- •051302 «Жалпы медицина» - мамандығы бойынша
- •Алматы, 2012 ж
- •2. Бағдарлама:
- •2.3. Пәннің міндеттері:
- •2.4 Модул және компентенция бойынша оқытудың соңғы нәтижелері
- •2.6. Қысқаша мазмұны
- •2.7. Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары.5-6 семестр 30 сағат
- •2.9. Негізгі әдебиеттер:
- •2.10 Қосымша:
- •2.11. Оқушылардың білімі мен дағдыларын бағалау критериилері
- •Жасырын микропрепараттың чек-парағы
- •Жасырын макропрепараттың чек-парағы
- •Қорытынды баға
- •Максимум – 100б
2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе
Патологиялық анатомия аурулардың құрылымдық (материалдық) негізін зерттейді, ол теориялық медицинаға да, клиникалық практикағада қызмет жасайды, сондықтан ғылыми-қолданбалы пән болып есептелінеді. Зерттеу материалдарына аутопсиялық және операциялық-биопсиялық материалдар кіреді. Пәннің теориялық және ғылыми мағынасы жалпы патологиялық үдерістерді, жасуша патологиясын, онкологиялық патологияны зерттегенде анық байқалады, бұлар жалпы патологиялық курсттың негізі болып саналады. Пәннің клиникалық маңызы әр бір ауруға тән құрылымдық өзгерістерді зерттегенде анықталады. Бұл жеке патологияның негізін құрайды. Патологиялық анатомияның клиникалық-анатомиялық бағыты құрылым мен функцияның бірлігі принципіне негізделген, пәннің прогрессі қазіргі жағдайда инновациялық технологиялардың гистохимия, биохимия, қалыпты физиология, адам анатомиясы саласындағы жетістіктеріне байланысты. Патологиялық анатомия клиникалық пәндерді зерттеу негізі болып табылады, себебі жалпы патологиялық үрдерістерді білместен ауруды, оның көріністерін, нәтижелерін, оның организм өміріндегі маңызын білу қиын.
2.2.
Пәннің мақсаты: адамның маңызды ауруларының жалпы патологиялық үдерістерінің негіздерін зерттеу.
2.3. Пәннің міндеттері:
ағзаның (тіннің,жасушаның) құрылымдық өзгерістерін макро- және микроскопиялық деңгейлерде анықтауды үйрету;
стереотиптік жалпы патологиялық үдерістердің құрылымдық негізін анықтауды үйрету;
адамның маңызды ауруларының морфологиялық көріністерін анықтауды үйрету;
адамның әр түрлі аурулары кезіндегі патологиялық үдерістерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
2.4 Модул және компентенция бойынша оқытудың соңғы нәтижелері
. Когнитивті білім, жалпы патологиялық .үдерістердің себептерін, маханизмдерін, құрылымдық өзгерістерін, динамикасын(морфогенезін) себептерін, сонымен қатар әр түрлі өзгерістердің жеке ауруларға тән ерекшеліктерін білуді қамтиды.
2.Оперативті дағдылар, алынған білімді келешектегі дәрігерлік қызметке тиімді қолдануды мақсат тұтады.
Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық өзгерістердің нәтижесінде патологиялық үдерістің кезеңдері мен формаларын анықтау.
Әр түрлі аурулар кезіндегі микроскопиялық көріністерді жазу және дұрыс бағалауды үйрету.
Ағзалар мен тіндердегі патоморфологиялық өзгерістерді бірге бағалай отырып мүмкін болған асқынулар мен нәтижелерді анықтай алу.
3. Аксиологиялық коммуникативті дағдылар басқа қызметкерлермен бірге жұмыс істеуді нақты жағдайларда дұрыс мінез-құлық көрсетуді көздейді (моральдық, психологиялық , бейімделу, әріптестермен коммуникативті дағдыларды қалыптастыру)
4. Құқықтық компетенттілік секция жүргізу жағдайында ҚР нормативті құқықтық базасын білуді қарастырады;
5. Үзіліссіз оқу – бұл өзінше оқу дағдыларын қалыптастыру, өзін дамытуға бейімделу, жұмыс жағдайында үздіксіз білім алу.
2.5. Пререквизиттер: экология, молекулярлық биология және медициналық генетика, биохимия, анатомия, физиология, гистология
2.5. Постреквизиттер: клиникалық медицинаға кіріспе, визуальдық диагностика, ішкі аурулар пропедевтикасы, жалпы хирургия.
