Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОМ-2 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
343.55 Кб
Скачать

2.11. Оқушылардың білімі мен дағдыларын бағалау критериилері

Ағымдағы бақылау: практикалық сабақтар мен СОӨЖ кезінде жүргізіледі.

Мақсат – теориялық материалдардың игерілуін жүйелі түрде бақылау, теориялық білімді практикада пайдалану мүмкіндігін тексеру.

Студентпрактикалық сабақтардың альбомын сызып, тесттерді дұрыс шешіп, оқу үдерісіне белмене қатынасып, СӨЖ тақырыптарын қорғап, озіне тиісті баллдарды жинақтайды.

Студент білімін бағалау жүйесі

Әрбір компетенция 100-баллдық шкала бойынша бағаланады.

Ағымдағы бағалау t – компетенциялардың жүйелену деңгейін бағалау

t= (Z+N+K+P+S)/n

бұнда

n – барлық компетенция бойынша тапсырмалардың саны

Z: z1+z2+…+zn - білім бағасы

N: n1+n2+…+nn - дағдылар бағасы

K: k1+k2+…+kn - коммуникативті компетенция бағасы

P: p1+p2+…+pn - құқықтық компетенция бағасы

S: s1+ s2+…+sn - СӨЖ бағасы

Жіберілу рейтінгі

Жіберілу рейтингі 60% кем болмау керек. Ол мына формула бойынша анықталады

Rд= (t+r1+r2)/3 × 0,6

онда t – ағымдағы бақылау

r1 – бірінші аралық бақылау,

r2 – екніші аралық бақылау

Емтихан рейтінгі

E= Е1 × 0,2 +Е2 0,2

онда Е1 - емтиханның I кезеңінің баллы,

Е2емтиханның II кезеңінің баллы.

Қорытынды баға

Қорытынды баға жіберілу рейтінгі және қорытынды бақылау бағасының қосындысынан тұрады:

 

I = R × 0,6 + Е1 × 0,2 +Е2 × 0,2

онда

I – қорытынды баға

R– жіберілу рейтингі бағасы

E – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)

Қорытынды рейтинг жіберілу рейтингінің 60%-ы және қорытынды бақылау бағасының 40%-нан тұрады.

Практикалық дағдылар тізімі

Студент төмендегі практикалық дағдыларды білу керек:

- макропрепараттарды жазғанда жүрек-қантамыр жүйесінің, тыныс алу жүйесінің, ОЖЖ-ң, ас қорыту жүйесінің, зәр шығару жүйесінің, қан жасау жүйесінің, эндокринді жүйенің және тірек-қимыл жүйесінің өзгерістерін дұрыс анықтау керек.

- макропрепараттарды жазғанда диагноз қою үшін ондағы патологиялық үдерістерді анықтай білу керек.

- алынған теориялық білім негізінде көрнекі құралдарды пайдалана отырып, патологиялық үдерістерге тән өзгерістерді сызып алу керек;

- алынған білім негізінде әртүрлі патологиялық үдерістер арасында дифференциальді диагноз жүргізе білу керек;

- макроскопиялық өзгерістер нәтижесінде ағзалар мен тіндердегі патологиялық үдерістерді, оның кезеңдерін, формаларын, анықтай білу керек;

Жасырын микропрепараттың чек-парағы

Факультет _______________________________курс, топ____________________

Аты-жөні___________________________________________________________________

        1. Ағзаның, тіннің аты______________________________

        2. Бояуы ______________________________________

        3. Негізгі микроскопиялық өзгерістері _____________

        4. Қайсы ауруда осы патология кездеседі_____________________________________________

        5. Қорытынды___________________________

Әрбір сұрақ 20 балл, 5 сұрақ 100 балл