Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ахметов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

«Жүрек-қан тамырлар жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен

КУРС: 3

ПӘН: ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ

ҚАЙТА ӨҢДЕГЕН: МҒД., ПРОФЕССОР АХМЕТОВ Ж.Б.

2012 ж.

Кафедра отырысында талқыланды.

№ 1 Хаттама « 29 » тамыз 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі бекітті

Профессор __________________________________________Исмаилова Ю.С.

1 тақырып. Жүрек ақаулары (жүре пайда болған және туа пайда болған). Балалардағы ерекшелігі.

Мақсаты: Жүректің қызметінің және құрылысының тұрақты ауытқуларымен сипатталатын жүре пайда болған және туа пайда болған ақаулары жөніндегі ақпаратты студент меңгеру керек.

Дәріс жоспары:

  1. Жүрек жүре пайда болған және туа пайда болған ақауларына анықтама, түсінік.

  2. Жүре пайда болған жүрек ақауының түзілу механизмі.

  3. Туа пайда болған жүрек ақауының түзілу механизмі.

  4. Жүрек қақпақшаларының жетіспеушілігінің морфологиялық сипаттамасы.

  5. Жүрек қақпақшаларының тарылуының морфологиялық сипаттамасы.

  6. Жүрек қуыстарының бөлінуінің бұзылуына байланысты жүрек ақауларының морфологиялық сипаттамасы.

  7. Жүректің артериалдық өзектің бөлінуінің бұзылуына байланысты жүрек ақауларының морфологиялық сипаттамасы.

  8. Қосалқы жүрек ақауларының морфологиялық сипаттамасы.

Дәрістер тезисі

Жүрек ақаулары – жүрек құрылысының және қызметінің бұзылуымен сипатталатын тұрақты ауытқуы болып табылады. Жүрек ақауларын жүре пайда болған және туа пайда болған деп бөледі. Жүректің жүре пайда болған ақаулары туылғаннан кейін аурудың нәтижесінде жүрек қақпақшаларының және магистралды қан тамырларының зақымдалуымен сипатталады. Ревматизм, атеросклероз, мерез, бактериалдық эндокардит, бруцеллез, сондай-ақ жарақат сияқты аурлар маңызы орын алады. Даму механизмі эндокард эволюциясымен, тромбтың организациясының аяқталуымен, тыртықтанумен, петрификациямен, қақпақшалардың деформациясы және фиброзды сақинаның түзілуімен байланысты. Қақпақша жетіспеушілігі дегеніміз, оның жабылу кезінде толық түйіспеуіне байланысты ақау. Жүрек ақаулары жекеше немесе қосалқы болуы мүмкін. Ол жағдайда қақпақша жетіспеушілігімен тарылуының бірге кездеседі. Ревматизмнің өршуі (атакасы) кезіндегі, қақпақшаның деформациясы, склерозы, гиалинозы, оның тыртықтанып әктенген түзіліске айлануы көп жағдайда себебі болып табылады. Қақпақша тарылуы фиброздық сақина деңгейінде дамиды. Пинцет басы әрең өтетін жағдайға жетуі де мүмкін. Митралды қақпақша қуысының тарылуы кіші қан айналымында қан ағымының бұзылуымен, оң қарыншаның гипертрофиясына алып келеді. Қолқа саңылауының тарылуында мерез кезіндегі зақымдалу және атеросклероз үлкен орын алады. Науқаста сол жақ қарыншаның гипертрофиясына байланысты бұқа жүрек дамиды. Жүректің туа пайда болған ақаулары көбінесе перинаталды кезеңде қайтыс болған нәрестелерде кездеседі. Көп жағдайда себебі гендік мутацияларға және хромосомдық аберрацияларға байланысты. Жүректің туа пайда болған ақауларының морфологиясы көрінісі - жүрек гипретрофиясы, кардиомиоциттер гиперплазиясы. Миокардтың дистрофиялық өзгерістері диффузды және ошақты кардиосклероздың дамуына алып келеді. Осы өзгерістермен қатар, қан тамырларының кемерінің компенсаторлық қайта құрылуы, интрамуралдық қан тамырлардың, артерио-веноздық аностомоздардың көбеюі байқалады. Жүректің туа пайда болған ақаулары бар балалардың физикалық дамуы артта қалады. Гипоксия деңгейіне байланысты көк және ақ ақауларға бөлінеді. Көк ақаулар кезінде кіші қан айналымында қан ағымы төмендейді, ал ақ ақау кезінде гипоксия жоқ, бірақ қан ағымы сол жақтан оң жаққа қарай жүреді. Жүрек қуысының бөлінуінің бұзылуымен байланысты жүрек ақаулары, қарынша аралық және жүрекше аралық перделердің дефектімен көрсетіледі. Қан ағымы сол жақтан оң жаққа қарай болғандықтан ақ ақау басым болады. Қарынша аралық немесе жүрекше аралық перделердің толық болмауы үш камералы жүрек дамуына алып келеді. Артериалдық өзектің бөлінуінің бұзылуына байланысты ақау өкпе артериясының стенозы және атрезиясы, қолқа стенозы және атрезиясы, қолқы мойындырығының тарылуы. Боталл өзегінің бітпеуі ақаудың ақ түрімен сипатталады. Қосарланған жүректің туа пайда болған ақауларыға триада, тетрада және пентада Фаллолар жатады. Сирек кездесетін ақауларға Лютамбаше ауруы, Эйзенмегер ауруы және де Аэрза аурулары жатады.

Көрнекті материал: мультимедиялық дәрістердің электронды нұсқасы (студент кафедрадан алады).

Әдебиеттер:

1. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // Алматы -2008, 2 том, 1 том–311 б, 2 том-335 б.

2. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // Алматы -2012, 611 б.

3.Нартаева А.Е. Патологиялық анатомия- 1 практикалық сабақтарына арналған оқу әдістемелік құралы. – Алматы. - 2010ж

4.Пальцев М.А, Паукова В.С «Медицина» 2008ж 1-ші том 512-бет, 2-ші том 480 бет.

Бақылау сұрақтары(кері байланыс):

1. Жүрек жүре пайда болған және туа пайда болған ақауларын, анықтамасы, түсінік.

2. Жүрек жүре пайда болған ақауларының даму механизмі.

3. Жүрек туа пайда болған ақауларының даму механизмі.

4. Жүректің қақпақшаларының жетіспеушілігінің морфологиялық сипаттамасы.

5. Жүректің қақпақшаларының тарылуының морфологиялық сипаттамасы.

6. Жүректің қуыстарының бөлінуінің бұзылуының морфологиялық сипаттамасы.

7. Артериалдық бағананың бөлінуінің бұзылуының морфологиялық сипаттамасы.

8. Қосалқы жүрек ақауларының морфологиялық сипаттамасы.

2 тақырып. Атеросклероз. Атеросклероз кезеңдері. Жүректің ишемиялық ауруы. Атеросклероз және артериалдық гипертензия жөніндегі түсінік, арасындағы байланыс. Морфологиялық сипаттамасы, асқынуы,өлім себебі.

Мақсаты: Студент атеросклероз, жүректің ишемиялық аурудың анықтамасы, жіктелуі, морфологиялық сипаттамасы,нәтижесі және маңызы жөніндегі ақпаратты игеруі тиіс.

Дәріс жоспары:

  1. Атеросклероз, анықтамасы, себебі, қауіп факторы.

  2. Атеросклероздың патогенезі және морфогенезі

  3. Атеросклероздың кезеңі, клинико-морфологиялық түрлері

  4. Жүректің ишемиялық ауруы анықтамасы, себебі.

  5. Жүректің ишемиялық ауруының қауіп факторы.

  6. Жүректің ишемиялық ауруының жіктелуі, түрлерінің морфологиялық өзгерістері.