Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ахметов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

«Зәр шығару жүйесі» модулі бойынша

СТУДЕНТТЕРДІҢ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ӨЗІНДІК

Жұмысына арналған әдістемелік

НҰСҚАУЫ

КУРС: 3

ПӘН: ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ

Қайта қарастырған: АНАЯТОВА Б.Ж.

2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

хатама №1 « 29 » тамыз 2012 ж.

кафедра меңгерушісімен бекітілді

профессор ________ Исмаилова Ю.С

1. Тақырып . Жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің морфологиялық сипаты.

2.Сабақтың мақсаты. Бүйрек жетіспеушілігінің функционалдық маңызын, морфогенезінің макро-микроскопиялық сипатын білу. Сабақтың тақырыбы бойынша макро-микропрепараттармен жұмыс істеу барысында дағдыларды қалыптастыру. Жаңа терминдер мен түсініктер енгізу арқылы коммуникативтік құзіреттілікті дамыту. Микроскоппен жұмыс істеу кезінде гигиеналық нормалар және техникалық қауіпсіздік ережесі- құқықтық компетенциясын құру. Студенттердің практикалық жұмыста клинико-морфологиялық мотивациясын дамыту.

3. Оқудың міндеті:

1. Жедел бүйрек жетіспеушілігінің этиологиясын, патогенезін білу.

2. Жедел бүйрек жетіспеушілігінің кезеңдерін білу.

3. Жедел бүйрек жетіспеушілігінің морфологиялық сипатын білу.

4. Жедел бүйрек жетіспеушілігінің асқынуын және нәтижесін білу.

5. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің этиологиясын, патогенезін білу.

6. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің кезеңдерін білу.

7. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің морфологиялық сипатын білу.

8. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің асқынуын және нәтижесін білу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жедел бүйрек жетіспеушілігінің этиологиясы, патогенезі.

2. Жедел бүйрек жетіспеушілігінің кезеңдері.

3. Жедел бүйрек жетіспеушілігінің морфологиялық сипаты.

4. Жедел бүйрек жетіспеушілігінің асқынуы және нәтижесі.

5. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің этиологиясы, патогенезі.

6. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің кезеңдері.

7. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің морфологиялық сипаты.

8. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің асқынуы және нәтижесі.

5. Оқыту, сабақ беру әдісі.

Практикалық сабақты талқылау, альбомға сурет салу (әдістемелік нұсқаудың соңында альбомды толтыру ережесі бар)

Жұмыс:

1. «Фибринозды перикардит» макропрепараттын төмендегі жүйемен сипаттау

- Ағзаның аты, пішіні, мөлшері.

- Сыртқы түрі, түсі.

- Кесіп қарағандағы түрі, түсі.

- Консистенциясы (болжам бойынша).

- Патологиялық ошақты сипаттау.

- Қандай патологияда осындай өзгеріс болады, аурудың атын атап қортынды беру.

2. Төмендегі сипаттау жүйесін пайдаланып келесі микропрепараттарды салу:

1. Некроздық нефроз. Препарат №3. гематоксилином және эозинмен боялған. Кіші көріністе бүйректің құрылысын анықтау, проксимальды және дистальды өзекшелердің эпителиінің көбісінің ядросы жойылған. Шумақтармен тік өзекшелер өзгермеген. Соған мән беру.

2. Фибринозды перикардит. Препарат №66. гематоксилином және эозинмен боялған. Кіші көріністе эпикард қалыңдаған миокард аймағын табу. Онда қантамырлар мен қабыну инфильтрациясын көру. Эпикард бетінде фибрин жіпшелері орналасқан.

3. Фибринозды перитонит. Препарат №25Д. гематоксилином және эозинмен боялған. Кіші көріністе ішек қабырғасындағы фибрин жіпшелеріне назар аудару.