Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ахметов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

7. Бақылау (сұрақтар, тест, мақсат)

Сұрақтар:

1. Зәр шығару жүйесінің қабыну аруларының жіктелуі

2. Зәр шығару жүйесінің қабыну аруларының морфологиялық сипаттамасы.

3. Зәр шығару жүйесінің қабыну аруларының асқынуы, нәтижесі.

Тест тапсырмасы:

1.Пиелонефрит кезінде қабыну қай жерде орналасады?

А) Бүйрек шумақтарында

В) Стромада

С) Бүйрек өзекшелерінде

D)Түбекшеде

Е) Тостағаншада

2.Созылмалы пиелонефриттің асқынуы:

А) Бүйрек карбункулы

В) нефрогенді артериальды гипертензия

С) паранефрит

D)уремия

Е) папиллонекроз

3.Созылмалы пиелонефритте бүйректі қалай атаймыз:

А) Үлкен шұбар бүйрек

В) Үлкен қызыл бүйрек

С) үлкен майлы бүйрек

D)Қалқанша без тәрізді бүйрек

Е) Үлкен ақ бүйрек

4.Созылмалы пиелонефритте бүйректің макроскопиялық сипаты.

А) беті ірі дәнді

В) беті тегіс

С) түбекшелердің шырышты қабаты көмескі, қан құйылу ошағы бар.

D) кесіп қарағанда тыртық алаңдары көрінеді

Е) түбекше қабырғасы қалыңдаған, ақшыл түсті

5.Жедел пиелонефриттің асқынуы:

А) пионефроз

В) бүйрек карбункулы

С) паранефрит

D)уремия

Е) папиллонекроз

6.Үрдістің орналасуына байланысты пиелонефрит түрлері;

А) біржақты

В) екіжақты

С) таралған

D)милиарлы

Е) жедел

7.Пиелонефриттің жиі қоздырғышы:

А) ішек таяқшасы

В) вирус

С) стафилококк

D)гельминт

Е) қарапайымдылар

8.Пиелит дегеніміз не?

А) қабыну

В) ісік

С) дистрофия

D) регенерация

Е) дисплазия

9. Түбекше қабынуы бұл:

А) гломерулонефрит

В) цистит

С) пиелонефрит

D)пиелит

Е) уретрит

10.Созылмалы пиелонефриттің жиі асқынуы:

А) ісік

В) қана айналым бұзылысы

С) артериальды гипертензия

D) дисплазия

Е) метаплазия

11.Уретерит дегеніміз?

А) қабыну

В) дистрофия

С) дисплазия

D)атрофия

Е) ісік

12. Цистит дегеніміз?

А) қабыну

В) дистрофия

С) дисплазия

D)атрофия

Е) ісік

13.Циститтердің қабыну сипатына қарай морфологиялық көрінісі:

А) геморрагиялық

В) фибринозды

С) іріңді

D) катаральды

Е) шырышты

  1. Жедел пиелиттердің қабыну сипатына қарай морфологиялық сипаты.

А) геморрагиялық

В) фибринознды

С) іріңді

D) катаральды

Е) шырышты

  1. Созылмалы уретериттің асқынуы:

А) стеноз

В) атрофия

С) гипертрофия

D) дисплазия

Е) дистрофия

1. Тақырып №2. Гломерулопатиялардың морфологиялық түрі.

2. Сабақ мақсаты. Гломерулопатиялардың этиологясын, патогенезін, жіктелуін, асқынуын, нәтижесін анықтай білу.

3. Үйрету мақсаты:

1. Бүйрек ауруларына жалпы сипаттама беріп, жіктелуін білу.

2. Гломерулонефриттің этиологиясын және патогенезін түсіндіре білу.

3 Гломерулонефриттің жіктелуін және морфологиялық сипатын білу

4. Гломерулонефриттің асқынуын, нәтижесін білу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Бүйрек ауруларының жалпы сипаттамасы, жіктелуі.

2. Гломерулонефриттің этиологясы, патогенезі.

3 Гломерулонефриттердің жіктелуі, морфологиялық сипаты.

4. Гломерулонефриттердің асқынуы, нәтижесі.

5. Оқыту, сабақ беру әдісі.

Тәжирибиелік сабақты орындап талқылау, альбомға сурет салу (әдістемелік нұсқаудың соңында альбомды толтыру ережесі бар)

Жұмыс:

1. «Жеделдеу гломерулонефрит» макропрепараттын төмендегі жүйемен сипаттау

- Ағзаның аты, пішіні, мөлшері.

- сыртқы түрі, түсі.

- Кесіп қарағандағы түрі, түсі.

- Консистенциясы (болжам бойынша).

- патологиялық ошақты сипаттау.

- қандай патологияда осындай өзгеріс болады, аурудың атын атап қортынды беру.

2. Төмендегі сипаттау жүйесін пайдаланып келесі микропрепараттарды салу:

1. Экстракапиллярлы гломерулонефрит. Препарат №84. гематоксилином және эозинмен боялған. Кіші және үлкен көріністе бүйрек құрылысын қарап, шумақтарға ерекше назар аудару керек. Шумлянского-Боумена нефротелиінің капсуласының пролиферациясына көңіл бөлу. Соған тән жарты айларды көру.

2. Интракапиллярный гломерулонефрит. Препарат №85. гематоксилином және эозинмен боялған. Кіші көріністе бүйрек құрылысын қарап, шумақтарға назар аудару қажет. Шумақтарда мезангиальды жасушалардың пролиферациясы анықталады.

3. Екіншілік-бүріскен бүйрек. Препарат №88. Пикрофуксин бойынша Ван Гизонмен. боялған. Кіші көріністе қызыл түсті склерозданған шумақты, жасыл түсті строманы, өзекшені табу.