Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ахметов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

2.4 Модул және компентенция бойынша оқытудың соңғы нәтижелері

Жүйе бойынша компетенциялар

Пәннің құрамы

1.

Жүрек қан тамырлар жүйесі

Студент білу керек:

  • жүрек ақауларының, атеросклероз, артериалды гипертензия синдромының морфологиялық сипаттамасы,

  • жүректің ишемиялық ауруы, жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігі;

Жүрек ақаулары (туа пайда болған және жүре пайда болған). Түрлері және морфологиялық сипаттамасы. Жүректің компенсациаланған және декомпенсациаланған ақаулары. Балалардағы ерекшеліктері.

Эндокардиттердің, миокардиттердің, перикардиттердің патологиялық анатомиясы. Нәтижесі, асқынулары, өлім себептері. Балалардағы ерекшеліктері.

Атеросклероз. Атеросклероз кезеңдері. Клинико-морфологиялық түрлері, олардың сипаттамасы, асқынулары, өлім себептері. Артериалды гипертензия. Клинико-морфологиялық түрлері. Артериалды гипертензия кезіндегі қан тамырлардың патологиясы және ағзалардың зақымдалуы. Асқынулары, өлім себептері. Балалардағы ерекшеліктері. Эссенциалды және симптомдық артериалды гипертензиялар. Морфологиялық сипаттамасы, асқынулары, өлім себептері.

Жүректің ишемиялық аурулары.

Атеросклерозбен артериалды гипертензия айырмашылықтары. Морфологиялық сипаттамасы, асқынулары, өлім себептері. Тәждік артерия жетіспеушілігі синдромы. Миокард инфаркты (МИ), морфологиялық сипаттамасы. Асқынулары, өлім себептері.

Кардиосклероз. Түрлері, себебі, морфологиялық сипаттамасы.

Созылмалы жүрек жетіспеушілігі, патоморфологиялық көріністері, асқынулары, өлім себептері. Жедел қан тамыр жетіспеушілігі синдромы. Балалардағы ерекшеліктері.

Студент жасау керек:

  • жүрек ақауларының, атеросклероздың, артериалды гипертензия синдромының, жүректің ишемиялық ауруының, жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігінің макро және микро көріністерін ажырату;

2.

Тыныс алу ағзалары

Студент білу керек:

  • өкпенің жедел және созылмалы қабынуы, ӨСОА, плеврит ауруларының морфологиялық сипаттамасы;

  • пневмонияның балалардағы ерекшеліктері;

Өкпенің жедел және созылмалы қабынулары. Жедел бронхит. Жедел пневмониялар: бронхопневмония, крупозды, аралық. Морфологиялық сипаттамасы, асқынулары, өлім себептері. Қоздырғыш сипатына байланысты бронхопневмонияның түрлері (вирустық, пневмококкты, стафилококкты, стрептококкты, пневмоцисттік, саңырауқұлақтық). Балалардағы ерекшеліктері.

ӨСОА: созылмалы бронхит, бронхоэктаздар, өкпе эмфиземасы, бронхиалды астма, созылмалы абсцесс. Өкпенің интерстициалды аурулары. Пневмофиброз. Пневмокониоздар. Патанатомиясы, нәтижесі. Өкпе эмфиземасы. Патоморфологиясы, нәтижесі, асқынулары.

Өкпенің деструктивті аурулары. Морфологиялық сипаттамасы, асқынулары, өлім себептері. Балалардағы ерекшеліктері. Плеврит. Морфологиялық сипаттамасы, нәтижесі.

Студент жасау керек:

  • тыныс жолдарының патологияларының макро- және микроскопиялық өзгерістерін сипаттай білу.

3.

Ас қорыту жүйесі

Студент білу керек:

  • Өңеш, асқазан, ішек, бауыр және өт жолдарының, ұйқы безінің ауруларының морфологиялық көрінісі.

Өңеш ауруларының патологиялық анатомиясы. Эзофагиттер, Баррет өңеші.

Жедел және созылмалы гастриттердің патологиялық анатомиясы. Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы. Морфогенезі. Жедел және созылмалы ойық жараның морфологиялық сипаттамасы. Асқынулары, өлім себептері. Ішек аурулары. Жедел және созылмалы энтериттер, колиттер. Нәтижелері, асқынуы. Гемолиздік, паренхималық және механикалық сарғаюдың патоморфологиялық сипаттамасы. Нәрестелік сарғаюлар. Нәтижелері және асқынуы.

Жедел және созылмалы гепатоздардың және гепатиттердің патологиялық анатомиясы.

Бауыр циррозы, клинико-анатомиялық түрлері патологиялық анатомиясы. Нәтижелері, асқынуы, өлім себептері. өт жолдарының патологиясы. Жедел және созылмалы панкреатиттің патологиялық анатомиясы.

Нәтижесі, асқынулары, өлім себептері.

Студент жасау керек:

  • Ас қорыту ағзаларының ауруларының макро- және микроскопиялық өзгерістерін сипаттай білу

4.

Нерв жүйесі

Студент білу керек:

  • Нерв жүйесінің аурулары кезіндегі мидағы морфологиялық өзгерістер

Студент жасау керек:

  • Нерв жүйесінің ауруларының макро- және микроскопиялық өзгерістерін сипаттай білу

Ми қан тамырларының аурулары. Атеросклерозбен гипертониялық ауру арасындағы байланыс. Ишемиялық және геморрагиялық инфаркт, миға қан құйылу және гематомасы. Церебралды атеросклероз.

Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Энцефалиттер. Менингиттер. Патоморфологиясы, нәтижесі, өлім себептері.

Эпилепсия кезіндегі ми зақымдалуының атоморфологиялық ерекшеліктері. Мидың гипоксиялық зақымдалуының патанатомиясы. Балалардағы ерекшеліктері.

5.

Зәр шығару, жыныс жүйелері

Студент білу керек:

  • гломерулопатия

  • тубулопатия

  • созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

  • бүйректің және зәр шығару жүйесінің қабыну үрдістері

  • жатыр мен аналық бездің қабынуы және дисгормональді үрдістері

  • жыныс және репродуктивті жүйенің аурулары

Студент жасау керек:

  • Бүйрек, зәр шығаратын, жатыр және басқа да аталған аурулардың макро- және микроскопиялық өзгерістерін сипаттай білу.

Бүйрек ауруларының заманауи клинико-морфологиялық жіктелуі. Бүйрек патологиясында бүйрек биопсиясының маңызы.

Гломерулопатиялар. Гломерулонефриттер. Заманауи жіктелуі. Этиологиясы, патогенезі. Гломерулонефриттердің иммуноморфологиялық сипаттамасыа Патологиялық анатомиясы. Нефроздық синдром. Түрлері: туа пайда болған, мембраноздық нефропатия (мембраноздық гломерулонефрит). Фокалды сегментарлы гломерулярлы гиалиноз. Себептері, патогенезі, кезеңдерінің морфологиялық сипаттамасы, Асқынуы, нәтижесі.

Тубулопатиялар: жедел бүйрек жетіспеушілігі (некроздық нефроз) Асқынуы, нәтижесі.

Пиелонефриттер. Этиологиясы, патогенезі, патологиялық анатомиясы, асқынуы, нәтижесі. Балалардағы ерекшеліктері.Липоидты нефроз,

Бүйрек поликистозы. Түрлері, морфогенезі, морфологиялық сипаттамасы.

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Патогенезі. Морфологиялық сипаттамасы. Созылмалы гемодиализге байланысты патоморфоз.

Жыныс жүйесінің дисгормоналды аурулары: жатырдың шырышты қабатының безді гиперплазиясының морфологиялық сипаты.

Қабынулар: жедел және созылмалы эндометрит себебі, патогенезі, морфологиясы, асқынулары.

Аналық бездің патологиясын анықтауда биопсияның маңызы.

6.

Эндокриндік жүйе

Студент білу керек:

  • эндокриндік жүйенің патологиясының морфогенезі;

  • эндокриндік жүйенің ауруларының негізгі синдромдарының макро- және микроскопиялық көріністері.

Студент жасау керек:

  • эндокриндік жүйенің патологиясының негізгі синдромдарының макро- және микроскопиялық көріністері ажырату.

  • Патоморфологиялық өзгерістердің жиынтығы, нәтижесі, асқынуы, өлім себебі.

  • эндокриндік жүйенің патологиясының негізгі синдромдарының макро- және микроскопиялық көріністері.

Гипофиз. Гипофиз патологиясының патоморфологисы.

Қалқанша без. Жемсаудың жіктелу принциптері (струма). Диффузды және түйінді, коллоидты және паренхималық жемсау. Эндемиялық, спародикалық. Аутоиммунды тиреоидит (лимфоматоздық струма), Ридель зобы . Морфологиясы. Асқынуы, өлім себебі.

Қалқанша маңы безі. Гипо- және гиперпаратиреоз морфологиялық сипаттамасы.

Ұйқы безі. Қант диабеті. Морфологиясы. Макро- және микроангиопатия сипаты. Асқынуы, өлім себебі.

Бүйрек үсті безі. Бүйрек үсті безінің жедел және созылмалы жетіспеушілігінің морфологиясы Асқынуы, өлім себебі. Балалардың эндокриндік жүйесінің ауруларының патоморфологиялық сипаттамасы.

7.

Тірек-қимыл жүйесі, тері және тері қосалқылары

Студент білу керек:

  • Тірек-қимыл жүйесінің, тері және тері қосалқыларының қабынулары және дистрофиялық ауруларының патоморфологиялық көрінісі;

Студент жасау керек:

  • Тірек-қимыл, тері және тері қосалқыларының ауруларын макро- және микроскопиялық көріністер арқылы талдау.

Тірек қимыл, тері және тері қосалқыларының қабынулары және дистрофиялық ауруларының патоморфологиялық сипаттамасы. Ревматоидты артрит. Патанатомиясы. Нәтижесі, асқынуы. Балалардағы ерекшеліктері. Сүйек жүйесінің аурулары.

Паратиреоидты остеодистрофия. Фиброзды дисплазия. Остеопороз. Балалардағы ерекшеліктері. Буын аурулары. Остеоартроз.

8.

Қан жасау жүйесі

Студент білу керек:

Қан жасау жүйесінің ауруларының жіктелуі: анемиялық синдром, миело- және лимфопролиферативтік, геморрагиялық синдромдар, балалардағы ерекшеліктері. Қан жасаушы жүйенің ауруларының асқынулары

Студент жасау керек:

анемиялық синдромның, миело- және лимфопролиферативтік, геморрагиялық синдромдардың (гемобластоздар, лимфогранулематоз) макро- және микроскопиялық көріністерін талдау.

Анемиялық синдром. Жіктелуі. Жедел және созылмалы анемиялардың макро- және микроскопиялық өзгерістері. Балалардағы ерекшеліктері. Нәтижесі, асқынуы.

Миело- және лимфопролиферативтік үрдістер. Гемобластоздар. Жіктелуі. Жедел және созылмалы лейкоздардың патологиялық анатомиясы. Балалардағы ерекшеліктері.

Тромбоцитопениялар және тромбоцитопатиялар. Балалардағы ерекшеліктері.

Нәтижесі, асқынуы, өлім себебі. ҚШҰ-синдромы. Нәрестенің гемолиздік ауруының морфологиясы.