Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ахметов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Дәрістің тезисі

Артериалдық гипертензия - артериалдық қысымның тұрақты және ұзақ уақыт бойы жоғарылауы негізгі клиникалық көрініс болып табылатын созылмалы ауру.

АГ даму механизмінде нервтік, рефлекторлық, гормоналды, бүйректік, тұқым қуалайтын факторлар үлкен орын алады.

Жіктелуі.

  1. Қатерсіз гипертензия

  2. Қатерлі гипертензия.

  3. Эссенциалды гипертензия

  4. Симптомдық гипертензия (бүйректік, эндокринді, нейрогенді)

Қатерсіз гипертензия кезеңдері

1. Клиникаға дейінгі кезеңде сол жақ қарынша компенсаторлық гипертрофиясы, артериолдармен ұсақ артериялардың бұлшық ет қабатының гипертрофиясы.

2. Қан тамыр қабырғасына плазманың сіңіп қалуының нәтижесінде гиалиноз және артериолосклероз дамуымен сипатталатын артериалардағы жайылған өзгерістер кезеңі дамиды. Эластикалық және бұлшық ет-эластикалық типтегі артеиялардың ішкі мембраналарының ыдырауымен және гиперплазияға ұшырауымен қатар эластофиброз дамиды.

3. Ағзаларда қан айналым бұзылысы қан құйылулар немесе инфарктпен сипатталады.

Ұзақ уақыт дамығанда науқастардың ағзаларында атрофия және склероз дамиды.

АГ клинико-морфологиялық түрлері.

Жүректік түрінде – жүректің ишемиялық ауруы.

Милық түрінде – ми қан тамырларының аурлары.

Бүйректік түрінде – біріншілік бүріскен бүйрекке әкеліп соғады (артериолосклеротический нефросклероз).

Артериалды гипертензияның балалардағы ерекшелігі – жиі криздермен қатерлі ағымда өтеді, ол эндотелидің базалды мембранасының деструкциялануына, артериолдардың қабырғасының фибриноидты некрозына және тромбоздың қосылуына әкеледі.

Көрнекті материал: мультимедиялық дәрістердің электронды нұсқасы (студент кафедрадан алады).

Әдебиеттер:

1. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // Алматы -2008, 2 том, 1 том–311 б, 2 том-335 б.

2. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // Алматы -2012, 611 б.

3.Нартаева А.Е. Патологиялық анатомия- 1 практикалық сабақтарына арналған оқу әдістемелік құралы. – Алматы. - 2010ж

4.Пальцев М.А, Паукова В.С «Медицина» 2008ж 1-ші том 512-бет, 2-ші том 480 бет.

Бақылау сұрақтары(кері байланыс):

  1. Артериалдық гипертензия, анықтамасы

  2. Артериалдық гипертензияның себебі, патогенезі

  3. Симптомдық гипертензия жөніндегі түсініс.

  4. Артериалдық гипертензияның морфологиялық сипаттамасы

  5. Артериалдық гипертензияның клинико-морфологиялық түрлері

МАМАНДЫҚ: Жалпы медицина

КАФЕДРА: Патологиялық анатомия

«ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ»

МОДУЛІ БОЙЫНША

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

КУРС: 3

ПӘН: ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ

ҚҰРАСТЫРҒАН:

2012г.

Кафедра отырысында талқыланды.

№ 1 Хаттама « 29 » тамыз 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі бекітті

Профессор __________________________________________Исмаилова Ю.С.

Жүрек қан тамырлар жүйесі

Практикалық сабақтың тақырыптары

сағаты

1.

Жүре пайда болған жүрек ақаулары.

2

2.

Артериалды және симптомдық гипертензия.

2

3.

Атеросклероз

2

1 тақырып. Жүре пайда болған жүрек ақаулары. Балалардағы ерекшелігі.

2.Cабақтың мақсаты: Жүректің қызметінің және құрылысының тұрақты ауытқуларымен сипатталатын жүре пайда болған ақаулары жөніндегі ақпаратты студент меңгеру керек.