Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК салыстырмалы саясаттану 3курс Асылтаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
454.66 Кб
Скачать

«Салыстырмалы саясаттану» пәнiнен эсселер тақырыбы

  1. Салыстырмалы әдістің маңызы

  2. Салыстырудың әдіснамалық мәселелері

  3. Салыстырудағы негізгі қиындықтар

  4. Саяси режимдерді өлшеу: сыни көзқарас

  5. Авторитарлық режимнің бүгінгі көрінісі

  6. Салыстырмалы саясаттанудағы демократияны зерттеу

  7. Демократия индекстері: объективтілігі мен ерекшелігі

  8. Саяси транзиттің әдіснамалық мәселелері

  9. Посткеңестік елдердегі партиялық жүйелерді салыстыру

  10. Әр түрлі сайлау жүйелерінің саяси салдары

  11. Әр түрлі саяси режим жағдайындағы саяси қатысу деңгейі

  12. Басқару түрлерін өлшеу: сыни көзқарас

Эссе қалай жазылады?

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium - құрау ) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін біріші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту. Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.

Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:

  • Жеке көзқарастың көрінісі

  • Фактілі дәлелдер (аргументтер)

  • Теоретикалық негіздеме

  • Терминдерді қолдану

  • Цитаталарды келтіру

  • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу

  • Логикалық заңдылықтың сақталынуы

  • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану

  • Сауаттылық (пункт., орфогр.)

  • Юмор, сарказм

Эссенің жазылу құрылымы:

1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі.

2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).

3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.

Жиі кездесетін қателіктер:

  • Проблема ашылмайды.

  • Автордың жеке позициясы көрінбейді.

  • Теоретикалық негіздемесі жоқ.

  • Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану.

  • Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп.

  • Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер.

  • Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы.

  • Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ.

  • Логиканың болмауы.

7. «Салыстырмалы саясаттану» пәнiнен семинар сабақтарының жоспары

Тақырып атауы және сұрақтар

Сағат саны

1

Салыстырмалы саясаттану саяси ғылымның бөлімі ретінде

  1. Салыстырмалы саясаттанудың объектісі мен пәні

  2. Саяси пәндер жүйесіндегі салыстырмалы саясаттану

  3. Салыстырмалы саясаттанудың қызметтері

1

2

Салыстыру саяси зерттеу әдісі ретінде

  1. Салыстырмалы әдістің маңызы

  2. Салыстыру талдау әдісі ретінде

  3. Салыстырудың әдіснамалық мәселелері

1

3

Мемлекет институты негізінде саяси жүйелерді салыстыру

  1. Саяси жүйе түсінігі

  2. Саяси жүйелерді салыстырудағы ерекшеліктер

  3. Екі мемлекеттің саяси жүйесіне салыстырмалы талдау жүргізу

1

4

Саяси режимдер мен жүйелер: негізгі теоретикалық-әдіснамалық негіздері

  1. Салыстырмалы саясаттанудағы саяси режимдер жіктемесі

  2. Салыстырмалы саясаттанудағы өтпелі режимдер жіктемесі

Саяси режимдерді өлшеу

1

5

Салыстырмалы саясаттанудағы авторитарлық және тоталитарлық режимдерді салыстыру

  1. Авторитарлық режимнің түрлері

Авторитарлық режимнің бүгінгі көрінісі

1

6

Салыстырмалы саясаттанудағы демократияны зерттеу

  1. Демократия теориялары және түрлері

  2. Демократия үлгілері

Демократизация үрдістері: теориялары мен индекстері

1

7

Посткоммунистік және посткеңестік демократиялық транзиттер

  1. Саяси транзитологияның қалыптасуы және дамуы

  2. Демократиялық транзиттерді зерттеудегі негізгі көзқарастар

Саяси транзиттің әдіснамалық мәселелері

1

8

Саяси партияларға салыстырмалы талдау

  1. Саяси партиялар мен партиялық жүйелердің дамуы

  2. Саяси партиялардың жіктемесі

Посткеңестік елдердегі партиялық жүйелерді салыстыру

1

9

Сайлау жүйелерін салыстырмалы талдау

  1. Сайлау жүйелерінің жіктемесі

  2. Сайлау жүйелерін бағалау

Әр түрлі сайлау жүйелерінің саяси салдары

1

10

Салыстырмалы зерттеулердегі саяси мәдениет

1. Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену теориялары

2. Саяси мәдениет түрлері және саяси режим

3. Әр түрлі саяси режим жағдайындағы саяси қатысу деңгейі

1

11

Саяси модернизацияны талдаудағы салыстырмалы зерттеу әдісі

  1. Саяси модернизация түсінігі

  2. Саяси модернизацияланудың түрлері

  3. саяси модернизациялану үрдісін зерттеуде салыстырмалы әдісті қолданудың ерекшеліктері.

1

12

Кроссұлттық зерттеулер

  1. Кроссұлттық талдау: түсінігі және ерекшелігі

  2. Әлем мемлекеттерін жіктеу

  3. Кроссұлттық салыстырудағы сандық талдау

1

13

Президент институты: салыстырмалы талдау

  1. Президент институтының қалыптасуы және түрлері

  2. Посткеңестік елдердегі президент институтының ерекшеліктері

  3. Президент институтының саяси үдерістегі рөлі мен орны

1

14

Посткеңестік елдердегі федеративті және унитарлы мемлекеттік құрылысына талдау жасау

  1. Басқару түрі түсінігі және жіктемесі

  2. Басқару түрлерін өлшеу

  3. Федеративті және унитарлы мемлекеттік құрылыстардың қазіргі заманғы үдерістері

1

15

Мемлекеттік қызмет: үлгілері және теориялары

  1. Мемлекеттік қызмет теориялары

  2. Мемлекеттік қызмет үлгілері

  3. Посткеңестік елдердегі мемлекеттік қызмет үлгілері

1

барлығы

15