Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ахметов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

3. Оқудың міндеті.

1. Бауырдың улы дистрофиясының анықтамасын, этиологиясын, патогенезін білу, морфологиялық кезеңдерін, асқынуы мен нәтижесін сипаттау.

2. Майлы гепатоздың анықтамасын, этиологиясын, патогенезін білу, морфологиялық кезеңдерін, асқынуы мен нәтижесін сипаттау.

3. Гепатиттке анықтама беру, этиологиясын, патогенезін, жіктелуін түсіндіру, әртүрлі гепатиттерді және олардың асқынуын морфологиялық сипаттау.

4. Бауыр циррозына анықтама беру, этиологиясын, патогенезін, жіктелуін түсіндіру, әртүрлі бауыр циррозын және олардың асқынуын морфологиялық сипаттау.

5. Осы аурулардың балалардағы ерекшелігін білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Бауырдың улы дистрофиясының анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, морфологиялық кезеңдері, асқынуы мен нәтижесі.

2. Майлы гепатоздың анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, морфологиялық кезеңдері, асқынуы мен нәтижесі.

3. Гепатиттің анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, әртүрлі гепатиттердің және олардың асқынуының морфологиялық сипатты.

4. Бауыр циррозы- анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, әртүрлі бауыр циррозы мен олардың асқынуы, морфологиялық сипатты.

5. Осы аурулардың балалардағы ерекшелігі.

5. 5. Сабақ беру және оқыту әдісі

Практикалық сабақты орындау және талқылау, альбомға суретін салу (альбомды дұрыс толтыру әдістемелік нұсқаудың соңында көрсетілген)

Жұмыстар:

1. Макропрепараттарды сипаттау «Майда түйінді порталді цирроз» келесі жоба бойынша сипаттаңыз

- ағзаның аты, өлшемі, түрі.

- Түсі және беткей көрінісі.

- Ағзаның кесіндідегі түрі.

- Консистенциясы (күйі).

- Патологиялық ошақтың сипаты.

- қорытынды .

2.Келесі микропрепараттардың суретін салу, төменде көрсетілген жоба бойынша сипаттаңыз:

1. Вирусты гепатит В. №158-ші препарат. Бояуы гематоксилин және эозин. Кіші және үлкен көріністе массивті ошақты некроздың нәтижесінде бауыр құрылысының бұзылғандығын анықтау. Ретикулярлы стромасы ашық, лимфоциттермен, макрофагтармен, нейтрофилдермен сіңбеленген. Сақталған гепатоциттер сулы немесе баллонды дистрофия күйінде.

2. Бауырдың жедел улы дистрофиясы. №80-ші препарат. Бояуы гематоксилин және эозин. Кіші және үлкен көріністе бауыр құрылысының әр түрлі өзгерісі анықталады,бір бөліктерде оптикалық бос гепатоциттер ,ал келесі бөліктерде ядросы жоқ гомогенді гепатоциттерді және олардың маңында ошақты қан құйылулар мен аздаған дөңгелек жасушалы сіңбелер анықталады.

3. Бауыр цирроз. №81-ші препарат. Бояуы пикрофуксин- Ван Гизон. Кіші көріністе қызыл түске боялған дәнекер тіннің өсуіне байланысты бауыр құрылысының бұзылуын анықтаңыз. Бұл өзгерістер барлық бөліктерді қамтып, жалған бөліктер түзеді. Гепатоциттер жасыл түсті, ядросы қара–жасыл түсті. Бөліктердің бірінде орталық вена жойылған, кейбірінде эксцентрлі орналасқан. Үштіктер жақындаған.

  1. 4 СРСП Аппендицит морфологиялық сипаты, нәтижесі және асқынуы, өлім себептері (1ч)

Аралық бақылау (1ч)

2. Оқу міндеті.Аппендициттің этиологиясы, патогенезін, патологиялық анатомиясын, асқынуын және нәтижелерін анықтай білу.