Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тәж 1лексикология.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
96.26 Кб
Скачать

9. Қалиев ғ., Болғанбаев ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологисы. –Алматы: Дәуір, 2003. -245 б.

10. Бибеков Қ. Қазақ тілінің семантикасы. –Семей, 2006. -88 б.

4-тәжірибешілік сабақ

Қазiргi қазақ лексикасының қолданылу сипаты. Синоним. Сөз варианттары. Антоним

Жоспары:

1. Синонимдік қатар

2. Сөз варианттары және оның өзіндік белгілері

3. Антонимдердің ерекшеліктері

4. Омонимдер

Сабақтың мақсаты:

Синоним, синонимдік қатар, доминат сөз туралы мәлімет беру. Сөз варианттары және оның түрлері. Антонимдердің ерекшеліктері. Омофондар мен омографтар.

Тапсырмалар:

Эвфемизмдердің жасалу жолдары

БАҚ-ғы эвфемизмдер

Жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар:

1-тапсырма. Асты сызылған сөздердің омонимдік қатарын құрыңыз.

Көксерек құйрығын артқы екі аяғының арасына тығып алып, аш белі бүгіліп, іші қайта-қайта солқ-солқ етіп ұлып тұр еді (М.Әуезов). Ауылды сағынған, ауыл ойынын сағынған Шоқан таң атқанша ұйықтамай, Әлібай, Жақып, Мұқандармен ойын салды. «Ақсүйек», «қарабие», «тоқтышақ» ойындарының бәрін де ойнады (С.Бегалин). Бұл – батальонның ас дайындап жатқан жері. Онда жүргендер – аспаздар, отыншы-сушылар (Б.Момышұлы). Омардың көш алдына түсіп, көрші Көшербайдың жырық кемпірі күндігі қайқайып, ала биені тебініп, жырық сары атанды қарсы алдына салып, шуда қақтырып, жеткізбей келеді екен (Ж.Аймауытов).

Терминдік сөздер мен сөз тіркестері

Омограф, омофон, омоним, синоним, доминант сөз, синонимдік қатар, антоним

Әдебиеттер:

  1. Мусин Ж. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі.- Алматы: Мектеп, 1984. – 127 б.

  2. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы.- Алматы: 1988.- 134 б.

  3. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. –Алматы: Мектеп, 1978. -450 б.

  4. Қалиев ғ., Болғанбаев ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологисы. –Алматы: Дәуір, 2003. -245 б.

  5. Оразбаева Ф.Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер.- Алматы: Мектеп, 1988.- 207б.

  6. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. –Алматы: Мектеп, 1978. -450 б.

  7. Қалиев ғ., Болғанбаев ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологисы. –Алматы: Дәуір, 2003. -245 б.

  8. Резуанова Ғ.Қ. Қазақ тіліндегі көп мағыналы сөздерден жасалған синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарлар. Фил. ғыл. канд. дисс.- Алматы, 1999.- 251б.

5-тәжірибешілік сабақ

Қазақ тілінің сөздік құрамы Жоспары:

Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры

Түркі тілдеріне ортақ сөздер

Араб-парсы тілдерінен енген сөздер;

Орыс тілінен енген сөздер

Монғол тілінен енген сөздер

Сабақтың мақсаты:

Сөздік құрамның тарихи арналарын талдауда жалпы түркілік, болмаса қыпшақ тілдеріне тән лексикадан қазақтың байырғы төл сөздерін айыра білуге, кірме сөздердің тұлғалық не семантикалық өзгерістерге түсуі нәтижесінде олардың қазақ тіліне сіңісіп игерілу сипатына, сөйтіп, сөзжасамға қатынасатына көңіл аударту.

Тапсырмалар:

Сөздік құрамының дамуына әсер ететін факторлар

Тұрмыстық сөйлеу тілі

Жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар:

1-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден кірме сөздерді табыңыз. Оның қай тілден енгенін айтыңыз.

Маған түсте шай қоярсың, кісі-місі келсе, шақырарсың деген, самауыр қайнап тұр, шақырайын ба, ата? (С.Көбеев). Қылыштарын жалаңдатып, стражник, өредниктер де шырылдап жүр (С.Жүнісов). Баста әдемі панама қалпақ, аяқта әдемі бәтеңке (С.Сейфуллин). Байғазы қазақтың зор байларының бірі, жасынан би болған, анда-санда болыстыққа да таласып қоятын, өте парақор, қара бұқараға тізесі батқан жәбір иесі, шегір көзді, бұжыр, жуан, байдың жалғыз қызы Айтолқынды берген құдасы (С.Көбеев).