Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TEK_avtomattandyru.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.21 Mб
Скачать

12.3 Сурет Диірменді көмірмен тиеу процессінің принципиалдық және

функционалдық схемасы: 1-диірмен; 2-реттеуіш; 3-реттеуші орган (питатель сырого угля-ПСУ).

Диірмендегі ауа қоспасының қысымын реттеу

Шарлы диірменде көмір ұнтақтарының шаңдары диірменнен сыртқа қарай кетпес үшін, диірмен ішіндегі ауа қоспасының қысымы сыртқы қысыммен салыстырғанда әрқашанда төмен болуы қажет. Бұл мәселені диірмен кірісіндегі қысым реттеуіші 2 (12.4 сурет) шешеді. Реттеуіштің кірістік шамасы - диірмен кірісіндегі сиретілген ауаның қысымы (разрежение) Sm. Егер қысым қалыпты жағдайдан ауытқыған жағдайда, реттеуіш ауа қоспасы трактісінде орналасқан реттеуші органға әсер етіп, диірменге берілетін ауаның шығынын өзгертеді.

12.4 Сурет Диірмен кірісіндегі ауа қоспасының қысымын реттеудің принципиалдық және функционалдық схемасы: 1-шарлы диірмен; 2-реттеуіш; 3-реттеуші орган

Диірмен шығысындағы ауа қоспасының температурасын реттеу

Шарлы диірменнеі шығысындағы көмір шаңының ылғалдығы жану процессінің және де жарылыс қаупінің шарттары бойынша анықталады. Ылғалдық жоғарылап кетсе, көмір шаңының тұтануы қиындайды, түрлі жабдықтарға жабысып қалу қабілеті жоғарылайды. Ылғалдық тым төмендеп кетсе, көмір шаңының жарылыс қаупі туындайды. Көмір ылғалдығының жанама көрсеткіші ретінде әдетте диірмен шағысындағы көмір шаңы-ауа қоспасының температурасы алынады. Диірмен шығысындағы ауа қоспасының температурасын tм жоспарланған мәнде ұстау мәселесі диірмен кірісіндегі ыстық және жылы ауа қоспаларының шығындарын реттеуге әкеп соғады

(12.5 сурет).

Реттеу кезінде шарлы диірменнен өтіп жатқан ауа қоспасының шығыны өзгеріске ұшырамауы қажет. Сол себептен ыстық және жылы ауалардың реттеуші органдары қарама-қарсы бағытта жұмыс істейді, яғни біреуі ашылса екіншісі жабылады. Температура шектелген мәннен ауытқыған жағдайда, қорғаушы реттеуіші 3 іске қосылып, суық ауаның шығынын өзгертеді. Мысалға, температураны түсіру үшін суық ауа шығыны көбейтіледі.

12.5 сурет Температуралық режимді және диірменді температура бойынша қорғаудың реттеу жүйесі.а-принципиалдық схемасы; б-диірмен шығысындағы аэроқоспаны реттеудің функцианалдық схемасы; в- аэроқоспа температурасы бойынша диірменді қорғаудың функционалдық схемасы: 1- диірмен; 2-температура реттеуіші; 3-қорғаушы реттеуіші (суық ауа бойынша); 4-реттеуші орган; 5, 5’- өзара жалғанған реттеуші органдар.

Мазутты даярлау қондырғыларын автоматтандыру

Мазут мұнайды өңдеу арқылы алынады да, бу қазандығында жанармай ретінде (негізгі немесе қосалқы) қолданылады. Мазутты форсункаларға

12 Мпа қысыммен берердің алдында, оны 115-150oС температураға дейін қыздыру қажет. Мазутты қыздыру процедурасы қызған бу көмегімен, ал қысымды тудыру операциясы екбу көмегімен, ал қысымды тудыру операциясы екі сатылы мазут насостары арқылы жүзеге асады.

Мазутты даярлау кездерінде негізгі реттелетін шамаларға жататыны:

  • Мазутты жылыту қондырғыларының шығысындағы мазут температурасы

  • Мазутты жылытуға берілетін будың қысымы

  • Ыстық рециркуляция магистралындағы мазут қысымы

Газ тарату тораптарын автоматтандыру

ЖЭС – ын газбен қамтамасыздандыру келесі схема арқылы жүзеге асады: газ тарату станциясы (ГТС) – газ тарату пунктісі (ГТП) – бу қазандығы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]