Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ахметов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Дәріс тезистері.

Қан жасаушы тіннің ең жиі кездесетін ісігіне лейкоздар жатады , бұл үрдіс қан ағымында миелоидты немесе лимфоидты ісік жасушаларының болуымен сипатталады. Келесі топты созылмалы миелопролиферативті аурулар құрайды. Бұл топқа шынайы полицитемия, миелофиброз, мегакариоциттердің пролиферациясының басымдығымен өтетін эссенциальді тромбоцитемия жатады. Жоғарыда көрсетілген үш ауру бір-бірімен байланысты және аралық түрлері бар, олар полипотентті қан жасаушы бағаналық жасушалардан туындайды. Лимфоидты элементтерден түзілетін ісіктерге лимфоидты лейкоздар (лимфолейкоздар) және плазможасушалы ісіктер (плазмоцитомалар) жатады.

Лейкоз – Қанның ақ денешіктерінен тұратын, сүйек кемігінің біріншілік ісіктік зақымдалуы. Жедел лейкоздың -жедел лимфобласты және жедел лимфобласты емес түрлері бар (миелоидты, моноцитарлы, эритроидты, мегакариоцитарлы). Жедел лекозда төмендифференсацияланған жетілмеген жасушалардың көбеюі байқалады. Созылмалы лекозда –дифференсацияланған элементтердің көбеюі байқалады. Созылмалы лейкоздар созылмалы лимфоцитарлы және созылмалы гранулоцитарлы түрлерге бөлінеді.

Жедел лейкоздар жедел лимфобласты лейкоз ретінде (80%) балаларда жиі кездеседі. Бұл ісікке төмен дифференсацияланған жетілмеген бласт жасушалары тән. Лейкемиялық сіңбелену сүйек кемігінде, көк бауырда, лимфа түйіндерінде, айырша бездің, бүйректің, асқазан ішек жолының лимфалық аппараттарында айқын байқалады. Сүйек кемігі ашық қызыл, сочный. Көк бауыр үлкейген, қызыл түсті, құрылымы өзгеріп, құрылысы жойылған. Лимфа түйіндері үлкейген, тін ашық қызыл түсті, сочная. Лейкозды сіңбелер Т-жүйелі лимфопоэзден тұратын лимфобластардан тұрады. Лейкоздың өршуі, табиғаты метастазды лимфобласты сіңбелердің болуымен сипатталады. Әсіресе ми мен жұлынға және олардың қабығына метастаз береді де, оны нейролейкоздар деп атаймыз.

Созылмалы лейкоздар. Аса жиі кездесетіні миелоидты лейкоз. Созылмалы лейкоз сүйек кемігінің өзгерісімен яғни іріңді сүйек кемігімен, көк бауырдың 8кг салмаққа аса ұлғаюымен(спленомегалия), гепатомегалия – бауырдың 5 кг.салмаққа ұлғаюымен сипатталады. Ағзалардың ұлғаюы, олардың миелойдты қатардағы жасушалармен сіңбеленуіне байланысты. Лимфа түйіндері ұлғайған.

Лейкемиялық сіңбелену инфаркттар мен қанқұйылу түріндегі геморрагиялық синдроммен бірге жүреді. Созылмалы лейкоздың ағымында паренхиматоздық ағзалардың іріңді-некроздық өзгерістеріне алып келетін және жиі –өлім себебі болатын, екіншілік инфекциялардың орны ерекше.

Миелопролиферативті аурулардың морфологиялық сипаты.

Шынайы полицитемия. Сүйек кемігінде миелойдты элементтермен бірге мегакариоциттер әсіресе, эритройдтар ізашарлары басым болады. Негізгі белгілеріне эритроциттердің жалпы салмағымен, гемоглобиндердің концентрациясының жоғарылауы тән. Қанның ақ денешікті құрамының жоғарылауы,тромбоцитоз байқалады.Қанның көлемі мен тұтқырлығы жоғарылап, паренхиматозды ағзалардың тромбозына алып келеді. Сонымен бірге асқазан ішек жолдарына спонтантты қан құйылулары, пептикалық ойық жаралар, зәр қышқылының жоғарылауынан пайда болған екіншілік падаграның және бүйректе патологиялық үрдістің дамуына алып келеді.

Миелофиброз сүйек кемігінде фибробластардың жоғары активтенуінен, ретикулярлы және коллагенді талшықтардың басым болуымен сипатталады. Бұл анамальді мегакариоциттер мен тромбоциттердің пролиферациясымен байланысты. Миелофиброз біріншілік және екіншілік болады. Ауру анемия немесе спленомегалиямен басталады. Аурудың дамуына байланысты қандағы барлық формальді элементтер саны біртіндеп азаяды. Ауру миокард инфарктінен немесе церебро-васкулярлы асқынулардан, сонымен бірге қан кетуден немесе инфекциялық асқынулардан қайтыс болады.

Иллюстратциялық материалдар: мультимедиялық дәрістің электронды варианты (студенттер кафедрадан алады)

Әдебиеттер:

1. Патология под ред. Пальцева М.А., Паукова В.С., «Медицина», 2008г., том 1 – 512 с., том 2 – 480 с.

2. Маянский Д.Н. Лекции по клинической патологии. Учебное пособие., «Медицина», 2007г., 463с.

3. Повзун С.А. «Патологическая анатомия в вопросах и ответах». Учебное пособие. «Медицина», 2007г., 176 с.

4. Патологическая анатомия. О.В.Зайратьянц. Национальное руководство под ред. М.А.Пальцева, Л.В.Коктурского, «Медицина». 2008г., 1400с.

5. Патологическая анатомия. Курс лекций. Учебное пособие (Под ред. В.В.Серова, М.А.Пальцева). М.Медицина, 1998 – 640 с

6. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии: Учебное пособие (В.В.Серов, М.А.Пальцев, Т.Н.Ганзен) – М., Медицина, 1998г – 544 с.

7. Струков А.И. Патологическая анатомия. Учебник М.Медицина, 1995г. – 688 с.

8. Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. Том 1,2. М.: Медицина, 2001.

9. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналықжоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы: «Орталық Қазақстан» БПК, «Қазақстан». – 1993 – 170 б.

10. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан». – 1996 –2 бөлім, 1 кітап 175-274 б.

11. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналықжоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан». – 1996 – 2 бөлім, 1 кітап 275-535 б.

12. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // Алматы -2003, 393 б.

13.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // Алматы -2008, 2 том, 1 том–311 б, 2 том-335 б.