- •Типтік электр қондырғыларын автоматтандыру
- •3.1 Сурет. Басқару жүйесінің жалпылама құрылымы
- •3.2 Сурет Басқару жүйесінің функционалдық схемасы
- •2Автоматтандырылған объектілердің математикалық модельдерін құрудың тәсілдері (аналитикалық және эксперименталдық).
- •3 Өнеркәсіптік реттеуіштер және олардың типтік реттеу заңдылықтары. Реттеуіштердің типтерін таңдап алу тәсілдері.
- •5.1 Сурет Автоматты реттеу жүйесінің құрылымдық схемасы
- •5.2 Сурет Ортақ күшейту коэффициенті бар реттеуіштің құрылымдық схемасы
- •5.3 Сурет Изодром уақытына түсініктеме
- •5.6 Сурет Өтпелі процесс
- •6.4 Сурет Статикалық қателік пен тәуелділігі: 1-апериодты процесс; 2- 20%-тік асыра реттеу бойынша; 3- процессі
- •4 Реттеу процестерінің тура сапалық көрсеткіштері.
- •5 Реттеу процестерінің жанама сапалық көрсеткіштері.
- •6 Арж орнықтылығын қамтамасыз ететіндей, реттеуіштің баптау параметрлерінің мәндерін анықтау.
- •Адаптивті басқару жүйелері туралы жалпы мағлұматтар.
- •8 Тп баж туралы мағлұматтар: атқаратын функциялары, жұмыс режимдері, техникалық, программалық, ақпараттық қамтамасыздықтары.
- •9 Энергоблоктың қуатын автоматты реттеу. Өндірілген бу қысымының автоматты реттеу жүйесі.
- •10 Қазандықтағы жанау процесінің арж-і. Жану камерасындағы қысым мөлшерін реттеу. Жэс-дағы қосалқы процестерді автоматты басқару.
- •Қосалқы процесстер мен қондырғыларды автоматтандыру
- •Көмірді бункерге беру және оны ұнтақтау процесстерін автоматтандыру
- •Қатты отынды беру жүйесінде келесі операциялар автоматтандырылады:
- •12.3 Сурет Диірменді көмірмен тиеу процессінің принципиалдық және
- •12.4 Сурет Диірмен кірісіндегі ауа қоспасының қысымын реттеудің принципиалдық және функционалдық схемасы: 1-шарлы диірмен; 2-реттеуіш; 3-реттеуші орган
- •Мазутты даярлау қондырғыларын автоматтандыру
- •(13.1 Сурет)
- •Суларды даярлау және химиялық тазарту процесстері мен қондырғыларын автоматтандыру
9 Энергоблоктың қуатын автоматты реттеу. Өндірілген бу қысымының автоматты реттеу жүйесі.
10 Қазандықтағы жанау процесінің арж-і. Жану камерасындағы қысым мөлшерін реттеу. Жэс-дағы қосалқы процестерді автоматты басқару.
Қосалқы процесстер мен қондырғыларды автоматтандыру
Көмірді бункерге беру және оны ұнтақтау процесстерін автоматтандыру
Қатты отынды беру жүйесінде келесі операциялар автоматтандырылады:
Бункерді толтыруға даярлық
Бункерді толтыру процессі
Бункерді көмірмен толтырудан кейін механизмдерді қорек көзінен ажырату және транспортерлерді тоқтату
Түрлі апаттық жағдайларда бункерлерді толтыру операциясын автоматты түрде доғару
Бункерді толтыруға даярлық
Даярлық мәселесі түрлі механизмдер мен бос транспортерлерді автоматты түрде қосу операцияларына әкеліп соғады (12.1 сурет ). Ленталы транспортерлерді 11 іске қосу төменгі датчиктен 5 келіп түскен сигналдар арқылы жүзеге асады. Транспортерлер мен қатар механизмдерді қосудық аралық релелері іске қосылады, операторға ескерту сигналы жіберіледі. Бункерлердің толып кетулерін жоғарғы деңгей датчиктері 6 қадағалайды. Бункерден көмірді түсіру мөлшері дозатор 3 көмегімен жүзеге асады.
Бункерді толтыру процессі
Бункерлерге көмір бағыттаушы қалақтар 10 көмегімен жүзеге асады. Бункерге көмірді беру кезінде қалақшалар төмен қарай түсіріледі. Транспортерлер іске қосылған соң, жоғарғы деңгей датчиктерінен 6 бағыттаушы қалақтардың төмен түсуіне команда беріледі. Команда тек қана толығымен толтырылып бітпеген бункерлер үшін орындалады.
12.1 сурет Бункерлерді көмірмен толтыру операциясын реттеу
ВУ – жоғарғы деңгей; СУ – ортаңғы деңгей; НУ – төменгі деңгей; 1, 2 – бункерлер, 3 – дозатор, 4 – көмір беру люкі, 5, 6 және7 – төменгі, жоғарғы және ортаңғы деңгей датчиктері, 8 және 9 - электр жетегі, 10 – қалақтар, 11 – ленталық транспортёр, 12 – бағыттаушы роликтер, 13 – айналмалы роликтер
Бункерді көмірмен толтырудан кейін механизмдерді қорек көзінен ажырату және транспортерлерді тоқтату
Ең соңғы бунке жартылай толтырылған кезде, орта деңгей датчигі іске қосылып, уақыт релесін және аралық релелерді ажыратады, нәтижесінде механизмдер мен транспортер жұмыстарын тоқтатады. Соңғы бункерді жартылай тоқтатудың себебі – транспортердегі қалдық көмірлер соңғы бункердің бос қалған көлемін толтыру.
Түрлі апаттық жағдайларда бункерлерді толтыру операциясын автоматты түрде доғару
Соңғы транспортер кенет тоқтап қалған жағдайда, алдыңғы транспортерлер автоматты түрде өз жұмыстарын тоқтатады. Ленталардың тайғануы, үзілістері, бағыттан шығып кетулері сияқты апаттар орын алған жағдайда локалдық автоматты қорғау құрылғылары іске қосылады. Мысалға, лента бағыттан шығып кетсе, бағыттаушы ролик 12 ажырату қондырғысын іске қосады. Лентаның тайғанауы немесе үзілісі орын алған жағдайда, айналмалы ролик 13 айналу жиілігі релесін ажыратады, нәтижесінде транспортер тоқтайды. Егер көмір жүру трактілеріндегі тесіктердің кейбіреуі бекітіліп қалса, онда сол тесікте орналасқан дірілдеткіш (вибратор) автоматты түрде белгілі бір уақыт арлығына іске қосылады. Егер дірілдеткіштің жұмыс істеу уақытында апаттық жағдай жойылмаса, онда вибратор жұмысын тоқтатады, сонымен қатар механизмдер мен транспортерлер де жұмысын автоматты түрде тоқтатады.
Шарлы барабанды диірмен арқылы көмірді ұнтақтау процессін автоматтандыру (Көмірді ұнтақтау процессін реттеу 12.2. суретте келтірілген).
Диірменді көмірмен тиеу процессін реттеу
Шарлы диірмен өнімділігі мен қазандыққа жіберілетін көмір ұнтағы мөлшері өзара байланыста емес. Сол себептен диірмен қазандық жүктемесіне тәуелсіз экономды режимде жұмыс істеуі қажет. Әдетте экономды режим көмір кесегін ұнтақтауғы жұмсалатын меншікті электроэнергия шығынымен бағаланады.
Шарлы диірменнің барабаны көмірмен белгілі бір көлемде толтырылуы тиіс, әйтпесе диірмен өнімділігі төмендеп кетеді. Барабанды көмірмен тиімді мөлшерде толтыру диірмен кірісіндегі және шығысындағы ауа қоспасы қысымдарының айырымы Рm бойынша анықталады. Қысым айрымы өз кезегінде диірменнің кірістік және шығыстық нүктелеріндегі ауа қоспалары жылдамдықтарының айырымы бойынша бағаланады. Соныменен, диірменді көмірмен тиеу процессін реттеу –бункердің шибер-дозаторының қозғалысын қысым айырымы бойынша Рm реттеуге әкеп соғады (12.3 сурет).
12.2. сурет Көмірді ұнтақтау процессін реттеу
1-шарлы диірмен; 2-сепаратор; 3-циклон; 4-диірмен вентиляторы; 5-мигалкілер (шаңның массалық дозаторы); 6-өзара жалғанған жабқыштар; 7-транспортер;
8-дозалаушы жапқыш (шибер-дозатор); 9-бункер; 10- шнек; 11- шаңға арналған аралық бункер; 12-шнек; 13,14- жапқыштар; 15- диірменді толтыру реттеуіші;
16- диірмен кірісіндегі қысым (разрежения) реттеуіші; 17-диірмен шығысындағы ауа қоспасы температурасының реттеуіші; 18- қорғау реттеуіші
