
Технологиялық тізбекті есептеу
Шұжық өндірудегі технологиялық тізбек бір этажда біріктіріледі. Тізбекті технологиялық және көмекші қондырғылармен комплекттейді.
Сіңірленген еттің жиналуына байланысты ұсақтау үшін тор көзінің диаметрі 2-3 мм волчоктан өткізеді. Ұсақталған ет тұзбен араластрғаннан кейін араластырғыштан насос арқылы тұздығы бар тележкаларға құйылады. Тұздықта ұсталған ет көтергіштің көмегімен куттерге тиеледі, мұнда ет ұсақталынып туралады және рецептура бойынша басқа да компоненттермен қосылады. Мысалы: су, дәмдеуіштер, натрий нитратның ерітіндісі және т.б. Куттердегі фарш одан да ұсақ ұсақталу үшін эмульсисаторға салады. Құрамына шпик қосылмайтын шұжықтарды дайындағанда фарш эмульсисатордан батондарды формаға келтіретін шприцтерге салынады. Ал шпик қосылған шұжықтар дайындағанда фарш эмульсисатордан фарш пен шпикті араластыратын араластырғышқа түседі. Араластырғыштан фаршты тележкаларға тиеп шприцке жібереді. Формаға келтірілген батондар технологиялық үстелде жиналып , содан соң рамаларға ілініп универсалды термоагрегатқа термиялық өңдеуге жіберіледі. Шұжық батондары душ қондырғысы астында салқын суда, кейін ауада салқындатылады. Технологиялық процесс біткен соң шұжық батондарын қаптап, сатуға жібереді. Тізбектің қуаттылығы қондырғыны таңдауға байланысты.
Етті машинамен өңдеу операциясының ең біріншісі ұсақтау болып келеді. Бұл операцияның етті бөлуден айырмашылығы етті бөлгенде ол үлкен бөлшектерге бөлінеді, ал ұсақтау кезінде ет өте ұсақ бөліктерге туралады. Ет ұсақтау машинасын шикізатты сапалы ұсақ қарай тексеріледі: волчоктар, к уттерлер, ұсақтап турайтн машиналар. Сонымен қатар шпик кесетін маши налар да қарастырылады.
Шұжық өнімдерін дайындауға арналған фарш көптеген компоненттерден тұрады. Барлық қосылған компоненттер мұқият араластырылуы керек. Шұжық өнімдерін дайындаудағы араластырудың мақсаты біртекті компоненттері бар қоспа алу. Кейде араластырудың мақсаты жылулық процесін жылдамдату болып табылады.
Араластырғыштар екі конструктивті элементтен тұрады: компоненттерді араластыратын табақ пен араластырғы қондырғыдан.
Ет өндірісінде араластырғыш қондырғылар аралатырудың түріне қарай әртүрлі болады. Лопасты араластырғыш сұйық материалдарды араластыру үшін арналған.
Якорлы араластырғыш еттен жасалған фаршты араластыруға арналған.
З бейнелі лопасты араластырғыш көбінесе фарш араластыруда жиі қолданылады.
Пропеллерлі араластырғыш сұйық және тұтқыр заттарды араластыруда қолданылады.
Спиральді араластырғыш беті ашық корита тәрізді араластырғыштарда қолданылады.
Ұсақталған және араластырылған ет массасы қабықтарға шприцтеледі. Қабық табиғи және жасанды болады. Шприц қабықты ет массасымен толтырады. Шприцтау операциясына қалыпқа келтіру, қабықты толтыру және дозировка жатады.
Насостың түріне қарай шприцті поршенді, ротационды-лопасты және шнекті деп бөлінеді. Поршенді шприцтер периодты әрекетті, ал қалғандары периодсыз.
Бұрынғы кезде шұжық өнімдерін пісіру тізбегі металл қалыптарда жүзеге асатын. Мұндай әдіс гильзадағы өнімдерді шығаруда да қолданылады. Шұжықты қабықсыз қалыпқа келтіру кескен кезде жасанды қабыққа шприцтеуді қажет етпейді. Сондықтан да шұжық өнімдерін қалыпқа келтіруде келетін қалыпқа келтіру қажет.