Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ахметов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Дәріс тезистері

Өкпенің этиологиясы арнайы емес жедел деструктивті үрдістеріне өкпе абсцессі және өкпе гангренасы жатады.

Өкпе абсцессі - шығу тегі пневмониогенді және бронхогенді болуы мүмкін. Пневмониогенді абсцесс этиологиясы әр түрлі пневмонияның асқынуы болып табылады. (көп жағдайда стафилококты немесе стрептококты.) Үрдістің алдында өкпе тіні некрозға ұшырайды және іріңдейді де бұл массалар ыдырап қақырықпен бірге бронх арқылы шығарылып, абсесс қуысы түзіледі. Үрдіс жиі өкпенің 2, 6, 8, 9, 10 сегменттерінде орналасады. Жиі абсцесс бронх қуысымен байланысады (дренажды бронхтар). Бронхогенді абсцесс бронхоэктаздың қабырғалары зақымдалған кезде және қабынудың көрші өкпе тініне өткен кезінде пайда болады. Абсцесстің қабырғасы бронхоэктаздан түзілген және өкпе тінімен тығыздалған. Бронхогенді абсцесстер бірнеше болады. Үрдіс жиі созылмалы.

Өкпе гангренасы – кез келген генезді өкпе абсессі және пневмонияны шіріктік микроорганизмдер қосылған кезде асқындырады. Өкпе тіні ылғал некрозға ұшырайды, ылас- сұр түсті, иісі сасық болады. Гангрена науқастың өлімімен аяқталады.

Жедел кавернозды туберкулез өкпенің арнайы жедел деструктивті ауруларына жатады. Бәрінен жиі инфильтрат ошағында немесе туберкулома орнында дамиды. Ыдырау қуысы іріңді ыдыраудың нәтижесінде және қақырықпен бөлінетін казеозды массаның сұйылуы нәтижесінде пайда болады. Бұл түрі жиі өкпенің бронхогенді обсемененизациясына әкеледі. Үрдіс өкпенің 1 және 2 сегментінде орналасады.

Созылмалы деструктивті арнайы аурулар фиброзды-каверналық туберкулезбен немесе созылмалы өкпе чахоткасымен байланысты. Жиі жедел каверналық туберкулездің фонында дамиды. Қуыстың (каверна) қабырғасы тығыз, 3 қабаттан тұрады: ішкі - пиогенді некроздық , ортаңғы – туберкулездік грануляциялық тін, сыртқы – сдәнекер тінді, өкпеде ателектаз аймақтары бар. Үрдіс өкпенің 1 және 2 сегментінде орналасады . Егер бұл үрдіс ұзақ уақытқа созылса өкпенің төменгі бөліктері зақымдалуы мүмкін, бронхогенді метастатз ошақтары түзіледі.

Көрнекілік құрал: Мультимедиялық дәрістің электронды варианты ( студент кафедрадан алады)

Әдебиет:

1. Патология под ред. Пальцева М.А., Паукова В.С., «Медицина», 2008 ж, том 1 – 512 б, том 2 – 480 б.

2. Маянский Д.Н. Лекции по клинической патологии. Учебное пособие. «Медицина», 2007 ж. 463 б.

3. Повзун С.А. «Патологическая анатомия в вопросах и ответах». Учебное пособие. «Медицина». 2007 ж. 176 б.

4. Патологическая анатомия. О.В.Зайратьянц. Национальное руководство под ред. М.А.Пальцева, Л.В.Коктурского. «Медицина». 2008 ж. 1400 б.

5. Патологическая анатомия. Курс лекций. Учебное пособие (Под ред. В.В.Серова, М.А.Пальцева). М.Медицина, 1998 – 640 б.

6. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии: Учебное пособие (В.В.Серов, М.А.Пальцев, Т.Н.Ганзен) – М., Медицина, 1998 ж – 544 б.

7. Струков А.И. Патологическая анатомия. Учебник М.Медицина, 1995 ж. – 688 б.

8. Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. Том 1,2. М.: Медицина, 2001 ж.

9. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы: «Орталық Қазақстан» БПК, «Қазақстан». – 1993 – 170 б.

10. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан». – 1996 –2 бөлім, 1 кітап 175-274 б.

11. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айткулов // Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан». – 1996 – 2 бөлім, 1 кітап 275-535 б.

12. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // Алматы -2003, 393 б.

13.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. //Алматы -2008, 2 том, 1 том–311 б, 2 том-335 б.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

Өкпенің этиологиясы арнайы емес жедел деструктивті үрдістері.

Өкпенің этиологиясы арнайы жедел деструктивті үрдістері.

Өкпенің этиологиясы арнайы созылмалы деструктивті үрдістері.

Мамандық: Жалпы медицина

КАФЕДРА: Патологиялық анатомия