Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
212.48 Кб
Скачать

Нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған арнайы мекемелер, олардың негізгі қызметі.

Көруінде бұзылысы бар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер нашар көретін балалар, сондай -ақ кей 3 жастан 7 жасқа дейінгі қыли көз балаларды қоғамдық тәрбиелеудегі мемлекеттік мекеме болып табылады. Бұл мекемелердің қызметі балаларға көру қызметінің бұзылуын түзетуге, тәрбиелеуге, емдеуге, қайта қалпына келтіруге, оларды мектепке оқуға дайындауға бағытталған. Педогогикалық жұмыс баланың үйлесімді дамуына, сонымен бірге баланың психикалық және физикалық дамуынада бағытталған. Педагогикалық жұмыс, көпшілік бала - бақшада оқыту мен тәрбиелеуге арналған бағдарламадан бастау алады. Мектепке дейінгі мекемелермен көруінде бұзылысы бар балаларға арналған топтпр туралы типтік ережелерге сәйкес келсідей мектепке дейінгі мекемелер ұйымдастырылады: нашар көретіндерге және амбопия және қыли көздерге арналған балалар үйі; нашар көретін балаларға арналған балалар бақшасы; нашар көретіндерге сондай ақ балалар бақшасы кезіндегі амблиопияны қыли балаларға арналған мектепке дейінгі топтар зағиптармен нашар көретіндерге арналған мектеп интернатындағы мектепке дейінгі топтар. Яғни мүлдем көрмейтін немесе соқыр немесе көру қабілетінің жағдайы тым азайған, яғни тікелей көз жанары арқылы атқарылатын жұмыстарды істей алмайтын балалар тәрбиеленеді. Балалар бақшасында нашар көретін балалар үшін көру өткірлігі 0,005- 0,006 болатын балалар қабылданады. Балалар көз гигиенасының басты дағдыларын үйренеді. Сондай -ақ, егер қажет болса көзілдірік қолданудыда үйренеді. Балаларда көріп қабылдаудың барлық элементтері дамиды, алыстан және қашықтан көру қабілеттілігі, қозғалатын заттарды бақылау, заттардың түстерін, формаларын ажырату, суреттерді қарау, кеңістікте бағдарлану т.б. көру қызыметін дамыту сонымен бірге сипап сезу қызыметін дамытумен де толығады.

Амблиопия және қылилығы бар балалардың мектепке дейінгі мекемелерде болу ұзақтығы баланың жеке дара ерекшелігіне де байланысты және дәрігер автальмологпен анықталады және бір жылдан да көбірек болуы мүмкін.

Дәріс № 6 – (2 сағат)

6 - дәріс. Тақырыбы: мектепке дейінгі тірек-қимыл қозғалысы бұзылған балаларға психологиялық-педагогикалық мінездеме

Дәрістің мақсаты: студенттерге мектепке дейінгі жастағы балалардың тірек-қимыл қозғалысының бұзылуы жайлы психолгиялық-педагогикалық мағлұмат беру.

Дәрістің жоспары:

  1. Тірек-қимыл қозғалыс аппаратының бұзылыс түрлері.

  2. Баланың тірек-қимыл бұзылысының жалпы сипаттамасы.

  3. Баланың тірек-қимыл бұзылысы кезіндегі психиканың, сөздік бұзылыстардың көрінісі мен түзету жұмыстары.

Тірек-қимыл аппаратының туа пайда болған және жүре пайда болған аурулары балалардың 5-7%-да байқалады. Тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылыстары туа және жүре пайда болу сипаттарына ие. Тірек-қимыл аппараты патологиясының келесідей түрлерін көрсетуге болады.

  1. Жүйке жүйесінің аурулары: бала церебралды параличі, полиомелит.

  2. Тірек-қимыл аппаратының туа пайда болған патологиясы: санның туа біткен

шығуы; қисық мойындық; маймақтық пен өкшенің басқа да бұзылыстары; омыртқа дамуының аномалиясы (сколиоз); аяқ-қолдардың дамымауы және бұзылыстары; саусақ буындарының дамуы аномалиясы; артрогрипоз (іштен кем туғандық).

  1. Тірек-қимыл аппаратының жүре пайда болған және зақымданған аурулары: жұлынның және бас миы мен аяқ қолдардың трамвалық зақымдануы; полиартрит; қаңқа аурулары (туберкулез, сүйек ісіктері, остеомиелит); қаңқаның жүйелік аурулары (хондродистрофия, рахит).

Тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар балаларда жетекші болып қозғалыс ақаулығы табылады (қозғалыс қызметтерінің жетімсіздігі, бұзылысы немесе жоқтығы). Солардың арасында негізгі көпшілікті церебралды параличі бар балалар құрайды (89%). Бұл балаларда қозғалыс ақаулары психикалық және сөздік бұзылыстармен үйлесіп жатады, сондықтан, олардың көпшілігі тек емдік және әлеуметтік көмекке ғана зәру емес, сондай-ақ, психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзету жұмыстарына да мұқтаж. Тірек –қимыл аппаратында бұзылысы бар басқа категориядағы балалар танымдық іс-әрекетінде бұзылысы жоқ және арнайы оқыту мен тәрбиелеуді қажет етпейді. Олардың әлеуметтік бейімделуінде екі бағыт анықталады. Бірінші баланы қоршаған ортаға бейімдеу мақсатында. Бұл үшін қозғалыстың арнайы техникалық тәсілдері (бесік-арба, балдақ, жіңішке таяқ, шайтан арбалар), тамақтану заттары (қасықтар, тарелкалар, электор заттарын ерекше өшіргіштер), пандустар, жолжиекке жүру. Қозғалысында ақауы бар балаларды бейімдеудің екінші тәсілі оның өзін әлеуметік ортаның кәдімгі жағдайларына үйрету.

Бала церебралды параличі балалардағы кейінгі жылдардағы жүйке жүйесіндегі неғұрлым кең тараған аурулардың қатарына жатады. Оның көріну жиілігі орташа шамамен 1000 жаңа туылған нәрестеге 6 баладан келеді.

Бала церебралды параличі ерте онтогонездегі мидың жетімсіздігі немесе зақымдануы нәтижесінде пайда болады. Сондықтан неғұрлым зардап шегетін аймақ мидың жас бөліктері – ерікті қозғалыстарды реттейтін үлкен жарты шарлар, сөз бен басқа да қыртыстық қызметтер. Бала церебралды параличі әртүрлі қозғалыстық, психикалық және сөздік бұзылыстар түрінде көрінеді. Сондықтан, бала церебралды параличі кезінде адам үшін ең маңызды қызметтер зардап шегеді: қозғалыс, психика және сөз. Бала церебралды параличінің клиникалық жағынан қозғалыс бұзылыстары жетекші болып психикалық және сөздік бұзылыстармен, басқа да анализаторлық жүйелерінің қызметерінің бұзылыстарымен жиі үйлеседі (көру, есту, терең сезімталдық).

Қозғалыс бұзылыстарының ауыртпалық дәрежесі кең мағынада үлкен қозғалыс бұзылыстары, ал басқаша – ең аз шамада түрлендіреді. Қозғалыстық сияқты психикалық және сөздік бұзылыстар кең диапазонда түрлендіреді және әртүрлі үйлесімдердің біртұтас гаммасына байқалады. Мысалы, терең қозғалыс бұзылыстар кезінде психикалық және сөздік бұзылыстар болмауы мүмкін және керісінше, жеңіл қозғалыс бұзылыстарында психикалық және сөздік бұзылыстар қатты байқалуы мүмкін.

Бала церебралды параличінің себебі құрсақта алғашқы кезеңде әсер етуші (пренатальды), туу сәтінде (интранатальды) немесе өмірінің алғашқы жылында (ерте постнатальды кезеңде) әртүрлі қолайсыз факторлар болуы мүмкін.

Бала церебралды параличінің пайда болуындағы неғұрлым маңыздылық құрсақта алғашқы кезеңдегі және босану сәтіндегі мидың зақымдануы. Сонымен, әрбір жүз церебралды параличтің отызы іштен, ал алпысы босану кезінде, 10-ы туғаннан кейін пайда болады. (Л.О. Бадалян, Л.Т. Журба, Н.М. Всеволожская). Ұрыққа іштен қолайсыз әсер ететін зиянды факторларға мыналар жатады:

  • Жүктілік кезіндегі болашақ анадан берілетін жұқпалы аурулар (вирустық жұқпалы аурулар, қызылша, таксикоплазмоз);

  • Анадағы жүрек-қантамыр және эндокринді бұзылыстар;

  • Жүктілік таксикоздары;

  • Ұрықтың дене жарақаттары, зақымдануы;

  • Резус фактор бойынша ана мен баланың қанының сәйкессіздігі;

  • Физикалық факторлар (қатты ыстық мен қатты суық, діріл әсерлері, сәулеге түсіру, сонымен бірге үлкен мөлшерде ультракүлгін сәулеге ұшырау);

  • Кейбір емдік препараттар;

  • Экологиялық қолайсыздық (өндірістен шыққан лас ауа мен су, улы химикаттар, радионуклидтер, әртүрлі синтетикалық қоспалар).

Бала церебралды параличі нейроинфекциялардың (менингит, энцефалит), басқа зақымдардың берілуі нәтижесінде босанғаннан кейін ле пайда болуы мүмкін.

Церебралды параличі бар балаларда барлық қозғалыс қызметтерінің қалыптасуы бұзылады: басын ұстау қызметі, отыру, тұру, жүру дағдылары кешігіп және қиын түрде қалыптасады. Қозғалыс дағдылары жетекші ақау болып табылатындықтан, психологиялық қызмет пен сөздің қалыптасуына қолайсыз әсер етеді.

Церебралды параличі бар балалардағы қозғалыс бұзылыстарының әртүрлілігі аурудың өзінің ерекшелігімен тікелей байланысты факторлар әрекетімен қамтамасыз етілген.

1.Бұлшықет тонусының бұзылысы (ригидтілік, гипотониялық, дистониялық тип бойынша). Бұлшықет тонусы шартты түрде проприорецепцияға рефлекс, өзін сезінуге бұлшықет жаубы деп аталады. Кез келген қозғалыс үшін қалыпты бұлшықет тонусы қажет. Бұлшықет тонусын реттеу жүйке жүйесінің әртүрлі звеноларымен келісілген жұмыс арқылы қамтамасызетіледі.

Бала церебралды параличі кезінде жиі жағдайда бұлшықет тонусының жоғарылауы (спастичность) байқалады. Бұлшықеттер бұл жағдайда ширыққан. Бұған тән сипат бұлшықет тонусының қандайда бір қозғалыс кезінде жоғарылауы (әсіресе дененің вертикалды күйі кезінде).

Ригидтілік кезінде бұлшықет ширыққан тетонус жағдайында болады (бұлшықет тонусының максималды жоғарылауы). Бұлшықет өзара әрекетінің жөнге салынғандығы мен бір қалыптылығы бұзылады.

Гипотония жағдайында (төменгі бұлшықет тонусы) көкірек, аяқ – қол бұлшықеттері әлсіз, енжар.

Гипотония кезінде енжар қозғалыс көлемі қалыптылықтан неғұрлым жоғары.

Дистония – бл бұлшықет тонусының өзгермелі сипаты. Бұл кезде бұлшықет тонусы тұрақсыздығымен, өзгермелілігімен ерекшеленеді. Тыныштықта бұлшықет босаңсиды, ал қозғалысқа түсер кезде тонус бірден өсе түседі және соның нәтижесінде ол мүмкін болмайтындай жағдайға жетуі мүмкін.

2. Ерікті қозғалыстың шектеулілігі мен мүмкінсіздігі (парездер мен сал болулар).

Ми зақымдануының дәрежесіне байланысты қандай да бір қозғалыстың толық немесе жекелей болмауы байқалады. Ерікті қозғалыстың көлемінің шектеулілігі әдетте бұлшықет күшінің төмендеуімен үйлеседі. Бала қолдарын жоғары, алдыға, жанға қиындықпен немесе мүлдем соза алмайды.

3. Күштеулік қозғалыстардың болуы. Бала церебралды параличінің көптеген формаларына гиперкинездер мен тремор түрінде байқалатын күштеулік қозғалыстар тән.

Гиперкинездер – бұлшықеттің ауыспалы тонусымен қамтамасыз етілген еріксіз күштеулік қозғалыстар. Олар тыныштықта байқалуы мүмкін және қозғалыс жасау мен толқу кезінде күшеюі мүмкін.

Тремор – қол саусақтары мен қолдың дірілдеуі. Ол неғұрлым мақсатқа бағытталған қозғалыстар кезінде байқалады (мысалы, жазу кезінде).

4. Тепе-теңдік пен қозғалыс координациясының бұзылуы (атаксия). Отыру, тұру және жүру кезінде тұрақсыздық түрінде көкірек атаксиясы байқалады. Қиын жағдайда бала қолдау көрсетусіз отырып тұра алмайды. Жүрістерінің тұрақсыздығы көрінеді: балалар шайқалақтап, жанға қарай ауытқып, аяқтарын кең алып жүреді. Бала затты дәл алып оны керек жеріне нақты қоя алмайды.

5. Қозғалысты сезінудің бұзылуы (кинестезия). Қозғалыс қызметінің дамуы қозғалысты сезінумен тығыз байланысты. Қозғалысты сезіну бұлшықетте, сіңірлерде, буындарда орналасқан арнайы сезгіш жасушалар (проприоцепторлар) арқылы жүзеге асады. Бұл түйсікті бұлшықеттік – буындық сезім деп атайды. Церебралды параличтің барлық формасында қозғалыстың проприоцепциялық реттелуі бұзылады.

6. Тізбекті құрылған түзетуші рефлекстердің жеткіліксіз дамуы (статокинетикалық рефлекстер). Статокинетикалық рефлекстер бала денесінің тік қалыптасуына және ерікті моторикасының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осы рефлекстердің дамымауы кезінде балаға қажет бағытты басы мен көкірегін ұстауға қиындық келтіреді.

7. Синкинезия. Синкинезия – бұл белсенді қозғалыстарды орындауды алып жүретін ырықсыз бірлестікті қозғалыстар (мысалы, бала бүгілген қол саусақтарын жаза алмайды, бір қолымен затты алу кезінде бүгіліп кете беруі).

8. Патологиялық тондық рефлекстердің болуы. Бұл көрініс бала церебралды параличінің негізгі механизмінің бұзылуын көрсетеді. Тондық рефлекстердің қалыпты дамуы кезінде өмірінің алғашқы айларында көрініс береді. Қалыпты даму жағдайында баланың үш айлығында позотониялық рефлекстер байқалмайды. Церебралды параличі бар балаларда бұл рефлекстердің көрінуі өмірінің алғашқы жылында ай сайын күшейе беріп соңында тұрақты болып қалуы мүмкін. Бала церебралды параличі кезіндегі моториканың дамуы тондық рефлекстердің шешуші әсері болған кезеңде қалып қояды. Бала 2 немесе 5-10 жаста болса да оның қозғалыстық дамуы 5-8 айлық нәрестенің денсаулығы деңгейінде болады.

Бала церебралды параличі кезіндегі ақау құрылысы психикалық дамудағы өзіне тән ауытқуларды бекітеді. Психика дамуының бұзылу механизмі күрделі және уақытпен сияқты ми зақымдануының дәрежесі мен локализациясы арқылы да анықталады. Ерте ішкі зақымданудағы психикалық бұзылыстың бейнесі интеллектінің дамымауымен сипатталады. Церебралды параличі бар балалардағы психикалық іс-әрекеттің хронологиялық жетілуі бұл жағдайда психика бұзылысының әртүрлі формалары көрінеді және ең алдымен танымдық іс-әрекет бұзылады. Қозғалыстық және психикалық бұзылыстың көрінісі арасында нақты өзара байланыс болмайды: мысалы, өте ауыр қозғалыстық бұзылыстар жеңіл психикалық дамудың кешеуілдеуімен үйлесуі мүмкін.

Бала церебралды параличі кезіндегі психика дамуының аномалиясына танымдық іс-әрекет, эмоциялық –ерікті сфера және тұлғаның қалыптасуының бұзылысы да кіреді.

Бақылау сұрақтары

  1. Тірек-қимыл аппараты бұзылысының негізгі түрлерін сипаттаңдар.

  2. Бала церебралды параличіне жалпы сипаттама беріңдер.

  3. Бала церебралды параличінің әртүрлі формасындағы психикалық және сөздік бұзылыстардың ерекшеліктерін атаңдар.

  4. Церебралды параличпен ауыратын балалардағы түзету-педагогикалық жұмыстардың басты қағидаларын ашып беріңдер.

  5. Церебралды параличі бар балаларға емдік-педагогикалық көмек көрсету жүйесіндегі мамандандырылған мекемелердің типтерін сипаттаңдар.

Дәріс № 7 – (2 сағат)

Тақырыбы: Мектепке дейінгі сөйлеу тілі бұзылған балаларға психологиялық – педагогикалық мінездеме

Дәрістің мақсаты: Студенттерге мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілі бұзылысы жайлы психологиялық – педагогикалық мағлұмат беру.

Дәрістің жоспары:

1.Логопедия пәні және білімдердің интергративті саласы ретіндегі құрылымы.

2.Сөздің анатомиялық – физиологиялық механизмдері және оның бала дамуындағы негізгі заңдылықтары.

3.Сөздік бұзылыстардың негізгі түрлері.

Логопедия бұл – арнайы оқыту мен тәрбиелеу арқылы сөздің бұзылуы жайлы және олардың көріністерінің әдістері туралы ғылым. Логопедия адамның психикалық және нақтырақ айтсақ, сөйлеу іс – әрекеті туралы білімдердің интегративті облысы ретінде тарихи тұрғыда қалыптасқан. Ол қалыпты жағдайдағы және патологиядағы сөздік қарым – қатынасының қалыптасын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты логопедия неврологияға, нейропсихологияға мен нейролингвистикаға, психологияға, педагогикамен басқа ғылымдарға сүйенеді. Бұл ғылыми пәндер логопедияда сөздің бұзылуының механизмдері мен құрылымын ғылыми түсіндіруге мүмкіндік береді.

Сөздің бұзылуын тудырушы себептердің арасында қатерлі биологиялық және әлеуметтік факторларды ажыратуға болады. Сөз бұзылуының дамуының биологиялық себептері іштей дамыған және босанған (ұрықтың гипоксиясы, туу кезіндегі жарақаттануы және т.с.с.) кезіндегі, сондай – ақ туғаннан кейінгі өмірінің алғашқы айларындағы (ми инфекциялары, жарақаттар т.с.с.) басты әсер етуші патогенді факторлар болып табылады. Әлеуметтік – психологиялық факторлары ретінде баланың психикалық депривациясын жатқызуға болады. Мұндағы ерекше маңызға ие болып табылатын балалардың ересектермен эмоциялық және сөздік қарым – қатынасының жетіспеушілігі. Сөздік дамуға тағы бір теріс әсер ететіні ол кіші мектеп жасында баланың бір мезгілде екі тілдік жүйені меңгеруі, баланың сөздік дамуының артық стимуляциясы, баланы тәрбиелеудің бейадекватты типі, яғни баланың сөздік дамуға зейінінің жоқтығы, қоршаған ортадағы адамдардың сөздік бұзылыстары.

Логопедиядағы сөздік бұзылыстар клиникалық – педагогикалық және психологиялық – педагогикалық бағыттар шеңберінде қарастырылады. Мұнымен қатар, келесідей бұзылыстарды ажыратуға болады: дислалия, дыбыстың бұзылуы, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, дисграфия, дислексия.

Сөздік патологияны зерттеу мен оны түзету жұмыстарының басталғанына да көп бола қойған жоқ. Өткен ғасырдың соңынан бастап бала сөзі, оның даму ерекшеліктері мен бұзылу себептері қызығушылық тудыра бастады, сөздік бұзылыстардың клиникалық формалары жайлы ғылыми түсініктер қалыптасты (А.Куссмауль, И.А.Сикорский және т.б.).

Қалыпты сөздік іс – әрекет үшін мидың барлық құрылымының біртұтастығы қажет. Сөйлеу үшін есту, көру және моторлық жүйенің алатын орны маңызды. Ауызша сөйлеу шеткі сөйлеу аппаратының үш бөлігі, бұлшық еттердің координацияланған жұмысы арқылы жүзеге асады: тыныс алу, дыбыстық және артикуляциялық. Бұлшық еттердің жиырылуындағы нақты және жұқа координациялармен байланысты шеткі сөздік аппараттың барлық жұмысы орталық жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Сөздің сапалы сипаттамасы көптеген оң және сол жақ жарты шарлардың біріккен үйлесімді жұмысына байланысты. Сөздік іс – әрекеттегі мидың басыңқы жарты шарында орналасқан сөздік есту және сөздік қозғалыс зоналары ерекше рөл ойнайды. Сөз баланың жалпы психофизикалық даму процесінде қалыптасады. Бір жастан бес жасқа дейінгі денсаулығы жақсы балада бірте – бірте фонематикалық қабылдау, сөздің лексикалық – грамматикалық жағы қалыптасады, қалыпты дыбыстың айтылуы дамиды. Бір жарым жастан кейін балада бірте – бірте күрделене беретін қарапайым фразалар (екі-үш сөзден тұратын) пайда бола бастайды. Баланың өз сөзі фонологиялық, морфологиялық және синтаксистік жағынан неғұрлым дұрыс құрылады. Әдетте үш жаста ауызекі сөйлеудің негізгі лексикалық – грамматикалық құрылымы қалыптасады. Сондай – ақ, баланың бес – алты жасында дыбыстық талдау мен жіктеуге деген қабілеттілік қалыптаса бастайды. Сөздің қалыпты дамуы балаға жаңа кезеңге өтуіне – жазу мен сөйлеуді меңгеруіне мүмкіндік береді.

Сөздің бұзылуын тудыратын себептердің арасында биологиялық және әлеуметтік факторларды ажыратуға болады. Сөздік бұзылыстар дамуының биологиялық себептері ішкі даму мен босану кезеңіндегі (ұрық гипоксиясы, босану кезіндегі зақымдар және т.б.), сондай – ақ, босанғаннан кейінгі өмірінің алғашқы айларында (ми инфекциялары, зақымдар т.с.с.) басты әсер етуші патогенді факторға ие. Сөздік бұзылыстар дамуында солақайлық пен оңақайлық сияқты факторлар ерекше роль ойнайды. Әлеуметтік психологиялық факторлар негізінен баланың психикалық депривациясымен байланысты. Мұндағы басты маңыздылық баланың ересектермен эмоциялық және сөздік қарым – қатынасының жетіспеушілігі.

Дислалия кезінде сөздік аппараттың есту және бұлшықет иннервациясы сақталады. Дыбыстың айтылуының бұзылуы дислалия кезінде артикуляциялық аппарат құрылымының аномалиясымен немесе сөздік тәрбиелеу ерекшеліктерімен байланысты. Осыған байланысты механикалық және функциялық дислалия болып бөлінеді. Механикалық (органикалық) дислалия артикуляциялық аппарат құрылымы бұзылуымен байланысты: дұрыс тістеспеу, тістерінің құрылымының дұрыс еместігі, өте үлкен немесе кішкентай тіл, тілдің жүгенінің қысқалығы. Бұндай ақаулар сөздік дыбыстардың қалыпты айтылуымен қиындатады. Функциялық дислалия көп жағдайда отбасындағы баланы дұрыс емес сөздік тәрбиелеумен; ересектердің баланың жақын қоршаған ортадағы дұрыс емес дыбыстардың айтылуы; педагогикалық қараусыздық, фонеметикалық тәрбиенің жетілмегендігімен байланысты.

Дауыстың бұзылуы – бұл дауыс аппаратының патологиялық өзгерісінің салдарынан болған дауыс қалыптастырудың (фонацияның) болмауы немесе бұзылысы. Дауыстың жекелей бұзылысын (күші мен тембрінің зақымдануын) – дисфония және дауыстың мүлдем болмауын – афония деп атайды. Дауыс аппаратының немесе оның анатомиялық өзгерісінің созылмалы қабыну процесінің нәтижесінде пайда болатын дауыстың бұзылуын органикалық бұзылысқа жатқызады. Дауыстың бұзылуы ересектердегі сияқты балаларда да кездеседі. Дауыстың жас ерекшеліктік өзгерістері жыныстық жетілу кезеңіндегі эндокринді қайта құрылумен байланысты жасөспірімдерде 13 – 15 жас. Дауыс дамуының бұл кезеңін мутациялық деп атайды. Бұл кезде жасөспірімге дауыс тәртібін сақтау қажет. Ашық ринолалия кезіндегі логопедиялық жұмыстың қағидалары сол бұзылыстардың мәні мен оның себептерінен шығады.

1.Әдістің негізіне физиологиялық тыныс алуды қолдану қағидасы жатады.

2.Сөздік тыныс алудың мұндай типінің дамуы сөздік дыбыстардың қалыптасуымен бір мезгілде жүреді. Тыныс алу мен артикульдің қалыптасуындағы мұндай параллельділік бірінші сабақтың өзінде дұрыс сөздік дыбыстарды алуға мүмкіндік береді.

3.Ринолалия кезінде дыбыстың айтылуының бұзылуы байқалады. Осыған байланысты логопедиялық жұмыста барлық сөздік дыбыстардың дұрыс айтылуын қайтадан қалыптастыру қажет. Сөздегі кейбір дыбыстар айтылуы жағынан дұрыс болып көрінуі мүмкін, бірақ, бұл артикуляциялық аппарат бұлшықетінің жалпы ширығуы мен тілдің дұрыс орналаспауынан қалыпты артикуляцияны қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан мұндай дұрыс сияқты болып табылатын дыбыстарды логопедиялық сабақтарда қолдануға болмайды.

4.Ринолалия кезіндегі дыбыстармен жұмыстың жалғасы дыбыстардың артикуляциялық базасының дайындығымен анықталады.

5.Дыбыстың артикуляциялық базасының дайындығы арнайы артикуляциялық гимнастиканың көмегімен іске асырылады.

Дизартрия – сөздің дыбыстық жағынан ауыр және күрделі бұзылысы.

Практикада бұл терминге ауызша сөйлеудің қозғалыстық моторлық жағының бұзылуы деген басқаша түсінік қалыптасқан. Неврологиялық көзқарас бойынша дизартрияның келесідей нақты түрлерін бөліп көрсетеді: бульбарлық, псевдобульбарлық, қыртыс асты, мишықтық және қыртыстық.

Тұтығу – бұл сөздің өзіне тән реактивті (функциялық) дискоординациялық бұзылысы. Тұтығу тұтығушының психофизикалық жағдайымен, оның тұтас тұлғасымен және қоршаған ортаға деген қатынасымен тығыз байланысты. Тұтығудың ішкі механизмдері бойынша әртүрлі түрлері бар: невроз, логоневроз.

Бақылау сұрақтары

1.Балаларда кездесетін сөздік бұзылыстарды сипаттаңдар.

2.Балалардың сөздік дамуында сөйлеу бұзылысының бейнелеуін айтып беріңдер.

3.Сөйлеу бұзылысы бар балалардың клиникалық – психологиялық – педагогикалық сипаттамасы.

4.Сөйлеуінде бұзылысы бар балаларға арналған арнайы мекемелердің жүйесі.

Дәріс № 8 – (2 сағат)