Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ахметов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

9. Бақылау:

1. Плевриттің анықтамасы.

2.Өкпедегі арнайы емес қабыну үрдісінің салдарынан болған плевриттің патологиялық анатомиясы.

Өкпедегі ісіктік үрдістің салдарынан болған плевриттің патологиялық анатомиясы.

4. Өкпедегі арнайы қабыну үрдісінің салдарынан болған плевриттің патологиялық анатомиясы. (туберкулездік плеврит).

5. Аллергиялық плевриттің патологиялық анатомиясы. ( ревматизмдік аурулар кезінде)

МАМАНДЫҚ: Жалпы медицина

КАФЕДРА: Патологиялық анатомия

«АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ»

МОДУЛЫ БОЙЫНША ДӘРІСТІК

КЕШЕН.

КУРС: 3

ПӘН: ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ

ҚАЙТА ӨҢДЕГЕН: МҒД., ПРОФЕССОР АХМЕТОВ Ж.Б.

2009 ж.

Кафедра отырысында талқыланды.

№ 20 Хаттама « 1 » маусым 2009 ж.

Кафедра меңгерушісі бекітті

Профессор __________________________________________Иржанов С.И.

1.Тақырып. Өңеш, асқазан, ішек ауруларының патологиялық анатомиясы. Балалардағы ерекшеліктері.

Мақсаты: Студент өңеш, асқазан, ішек ауруларының анықтамасы, жіктелуі, морфологиялық сипаты, асқынуы және нәтижесі жайындағы мәліметті, балалардағы ерекшеліктерін меңгеруге тиісті.

Дәріс жоспары:

  1. Өңеш дивертикулы, анықтамасы, патологиялық анатомиясы.

  2. Эзофагит, анықтамасы, патологиялық анатомиясы.

  3. Жедел гастрит, анықтамасы, түрі, морфологиясы.

  4. Созылмалы гастрит, анықтамасы, жіктелуі, түрлерінің морфологиясы.

  5. Асқазан және он екі елі ішек жарасы, анықтамасы, этиологиясы, морфогенезі.

  6. Асқазан және он екі елі ішек жарасының асқыну және ремисси кезеңдеріндегі патологиялық анатомиясы.

  7. Асқазан және он екі елі ішек жарасының асқынуы.

  8. Жедел аппендицит, түрлерінің морфологиясы.

  9. Жедел аппендициттің асқынуы.

Дәріс тезистері

Өңеш дивертикулы – қабырғасының шектеліп, бұлтиып тұруы. Өңештің барлық қабаттарынан тұруы мүмкін (шынайы дивертикул) немесе тек шырышты және шырыш асты қабаттарынан тұрады, бұлшық ет қабатының саңлауынан бұлтиып тұрады. (бұлшық ет дивертикулы).

Эзофагит – Өңештің шырышты қабатының қабынуы – көптеген аурулар кезінде екінші ауру ретінде жүреді. Жедел және созылмалы түрлері бар.

Жедел гастрит – асқазанның шырышты қабатының жедел қабынуы

Түрлері:

Катаралды.

Фибринозды.

Іріңді ( флегмонозды )

Некроздық ( коррозивті )

Созылмалы гастрит

1.Гастрит А – аутоиммунды гастрит.

Париеталды жасушалар және ішкі фактордың липопротеидтеріне В-12 витаминімен байланысуын блоктаушы аутоантителалардың пайда болуымен байланысты аутоиммунды ауру. Жиі басқа аутоиммунды аурулармен қатар жүреді. Тұз қышқылы секрециясының жедел төмендеуі және гастринемия тән.

2.Гастрит В –иммунды емес, жиі кездеседі.

Этиология – геликобактер.

Дамуында әр түрлі эндогенді және экзогенді факторлар орын алады. ( интоксикация, алкоголь, тамақтану ритмінің бұзылуы )

3.Гастрит С – рефлюкс гастрит.

Асқазанның бір бөлігін алып тастау операциясынан кейін жиі кездеседі. Тұз қышқылы секрециясы бұзылмаған және гастриннің мөлшері өзгермеген.

Асқазан жарасы – созылмалы ауру, морфологиялық субстраты асқазан және он екі елі ішектің созылмалы рецидивтелуші жарасы болып табылады.

Созылмалы жараның морфогенезі.

  1. Эрозия – беткейлік дефект, шырышты қабаттың некрозының салдарынан пайда болады.

  2. Жедел жара – өте терең дефект, шырышты, шырыш асты, бұлшық ет қабаты зақымдалады.

  3. Созылмалы жара.

Жараның асқынуы.

Жаралы - деструктивті: тесілу( перфорация), пенетрация, қан кету.

Қабыну: гастрит, перигастрит, дуоденит, перидуоденит.

Жара-тыртықты: асқазанның кіре берісінің және шыға берісінің стенозы, он екі елі ішектің шырышты қабатының (луковицы) стенозы және деформациясы.

Малигнизация.

Аппендицит – соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің қабынуы..

Жедел аппендициттің морфологиялық сипаты.

  1. Жәй

  2. Беткей

  3. Деструктивті : флегмонозды, флегмонозды-жаралы, апостематозды, гангреноды.

Жедел аппендициттің асқынуы.

Перфорация – перитонит,периаппендикулярлы абсцесс.

Өсінді эмпиемасы.

Баырдың пилефлебиттік абсцессы.

Көрнекілік құрал: Мультимедиялық дәрістің электронды варианты ( студент кафедрадан алады)

Әдебиет:

1. Патология под ред. Пальцева М.А., Паукова В.С., «Медицина», 2008 ж, том 1 – 512 б, том 2 – 480 б.

2. Маянский Д.Н. Лекции по клинической патологии. Учебное пособие. «Медицина», 2007 ж. 463 б.

3. Повзун С.А. «Патологическая анатомия в вопросах и ответах». Учебное пособие. «Медицина». 2007 ж. 176 б.

4. Патологическая анатомия. О.В.Зайратьянц. Национальное руководство под ред. М.А.Пальцева, Л.В.Коктурского. «Медицина». 2008 ж. 1400 б.

5. Патологическая анатомия. Курс лекций. Учебное пособие (Под ред. В.В.Серова, М.А.Пальцева). М.Медицина, 1998 – 640 б.

6. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии: Учебное пособие (В.В.Серов, М.А.Пальцев, Т.Н.Ганзен) – М., Медицина, 1998 ж – 544 б.

7. Струков А.И. Патологическая анатомия. Учебник М.Медицина, 1995 ж. – 688 б.

8. Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. Том 1,2. М.: Медицина, 2001 ж.

9. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы: «Орталық Қазақстан» БПК, «Қазақстан». – 1993 – 170 б.

10. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан». – 1996 –2 бөлім, 1 кітап 175-274 б.

11. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан». – 1996 – 2 бөлім, 1 кітап 275-535 б.

12. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // Алматы -2003, 393 б.

13.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // Алматы -2008, 2 том, 1 том–31 б, 2 том-335 б.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1.Өңеш дивертикулы, анықтамасы, патологиялық анатомиясы.

2.Эзофагит, анықтамасы, патологиялық анатомиясы.

3.Жедел гастрит, анықтамасы, түрі, морфологиясы.

4.Созылмалы гастрит, анықтамасы, жіктелуі, түрлерінің морфологиясы.

5.Асқазан және он екі елі ішек жарасы, анықтамасы, этиологиясы, морфогенезі.

6.Асқазан және он екі елі ішек жарасының асқыну және ремисси кезеңдеріндегі патологиялық анатомиясы.

7.Асқазан және он екі елі ішек жарасының асқынуы.

8.Жедел аппендицит, түрлерінің морфологиясы.

9.Жедел аппендициттің асқынуы

2. Тақырып. Ұйқы безі ауруларының патологиялық анатомиясы.

Мақсаты: Студент ұйқы безі ауруының анықтамасы, жіктелуі, морфологиялық сипаты, асқынуы және нәтижесі жайындағы мәліметті меңгеруге тиісті.

Дәріс жоспары:

1.Панкреатит, анықтамасы, жіктелуі, патологиялық анатомиясы, нәтижесі.

2.Ұйқы безінің ісіктері.