айналадағы өмірмен таныстыру, танымдық дамыту, ойынға үйрету, математика сөйлеу тілін дамыту, қолының ұсақ моторикасын дамыту.
Граматикалық оқытуға дайындау.
Қорыта келе Алматы қаласында мынадай көмек көрсету мекемелері бар:
Дамуында ауытқушылығы бар балаларға арналған №2 арнайы балабақша - Навои көшесі 308 А.
Реабилитациялық орталықтар
А) №1 педагогикалық – психологиялық түзету кабинеті –Жангельдина 27,
Б) №2 психологиялық –педагогикалық түзету кабинеті –
Ақсай -4, д8А д\с 331
В) №3 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті- Сельскохозяйственная 27
3. ПМПК
А) №1 психологиялық – педагогикалық медициналық консултация –Сейфуллина, 587
Б) №2 Психологиялық –педагогикалық –медициналық консультация – Жангельдина 27
4. Жалпы білім беретін мектептегі арнайы сыныптар
А) Алмалы ауданы:о.м №96 2(5,9)- Тілендиева, 35 050005
Б) Орта мектеп №72 – 2 (4 каз. 6каз) – Сулейменова 16 050042
В) Бостандық ауданы о.м №45 5 (1,4)- Орбита ы.а -3 55 050043
С) О.м №92 2 (2,4) Панфилова ,205 050091
Д) О.м. №125 -4 (5,6,7,8) – Левитана , 2 050060
Е) Медеу ауданы о.м №172 -3 (2,3,5) – п.Думан Қарқаралы 15 050019
Дәріс № 9 – (2 сағат)
