Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ахметов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Дәрістің тезисі

Атеросклероз – май және белок алмасуының бұзылуына байланысты, эластикалық және бұлшық-ет эластикалық артериаларды зақымдау нәтижесінде ішкі қабатында майдың және белоктың ошақты жиналып, дәнекер тіннің реактивті өсуімен сипатталатын созылмалы ауру.

Қауіп факторлары

  • Гиперлипидемия ( гиперхолестеринемия)

  • Артериалдық гипертенизия.

  • Темекі шегу

  • Қантты диабет

  • Жас, жыныс, жанұялылық бейімділік.

Атеросклероз патогенезі. Бірінші кезең. Атерогендік дислипопротеидемия, эндотелиалды жасушалардың скаведжер-рецепторларымен модификацияланған липопротеидтер ұсталуы.

Екінші кезең. Модификацияланған липопротеидтер немесе басқа факторлармен (вирустармен, бактериалардың уларымен) эндотелидің зақымдалуы. Қан тамырладың өткізгіштігінің жоғарылау және тамырдың ішкі қабатына плазмалық компоненттердің инсудациясы.

Үшінші кезең. Зақымдалған эндотели адгезивтік молекулалар бөліп шығарады, олар тромбоциттер және моноциттердің жабысуына алып келеді. Бұл жасушалар тамырдың ішкі қабатына еніп макрофагтарға айналады. Тромбоцитарлық өсу факторын синтездейді.

Төртінші кезең. Тромбоцитарлық фактор әсерінен біріңғай салалы бұлшық ет жасушалары синтетикалық фенотипті қабылдайды. Коллаген талшықтары синтезделіп, атеросклероздық табақша түзіледі.

Бесінші кезең. Ішкі қабаттағы липопротеидтер модификациясы жалғасады, макрофагтарға ұсталады, өңдеп шығару жүйелері әлсірегенде ксантомдық жасушаларға айналады.

Атеросклероздың макроскопиялық кезеңдері.

  1. Май дақтары жолақтары.

  2. Фиброздық табақшалары.

  3. Табақшалардың асқынуы.

  4. Атеросклероздың микроскопиялық кезеңдері.

  1. Липидтенуге дейін

  2. Липоидоз

  3. Липосклероз

  4. Атероматоз

  5. Жаралану

  6. Атерокальциноз

Атеросклероздың клинико-морфологиялық формалары.

  1. Қолқа атеросклерозы

  2. Тәждік артерианың атеросклерозы

  3. Ми артериясының атеросклерозы

  4. Бүйрек артериясының атеросклерозы

  5. Ішек артериясының атеросклерозы

  6. Аяқ артерияларының атеросклерозы

ЖИА – тәждік артерияның қан айналымының салыстырмалы немесе абсолюттік жетіспеушілігінің салдарынан дамитын аурулар тобы.

Бірінші кезектегі қауіп факторлары.

Гиперлипидемия

Темекі шегу

Артериалдық гипертензия

Төмен физикалық белсенділік.

Семіру

Холестериндік диета

Стресс

Глюкозаға төзімділіктің төмендеуі

Алкоголь.

Екінші кезектегі қауіп факторлары.

  • Қандағы микроэлементтердің құрамының бұзылуы ( мырыш )

  • Судың кермектігінің жоғарылауы

  • Қандағы кальци және фибриногеннің жоғарылауы

  • Гиперурикемия.

Миокард инфаркты кезіндегі некроз түрлері.

Коагуляциялық – центральная зона

Миоцитолизге ұласатын коагуляциялық – шеткі аймақтар

Миоцитолиз – колликвациялық некроз

ЖИА жіктелуі

  • Жедел ЖИА :

Кенеттен жүректік өлім

Миокардтың жедел ошақтық ишемиялық дистрофиясы

Миокард инфаркт

  • Созылмалы ЖИА :

Ірі ошақты кардиосклероз

Майда ошақты кардиосклероз.

Созылмалы аневризма

Пайда болу уақтына байланысты МИ жіктелуі.

Біріншілік ( жаңа дамыған )

Рецидивтік- алғашқыдан соң 6 апта ішінде пайда болған

Қайталамалы алғашқыдан соң 6 аптадан кейін пайда болған

Таралуына байланысты МИ жіктелуі.:

Субэндокардиалды

Интрамуралды

Субэпикардиалды

Трансмуралды

МИ асқынуы

  • Кардиогендік шок

  • Қарынша фибрилляциясы

  • Асистолия

  • Жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі

  • Миомаляция

  • Жедел аневризма және жүректің жыртылуы

  • Қабырғалық тромбоз

  • Фибриноздық перикардит

Көрнекті материал: мультимедиялық дәрістердің электронды нұсқасы (студент кафедрадан алады).

Әдебиеттер:

1. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // Алматы -2008, 2 том, 1 том–311 б, 2 том-335 б.

2. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // Алматы -2012, 611 б.

3.Нартаева А.Е. Патологиялық анатомия- 1 практикалық сабақтарына арналған оқу әдістемелік құралы. – Алматы. - 2010ж

4.Пальцев М.А, Паукова В.С «Медицина» 2008ж 1-ші том 512-бет, 2-ші том 480 бет.

Бақылау сұрақтары(кері байланыс):

  1. Атеросклероз анықтамасы

  2. Атеросклероздың қауіп факторлары

  3. Атеросклероздың макроскопиялық кезеңдері

  4. Атеросклероздың микроскопиялық кезеңдері

  5. Атеросклероздың клинико-морфологиялық түрлері

  6. Жүректің ишемиялық ауруы, анықтамасы, қауіп факторлары

  7. Жүректің ишемиялық ауруы жіктелуі

  8. Миокард инфарктының жіктелуі

  9. Миокард инфарктының морфологиясы

  10. Миокард инфарктының асқынуы

3 тақырып. Артериалдық гипертензия. Клинико-морфологиялық түрлері. Артериалдық гипертензия кезіндегі ағзаларың патоморфологиясы. Асқынуы, өлім себебі. Балалардағы ерекшеліктері.

Мақсаты: Студент артериалдық гипертензияның анықтамасы, жіктелуі, морфологиялық сипаттамасы, нәтижесі және маңызы, балалардағы ерекшеліктері.

Дәріс жоспары:

  1. Артериалдық гипертензия анықтамасы

  2. Артериалдық гипертензияның себебі, патогенезі

  3. Симптомдық гипертензиях жөніндегі түсінік.

  4. Артериалдық гипертензияның морфологиялық сипаттамасы

  5. Артериалдық гипертензияның клинико-морфологиялық түрлері