- •2000-2009 Ж.Ж. Аралығында ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды қаржыландыру
- •1.2 Сайрам – Өгем ұлттық табиғи саябағының жалпы сипаттамасы Ұлттық парктің құрылу тарихы
- •1.3 Сайрам – Өгем ұлттық табиғи саябағының табиғи ерекшеліктері
- •Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- •Тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізбесі
- •3 Сайрам – өгем ұлттық табиғи саябағы туристтік маршруттарды жоспарлау және ұйымдастыру
- •3.1 Сайрам – Өгем ұлттық табиғи саябағының экологиялық және танымдық маршруттары Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туристік маршруттар мен соқпақтардың тізбесі
1.2 Сайрам – Өгем ұлттық табиғи саябағының жалпы сипаттамасы Ұлттық парктің құрылу тарихы
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы №52, «Оңтүстік Қазақстан облысының жекелей мемлекеттік мекемелері туралы» қаулысына сәйкес Өгем, Төлеби және Түлкібас орман қорғау және жануарлар дүниесі мемлекеттік мекемелерінің қосылуымен құрылды. Бұл мекемелер ОҚО әкімдігінің облыстық табиғи ресурстар және табиғат қорғау басқармасының құрамындағы коммуналдық меншіктегі жеке мемлекеттік мекемелер болған. Олар кәсіптік мекемелер болғандықтан қызметкерінде флора мен фаунаны қорғауға, сақтауға және молайтуға онша көңіл бөле бермейді. Жыл сайын Қызыл кітаптағы және өсімдіктердің индикаторлы түрлері, сүтқоректілердің және құстардың саны әртүрлі себеппен (бірінші орында қаскөйлік) кемуде.
ОҚО Әкімінің 2005 жылғы 8 маусымдағы №365 «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру үшін жер учаскесін резервке қою туралы» қаулысына сәйкес орман қоры жерлері мен Түлкібас, Төлеби және Қазығұрт аудандарының жер қорынан жалпы алаңы 149053 га жердің ОҚО әкімі, жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтың басқармасының бастығы, орман және аңшылық шауашылығы аумақтық басқармасының бастығымен келісілген жерге орналастыру жобасы жасалынды.
«Ұлттық парктің айналасында 2 шақырымдық қорғау аймағы туралы» ОҚО әкімдігінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі №171 қаулысы қабылданды.
«ЕҚТА туралы» заңның 8 тармағының 44 бабына сәйкес, мемлекеттік ұлттық табиғи парк – ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени-тарихи және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттің табиғи-қорықтар қорындағы табиғат қорғау, экологиялық-ағарту, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттағы табиғи комплекстер мен объектілерде биологиялық және ландшафттық әртүрлілікті сақтау статусы берілген табиғат қорғау және ғылыми мекеме.
Сайрам-Өгем МҰТП-нің құрылуының мақсаты – Батыс Тянь-Шанның парк территориясындағы жергілікті және ерекше ландшафттарын табиғи қалпында сақтау.
Тянь-Шань-ішкі Азия Ұлытаулар жүйесіндегі таулардың ең солтүстігінде орналасқан. Ол Тарбағатай және Жоңғар жоталары арқылы Алтай, Сібір және Монғолиямен ұштасса, Памир Куньлунь және Қарақорым арқылы Тибет Гималаймен, Гиндукуш арқылы Копетдаг және Иран тауларымен жалғасады. Осы байланыстардың бәрі Тянь-Шань өлкесінің өсімдіктер және жануарлар дүниесін молайтуға, сонымен бірге олардың сирек кездесетін және бірегей түрлерін қалыптастыруға үлкен әсер етеді. Ол түрлердің бірегейлігі дүние жүзілік маңызға ие, себебі бұл өңірде эндемик түрлердің басым көпшілігі жинақталған.
Бұл жерлерде біздің дәуірге дейінгі 2 ғасырдан бастап, біздің дәуііріміздегі 15-16 ғасырларға дейінгі өмір сүрген адамдардың тіршілік ошақтары табылып отыр. Біздің дәуірде көп жүзжылдықтар бойы Шығыс пен Батысты жалғастырған «Ұлы Жібек жолы» сауда жолдары өткен. Батыс Тянь-Шанның Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан және Тәжікстан аумақтарында палеолит, көне грек және Рим дәуірінен осы күнге дейінгі үздіксіз мәдениеттің дамуының куәсі ретінде археологиялық және тарихи ескерткіштер кездеседі.
