- •Типтік электр қондырғыларын автоматтандыру
- •3.1 Сурет. Басқару жүйесінің жалпылама құрылымы
- •3.2 Сурет Басқару жүйесінің функционалдық схемасы
- •2Автоматтандырылған объектілердің математикалық модельдерін құрудың тәсілдері (аналитикалық және эксперименталдық).
- •3 Өнеркәсіптік реттеуіштер және олардың типтік реттеу заңдылықтары. Реттеуіштердің типтерін таңдап алу тәсілдері.
- •5.1 Сурет Автоматты реттеу жүйесінің құрылымдық схемасы
- •5.2 Сурет Ортақ күшейту коэффициенті бар реттеуіштің құрылымдық схемасы
- •5.3 Сурет Изодром уақытына түсініктеме
- •5.6 Сурет Өтпелі процесс
- •6.4 Сурет Статикалық қателік пен тәуелділігі: 1-апериодты процесс; 2- 20%-тік асыра реттеу бойынша; 3- процессі
- •4 Реттеу процестерінің тура сапалық көрсеткіштері.
- •5 Реттеу процестерінің жанама сапалық көрсеткіштері.
- •6 Арж орнықтылығын қамтамасыз ететіндей, реттеуіштің баптау параметрлерінің мәндерін анықтау.
- •Адаптивті басқару жүйелері туралы жалпы мағлұматтар.
- •8 Тп баж туралы мағлұматтар: атқаратын функциялары, жұмыс режимдері, техникалық, программалық, ақпараттық қамтамасыздықтары.
- •9 Энергоблоктың қуатын автоматты реттеу. Өндірілген бу қысымының автоматты реттеу жүйесі.
- •10 Қазандықтағы жанау процесінің арж-і. Жану камерасындағы қысым мөлшерін реттеу. Жэс-дағы қосалқы процестерді автоматты басқару.
- •Қосалқы процесстер мен қондырғыларды автоматтандыру
- •Көмірді бункерге беру және оны ұнтақтау процесстерін автоматтандыру
- •Қатты отынды беру жүйесінде келесі операциялар автоматтандырылады:
- •12.3 Сурет Диірменді көмірмен тиеу процессінің принципиалдық және
- •12.4 Сурет Диірмен кірісіндегі ауа қоспасының қысымын реттеудің принципиалдық және функционалдық схемасы: 1-шарлы диірмен; 2-реттеуіш; 3-реттеуші орган
- •Мазутты даярлау қондырғыларын автоматтандыру
- •(13.1 Сурет)
- •Суларды даярлау және химиялық тазарту процесстері мен қондырғыларын автоматтандыру
(13.1 Сурет)
13.1 сурет ЖЭС –дағы газды беру және реттеу процедурасының схемасы
1, 2, 6, 7, 8 – қысым реттеуіші, 3 – жұмыстық газ құбыры, 4 – аз шығынды газ құбыры, 5 – резервтік газ құбыры, 9 – өлшегіш диафрагма, 10 - қолмен басқару органы (арматурасы)
ГТС келесі тораптардан тұрады: кірістік және шығыстық газ құрбырлары; шаң ұстау қондырғылары; газды редуцирлеу қондырғылары; конденсатты жинақтау қондырғылары; қондырғыларды басқару және түрлі апаттардан қорғау жабдықтары
ГТП –да газ қысымы 0,15-0,2 Мпа (1,5-2 кгс/см2) дейін редуцирленеді. Газдарды редуцирлеу автоматты қысым реттеуіші 1, 2, 6, 7, 8 және реттеуші клапандар жәрдемімен жүзеге асады. Егерде газдарды тұтыну мөлшері өте айнымалы болған жағдайда, газ қысымын реттеу үшін екі импульсті реттеуіштер қолданылады ( 13.2 сурет)
Сужающее устроиства
13.2 сурет Газ қысымын екі импульсті реттеуішпен реттеу.
Р – газ қысымы; Q – газ шығыны
Екі импульсті реттеуіштер алғашқыда газ шығынының өзгеруі бойынша іске қосылады, содан соң газ қысымының өзгерісін есепке ала отырып, реттеуші клапанға ықпал етеді. Реттеудің мұндай тәсілі реттеу процессінің сапасын жоғарылатады.
ГТП жұмыстық газ құбырымен 3, аз шығынды газ құбырымен 4 және қолмен басқарылатын резервтік газ құбырымен 5 жабдықталған. Жұмыстық газ құбыры мен аз шығынды газ құбырында автоматты қысым реттеуіштері 6, 7, 8 және қорғау реттеуіштері (П - реттеуіші) 1, 2 қарастырылған. Егер қазандыққа берілетін газ мөлшері азайған жағдайда аз шығынды газ құбыры 4 іске қосылады.
ГТС және ГТП – де газ қысымын реттеуден басқа келесі операциялар орындалады:
Газ шығынын және температурасын автоматты бақылау
Түрлі апаттық жағдайларда автоматты дабыл қағу және қорғаушы клапандар жәрдемімен апаттан қорғау.
Суларды даярлау және химиялық тазарту процесстері мен қондырғыларын автоматтандыру
ЖЭС - да қолданылатын су құрамына қойылатын талаптар өте жоғары. Мысалға, су құрамындағы ерімейтін түрлі қоспалар және ерітінді түріндегі тұз қоспалары жылуалмасу қондырғыларында қақтардың (накип) пайда болуына әкеп соғады. Су құрамындағы ерітілген оттегі энергоблок қондырғылардың шірулеріне (коррозия) әкеп соғады.
Су даярлау процессінің технологиялық схемасы 13.3 суретте келтірілген. Технологиялық схема бойынша алғашқы суық су жылу алмасу қондырғысында бу арқылы біраз қыздырылады. Тұнықтандырғыш қондырғысында қыздырылған су құрамынан кейбір ерітінділер қатты түйіршектерге айландырылады. Ол үшін су құрамына ерітінді түрдегі химиялық реагенттер жіберіледі. Фильтрлерде су құрамынан бөлініп алынған қатты түйіршектер шөгіп қалады да, өңделген су ары қарай екі бағытта жіберіледі. Судың бір бөлігі химиялық жұмсарту фильтрінен өтіп, түрлі нысандарды жылумен қамтамасыз ету тораптарына жіберіледі. Екінші бөлігі – тұздан арылту қондырғысы арқылы бу өндіру қазанына жіберіледі. Су құрамынан оттегіні бөліп алу деаэраторларда жүзеге асады.
Суды химиялық тазартудан өткізу процесстерін автоматтандыру
Химиялық процесстерін автоматтандыру мәселелеріне жататыны:
Бастапқы суды қыздыру температурасын реттеу
Суды даярлау қондырғысының өнімділігін реттеу
Тұнықтандырғыш қондырғысына берілетін химиялық реагенттерді дозалау және су құрамынан түзілген қатты түйіршектер деңгейін реттеу
Су температурасын реттеу
Тұнықтандыру қондырғысындағы және химиялық фильтрдегі химиялқ реакциялардың қалыпты жүрулері үшін су температурасын белгілі бір мәнде ұстап тұру қажет. Су температурасы суды ысытушы бу шығынын реттеу арқылы өзгертіледі. Бу шығыны температура реттеуіші арқылы реттеледі. Егер қорек суының шығыны өте өзгермелі болған жағдайда, температура реттеуішінің кірісіне дифференциатор арқылы су шығынының өзгеру жылдамдығына пропорционал қосымша сигнал берілуі мүмкін.
13.3 сурет Қорек суын химиялық даярлау қондырғысының технологиялық схемасы. 1- қорек суын жылыту қондырғысы; 2- температура реттеуіші; 3, 5- реттеуші орган; 4- қондырғының өнімділігін реттеушісі; 6- тұнықтандырғыш; 7- сиымдылық; 8-насос; 9-механикалық фильтр; 10- тұздан арылту қондырғысы; 11- химиялық жұмсарту фильтрі; 12, 14- деаэраторлар; 13, 15- насостар.
Су даярлау қондырғысының өнімділігін реттеу
ЖЭС – ың жүктемесінің және жұмыс режимдерінің өзгерісі химиялық тазартылған су мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғады, сол себептен тазартылған су шығынын реттеу мәселесі туындайды. Қажетті тазартылған су мөлшері су жинақтау сиымдылығындағы су деңгейі арқылы айқындалады. Су деңгейі әдетте қажетті су мөлшерінің жанама көрсеткіші ретінде пайдалынады. Реттеу жүйесін бұл жағдайда екі контурлы жүйе ретінде қарастыруға болады. Біріншісі - қыздырылған судың шығыны Дпв , ал екіншісі – су деңгейі Нб бойынша
Химиялық реагенттерді автоматты дозалау (13.4 сурет )
Бастапқы су
Ұ
нтақты
тапсырма
ТҰНЫҚТАНДЫРУ ҚОНДЫРҒЫСЫ
магнезит
2 – ші реттеуіш
Насос -дозатор
әк
ерітіндісі
ш
Насос -дозатор
айғыш су коагулянт
Насос -дозатор
магнезит ерітіндісі
13.4 сурет Химиялық реагенттерді автоматты дозалау
Реагент ретінде әдетте әк ерітіндісі, магнезит ерітіндісі және коагулянт ерітіндісі қолданылады. Коагулянт ұсақ дисперсиялы түйіршектерді ірілендіру (коагуляция) үшін қажет. Реагенттерді дозалау автоматты реттеуіш (импульсатор) арқылы жүзеге асады. Импульсаторлар насос-дозаторлардың жұмысын басқаруда , яғни оларды жіберу-тоқтату операцияларын іске асырады. Насос электродвигательдерінің жұмыс істеу уақыттары импульсаторға арнайы тапсырма беру арқылы, яғни импульс ұзақтығын өзгерту арқылы реттеліп отырылады.
Тұнықтандыру қондырғысындағы қалқып жүрген қатты түйіршектердің деңгейін реттеу (13.5 сурет )
Түйіршек деңгейін реттеу мәселесі – қондырғының шыға берісіндегі жапқыштарды (вентильдерді) үздіксіз немесе периодты түрде үрлеу тәсілмен шешіледі. Периодты түрде үрлеу екі позициялық реттеу жүйесі арқылы жүзеге асады. Төменгі және жоғарғы деңгей сигнализаторларының жұмыстары фотореле принципіне негізделген. Фотореле түйіршектері бар сұйықтың тұнықтығын бақылап отырады. Егер сұйық тұнықтығы шектелген мәннен ауытқыған жағдайда, фотореле орындаушы механизмді іске қосады. Орындаушы механизм өз кезегінде үздіксіз үрлеу вентилі арқылы түиіршекті сұйық шығынын реттейді. Мысалға, егер сигнал жоғарғы деңгейдегі сигнализатордан түссе Нж, вентиль ашылады, ал сигнал төменгі деңгейдегі сигнализатордан түссе Нт, вентиль жабылады.
13.5 сурет Түйіршек деңгейлерін реттеу
Сонымен қатар, жоғарыда қарастырылған суды химиялық тазартудан өткізу процесстерін автоматтандырудың АРЖ – нен басқа да реттеу процесстеріне жататыны:
Фильтрлерді жуу және қалпына келтіру процессінің АРЖ – і
Конденсатты тазарту қондырғысын реттеу
Деаэрациондық қондырғының АРЖ – і
