Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ахметов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Дәріс тезисы

Менингококты менингит – қарқынды басталатын жедел іріңді үрдіс. Жарық, дыбыс тітіндіргіштеріне жоғарғы сезімталдылық болады. Ауа-тамшылы жол арқылы жұғады. Мидың негізіне, жарты шарларына, «Гиппократ тақиясы» тәрізді мидың жұмсақ қабығының қабынуы. Субарахноидальды, спинальды кеңістіктеде ірің жиналады. Үрдіс ми қарыншаларына өткенде құрамында ірің, фибрин бар жұлын-ми сұйықтығы жиналады. Орташа гидроцефалия дамиды. Бас сүйек нервтері қабынғанда толық емес параличтерге әкеледі.

Туберкулезды менингит – гематогенды жолмен жұғады. Экссудат қоймалжың немесе казозды ірімшік тәрізді жиі ми негізінде орналасады. Микроскопиялық зерттегенде экссудат фибринозды-казеозды сипатта болып, құрамында көп мөлшерде лимфоциттер, плазмоциттер, макрофагтар болады. Пирогов-Лангханс алып жасушалары сирек кездеседі. Қан тамырларыда зақымданып, облитерациялық эндартериит дамып, мида майда инфаркт ошақтары болады. Жұлын-ми сұйықтығы ашық, мөлдір фибрині бар, құрамында көп мөлшерде лимфоциттер, макрофагтар бар, глюкоза азайған.

Бас ми абсцессы-көбіне іріңдеуші коктармен байланысты. Үрдістің гематогенді диссеминациясымен байланысты. Мишықта, мидың шүйде бөлігінде орналасады. Энцефалит – инфекцияға, интоксикацияға, травмаға байланысты бас миының қабынуы. Вирусты энцефалиттер- миға көпетеген вирустар әсерінен болады: арбовирустар, энетеровирустар, цитомегаловирустар, герпес вирустары, құтыру вирусы, балалар вирустары. Ағымына қарай жедел, жеделдеу, созылмалы болады. Морфологиялық зерттеулер вирусты энцефалиттің этиологиясын анықтауға мүмкіндік береді. Энцефалиттің вирусты этиологиясын 1. лимфоциттерден, плазмалық жасушадан, макрофагтардан тұратын мононуклеарлы қабыну. 2. микроглия, олигодендроглияның дифузды пролиферациясы нәтижесінде таяқша, амеботәрізді жасушалар түзілуі. 3) нейрофагиялық түйін түзетін нейрофагия; 4) ядроішілік, цитоплазмаішілік қоспалар дәлеледейді.

Кене энцефалиті – жедел табиғи-ошақты вирусты ауру. Трансмиссивті немесе алиментарлы жол арқылы беріледі. Кене энцефалиті РНК-лы арбовирустарға жатады. Макроскопиялық ми тамырларында гиперемия, ісіну, майда қан құйылу байқалады. Микроскопиялық көрініс ауру сатысына, ағымына байланысты болады. Жедел түрінде циркуляторлы бұзылыстар, қабыну экссудативті реакция басым боады. Жиі периваскулярлы инфильтрат, нейронофагия пайда болады. Созылыңқы түрде глиияның пролиферативті реакциясы басым болады. Соның ішінде астроцитарлы және нерв жүйесінің ошақты деструкциясы (спонгиозды, дәнді шарлардың жиналуы). Энцефалиттің созылмалы түрінде фибрилярлы глиоз, демиелинизация, мидың белгілі бір бөлігінің атрофиясы дамиды. Өлім 2-3 тәулікте бульбарлы бұзылыстардан болады.

Мерез – созылмалы жұқпалы жыныстық ауру. Тері, шырышты қабаттар, ішкі ағзалар, сүйек, жүйке жүйесі зақымдалады. Қоздырғышы солғын трепонема.жыныстық қатынас арқылы жұғады. Нейросифилис жүйке жүйесінде мерездік үрдісті сипаттайды.

Ол аурудың кез келген кезеңінде болуы мүмкін, бірақ жиі үшіншілік кезеңде болады. Жүйке жүйесінің мерезі гуммозды, қарапайым, қантамырларының зақымдануы, прогрессивті салдану, арқалық құрғақтану. Мидағы гуммаларға өзіне тән құрылыс болады. Мөлшері әртүрлі бидай дәнінен көгершін жұмыртқасына дейін. Кейде ми тінін, ми қаабықшаларын зақымдайтын диффузды гуммалар табылады. Мерездің қарапайым түрінде лимфоцитарлы қабыну инфильтраты митінінде оның қабықшаларында болады. Нейросифилисте қан тамырында мерездік облитерациялық эндоартериит, эндофлебит дамуы ықтимал. Үдемелі салдану мерездің кеш көрінісін сипаттайды. Бас миынынң салмағы азаяды, қыртыстар жұқарады, қыртыс асты түйіндері, мишық семеді. Микроскопиялық зерттеуде мида қабыну, дистрофиялық өзгерістер нерв жасушаларының өлуі, демиелинизация ошағы, ми тінінің архитектоникасының бұзылуы байқалады. Глия пролиферациясы болады.

Арқалық құрғақтық– жұлын зақымдалуымен жүретін мерездің кеш көрінісі. Дистрофиялық үрдіс жұлынның бел аймағында пайда болып сына тәрізді шоғырға кейін артқы бағаналарға тарайды. Артқы бағанада миелинді қабықша ыдырайды.

Герпестік энцефалит немесе менингоэнцефалит жиі балаларда кездеседі. Макроскопиялық бас миы болбыр, пішінін жоғалтады, жұмсақ ми қабаты толақанды, ісінген. Кесіп қарағанда жұмсару жолақ, ботқа тәрізді. Маңдай, шүйде,самай бөлігінде болады. Ми негізі, жұлын, мишық зақымданбайды. Микроскопиялық көптеген колликвациялық некроз, периваскулярлы лимфоидты инфильтрация болады. Қан тамырларында пролиферативті васкулит, тромбоваскулит. Мидың жүйке жасушаларында – герпестік инфекцияның ядроішілік қосындылары.

Көрнекті материал: мультимедиялық дәрістердің электронды нұсқасы (студент кафедрадан алады)

Әдебиет:

1. Патология под ред. Пальцева М.А., Паукова В.С., «Медицина», 2008г., том 1 – 512 с., том 2 – 480 с.

2. Маянский Д.Н. Лекции по клинической патологии. Учебное пособие., «Медицина», 2007г., 463с.

3. Повзун С.А. «Патологическая анатомия в вопросах и ответах». Учебное пособие. «Медицина», 2007г., 176 с.

4. Патологическая анатомия. О.В.Зайратьянц. Национальное руководство под ред. М.А.Пальцева, Л.В.Коктурского, «Медицина». 2008г., 1400с.

5. Патологическая анатомия. Курс лекций. Учебное пособие (Под ред. В.В.Серова, М.А.Пальцева). М.Медицина, 1998 – 640 с

6. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии: Учебное пособие (В.В.Серов, М.А.Пальцев, Т.Н.Ганзен) – М., Медицина, 1998г – 544 с.

7. Струков А.И. Патологическая анатомия. Учебник М.Медицина, 1995г. – 688 с.

8. Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. Том 1,2. М.: Медицина, 2001.

9. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналықжоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы: «Орталық Қазақстан» БПК, «Қазақстан». – 1993 – 170 б.

10. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан». – 1996 –2 бөлім, 1 кітап 175-274 б.

11. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналықжоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан». – 1996 – 2 бөлім, 1 кітап 275-535 б.

12. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // Алматы -2003, 393 б.

13.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // Алматы -2008, 2 том, 1 том–311 б, 2 том-335 б.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Мидың қабаттарын зақымдайтын ОНЖ-ң инфекциялары-менингиттер (менингококты, туберкулезді)

  2. ОНЖ-ң іріңді инфекциялары: ми абсцессі

  3. Вирусты энцефалиттердің патологиялық анатомиясы.

  4. Кене энцефалитінің патологиялық анатомиясы

  5. Нейросифилистің патологиялық анатомиясы

  6. балалардағы ерекшелік

Мамандық: Жалпы медицина

КАФЕДРА: Патологиялық анатомия

«Жүйке жүйесі»