Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ахметов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша практикалық жұмысқа әдістемелік нұсқау

3-ШІ КУРС:

ПӘН: ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ

Қайта өңдеген: м..ғ.к., асистент Алтаева А. Ж.

2012-2013 Оқу жылы.

1. № 1 практикалық сабақтын тақырыбы. Өкпенің жедел аурулары: Жедел пневмониялар. Бронхоппневмония, крупозды пневмония, аралық пневмония. Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелер, асқынулар. Қоздырғышынің сипатына байланысты бронхопневмониялардың ерекшеліктері. Балалардағы ерекшеліктері, нәтижелер, асқынулар, өлім себептері.

2. Сабақтың мақсаты. Жедел пневмониялардың, бронхопневмонияның, крупозды, аралық пневмониялардың этиологиясын, патогенезін, морфологиялық сипатын оқып үйрену. Қоздырғышының сипатына байланысты бронхопневмонияның ерекшелігін, балалардағы ерекшеліктерін, нәтижесін, асқынуын, өлім себебін оқып үйрену.

3.Сабақтың міндеті

1. Жедел пневмонияларға анықтама беру.

2. Жедел пневмониялардың түрлерін, этиологиясын және патогенезін білу.

3. Морфологиялық сипатына қарай крупозды пневмонияның кезеңдерін анықтау, нәтижесін және асқынуларын білу.

4. Қоздырғышының сипатына қарай ошақты пневмонияның түрлерін, морфологиясын, нәтижесін және асқынуын білу.

5. Пневмонияның балалардағы ерекшеліктерін білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жедел пневмониялардың этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.

2. Крупозды пневмонияның морфологиялық сипаты.

3. Крупозды пневмонияның асқынуы, нәтижесі.

4. Ошақты пневмонияның морфологиялық сипаты, асқынуы, нәтижесі.

5. Аралық пневмонияның морфологиялық сипаты, асқынуы, нәтижесі.

6. Пневмонияның балалардағы ерекшеліктерін білу.

5. Оқу және оқыту әдістері:

Практикалық сабақты орындау және талқылау, альбомды толтыру (берілген әдістемелік нұсқаудың соңында альбомды толтыру үлгісі бар)

Жұмыстар:

1. «Крупозды пневмония» макропрепаратын келесі үлгі бойынша сипаттау:

- Ағзаның аты, өлшемі, формасы.

- Беткей көрінісін сипаттау, түсі.

- Кесіндісіндегі көрінісі, түсі.

- Консистенциясы (күйі).

- Патологиялық ошақты сипаттау.

- Осы патология кездесетін ауруларды атап, қорытынды беру.

2. Төмендегі микропрепараттарды мына үлгі бойынша сипаттау керек:

1. Бронхопневмония. №70 Препарат. Гематоксилин және эозинмен боялған. Бронх аймағындағы альвеолалардың қуысында іріңді экссудат бар. Басқа аймақтарда альвеолалар ошақты эмфизематозды кеңейген, альвеола аралақ перделер жіңішке. Бонхтың қуысында іріңді экссудат бар.

2. Крупозды пневмония. №71 Препарат. Гематоксилин және эозинмен боялған. Барлық альвеолалардың қуысында фибринозды экссудат бар, альвеола аралақ перделердің капилярлары толақанды.

3. Өкпе карнификациясы. №73 Препарат. Ван Гизон бойынша пикрофуксинмен боялған. Кіші көріністе өкпе тінінің ауасызданған дәнекертінденген аймағын көреміз, альвеола қуысына қызыл түсті грануляциялық тін өскен. Қызыл түсті, қалыңдаған тінге, пневмосклероз (қызыл түсті) аймағына көңіл аудару керек.

6. Әдебиет:

1. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // - Алматы -2003, 393 б.

2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // - Алматы -2008, 2 том, 1 том–311 б, 2 том-335 б.