Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ахметов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

7. Бақылау (сұрақтар, тестер және т.Б.)

Сұрақтар:

1. Жедел пневмониялардың этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.

2. Крупозды пневмонияның морфологиялық сипаты.

3. Крупозды пневмонияның асқынуы, нәтижесі.

4. Ошақты пневмонияның морфологиялық сипаты, асқынуы, нәтижесі.

5. Аралық пневмонияның морфологиялық сипаты, асқынуы, нәтижесі.

6. Пневмонияның балалардағы ерекшеліктерін білу.

1. № 2 практикалық сабақтын тақырыбы. Өкпенің созылмалы бейспецификалық аурулары (ӨСБА): Созылмалы бронхит. Созылмалы абсцесс. Созылмалы пневмония. Пневмофиброз және пневмоцирроз. Өкпе эмфиземасы. Өкпенің интерсцитиалды аурулары.

2. Сабақтың мақсаты. Өкпенің созылмалы бейспецификалық аурулардың (ӨСБА) этиологиясын және патогенезін білу, созылмалы бронхиттің, бронхоэктазиялық аурудың, созылмалы абсцесстің, созылмалы пневмонияның, пневмофиброздің және пневмоцирроздің, өкпе эмфиземасының, өкпенің интерстициалды аурулардың морфологиялық сипаттамасын білу, олардың асқынулары және нәтижесі.

3.Сабақтың міндеті

1. Өкпенің созылмалы бейспецификалық аурулардың жіктелуің білу.

2. Өкпенің созылмалы бейспецификалық аурулардың этиологиясын және патогенезін білу.

3. Өкпенің созылмалы бейспецификалық аурулардың морфологиялық сипаттамасын, асқынуын және нәтижесін білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Өкпенің созылмалы бейспецификалық аурулардың жіктелуі

2. Өкпенің созылмалы бейспецификалық аурулардың этиологиясы және патогенезы.

3. Созылмалы бронхиттің, бронхоэктазиялық аурудың, созылмалы пневмонияның, пневмофиброздың және пневмоцирроздың, өкпе эмфиземасының және өкпенің интерстициалды аурудың морфологиялық сипаттамаларын, олардың асқынуларын және нәтижелерін.

5. Оқу және оқыту әдістері:

Практикалық сабақты орындау және талқылау, альбомды толтыру (берілген әдістемелік нұсқаудың соңында альбомды толтыру үлгісі бар)

Жұмыстар:

1. а) «Созылмалы бронхит, өкпенің бронхоэктазымен бірге» макропрепаратын келесі үлгі бойынша сипаттау:

- Ағзаның аты, өлшемі, формасы.

- Беткей көрінісін сипаттау, түсі.

- Кесіндісіндегі көрінісі, түсі.

- Консистенциясы (күйі).

- Патологиялық ошақты сипаттау.

- Осы патология кездесетін ауруларды атап, қорытынды беру.

б) «Өкпенің созылмалы абсцессы» макропрепаратын келесі үлгі бойынша сипаттау:

- Ағзаның аты, өлшемі, формасы.

- Беткей көрінісін сипаттау, түсі.

- Кесіндісіндегі көрінісі, түсі.

- Консистенциясы (күйі).

- Патологиялық ошақты сипаттау.

- Осы патология кездесетін ауруларды атап, қорытынды беру.

2. Төмендегі микропрепараттарды мына үлгі бойынша сипаттау керек:

1. Созылмалы бронхит. №219 Препарат. Гематоксилин және эозинмен боялған. Кіші көріністе өкпе тінін және бронхты табыңыз. Бронхтың шырышты қабатының жағдайына көңіл аударып, көп қабатты жалпақ эпителиден цилиндірлі эпителидің метаплазия аймағын табыңыз. Бронх қуысындағы экссудаттың құрамын анықтаңыз. (лейкоцит, сыдырылған эпителиалді жасушалар, шырыш). Бронх аймағындағы склерозды және бронх қабырғысындағы диффузды лейкоциттік сіңбені табыңыз.

2. Созылмалы обструкивті бронхит, өкпе эмфиземасымен бірге. №6 Препарат. Гематоксилин және эозинмен боялған. Кіші көріністе қабырғасы қалыңдаған, қуысында шырыш тәрізді заттар бар бронхқа көңіл аударыңыз. Альвеола қабырғасы жұқарған, кеңейген, кейбір жерлерде үзіліп, қуыстар түзілген.

3. Абсесстенуші стафилококты пневмония. №71а Препарат. Гематоксилин және эозинмен боялған. Кіші көріністе өкпе паренхимасының біркелкі зақымдалмағанын анықтап, қабыну фокустарының бронхтармен байланысына көңіл аударыңыз. Абцестену ошағын тауып, үлкен көріністе экссудаттың құрамын анықтаңыз.