Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ахметов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Дәріс тезистері

Панкреатит – Ұйқы безінің қабынуы, ағымы жедел және созылмалы.

Жедел панкреатит ұйқы безі сөлінің ағып кетуі бұзылғанда, бездің шығарушы өзектеріне өт енгенде, алкоголмен уланғанда, алиментарлы бұзылуда (тамақты артық жегенде) дамиды. Ұйқы безіндегі өзгерістер- ісіну, ақшыл-сарғыш түсті некроз ошағының пайда болуы, қан құйылу, іріңдеу фокусы, жалған киста, секвестрдің түзілуі.

Геморрагиялық өзгерістер басым болса- геморрагиялық панкреатит, іріңді қабыну басым болса - іріңді панкреатит, некроздық өзгерістер басым болса- панкреонекроз.

Созылмалы панкреатит жедел панкреатиттің рецидивінің салдарынан болуы мүмкін. Себептері- инфекция және интоксикация, зат алмасудың бұзылуы, тағамның құнарсыздығы, бауыр, өт қабы, асқазан, он екі елі ішек аурулары. Созылмалы панкереатит кезінде деструктивті – қабыну емес, ал склероздық және атрофиялық үрдістер басым болады. Склероздық өзгерістер өзекшелердің өткізгіштігінің бұзылуына, киста түзілуіне әкеледі. Бездің тыртықтық деформациясы тінінің әктенуімен қатар жүреді. Без кішірейіп, шеміршек тәрізді қатайады. Созылмалы панкереатит кезінде қант диабетінің көріністері дамуы мүмкін. Науқас шоктан, перитониттен өледі.

Ұйқы безінің рагы. Кез келген бөлігінде дамиды, көбінесе ақшыл-сұр тұсті, тығыз, түйін тәрізді ұйқы безінің басында кездеседі. Түйін ұйқы безін басады, кейін ұйқы безінің өзекшелеріне және жалпы өт өзекшелеріне еніп өседі. Ұйқы безінің, бауырдың қызметін бұзады. (панкреатит, холангит, сарғаю) Ұйқы безінің денесінің және құйрығының ісігінің көлемі біршама ұлғайып, бездің және бауырдың қызметін ұзақ уақытқа дейін бұзбайды. Ұйқы безінің рагы өзекшелердің эпителилерінен , (аденокарцинома) немесе паренхима ацинустарынан дамиды (ацинарлы немесе альвеолярлы рак). Алғашқы метастазы ұйқы безінің басына тікелей жақын орналасқан лимфа түйіндерінде орналасады. Гематогенді метастазы бауырда және басқа ағзаларда дамиды. Науқас арықтаудан, рак метастаздарынан, немесе пневмонияның қосарлана жүруінен өледі..

Көрнекілік құрал: Мультимедиялық дәрістің электронды варианты ( студент кафедрадан алады)

Әдебиет:

1. Патология под ред. Пальцева М.А., Паукова В.С., «Медицина», 2008 ж, том 1 – 512 б, том 2 – 480 б.

2. Маянский Д.Н. Лекции по клинической патологии. Учебное пособие. «Медицина», 2007 ж. 463 б.

3. Повзун С.А. «Патологическая анатомия в вопросах и ответах». Учебное пособие. «Медицина». 2007 ж. 176 б.

4. Патологическая анатомия. О.В.Зайратьянц. Национальное руководство под ред. М.А.Пальцева, Л.В.Коктурского. «Медицина». 2008 ж. 1400 б.

5. Патологическая анатомия. Курс лекций. Учебное пособие (Под ред. В.В.Серова, М.А.Пальцева). М.Медицина, 1998 – 640 б.

6. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии: Учебное пособие (В.В.Серов, М.А.Пальцев, Т.Н.Ганзен) – М., Медицина, 1998 ж – 544 б.

7. Струков А.И. Патологическая анатомия. Учебник М.Медицина, 1995 ж. – 688 б.

8. Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. Том 1,2. М.: Медицина, 2001 ж.

9. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы: «Орталық Қазақстан» БПК, «Қазақстан». – 1993 – 170 б.

10. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан». – 1996 –2 бөлім, 1 кітап 175-274 б.

11. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан». – 1996 – 2 бөлім, 1 кітап 275-535 б.

12. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // Алматы -2003, 393 б.

13.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // Алматы -2008, 2 том, 1 том–31 б, 2 том-335 б.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1.Панкреатит, анықтамасы, жіктелуі, патологиялық анатомиясы, нәтижесі.

2.Ұйқы безінің ісіктері.

3. тақырып. Бауыр ауруларының патологиялық анатомиясы .

Мақсаты: Студент бауыр ауруының анықтамасы, жіктелуі, морфологиялық сипаты, асқынуы және нәтижесі жайындағы мәліметті меңгеруге тиісті.

Дәріс жоспары:

1. Бауыр аурулары, жіктелуі.

2.Бауырдың улы дистрофиясы, анықтамасы, кезеңдері, морфологиясы.

3.Майлы гепатоз, анықтамасы, кезеңдері, морфологиясы.

4. Вирусты гепатиттер, анықтамасы, клинико-морфологиялық түрі.

5. Вирусты гепатиттің түрлерінің морфологиялық өзгерістері.

6. Бауыр циррозы, анықтамасы, жіктелуі, морфологиялық сипаты, асқынуы және нәтижесі.