- •Мектепке дейінгі ақыл ойы артта қалған балаға психологиялық, педагогикалық сипаттама
- •Жүріс-тұрысты меңгеру мен заттық іс-әркеттің дамуы
- •1. Есту қабілеті бұзылысының себептері.
- •2.Мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балаларға педагогикаылқ сипаттама.
- •3.Мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балаларға психологиялық сипаттама.
- •Нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған арнайы мекемелер, олардың негізгі қызметі.
- •Психикалық дамуы кешеуілденген балаларға мектепке дейінгі көмек көрсету мекемелері
- •Зияты бұзылған балаларды түзете тәрбиелеу жұмысының негізгі бағыттары
- •5. «Радиоэфир» мақсаты: балалардың есту арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
- •Көру қабілеті бұзылған балаларды түзете тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттары.
Дәріс № 1 – (2 сағат)
Мектепке дейінгі арнайы педагогиканың мақсаты, міндеті, обьектісі және әдістері.
Жоспар.
1.Мектепке дейінгі арнайы педагогиканың мақсаты және міндеті.
2.Баланың дамуындағы бұзылыстардың негізгі-категориялары.
3.Баланың психикалық дамуының тежелуі.
4.Дамуындағы ауытқуы бар балалардың жалпы және өзіндік ерекшеліктері.
Арнайы мектепке дейінгі педагогика-бұл ғылым психологиясында ауытқушылығы бар балалардың арнайы мектепке дейінгі білім беру процесін ұйымдастыру формаларын әдістерін қағидаларын, мәнін заңдылықтарын зерттейді.
Арнайы мектепке дейінгі педагогиканың объектісі- арнайы мектепке дейінгі ерекше білім алатын балалар болып табылады.
Арнайы мектепке дейінгі педагогика пәні- ерте, кіші және мектепке дейінгі жастағы дамуында ауытқушылығы бар балаларды - тәрбиелеп, оқыту мен дамытудағы теориялық практикалық сұрақтарды қарастырады.
Субъектісі - мектепке дейінгі жастағы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды тәрбиелеп,оқытудағы педагогикалық түзету көмегін зеттеуге бағытталған.
Арнайы мектепке дейінгі педагогикалық тапсырмалары мынадай:
Ерте, кіші және мектепке дейінгі жастағы дамуында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеумен оқыту, теориялық және методологиялық негізін зерттеу.
Арнайы мектепке дейінгі білім берудегі ұлттық даму жүйесін стратегиясын анықтау.
Мектепке дейінгі дамуындағы ауытқушылығы бар балалардың дифференциялды диагностика тәсілдерін зерттеу.
Дамуында ауытқуы мен бұзылысы бар мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу педагогикалық технологиясын жасау.
Әрбір арнайы мектепке дейінгі мекеме үшін теңбе-тең деңгейлі бағдарлама құру стратегиясын анықтау.
Арнайы білім беруді ұйымдастыру вариативті формасын іздеу және жасау.
психофизикалық дамуында кемшілігі бар сәби, ерте және мектепке дейінгі жастағы балалармен түзету педагогикалық жұмысқа мұғалім –дефектологтарды дайындау қажетті оқу-әдістемелік базасын құру.
Арнайы мектепке дейінгі тәрбиенің негізгі мақсаты проблемалы бала ақиқат және болуы мүмкін мүмкіндіктерін максималды дамыту және арнайы оқыту құралдарымен оны әлеуметтендіру үшін жағдай жасау.
Арнайы мектепке дейінгі білім беру сәби, ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуына бағытталған жалпы және арнайы талаптар мен психологиялық-педагогикалық жағдайларға сүйенеді. Жалпы талаптарға келесі жас кезеңіне өту үшін өз жасына тән тұлғалық психологиялық құрылымдар мен алғы шарттар қалыптастыру жатады. Түрлі бұзылыстарға ұшыраған балалардың психикалық дамуы ерекшелігі деп есептелетін адекватты жағдай жасау арнайы талаптарға қатысты олар бұзылысқа ұшырайды. Балалар ес - әрекеті, сөйлеуі, ойлауы мен психикалық үрдістерін түзету арқылы, гармониялы әлеуметтендіру арқылы жүзеге асады.
Коррекция – (латын correktio-түзету) бұл балалардың мінез-құлықтағы, психофизикалық дамуындағы кемшіліктер мен ауытқуларды азайту немесе жоюға бағытталған психикалық педагогикалық және емдік іс-шаралар жүйесі.
Компенсация – (латын compensatio-орнын толтыру)- бұл жойылған және бұзылған функцияларды қайта қалпына келтіретін күрделі көп деңгейлі үрдіс. Зиян келтірілген функционалды бұзылудың орнын толтыру үрдістерін дамыту нәтижесінде қандайда бір сатыға өтеді.
Әлеуметтену- бұл біріншіден құрамына әлеуметтік таным, әлеуметтік үйрену, әлеуметтік бейімделу және өзін қоршаған ақиқатты әлеуметтік қабылдау кіретін әлеуметтік тәжірибені индивид белсенді меңгеру үрдісімен нәтижесі. Екіншіден, бұл әлеуметтік бірлік әртүрлі типіндегі. әлеуметтік қатынастар жүйесіне адамның араласуы, мәдениет элементін әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды меңгеруі, соның негізінде тұлғаның мінез\-құлқы, сана сезімімен сапасы қалыптасады.
Мектепке дейінгі түзету педагогикасы ғылымының әдістері әдебиеттерді талдау мен зерттеу, бақылау, әңгімелесу, эксперимент (құрастыру, оқыту, қадағалау) алынған мәліметтерді талдау мен интерпритациялау, медициналық және психологиялық құжаттарды зерттеу, анкеталау баланың іс - әрекет өнімдерін талдау.
Дамуында бұзылысы бар балалар- бұл түрлі немесе кейбір талдағыштар (көру, есту, қозғалу,сөйлеу) іс-әрекеті бұзылуы салдарынан , сан қатар орталық жүйке жүйенің (ОЖЖ) ағзаның бұзылуы артта қалсалдарынан психофизикалық дамуы артта қалған балалар. Термин психологиялық-педагогикалық әдебиетінде арнайы оқытуды қажет ететін бала категориясын кең анықтау үшін қолданылады.
Психофизикалық дамуында ауытқушылығы бар балалар- бұл жоғары ауытқуы бар балалар, бірақ олар айқындық деңгейі психофизикалық дамуында бұзылысы бар балаларға қарағанда нақты деңгейдегі мүмкіндіктерін шектемейді. Психологиялық педагогикалық әдебиеттерде бұл ұғыммен функционалды сипаттағы психофизикалық дамуында айрықша бұзылысы бар бала түсіндіріледі. Денсаулық мүмкіндіктері есептелген балалар – бұл бинефицитарлы мәртебе алуға, яғни әлеуметтік жәрдемақы мен көмекті пайдалануға мүмкіндік беретін дамуында бұзылысы бар балалар. Дәстүрлі сөздік бойынша мұндай балаларды көбіне проблемді деп анықтайды. Сондықтан «проблемді бала» термині психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде кең қолданылады.
Ерекше оқытуды қажетсінетін балалар –бұл жалпы білім беретін мектепке дейінгі мекемелерде жасалған жағдайы арнайы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жасалған жағдайды қажет ететін, арнайы оқыту әдістері мен арнайы түзету қолдауды қажет ететін балалар. Бұл термин арнайы білім беру аумағында қолданылды.
Мектепке дейінгі түзету педагогикасы- мынадай категориядағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу сұрақтарын шешеді: ақыл ойы бұзылған (ақыл ойы артта қалған) балалар; танымдық дамуында ауытқушылығы бар балалар (психикалық дамуы тежелген балалар); естуі бұзылған балалар; көруі бұзылған; тірек қозғалыс аппараты бұзылған балалар; эмоционалды жүйесі; соның ішінде ерте балалық аутизммен ауыратын балалар; мінез-құлқы мен іс-әрекеті бұзылған балалар; ауыр көп бұзылысы бар балалар.
Баланың дамуындағы бұзылыстардың негізгі категориялары.
Бұзылу мен ауытқушылық даму категориясына жататындар: Ақыл-ой бұзылысы (ақыл ойы артта қалған балалар) “Ақыл ойдың артта қалуы” ұғымы кеңестік арнайы психологияда бас мидың ағзалық жаралануы салдарынан болғандықтан танымдық іс-әрекеттің бұзылысы ретінде түсініледі.
Өім себептерін және жарақат ауруларды халықтық статистикалық жіктеудің 9-шы қарауында мынадай топтар анықталды.
а) дебилдік деңгейдегі ақыл ойдың артта қалуы (жеңіл терең, емес ақыл ойы артта қалған балалар);
б) имбецильдік деңгейдегі ақыл-ойының артта қалуы (терең ақыл ойы артта қалған балалар);
в) жарыммес деңгейдегі ақыл ойының артта қалған балалар.
Қазіргі халықтық жіктеу бойынша психометрикалық зерттеу негізінде ақыл ойдың артта қалуы 4 формаға бөлінеді: Жеңіл (І Ю-40-69 шегінде), біркелкі (І Ю 20-34 шегінде) терең (І Ю20)дан төмен артта қалған ақыл ой.
Баланың психикалық дамуының тежелуі (ПДТ)
Психологиялық дамудың тежелуі көбіне дизонтогенездің механикалық формасына қатысты және түрлі психикалық функциялардың жетілуінің ақырын темпі мен айқындалады. Тұтас алғанда бұл жағдайға түрлі мерзімдік ауытқулардың пайда болуының гетерохрондығы олардың айқындық деңгейіндегідей салдарын болжағанмәнді айырмашылықтар тән болсадағы бұл ауытқу биологиялық әлеуметтік факторлар. Сонымен қатар түрлі әсерлердің сандарынан болуы мүмкін.
Дамуындағы ауытқуы бар балалардың жалпы және өзіндік ерекшеліктері.
Дамуында ауытқуы бар балаларда жалпы кемшіліктер сияқты өзгеше қиындықтары да болады. Ол бірінші және екінші ауытқудың ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Бірінші ауытқу тікелеу биологиялық аурудың сипаттамасынан бастау алады, ал екінші ауытқу бірінші аурудың жалғасы ретінде пайда болады, және біріншіден олар ертеректе түзету мақсатында көрсетілген көмекке жүгінеді. Л.С. Выготский тұжырымы бойынша екінші ауытқу психологиялық және педагогикалық түзету мен зертеудің негізгі объектісі болып табылады. Баланың дамуындағы кемістігінің түрлері бірінші және екінші ауытқудың ұқсастығына байланысты екенін ескерген жөн. Бұл дәлелдер Выготскийдің пікірін растайды, яғни бірінші бұзылу ауытқудың құрылымын ғана анықтамайды. Сонымен қатар жетіспеушілікті күшейтетін немесе одан арылтатын тәрбие шартын да анықтайды. Мысалы, мүмкіндігі шектеулілерде ақыл-ой бұзылуы бірінші болып табылады. Кейбір балаларда мінез-құлық дұрыс қалыптасқан және үлкендермен балалардың қарым-қатынастың қолайлығы көрінуі мүмкін, ал кейбіреулерінде мүлдем қарым-қатынасқа алмаушылық байқалады. Мысалы: эмоционалды бұзылуы бар балаларда жалпы мәселеге баланың әлеуметтік бейімделе алмауы, төмен деңгейдегі психикалық процесі қажеттілік түрткісінің қалыптаспауы моторлы дамуының жетіспеуі әрекетінің мінез-құлқының озбырлығы. Жоғарыда айтылып кеткен кешіліктер әр түрлі ауытқуы бар мектепке дейінгі балаларда әр түрлі деңгейде әр-түрлі ауытқу деңгейінде байқалуы мүмкін. Өзгеше қиындықтар бұл баланың дамуындағы әлеуметтік-педагогикалық ауытқуы. Мектепке дейінгі түзету педагогикасы әр деңгейдегі баланың білімімен тәрбиесі мен айналысады. Сонымен бірге бала үшін отбасы ең маңызды институт болып табылады. Ата-ананың әлеуметтік педагогикалық бейімділігі бала тәрбиесіндегі ата-ана қарым-қатынасы проблемасы бар баламен қарым-қатынас жасауды үйретуде мектепке дейінгі тәрбие педагогика кіреді.
Дәріс №3 (2 сағат)
Мектепке дейінгі ақыл ойы артта қалған балаға психологиялық, педагогикалық сипаттама
Нәрестелік шақ (2 айдан 1 жасқа дейін).
Өмірінің алғашқы күнінен бастап ақыл ойы артта қалған баланаң дамуы қалыптағы баланың дамуынан айырмашылығы бар. Олигофрен – балалардың көбінің тік жүріп дамуы кешеуілденеді. Олар бастарын қозғалтуы, отыруы, жүруі, тұруы кеш басталады.
Ақыл ойы кем баланың қоршаған ортаға қызығушылығының төмендігі байқалады. Жалпы потологиялық селқостық (қатты дауыстаушылық, мазасыздық, тітіркендіргіштік т.б.) байқалады. Оларда «жандану комплексі» үлкендермен эмоционалды қарым-қатынас қажеттілігінің болмауы байқалады. Қалыптағы дамыған бала дауысқа жауап беру ретінде үлкендердің күлімдеуіне қол-аяғын қимылдатып, күледі, ақырындап уілдейді, бұл баланың үлкендермен қарым-қатынас қажеттілігінің пайда болуын айтады.
Ары қарай ақыл ойы кем балаларда ойыншықтарға еш қызығушылықтары туындамайды, төсектің басындағы ілінген ойыншыққа, не үлкен адамның қолындағы ойыншыққа қызықпайды. Өздігінен үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ойыншықтар арқылы бірлесіп әрекет жасау мақсаты туындамайды. Қарым-қатынастың жаңа формасы ым-ишара да қалыптаспайды. Өмірінің бірінші жылдарында балалар өз үлкен адамдарын бөтен адамдардан ажырата алмайды, дегенменде қалыпты дамыған балаларда бұл өмірінің бірінші жылында байқалады.
Ақыл ойы кем баланың белсенді жармасуы дамымаған, көріп-қозғалту координациясы мен заттардың қасиетін көріп қабылдауы (мәселен, үлкен-кішілігіне қарай қалыпты дамыған балалар әртүрлі пішіндегі заттарды ұстайды) сонымен қатар басқа қатардағы заттарды бөліп көрсету қалыптаспаған. Өз уақытында сөйлеу тілінің дамуы яғни, фонематикалық есту қабілеті мен артикуляциялық аппараттың дамуы, сөйлеуіне дейінгі қарым-қатынас құралы, затты көріп қабылдауы мен заттық іс-әрекеті, сонымен қатар үлкендермен қарым-қатынасқа түсуі дамымайды. Ақыл ойы кем баланың артикуляциялық аппаратының дамымауы мен фонематикалық есту қабілетінің байланысы қалыпты балалардан айырмашылығы жармасуы мен уілдеуі болмайды.
Ерте жаста ақыл ойы кем баланың сөйлеу тілінің дамымауы мен психикалық екінші кемістік толық түрде көрінеді. Ақыл ойы кем баланың өмірінің алғашқы жылындағы даму қатары мынадай:
Сензитифтік кезеңдегі көптеген психикалық процестердің
қалыптасуы жоғалтылған.
Үлкендермен әрекет етулері ережеге сәйкес орындалмайды және
дамуының жақын аймағы кеңеймейді.
Екінші кемістік анық көрінеді.
Ерте жастық шақ (1жастан 3жасқа дейін)
Ерте жастық шақтағы маңызды жетістіктері қалыпты дамудағы жүру
икемділігі, заттық іс-әрекеттің дамуы мен сөйлеу тілінің дамуы болып табылады.
Жүріс-тұрысты меңгеру мен заттық іс-әркеттің дамуы
Кейбір ақыл ойы кем баланың тік жүруін дамыту дәл осы уақытта жүріп өтеді. Бірақ көбіне жүруі ерте жасқа дейін ұзаққа созылады. Оларда тұрақсыздық, епсіздік жүріс-тұрыстары жылдам және импульсивті қозғалыстар ретінде байқалады. Баланың жалпы психикалық дамуына жүріс-тұрысы үлкен әсер етеді. Жүріс-тұрысының меңгерілуімен дамуында жаңа этап басталады – ол қоршаған ортадағы заттық әлем этабын меңгеру болып табылады. Ересектерге тәуелсіз бола отырып, бала алдағы кеңістікті меңгереді, ертеректе қолы жетпеген заттардың көлемін өз бетінше меңгере отырып, қарым-қатынасқа түседі. Ол практикада бағыттау мен кеңістіктен алшақтауын, көп заттың қасиетін таниды. Нәтижесінде заттық іс-әрекеттің даму науқаны басталады. Заттық іс-әрекет деп – оған сәйкес келетін функцианалды бағыттағы қолданылатын затты ғана айтады. Мысалы: бала егерде қолына касықты алып столға ұрса, бұл заттық іс-әрекет болып табылмайды. Ол тек заттың манипуляциясын ғана көрсетеді. Заттық іс-әрекет болып тек қасықпен тамақ ішу ғана саналады. Бұнда баланың заттық әлеммен танысу болмайды. Баланың басым бөлігі жүріс-тұрыс әрекетін меңгеруде қыңыр-қисық мінездері байқалады. Яғни затты қоршаған орта қызығушылығымен қабылдамауы мүмкін. Бұл балалар көздеріне түскен заттың бәрін ұстап, бірақ сол уақытта-ақ заттарды лақтырады, олардың құрылысына ешқандай қызығушылық танытпастан лақтырады, соның ішінде үлкендердің ұстатқан ойыншықтарын да лақтырып жібереді.
Заттық іс-әрекеттің дамуы.
Қалыптағы дамыған балалардың заттық іс-әрекетін меңгеруі өмірінің екінші жылында-ақ туындайды, ал үшінші жылында заттық іс-әрекет басқарушы болып табылады. Барлық басқарушы қабілеттер сияқты, бұл да баланың психикалық дамуымен толық сәйкестенеді. Мәселен, моторикасы, көріп-қабылдауы, ойлауы, сонымен қатар сөйлеуінің дамуы. Баланың дамуына барлық заттық іс-әрекеттер бірдей әсер ете бермейді. Дамуда көріп-қабылдау мен ойлауы көбірек әсер етіп, одан кейін баланың сөйлеу тіліне басқару іс-әрекеті мен қатынасты іс-әрекеті көрініс береді.
Қатынасты іс-әрекет – мұндай іс-әрекет, баланың, бір заттың бөлігін басқа заттың бөлігімен сәйкестігін көрсетеді. Мұнда әрқашанда заттың қасиеті мен белгісіне сүйенеді. Мысалы, қорапты жабу үшін, оған көлемі мен пішінін сәйкестендіре отырып, қақпақ таңдау керек. Бұндай әрекеттерді орындағанда баланың көріп-қабылдауы мен ойлауы дамиды.
Басқару іс-әрекеті – бұл заттарды басқару әрекетімен яғни, басқа заттарды орындауда қолданылатын әрекет болып табылады. Басқару әрекеті ол сондай бір әрекеттерді орындауға көмектеседі, бұл заттарсыз еш әрекеттер орындалмайды (қасық, шанышқы, қарындаш, балға, пышақ, балта, қайшы, ине және т.б.). Егер бала заттың құрылымындарын бір-бірімен сәйкестендіретін болса, ол баланың жеке қабілеттеріне байланысты болады, балалар ересектердің басқару әрекетіне сүйену керек. Басқару іс-әрекетін меңгеру ол заттардың құрылымына байланысты емес, тек заттарға деген қарым-қатынасқа байланысты, бұл баланың әлеуметтік ортада жедел дамуына көмектеседі. Ақыл ойы кем баланың затқа деген іс-әрекеті балалық шақта қалыптаспайды. Кейбіреулерінде затқа деген қызығушылықтары мүлдем болмайды, тіпті ойыншықтарға да қызықпайды. Олар тіпті ойыншықты қолдарына алмайды, ойнаудың ретін де білмейді. Кейбір кезде, баланың үшінші жылында затқа деген қызығушылығы пайда болады. Кейде арнайы заттарды қолданады, бірақ бала заттың қасиеті мен белгілерін ескермейді. Одан басқа орынсыз іс-әрекетті жасауда шатасады. Орынсыз іс-әрекет деп - ойлау кезінде заттарды қолданудағы қайшылықтар, заттық әлемде заттың ролімен шиеленіске түсуін айтады. Ақыл ойы кем баланың мінездемесі – ол орынсыз іс-әрекеттер болып табылады. Ақыл ойы кем балалардың іс-әрекеті заттарды қолдануда қалыпты балалардың іс-әрекетіне сәйкес келеді, бірақта орынсыз іс-әрекеттер қалыптағы балалардың сипаттамасына жатпайды. Мысалы, Витяға 2 жас, 10 ай, ол кубиктерді бір-біріне қаратып құрастырады, бұл оның гараж салып жатқанын айтады. Ол гаражды кубиктер құлағанша жасайды. Кубиктердің құлағандарына қуанышпен қарап, Витя құлағандардың біреуін алып, аузына сала бастайды. Бірақ кубик үлкен болғандықтан аузына симайды. Бұны біз орынсыз іс-әрекет деп айта аламыз.
Сөйлеуі мен қарым-қатынастың дамуы.
Қалыпты дамыған балаларда осы кезеңде сөйлеу тілі ерекше дамиды. 1 жастағы балада сөздік қоры мүлдем болмайды. Кейіннен сөздігінде 1-16 дейін жармасу сөздері, ал 3 жасында сөздік қоры 400 сөзге жуық болады. Бір уақытта екі процесс жүреді: ересектерден түсінген енжар сөйлеу тілі дамиды және жеке белсенді сөйлеу тілі қалыптасады. Балалар үлкендермен заттық қарым-қатынас жағдайындағы сөздермен белгіленген заттардың арасындағы байланыс, белгілі бір іс-әрекетте пайда болады. Үлкендардің белсенді түрдегі сөйлеуі баланың заттық әрекетін меңгертеді: баланың затқа деген назарын аудартады, орындалатын тапсырма тәсілін басқарады. Ерте жаста ақыл ойы кем баланың сөйлеу тілі дамуының қалыптаспауы көрінеді: зат пен іс-әрекет жасауы, үлкендермен эмоцианалды қарым-қатынасы, фонематикалық есту мен артикуляциялық аппараттың дамуы байқалады. Балалар көптеген затқа мүлдем назар аудармайды, олардың атауларын есіне сақтамайды. Олар іс-әрекет атауын әрең меңгереді. Бірақ қарама-қарсы процесс жүреді. Әлеуметтік орта қажеттілігі қарым-қатынас кезінде пайда болады. Үлкендер баладан жасына сай сәйкестікті, яғни күн тәртібінде, өз-өзіне қызмет көрсетуіне, көбіне сөйлеуін қажет етеді.
Ақыл ойы кем баланың көпшілігінің алғашқы белсенді сөйлеу тілі 2 жастан кейін пайда болады. Ал ереже бойынша фраза 3 жасқа дейін пайда болмайды. Қалыптағы балалардың даму уақытында ақыл ойы кем оқушыларда кешеуілдену байқалады.
Қорытындылай келе, ерте жастағы ақыл ойы кем бала қарым-қатынасқа түсе алмайды. Сонымен қатар ойлау қабілеті қалыптаспайды. Сырттан келген ақпаратты да қабылдай алмайды. Сонымен қатар ақыл ойы кем балалардың тік жүріп дамуы бірдей болмайды, жарты балаларда ол қалыпты уақытқа таман дамиды.Ал қалған балаларда шынайы дамымай қалып қою байқалады. Ақыл ойы кем оқушыларда заттық іс әрекет ерте жастық шақта енді ғана дамиды. Сөйлеу тілі мен қарым қатынасы кешеуілденеді. Көптеген балаларда белсенді түрдегі сөйлеу әрекеті туындамайды. Енжар сөйлеу тілі бұдан жақсы дамиды. Бұл баланың танымдық үрдістері мен қызығушылықтарының дамымағанын көрсетеді. Барлық даму мүмкіндіктері қалыптағы дамыған баланың мүмкіндігіне мүлдем сәйкес келмейді.
Дәріс № 4 – (2 сағат)
Мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балаларға педагогикалық - психологиялық сипаттама.
