Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TEK_avtomattandyru.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.21 Mб
Скачать
  1. Адаптивті басқару жүйелері туралы жалпы мағлұматтар.

Адаптивті жүйе, өзі икемделетін жүйе — басқарылып отырған объектінің қасиеттері, басқару мақсаттары немесе қоршаған орта жағдайы кездейсоқ өзгергенде жұмыс істеу [[Алгоритм|алгоритмін]] алмастыру немесе тиімді жағдайды іздестіру жолымен жұмыс жасау қалпын сақтайтын жүйе. Автоматты басқару жүйелерінің көпшілігінде жұмыс істеу ретінің өзгеруіне икемделу (белгілі бір шекте) мүмкіндігі қарастырылған. Бейімделу тәсіліне қарай адаптивті жүйе өзін-өзі икемдейтін жүйе, өзін-өзі ақпараттандыратын жүйе және өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе болып бөлінеді.

Адаптивное управление — совокупность методов теории управления, позволяющих синтезировать системы управления, которые имеют возможность изменять параметры регулятора или структуру регулятора в зависимости от изменения параметров объекта управления или внешних возмущений, действующих на объект управления. Подобные системы управления называются адаптивными. Адаптивное управление широко используется во многих приложениях теории управления.

8 Тп баж туралы мағлұматтар: атқаратын функциялары, жұмыс режимдері, техникалық, программалық, ақпараттық қамтамасыздықтары.

Технологиялық процесстердің автоматтандырылған басқару жүйесі (ТП АБЖ) – ің негізгі атқаратын функциялары:

  1. Ақпараттық функциялары

  • Технологиялық параметрлерді оперативті бақылау

  • Технологиялық параметрлер шектелген мәндерден ауытқыған жағдайда қағылатын дыбыстық немесе жарықтық дабылдар

  • Технологиялық жабдықтардың күйлерін диагностикалау

  • Энергоблокта және ЖЭС-да орын алған түрлі апаттарды тіркеу. Бұл деректер келтірілген шығындарды есептеу үшін және болашақта мұндай апаттарды алдын-алу шараларын қарастыруда пайдаланады.

  • Өндірістегі түрлі деректер жиынтығын деректер базасына жинақтау

  1. Басқару функциялары

  • Энергоблоктардың ПЭК- ін қажетті деңгейде ұстау мәселелері (жұмыс режимдерін статикалық оптимизациялау). Мысалға, жану процесстерінің сапалықтарын реттеу, бу параметрлерін жоспарланған деңгейде ұстау т.с.с.

  • Технологиялық процесстерді динамикалық оптимизациялау мәселелері. Оптимизациялау өтпелі процесстердің берілген сапалық көрсеткіштерін қанағаттандыру мақсатында жүргізіледі (локалды АРЖ-ін баптау мәселелері).

  • Ажыратып – қосу және дискретті операциялар. Бұл операциялар пульттен немесе логикалық басқару құрылғылары немесе дискретті автоматтар арқылы жүзеге асады. Бұларға жататыны: түрлі реттеуші органдарды, түрлі блокировкаларды қосу-ажырату, қосалқы агрегаттарды жіберу- тоқтату

  • Басқарылатын обьектіні зерттеу (сынақтан өткізу және оларды баптау)

  • Экстремалдық жағдайларды имитациялау, яғни түрлі апаттардың алдын қармау шараларын ұйымдастырып, апаттарды болдырмауға машықтану (қолданбалы программамен жабдықталған видеодисплей арқылы жүргізіледі)

ТП АБЖ- ің келесі жұмыс режимдерін атап өтуге болады: ақпараттарды жинақтау және өңдеу режимі, “ кеңес ” беру режимі, супервизорлық басқару режимі, тікелей цифрлік басқару режимі.

  1. Ақпараттарды жинақтау және өңдеу режимі ( 15.2 сурет )

Технологиялық оперативтік ақпараттар (статистика, технико -экономикалық көрсеткіштер, т.с.с.) есептеу машинасында өңделіп, операторға беріледі. Мұндай ақпараттарға сүйене отырып, оператор технологиялық процесстердің өту барысын бағалауға және технологиялық жабдықтардың күйлері мен жұмыс барыстарын бақылап отыруға мүмкіндік алады. Процесстерді басқару операциясы операторға жүктеледі.

Бұл режим әдетте күрделі процесстерді басқаруда пайдалынады, себебі күрделі процесстерді математикалық сипаттау және басқару есебін формальді түрде қою мүмкін болмайды.

2 “ кеңес ” беру режимі

“ кеңес ” беру режимінің ақпараттарды жинақтау және өңдеу режимінен ерекшелігі – есептеу машинасына келіп түскен ақпараттарды талдау нәтижесінде басқарудың оптималды шешімі табылып, табылған шешімді операторға обьектіні басқаруға кеңес ретінде ұсынылады. Оператор болса берілген кеңесті бағалап, обьектіні басқару шешімін қабылдайды. Егерде басқару шешімінің бірнеше альтернативті варианттары болған жағдайда, оператор мен есептеу машинасының араларындағы байланыс диалогтық формада өтеді. Бұл режим обьект әлі толығымен зерттеліп болмаған жағдайда қолданылуы мүмкін.

3 Супервизорлық басқару режимі (15.3 сурет )

15.3 сурет Супервизорлық басқару режимі

Бұл режимдегі есептеу машинасының негізгі міндеті – датчиктерден келіп түскен деректерге сүйене отырып, оптималды технологиялық режимді анықтау, соның негізінде локалдық реттеуіштердің динамикалық параметрлерінің тиімді мәндерін есептеп, реттеуіштерді баптау болып табылады.

Супервизорлық режимді жүзеге асырудың екі варианты бар. Біріншісінде – математикалық модельмен жұмыс істеу, екіншісінде – модельсіз жұмыс істеу.

Егерде процесстің адекватты модельі болып және басқару критериі берілсе, онда реттеуіштердің баптау параметрлерін есептеу мәселесі оптималды басқару есебін шешуге әкеп соғады. Ерерде модель берілмеген жағдайда, онда басқару мәселесін ұйымдастыру басқару критериінің экстремумын эксперименталдық тәсілмен іздестіру әкеп соғады, яғни оптималық технологиялық режим біртіндеп жасалған қадамдардың нәтижесінде анықталады. Оператордың міндеті технологиялық режимдерді қадағалау, қажет болған жағдайда басқару критериіне және оған кіретін айнымалылардың шектеулеріне өзгерістер енгізу болып табылады.

4 Тікелей цифрлік басқару режимі (15.4 сурет )

Бұл режимнің супервизорлық режимнен ерекшелігі – басқару ықпалы есептеу машинасында есептеліп, одан әрі тікелей орындаушы механизмдерге беріледі. Бұл режимде автоматты реттеуіштер тек қана резервтегі аспаптар болып қалады да, олардың міндетін есептеу машинасы атқарады. Бұл режимнің артықшылығы есептеу машинасы универсал реттеуіш ретінде кез-келген реттеу заңдылықтарын туғыза алады, сонымен қатар икемді жүйедерді құруға мүмкіншілік береді.

ТП АБЖ күрделі жүйе болғандықтан, бірнеше құрамдық бөліктерден тұрады. Оларға жататыны: техникалық қамтамасыздық, программалық қамтамасыздық, ақпараттық қамтамасыздық, ұйымдастырушылық қамтамасыздығы және операторлық персонал.

Техникалық қамтамасыздығы деп, ТП АБЖ-ің жұмысын қамтамасыз етуші техникалық жабдықтардың жиынтығын айтады (есептеу машиналары, басқару және орындаушы механизмдер, сигналдарды түрлендіру, бейнелеу, өңдеу, тіркеу аспаптары т.с.с.)

Программалық қамтамасыздық деп, ТП АБЖ-ің атқаратын функциясын жүзеге асырушы программалардың (жалпы және арнайы) жиынтығын айтады. Жалпы прграммдық қамтамасыздық есептеу машиналарының өздеріне тиесілі функцияларды атқаруда, ал арнайы прграммдық қамтамасыздық - ТП АБЖ –де кездесетін түрлі есептердің шешу алгоритмдерін орындауда қолданылады.

Ақпараттық қамтамасыздық деп, түрлі технологиялық және технико-экономикалық көрсеткіштерді классификациялауды және кодтауды түсінеміз. Сонымен қатар, тапсырыс бойынша ақпараттарды іздестіріп, тауып және оларды ыңғайлы түрде бейнелеп көрсету функциясында атқарады.

Операторлық персонал - берілген инструкцияларға , регламенттерге, нормативтерге сәйкес , технологиялық обьектілерді басқаруда қатысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]