Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ахметов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

9. Бақылау:

1. Рахиттің анықтамасы және жіктелуі

2. Рахиттің этиологиясы және патогенезі.

3. Балалардағы ерте рахиттің морфологиялық сипаты.

4. Балалардағы кеш рахиттің морфологиялық сипаты

СПЕЦИАЛЬНОСТЬ: Жалпы медицина

КАФЕДРА: Патологиялық анатомия сот медицинасымен

«Қан жасау жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен

3-ШІ КУРС:

ДИСЦИПЛИНА: ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ

ҚАЙТА ӨҢДЕГЕН:

2012 Ж.

Кафедра отырысында талқыланды.

№ 1 Хаттама « 29 » тамыз 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі бекітті

Профессор __________________________________________Исмаилова Ю.С.

Тақырып №1. Анемиялық синдром. Патоморфологиясы, жіктелуі,нәтижесі, асқынуы .

Мақсат: Шығу тегі әртүрлі анемияның этиологиясын, патогенезін, морфологиясын, асқынуы мен нәтижесін оқып үйрену.

Дәріс жоспары:

  1. Анемияның анықтамасы, заманауй жіктелуі.

  2. Постгеморрагиялық анемияның этиологиясы, морфологиясы, асқынуы және нәтижесі

  3. Гемолитикалық анемияның этиологиясы, морфологиясы, асқынуы және нәтижесі

  4. Мегалобласты анемияның этиологиясы, морфологиясы, асқынуы және нәтижесі

  5. Темір тапшылық анемияның этиологиясы, морфологиясы, асқынуы және нәтижесі

  6. Апластикалық және гипопластикалық анемияның этиологиясы, морфологиясы, асқынуы және нәтижесі

Дәріс тезистері

Анемия – қандағы гемоглобин мөлшерінің қалыпты мөлшерден аз болуымен сипатталатын ауруды айтады. Гемоглобиннің мөлшерінің аз болуы эритроциттердің жалпы санының азаюымен жиі бірге жүруі мүмкін. Анемия екі үлкен топқа жіктеледі, олардың өзі ары қарай екі кіші топқа жіктеледі:

    1. Эритроциттердің ыдырауынан немесе көп қан жоғалтқаннан кейін (постгеморрагиялық және гемолитикалық)

    2. Эритроциттердің толық емес түзілуінен (дисэритропоэтикалық және гипопластикалық),сонымен қатар апластикалық)

Постгеморрагиялық анемия. Жедел қан кетуден кейін қан сарысуының орнын толтыру уақытша қанның сұйылуы мен эритроциттердің санының азаюымен жүреді.Қан кеткеннен кейін бірнеше сағаттан соң аздаған нейтрофилия мен тромбоцитоз дамиды. Созылмалы қан кету – жиі темір тапшылық анемияға алып келеді.

Гемолитикалық анемия. Бұл эритроциттердің тіршілігінің қысқаруымен жүретін анемия тобына жатады. Нәтижесінде эритропоэздің компенсаторлы жоғарылауы болады. Көптеген адамдарда гемолитикалық ауруға байланысты көк бауырда макрофактардың көмегімен, бауырда, сүйек кемігінде қан тамырдан тыс эритроциттердің гемолизі нәтижесінде эритроциттер бұзылады.

Аутоиммунды гемолитикалық анемия. Аутоантидене өнімі эритроциттермен байланысып оларды зақымдайды. Аутоиммунды гемолитикалық анемия екіге бөлінеді –температуралық тәртіп бойынша (суық және ыстық антитела)

Дисэритропоэтикалық анемия. Жасушалар саны сүйек миында қалыпты немесе жоғары. Эритроциттердің түзілуі төмен. Бұл төмендеу эриропоэздің төмендеуіне немесе бұзылуына байланысты, нәтижесінде анемия дамиды.

Осы анемиялардың ішінде ең негізгісі – мегалобласты және теміржетіспеушілік анемиясы.

Мегалобласты анемия мегалобласттар өнімі гранулоциттер, тромбоноциттер және эритроциттердің түзілуінің бұзылуымен сипатталады. Мегалобластты анемияның жиі себебіне 12-ші витаминнің немеғсе фоилй қышқылының жітіспеушілігі жатады. Темір тапшылық анемиясы. Себебі – созылмалы қан жоғалту (көп мөлшерде менструальді қан ағу, жараланған ісіктерден немесе пептикңалық жаралардан, анкилостома инвазиясында жасырын қан кетуден )

Апластикалық және гипопластикалық анемия.

Апластикалық анемия деп- сүйек кемігінде қан жасушаларының аз мөлшерде немесе мүлдем болмауын айтамыз, ал гипопластикалық деп- жасушалар санының аз болуын айтамыз. Эритроциттердің ізашарларының аплазиясы туа пайда болған немесе жүре пайда болған болуы мүмкін.

Сүйек кемігінің аплазиясы қатерлі ісіктерді емдеуде ауқымды мөлшерде цитотоксикалық препараттарды немесе сәулелі терапияны көп қолданылған аурулуарда кездеседі.

Иллюстратциялық материалдар: мультимедиялық дәрістің электронды варианты (студенттер кафедрадан алады)

Әдебиеттер:

1. Патология под ред. Пальцева М.А., Паукова В.С., «Медицина», 2008г., том 1 – 512 с., том 2 – 480 с.

2. Маянский Д.Н. Лекции по клинической патологии. Учебное пособие., «Медицина», 2007г., 463с.

3. Повзун С.А. «Патологическая анатомия в вопросах и ответах». Учебное пособие. «Медицина», 2007г., 176 с.

4. Патологическая анатомия. О.В.Зайратьянц. Национальное руководство под ред. М.А.Пальцева, Л.В.Коктурского, «Медицина». 2008г., 1400с.

5. Патологическая анатомия. Курс лекций. Учебное пособие (Под ред. В.В.Серова, М.А.Пальцева). М.Медицина, 1998 – 640 с

6. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии: Учебное пособие (В.В.Серов, М.А.Пальцев, Т.Н.Ганзен) – М., Медицина, 1998г – 544 с.

7. Струков А.И. Патологическая анатомия. Учебник М.Медицина, 1995г. – 688 с.

8. Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. Том 1,2. М.: Медицина, 2001.

9. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналықжоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы: «Орталық Қазақстан» БПК, «Қазақстан». – 1993 – 170 б.

10. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан». – 1996 –2 бөлім, 1 кітап 175-274 б.

11. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналықжоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан». – 1996 – 2 бөлім, 1 кітап 275-535 б.

12. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // Алматы -2003, 393 б.

13.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // Алматы -2008, 2 том, 1 том–311 б, 2 том-335 б.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Анемияның анықтамасы, заманауй жіктелуі.

  2. Постгеморрагиялық анемияның этиологиясы, морфологиясы, асқынуы және нәтижесі.

  3. Гемолитикаклық анемияның этиологиясы, морфологиясы, асқынуы және нәтижесі.

  4. Мегалобласты анемияның этиологиясы, морфологиясы, асқынуы және нәтижесі.

  5. Темір тапшылық анемияның этиологиясы, морфологиясы, асқынуы және нәтижесі

Тақырып №2. Тромбоцитопения және тромбоцитопатия. Балалардағы ерекшелігі.

Мақсат: Тромбоцитопения мен тромбоцитопатияның этиологиясын, морфологиялық сипаттамасын оқып үйрену.

Дәріс жоспары:

  1. Тромбоцитопенияның себебі.

  2. Тромбоцитопенияның морфологиялық сипаты

  3. Тромбоцитопатияның анықтамасы

  4. Тромбоцитопатияның морфологиялық сипаты.