
- •Әдебиеттер:
- •Жоспары:
- •Төле би туралы
- •Әдебиеттер:
- •Қалиев ғ., Болғанбаев ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологисы. –Алматы: Дәуір, 2003. -245 б.
- •Қалиұлы б. Қазіргі қазақ тілі: Фонетика, Лексикология. –Алматы, 2006. -142 б.
- •Сөз мағынасының кеңеюі. Сөз мағынасының тараюы. Жоспары:
- •Әдебиеттер:
- •9. Қалиев ғ., Болғанбаев ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологисы. –Алматы: Дәуір, 2003. -245 б.
- •Жоспары:
- •Терминдік сөздер мен сөз тіркестері
- •Әдебиеттер:
- •Қалиев ғ., Болғанбаев ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологисы. –Алматы: Дәуір, 2003. -245 б.
- •Қалиев ғ., Болғанбаев ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологисы. –Алматы: Дәуір, 2003. -245 б.
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы Жоспары:
- •Әдебиеттер:
- •Диалектілік лексика және оның қызметі. Жоспары:
- •Әдебиеттер:
- •Қалиев ғ., Болғанбаев ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологисы. –Алматы: Дәуір, 2003. -245 б.
- •Стильаралық бейтарап лексика. Жоспары:
- •Әдебиеттер:
- •Табу. Эвфемизм, дисфемизм Жоспары:
- •Әдебиеттер:
«Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы» пәнінен
5В011700– «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
Тәжірибешілік сабақтардың жоспары
1-рейтинг
1-тәжірибешілік сабақ
Лексикология және оның салалары
Жоспары:
1. Лексикология пәні, объектісі
2. Лексикологияның салалары
3. Тіл білімінің шектес салаларымен байланысы
Сабақтың мақсаты:
Қазақ тілі лексикологиясы пәнінің зерттеу объектісімен таныстырып, лексикологияның салаларына шолу жасау. Тіл білімінің шектес салаларымен байлынысын айқындау.
Жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар:
1-тапсырма
Төмендегі сөздерді диалектологиялық сөздіктің көмегімен мағыналарын түсіндір.
Димар, шекер, күрсі, нәр, керем, меңдес, сапал, үзбеп, түніке, долы, бақыр, сапара, леген, жүдә, гөрт, шақа, аскеді.
Терминдік сөздер мен сөз тіркестері:
Семасиология, этимология, лексикография, фразеология, орфография, орфоэпия, фонетика, фонетикалық принцип, дәстүрлі принцип, тарихи-дәстүрлі принцип, сөз, ұғым, мағына, графика, алфавит, әліпби, дифференциялаушы принцип, денотаттық мағына, материалды және идеалды денотат, референт.
Әдебиеттер:
Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. –Алматы, 2009. -450 б.
Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологисы. –Алматы: Дәуір, 2003. -245 б.
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі: Фонетика, Лексикология. –Алматы, 2006. -142 б.
Алмауытова Ә. Кейбір киім атауларының этимологиясы хақында // Тілтаным. 2003. -№1. -112-115 бб.
Жартыбаев А. Этимология және оның тіл тарихы мен топонимдерге қатысы // ҚРҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. -2006. -№1. -39-42 бб.
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. –Алматы, 1966. -240 б.
Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. –Алматы: Зият-Пресс, 2007. -66 б.
Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. -Алматы, 1994.-168 б.
Хасанов Ғ.Қ. Лексикалық мағына - Орал: Ағартушы, 2005. – 148 б.
Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы – Алматы: Рауан, 1991 – 216 б.
Сағындықұлы Берікбай. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы, 2008.
2-тәжірибешілік сабақ
Сөз және мағына
Жоспары:
1. Сөз мағынасының түрлері.
2. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері.
Сабақтың мақсаты:
Сөз мағынасының түрлерімен таныстыру. Грамматикалық және лексикалық мағыналар. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтерімен таныстыру. Сөз мағынасы мен оның түрлерін, көп мағыналы сөздердің жасалу жолдарын айыра білуге, омоним, синоним, антоним сөздерді ажыратып, олардың көп мағыналы сөздерге байланысты жақтарын аша білуге жаттықтыру.
Жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар:
1. Қазақ тіліндегі арабизмдер
2. Тіліміздегі фразеологиялық антонимдердің қолданысы
1-тапсырма. 1. Төмендегі мәтіннен тұрақты тіркестерді тауып жазыңыз. Олардың ішінен идиомаларды, фразеологиялық тіркестер мен тізбектерді, мақал-мәтелдерді айырыңыз. Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы мен ішкі құрылымына талдау жасаңыз.
Төле би туралы
Қанды қырғын ұрыстан кейін бейбітшілік жолмен бітімге келу үшін қазақ пен ойрат бір-біріне мәмлегер елшілік жібермек болды.
Жоңғар қонтайшысы /сірә, Цеван Рабтан болса керек/:
- Қазақтың атақты үш биінің бірі келсін. Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен біреу келсе, бітім болмайды,- деп қолқа салады. Осы хабарды естіген үш би қырандай дүр сілкініп, әрқайсысы өзі бармаққа ниет қылады. ТІрде отырған Төле би екі биге кезек қарап, екі етегін қымтанып, екі иығын қомдап қойып, тамағын қырнапты:
- Уай, қос інім, қос шырағым! Аға боп алдарыңа түсейін деп тұрмын. Аға- алдыңдағы әуелі өскен дарағың, қанатың мен жалың, қайрап салар жарағың. Артымда сендер барда қанат жайып самғармын, алдаспанды сермермін, дауласқанды жеңермін, жауласқанды жерлермін. Мен барайын ол жаққа,-депті.
Сонда Әйтеке би жай отындай жарқ етіп, жайраң қағып, шапшаңдық танытты.
- Уай, Төкем! “Аға - бордан, іні - зордан” демей ме. “Іні - найза, аға - қорған” демей ме. Арқаны қорғанға тіремеймін бе, найзамды ерсілі-қарсылы іремеймін бе. Жағаласқанды жапырып, дауымды аршып, күремеймін бе. Менің баруым жөн емес пе? - депті.
Сол кезде қоңыр қаздың дауысындай дауысын саңқылдатып Қазыбек:
-Уай, асыл ағам! Уай, асқақ інім! Ағасы бардың жағасы бар емес пе. Жағасы бардың тоқсан пәледен сақтар панасы бар емес пе. Інісі бардың тынысы бар емес пе. Тынысы бардың елде ырысы , жауда ұрысы, дауда жұмысы бар емес пе,- депті.
Екі би үнсіз бас шұлғып, бірақ тіл жарып ләм дей қоймапты. Қаз дауысты Қазыбек енді Төле биге еңсеріле бұрылыпты:
- Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен. Қазақта хандыққа жассыз таласқандар болғанмен, билікке жөнсіз таласқандар болған емес. Ендеше әділ би, әділетін өзің айт. Аттың басы күшті ме, белі күшті ме, құйрығы күшті ме?
- Шырағым Қазыбек, жол бастайды омырауы жүйріктің. БІгелекті қуарда пайдасы мол құйрықтың. Аттың белі қызмет көп қылар, саған кепті кезегі осы жолғы бұйрықтың. Жай онда, қолыңды!
Атасызға ата бол!
Батасызға бата бол!
Арып-ашқан қәріптің,
Жел жағына бата бол!
Панасызға пана бол,
Кек сақтамас бала бол!
Дос сүйетін, қол сыйлар,
Асу бермес дана бол!- деп батасын беріп, аттандырып салыпты.
/Қазақтың би-шешендері/
2-тапсырма. Фразеологялық деңгейдегі синонимдерге, антонимдерге, көп мағыналылыққа, варианттылыққа мысалдар келтіріңіз.
3-тапсырма
2001 жылғы жарық көрген қазақ тілінің орфографиялық сөздіктегі бұрын қолданылып келген кірмес сөздердің қазақ баламаларын теріп жазып, алдыңғы сөздіктермен салыстырыңыз.
4-тапсырма
Мына синонимдердің баламасын (синонимдер сөздігі бойынша) табыңдар да көркем шығармадан сөйлем жазып келіңдер.
Бет, билік, шешен, әдіс, кездесу, зерек, мұғалім, өкіну, құтқару.
Терминдік сөздер мен сөз тіркестері:
Семасиология, этимология, лексикография, фразеология, сөз мағынасы, лексикалық мағына, грамматикалық мағына, көп мағыналы сөздер, ауыспалы мағына.