Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тәж 1лексикология.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
96.26 Кб
Скачать

Әдебиеттер:

  1. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы: Арыс, 2008. -469 б.

  2. Рустемов.Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. -Алматы: Ғылым, 1982. -159 б.

  3. Мансұров Н. ХІХ ғасыр поэзиясындағы араб, иран кірме сөздері (Дулат, Шортанбай, Мұрат шығармалары бойынша): филол. ғыл. канд. ...авторефераты.: 10.02.02.– Алматы, 2006. – 28 б.

  4. Базылхан Б. Қазақ және монғол тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. – Алматы, 1999. – 165 б.

  5. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы: Дәуір, 2003. -247 б.

6-тәжірибешілік сабақ

Диалектілік лексика және оның қызметі. Жоспары:

Арнаулы лексика және оның қызметі.

Кәсіби терминология.

Кәсіби сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары. Актив қабатқа - күнделікті жиі қолданылатын дағдылы сөздер, пассив қабатқа - көнерген сөздер, кең тарамаған неологизмдер, диалектизмдер, кәсіби сөздер, жеке мамандықтарға тән термин сөздердің көпшілігі жататыны. Сөздердің актив, пассив қабаттарға бөлінуінің шарттылығы.

Сұрақтар:

Әдеби тіл нормасына жатпайтын әртекті (гетрогенді) элементтердің көркем шығармадағы қолданысы

Жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар:

1-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерден аңшылық кәсіпке байланысты кәсіби сөздерді теріп жазыңыз. Мағынасын түсіндіріңіз.

2-тапсырма. Аңшылық кәсіпке байланысты сөздерге назар аударыңыз!

Салбурын. Қазақ аңшыларының топ-тобымен бас қосатын кезі – салбұрын құрып, аң аулау. Салбурынға ондап, жүздеп, бірнеше жүзге дейін аңшылар қатысып, аңы мен құсы мол жерлерге саят жасап, апталап, айлап жүреді. Ат-көлікті сайлап, абылайша, қос-күркелерін, азық-түліктерін, киім-кешектерін артып, жорыққа шыққандай болады. Салбурынға құсбегілер, қырағы мерген, қағушы мен дабылшы, жылбұрынды атшы, ыспар қазаншы, т.б. алуан түрлі кәсіпшілер, өнерлілер қатысады.

Қанжыға. Қазақ тілінде қанжыға деп ердің екі қапталының артқы қасынан кейінгі екі ұшына тақау жерге бірдеңе байлап қою үшін тесіп өткізілетін қайыс немесе жіпті айтады.

Қансонар. Қансонар – қар қалың жауып, аңның ізі айқын білінетін кез. Академик Ә.Қайдардың осы сөзге мынадай талдау жасаған: «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» қан сонар деген тұрақты сөз тіркесіне «жаңа жауған қардан соңғы аң аулауға шығатын мезгіл» деген анықтама берілген.

Тұғыр. Қырандарды аңға салғаннан басқа уақыттарда қондырып қою үшін тұғыр деп аталатын жабдық қолданылады. Ол ағаштан үш немесе төрт сирақ болып, орындық іспетті шабылады. Отырған кезде құстың құйрығы жерге тимейтіндей биікте болуы керек. Қазақ құсбегілері арасында тұғырды алтын, күміс сияқты асыл заттармен безендіріп, әшекейлейтіндері де кездеседі.

Әдебиеттер: