Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК салыстырмалы саясаттану 3курс Асылтаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
454.66 Кб
Скачать

Глоссариймен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар

Саясаттанудың түсіндірме аппараты зерттелетін шындық туралы түсінікті толықтыратын жаңа ұғымдарды көрсетеді, жаңа мазмұнымен толтырады, жаңарады. Түсіндірме аппаратының басқа бір ерекшелігі саяси білімнің көпнұсқалылығында және аспектілерінің көп болуында жатыр

Түсіндірме аппаратымен жұмыс істеудің алгоритмі келесідей көрсетіледі:

Танысу(зерттеу): түсінік білімін зерттеу, берілген түсініктің барлық амал-тәсілдерін қарастыру, яғни «мән-мағыналарды» ашу, түсінік этимологиясын анықтау, түсінік мазмұнының диалектикасы, алғашқа түсінікті анықтау, қазіргі мағынаны анықтау және мазмұнның трансформациясы, мәнді сипаттарды анықтау, анықтамаға сұрақтар қою, мәтінмен жұмыс істеу арқылы жасау, рөлдік ойын;

Бекіту (орнықтыру): логикалық есептерді шешу, «қателері» бар мәтінді жөндеу, тестілеу, еске сақтауға арналған тренинг, ойын нысандары («Умники и умницы» «Сайлау», «Саяси дебаттар»);

Бақылау (білу және түсіну): диктант, тест, есептерді шешу, түсініктерді қолдану білімін тексеруге бағытталған есептер, бақылау: ағымдық, межелік, қорытынды.

3. «Салыстырмалы саясаттану» пәні бойынша дәрістің қысқаша конспектісі

1-ДӘРІС: Салыстырмалы саясаттану саяси ғылымның бөлімі ретінде

Мақсаты: салыстырмалы саясаттанудың объектісі мен пәні анықтау, саяси пәндер жүйесіндегі салыстырмалы саясаттану маңызын ашып көрсету, салыстырмалы саясаттанудың қызметтерін қарастыру

Сұрақтар тізімі:

  1. Салыстырмалы саясаттанудың объектісі мен пәні

  2. Саяси пәндер жүйесіндегі салыстырмалы саясаттану

  3. Салыстырмалы саясаттанудың қызметтері

Негізгі түсініктер: салыстырмалы саясаттану, теоретикалық саясаттану, салыстыру, Чикаго мектебі, Мичиган мектебі, компаративистика

Әдебиет:

    1. Аптер Д.И. Сравнительная политология: вчера и сегодня // Политическая наука: новые направления. Под ред. Р.Гудина и Х.-Д.Клингеманна. – М.: Вече, 1999. – С. 361-384.

    2. Голосов Г.В. Сравнительная политология: Учебник. – 3-е изд., перераб. и доп. – СПб.: Изд-во Европ. ун-та в С.-Петербурге, 2001. – Гл. 1.

    3. Зазнаев О.И. Политический институт // Категории политической науки: (очерки) / науч. ред. М. Х. Фарукшин. – Казань, 2007. – С. 11-43.

    4. Зазнаев О.И. Полупрезидентская система: теоретические и прикладные аспекты. – Казань, 2006. – С. 27-38.

    5. Ильин М.В., Сморгунов Л.В. Сравнительная политология // Политическая наука. – 2001. – № 2. – С. 112-148.

    6. Мэр П. Сравнительная политология: общие проблемы // Политическая наука: новые направления. Под ред. Р.Гудина и Х.-Д.Клингеманна. – М.: Вече, 1999. – С. 309-329.

    7. Рэгин Ч. Особенности компаративистики // Современная сравнительная политология. Хрестоматия. – М.: Московский общественный научный фонд, 1997. – С. 31-51.

    8. Сморгунов Л.В. Современная сравнительная политология. Учебник. – М.: РОССПЭН, 2002. – Гл. 1.

Салыстырмалы саясаттану - әртүрлі елдер мен халықтардың саяси дамуындағы ортақтық пен ерекшелікті зерттейтін саяси ғылымның бір бағыты. Ал кейбір зерттеушілер салыстырмалы саясаттану ерекшелігі оның әдісінде деп есептейді. Тағы бір анықтамаға сүйенер болсақ, салыстырмалы саясаттану пәні - ұлттар мен олардың саяси жүйесін салыстырмалы зерттеу. Әртүрлі саяси жүйелер қызметін теориялық және тәжірибелік түрғыдан салыстырмалы зерттеу келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

1) олардың негізгі ерекшеліктері мен белгілерін, әлеуметгік табиғатын, мазмұнын жақсырақ түсінуге;

2) қоғамдық теория мен тәжірибенің үдемелі дамуына көмек беретіндей олардың әлді және әлсіз жақтарын нақты анықтауға;

3) әртүрлі саяси жүйелердің экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық негіздерін, олардың икемделу тетігін тереңірек зерттеуге.

Салыстырмалы саясаттану ТМД елдері үшін саяси ғылымдағы жаңа бағыттардың бірі, сондықтан бұл бағыттағы ізденістер саны да саусақпен санарлық. ТМД-дағы алғашқы оқулық 1992 ж. жарық көрді, оның авторы - Шаран. Келесі оқулық екі бөлімнен түратын Краснов Ю.-дің еңбегі (Политика: теория и практика. Основы срав. полит. - М., 1993. Ч. 1, 2).

Жалпы ресейлік зерттеушілер салыстырмалы саясаттану саласында біраз жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. Әсіресе, осы бағыттағы Л. Сморгунов пен Г.В. Голосов ізденістерін ерекше атап өтуіміз керек (Сморгунов Л. Сравнительная политология: теория и методология измерения демократии. - Спб., 1999.; Голосов Г.В. Сравнительная политология. - Новосибирск, 1995.) Ал шетелдік зерттеушілерден Г.Алмондты айтуға болады (Сравнительная политология сегодня. - М., 2002.)

2-ДӘРІС: Салыстыру саяси зерттеу әдісі ретінде

Мақсаты: салыстырмалы әдістің маңызын ашып көрсету, салыстырудың әдіснамалық мәселелері талқылау

Сұрақтар тізімі:

  1. Салыстырмалы әдістің маңызы

  2. Салыстыру талдау әдісі ретінде

  3. Салыстырудың әдіснамалық мәселелері

Негізгі түсініктер: әдіс, салыстыру, Гэллап мәселесі, әмбебаптылық, ұқсастық, ерекшелік, критерий

Әдебиет:

  1. Алмонд Г., Пауэлл Дж., Стром К., Далтон Р. Сравнительная политология сегодня: Мировой обзор: Учебное пособие. – М.: Аспект Пресс, 2002. – Гл. 1, 2.

  2. Голосов Г.В. Сравнительная политология: Учебник. – 3-е изд., перераб. и доп. – СПб.: Изд-во Европ. ун-та в С.-Петербурге, 2001. – С. 45-51.

  3. Зазнаев О.И. Полупрезидентская система: теоретические и прикладные аспекты. – Казань, 2006. – Параграф 2 главы 1.

  4. Ильин М.В. Основные методологические проблемы сравнительной политологии // Полис. – 2001. – № 6. – С. 140-143.

  5. Мангейм Д., Рич Р. Политология. Методы исследования.  – М.: Изд. «Весь мир», 1997. – С. 329-355.

  6. Сморгунов Л.В. Современная сравнительная политология. Учебник. – М.: РОССПЭН, 2002. – Гл. 2.

  7. Фарукшин М.Х. Сравнительная политология и сравнительный метод // Методологические проблемы политической науки. – Казань, 1996. – С. 5-14.

Салыстыру әдісі – танымның әмбебап логикалық тәсілі. Ол арқылы белгілі бір сипатты белгі бойынша зерттелетін нысанды‚ құбылыстарды салғастыру жолымен олардың теңдігі немесе айырмашылығы анықталады. Заттар салыстыру арқылы танылады. Жаңа‚ беймәлім нәрсені тану үшін оны ескі‚ мәлім нәрсемен салғастыру‚ салыстыру керек. Ол себеп пен салдарды айқындайды‚ экономикалық құбылыстардың заңдылықтарын‚ өзара байланысын‚ дамуын‚ материалдық‚ еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланудағы тиімділікке қол жеткізу дәрежесін анықтайды.

Салыстыру әдісін қолдану салыстырылатын шамалардың өзара байланыстылығы мен мазмұны бойынша біртектілігі бөлігіндегі салыстырымдылықты көздейді. Деректердің салыстырымдылығы қорытындылаушы көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде ғана емес‚ кәсіпорындар мен салалардың жұмысын талдау кезінде алынатын көрсеткіштерді пайдалану кезінде де қажет. Жекелеген ағымдағы көрсеткіштер жоспарлы көрсеткіштермен‚ жоспарлы және ағымдағы көрсеткіштер алдыңғы кезеңдердегі көрсеткіштермен салыстырылады‚ кәсіпорын бөлімшелері мен жекелеген фирмалар‚ кәсіпорындар‚ салалар арасында салыстырылады. Жоспар‚ алдыңғы кезең‚ ұқсас объект – салыстырудың негізгі түрлері‚ жетістіктерді немесе ықтимал залалдарды бағалаудың критерийлері.

3-ДӘРІС: Мемлекет институты негізінде саяси жүйелерді салыстыру

Мақсаты: Салыстырмалы салыстырмалы талдаудың саяси ж.йелерді талдаудағы ерекшеліктерін көрсету, салыстырмалы зерттеу кезеңдеріне талдау жасау, салыстырмалы талдаудың негізгі әдістеріне сипаттама беру

Сұрақтар тізімі:

  1. Саяси жүйені салыстырудағы ерекшеліктер

  2. Салыстырмалы талдаудың кезеңдері

  3. Салыстырмалы талдаудың негізгі әдістері

Негізгі түсініктер: зерттеу бағдарламасы, әдіснамалық бөлім, әдістемелік бөлім, төлқүжаттық бөлім, негізгі жиынтық, бақылау, теориялық зерттеу, эмпирикалық зерттеу

Әдебиет:

  1. Вельцель Х. Научно-теоретические и методические основы политологии // Методические подходы политологичсекого исследования мета теоретичсекие основы политической теории. Комментированное введение / Сот. Н.Конеген, К.Шуберт. – М.: РОССПЭН, 2004. – С. 107-132.

  2. Доган М., Пеласси Д. Сравнительная политическая социология. – М., 1994. – Часть I.

  3. Зазнаев О.И. Полупрезидентская система: теоретические и прикладные аспекты. – Казань, 2006. – Параграф 2 главы 1.

  4. Мангейм Д., Рич Р. Политология. Методы исследования.  – М.: Изд. «Весь мир», 1997. – С.329-355.

  5. Рейджин Ч., Берг-Шлоссер Д., Де Мер Ж. Политическая методология: качественные методы // Политическая наука: новые направления. – М.: Вече, 1999. – С. 729-747.

  6. Сморгунов Л.В. Современная сравнительная политология. Учебник. – М.: РОССПЭН, 2002. – Параграфы 2.3-2.6.

  7. Фарукшин М.Х. Сравнительная политология и сравнительный метод // Методологические проблемы политической науки. – Казань, 1996. – С. 5-14.

4-ДӘРІС: Саяси режимдер мен жүйелер: негізгі теоретикалық-әдіснамалық негіздері

Мақсаты: салыстырмалы саясаттанудағы саяси режимдер жіктемесін сипаттау, салыстырмалы саясаттанудағы өтпелі режимдер жіктемесін анықтау, саяси режимдерді өлшемдеріне сипаттама беру

Сұрақтар тізімі:

  1. Салыстырмалы саясаттанудағы саяси режимдер жіктемесі

  2. Салыстырмалы саясаттанудағы өтпелі режимдер жіктемесі

  3. Саяси режимдерді өлшеу

Негізгі түсініктер: саяси режим, саяси режим түрлері, саяси жүйе, өлшеу, индикатор, негізгі критерийлер, параметр, теория

Әдебиет:

  1. Голосов Г.В. Сравнительная политология: Учебник. – 3-е изд., перераб. и доп. – СПб.: Изд-во Европ. ун-та в С.-Петербурге, 2001. – Гл. 3.

  2. Даймонд Л. Определение и развитие демократии // Теория и практика демократии. Избранные тексты. – М.: Ладомир, 2006. – С. 25-33.

  3. Лейпхарт А. Демократия в многосоставных обществах: сравнительное исследование. – М.: Аспект Пресс, 1997. – С. 143-156.

  4. Лейпхарт А. Консоциональная демократия // Теория и практика демократии. Избранные тексты. – М.: Ладомир, 2006. – С. 119-122.

  5. Сморгунов Л.В. Современная сравнительная политология. Учебник. – М.: РОССПЭН, 2002. – Гл. 7, 11.

  6. Сравнительная политика. Основные политические системы современного мира / Под общ. ред. В.С.Бакирова, Н.И.Сазонова. – Х.: ХНУ им. В.Н.Карамзина, 2005. – Гл. 12, 13.

  7. Хантингтон С. Третья волна. Демократизация в конце ХХ века. – М.: РОССПЭН, 2003. – С. 123-126.

5-ДӘРІС: Салыстырмалы саясаттанудағы авторитарлық және тоталитарлық режимдерді салыстыру

Мақсаты: авторитарлық режимнің түрлеріне сипаттама беру, авторитарлық режимнің бүгінгі көрінісін талдау жасау

Негізгі түсініктер: авторитаризм, дәстүрлі авторитарлық режим, авторитарлық-бюрократиялық режим, ағартушы авторитаризм, авторитаризм теориялары

Сұрақтар тізімі:

  1. Авторитарлық режимнің түрлері

  2. Авторитарлық режимнің бүгінгі көрінісі

Әдебиет:

  1. Алмонд Г., Пауэлл Дж., Стром К., Далтон Р. Сравнительная политология сегодня. Мировой обзор. – М., 2002. – Гл. 2, 6.

  2. Даль Р. Предпосылки возникновения и утверждения полиархий // Полис.– 2002.– № 6.– C. 34–56.

  3. Ровдо В. Сравнительная политология: Учеб. пособие. В 3 ч. Ч.1. – Вильнюс: ЕГУ – М.: ООО «Вариант», 2007. – Тема 2.

  4. Сморгунов Л.В. Современная сравнительная политология. Учебник. – М.: РОССПЭН, 2002. – Гл. 7.

  5. Сравнительная политика. Основные политические системы современного мира / Под общ. ред. В.С.Бакирова, Н.И.Сазонова. – Х.: ХНУ им. В.Н.Карамзина, 2005. – Гл. 1.

  6. Хантингтон С. Политический порядок в меняющихся обществах. – М.: Прогресс-Традиция, 2004. – Гл. 3.

  7. Эндрейн Ч.Ф. Сравнительный анализ политических систем: Эффективность осуществления политического курса и социальные преобразования: Пер. с англ.– М.: Изд. Дом. "ИНФРА–М": Весь мир, 2000. – Гл. 1.

Авторитаризм, авторитарлық саяси режим — билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауым- дастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті автори- тарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағ- дайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер анық- талынған, саяси жинақылық төмен. Адамзаттың тарихи тәжірибесінде авторитарлық режимнің дамуының әр түрлі формалары көрініс тапқан. Бұл формалардың ерекшелігі қауымдастықтың дамуының әлеуметтік-мәдени деңгейімен анықталынады.

Дәстүрлі авторитарлық режим Табиғи-тарихи дамудың негізінде барлығы осы баспал- дақ арқылы өтті. Мұндай авторитарлық режимдер саяси тұйықтық пен оқшаулану жағдайында қалыптасып, қызмет етеді. Дәстүрлі авторитарлық режимді жабық қоғамға тән кесел — саяси оқшаулану жағдайына бейімделу деп есептеуге болады. Осы саяси жүйенің тұрақтылығын тұйықтық, сыртқы әсерлердің өте төмен деңгейі қамтамасыз етеді. Бұл режимдер пайда болудың әр түрлі негіздеріне ие және эр түрлі кезеңдерде өмір сүруі мүмкін. Көптеген патриархалды-феодалдық , феодалдық мемлекеттердің дамуының бастапқы кезендері үшін дәстүрлі саяси режим тән болды. Құқықтық мәдениет мүлдем бол- мады. Билік құрушы субъект өз ережелеріне сүйеніп басқ- арды, билік күшпен тартып алынды, қейіннен біртіндеп тақгы мұраға қалдыру қалыптаса бастады) Мұндай режим- дер салыстырмалы тұрақтылығымен ерекшеленеді, себебі олар модернизацияға жеңіл ұшырайды.

Авторитарлық-бюрократиялық режим Мұндай режим саяси дағдарыс жағдайында пайда болады, әсіресе саяси өзгерістерді басынан кешіріп отырған өтпелі қоғамдарға тән режимнің ең маңызды саяси міңдеті — қоғамдағы саяси тұрақтылықты сақтау мен әлеуметтік дағ- дарыстың, таптардың, этникалық, әлеуметтік топтардың ашық теке-тіресіне ұласып кетпеуін қадағалау, сол себепті, үстемдік етуші саяси элита ептілігімен ерекшеленеді, ол қарсы тұрушы күштердің үстінде тұруға ұмтылады, әлеуметтік демагогияға, кеңтаралымды үңдеулерге жүгінеді, популистік бағдарламаларды ұсынады. Режимнің міндеті — бұқараны тыныштандыру, олардың саяси процеске қатысуын шектеу. Мұндағы негізгі ұраны саясатпен айналысу қажет емес, тек қана еңбек ету кіреді. Режим белгілі бір лидерге харизма жасай отырып, оның танымалдығын пайдалануы мүмкін. Режимде үстем партияны, халықгы біріктіретін идеологияны қалыптастыруға деген тенденция пайда болады.

6-ДӘРІС: Салыстырмалы саясаттанудағы демократияны зерттеу

Мақсаты: демократия теориялары және түрлеріне сипаттама беру, демократия үлгілеріне талдау жасау, демократизация үрдістері индекстерін шолу

Сұрақтар тізімі:

  1. Демократия теориялары және түрлері

  2. Демократия үлгілері

  3. Демократизация үрдістері: теориялары мен индекстері

Негізгі түсініктер: демократия, демократизация, партиципаторлы демократия, плебисцитарлы демократия, қатысушы демократия, ақпараттық демократия, демократия индекстері

Әдебиет:

  1. Голосов Г.В. Сравнительная политология: Учебник. – 3-е изд., перераб. и доп. – СПб.: Изд-во Европ. ун-та в С.-Петербурге, 2001. – Гл. 3.

  2. Даймонд Л. Определение и развитие демократии // Теория и практика демократии. Избранные тексты. – М.: Ладомир, 2006. – С. 25-33.

  3. Лейпхарт А. Демократия в многосоставных обществах: сравнительное исследование. – М.: Аспект Пресс, 1997. – С. 143-156.

  4. Лейпхарт А. Консоциональная демократия // Теория и практика демократии. Избранные тексты. – М.: Ладомир, 2006. – С. 119-122.

  5. Сморгунов Л.В. Современная сравнительная политология. Учебник. – М.: РОССПЭН, 2002. – Гл. 7, 11.

  6. Сравнительная политика. Основные политические системы современного мира / Под общ. ред. В.С.Бакирова, Н.И.Сазонова. – Х.: ХНУ им. В.Н.Карамзина, 2005. – Гл. 12, 13.

  7. Хантингтон С. Третья волна. Демократизация в конце ХХ века. – М.: РОССПЭН, 2003. – С. 123-126.

Либералды демократия теориясы — классикалық либерализмнің идеялары, принциптері, саяси-идеологиялық бағыттары мен мақсаттарының теориялық негізі. Либералды демократия теориясы индивидті қоғам мен мемлекеттен бөлек қарастырды, мемлекет пен азаматтық қоғамды бір-бірінен ажыратты, мемлекеттің қоғам және тұлғамен қатынасындағы қызметі мен өкілеттілігі аясын шектеді, азшылықтың көпшілікке қатысты дербестігі мен құқығын қорғады, барлық азаматтардың саяси теңдігін жариялады, адамға негізгі, ажырамас құқықтар беріп, оны саяси жүйенің негізгі элементі ретінде қарастырды. Осы идеялар негізінде 18 — 19 ғасырларда қазіргі демократиялық жүйелер бастау алатын басқару нысандары пайда болды.

Либералды демократия теориясы бойынша халық билік субъектісі ретінде биліктің бастапқы және негізгі қайнар көзі болып танылуы; жеке адамның бостандығы мен құқықтары, сондай-ақ парламентаризм мен өкілді билік органдарының басым болуы; мемлекеттің құзыреті мен іс-әрекет аясы негізінен қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғаумен шектелуі, оның экономиялық, әлеуметтік және рухани процестерге араласпауы тиіс.

Либералды демократия теориясында жеке және топтық дербестіктің танылуы көпшіліктің азшылық үстінен билік жүргізуін шектейді. Либералды демократия теориясының осы және өзге де белгілері адам бостандығы, оның қадір-қасиеті мен құқықтарын құрметтеу туралы теориялық ой-пікірлердің дами түскендігін көрсетті. Либералды демократия теориясының кемшіліктері жеке адамның рөліне асыра мән бере отырып, оның ұжымдық байланыстарын жоққа шығару, қоғамның тіршілік әрекетін реттеудегі мемлекеттің рөлін тым төмендетуден көрініс тапты. Дегенмен де либералды демократияның классикалық теориясы қазіргі демократиялық тұжырымдамалар мен оларды іске асырудың басты теориялық негіздерінің біріне айналды.

«Ақпараттық демократияның» негізін салушы Франция саясатшысы М.Рокар. Оның демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады.

Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары:

  • халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады;

  • халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады;

  • саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылады.

Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т.с.с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз.

Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады.

Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптенген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке мешікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде. Дамыған Батыс Еуропа елдеріндегі тарихи тәжірибелерін демократия орнату жолындағы рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын енгізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.

7-ДӘРІС: Посткоммунистік және посткеңестік демократиялық транзиттер

Мақсаты: саяси транзитологияның қалыптасуы және дамуын қарастыру, демократиялық транзиттерді зерттеудегі негізгі көзқарастарды анықтау, саяси транзиттің әдіснамалық мәселелері талқылау

Сұрақтар тізімі:

  1. Саяси транзитологияның қалыптасуы және дамуы

  2. Демократиялық транзиттерді зерттеудегі негізгі көзқарастар

  3. Саяси транзиттің әдіснамалық мәселелері

Негізгі түсініктер: демократиялық транзит, транзитология, демократия, өтпелі кезең, демократура, демократия деңгейі

Әдебиет:

  1. Гельман В.Я. Трансформация в России: политический режим и демократическая оппозиция. – М., 1999. – С. 17-22.

  2. Зазнаев О.И. Политический режим // Политология: Учебник / Под ред. проф. М.Х.Фарукшина. – Казань: Изд-во Казанского ун-та, 1999. – Параграф 5.3 «Переход к демократии».

  3. Карл Т.Л., Шмиттер Ф. Демократизация: концепты, постулаты, гипотезы // Полис. – 2004. – № 4. – С. 6-27.

  4. Карозерс Т. Конец парадигмы транзита // Политическая наука. – 2003. – № 2. – С. 42-65.

  5. Карозерс Т. Ошибка теории «поэтапной демократизации» // Pro et Contra. – 2007. – № 1 (35). – С. 85-102.

  6. Мачкув Е. Демократия, авторитаризм, тоталитаризм – устарела ли эта триада в учении о формах правления? // Российский конституционализм: политический режим в региональном контексте. – М., 2000. – С. 27-39.

  7. Мельвиль А.Ю. Демократические транзиты (теоретико-методологические и прикладные аспекты). – Москва: МОНФ, 1999. – § 1.1, 1.2.

  8. Мюллер К., Пикель А. Смена парадигм посткоммунистической трансформации // Социс. – 2002. – № 9. http://www.isras.ru/files/File/Socis/2002-09/Muller_Pickell.pdf

  9. Сморгунов Л.В. Современная сравнительная политология. Учебник. – М.: РОССПЭН, 2002. – Гл. 8, 9.

  10. Хантингтон С. Третья волна демократии // Теория и практика демократии. Избранные тексты. – М.: Ладомир, 2006. – С. 79-83.

Демократия индексі — Economist Intelligence Unit демократия деңгейі бойынша әлемнің 167 елін санаттау.

Санаттау кезінде 5 санатқа жататын 60 түрлі көрсеткіштер ескеріледі: сайлау мен плюрализм, азаматтық бостандық, Үкімет қызметі, халықтың саяси алуандығы мен саяси сауаттылығы. индекс алғашқы рет 2007 жылы жасалды, ал 2008 және 2010 жылдары толықтырылды.

8-ДӘРІС: Саяси партияларға салыстырмалы талдау

Мақсаты: саяси партиялар мен партиялық жүйелердің дамуына талдау жасау, саяси партиялардың жіктемесін беру, посткеңестік елдердегі партиялық жүйелерді салыстыру

Сұрақтар тізімі:

  1. Саяси партиялар мен партиялық жүйелердің дамуы

  2. Саяси партиялардың жіктемесі

  3. Посткеңестік елдердегі партиялық жүйелерді салыстыру

Негізгі түсініктер: саяси партия, партия түрлері, бір партиялық, екі партиялық, көппартиялық, партиялық жүйе, идеология

Әдебиет:

  1. Гантер Р., Даймонд Л. Виды политических партий: новая типология // Политическая наука. – 2006. – № 1. – С. 54-60.

  2. Голосов Г.В. Сравнительная политология: Учебник. – 3-е изд., перераб. и доп. – СПб.: Изд-во Европ. ун-та в С.-Петербурге, 2001. – Гл. 6.

  3. Дюверже М. Политические партии. – М.: Академический проект, 2005. – Кн. 2, гл. 1.

  4. Кац Р., Мэир П. Изменяющиеся модели партийной организации и партийной демократии: возникновение картельных партий // Партии и выборы: Хрестоматия / Отв. ред. И сост. Н.В.Анохина, Е.Ю.Мелешкина. – Ч. 1. – М.: ИНИОН, 2004.С. 7-13. или Политическая наука. – 2006. – № 1. – С. 27-44.

  5. Кулик А. Н. Сравнительный анализ в партологии: проект К. Джанды // Полис. – 1993. – № 1. – С. 92-98.

  6. Лейпхарт А. Партийные системы. Двухпартийные и многопартийные системы // Партии и выборы: Хрестоматия / Отв. ред. И сост. Н.В.Анохина, Е.Ю.Мелешкина. – Ч. 1. – М.: ИНИОН, 2004.С. 27-48.

  7. Липсет С.М., Роккан С. Структуры размежеваний, партийные системы и предпочтения избирателей // Партии и выборы: Хрестоматия / Отв. ред. И сост. Н.В.Анохина, Е.Ю.Мелешкина. – Ч. 1. – М.: ИНИОН, 2004. – С. 49-80.

  8. Сартори Дж. Партии и партийные системы: рамки анализа // Партии и выборы: Хрестоматия / Отв. ред. и сост. Н.В.Анохина, Е.Ю.Мелешкина. – Ч. 1. – М.: ИНИОН, 2004. – С. 14-26.

  9. Сморгунов Л.В. Сравнительная политология: Теория и методология измерения демократии. – СПб, 1999. – Гл. 13.

Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің  қалыптасу  кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.

"Партия" деген сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы сая¬си партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады. Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ға¬сырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла бастады.

Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:

  1. Аристократиялық үйірмелер.

  2. Саяси клубтар.

  3. Көпшілік партиялар.

Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін корғады. Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық(виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа партиялар әр түрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды.

Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбри¬танияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады. 2. Саяси партиялардың негізгі қызметтері

Поляктың саясаттанушысы А. Боднардың ойынша, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтер атқарады:

  1. Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;

  2. Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау

  3. Олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;

  4. Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;

  5. Қоғамдық пікірді қалыптастыру;

  6. Жалпы коғамды. топты саяси тәрбиелеу:

  7. Саяси жүйелерді, онын принциптерін, элементтерін. күрылымдарын калыптастыруға қатысу;

  8. Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және онын жұмысының  бағдарламасын жасау;

  9. Мемлекеттін, кәсіподактарының, коғамдық ұйымдарының аппараты үшін кадрлар даярлау, ұсыну.

Қазіргі  демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті  азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.

  1. Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері

Саяси партияларды жіктеп. жүйелеудің көтеген өлшем және белгілері бар. Француз ғалымы М.Дюверже сайлаушылар мен белсен ділер санына қарай екіге бөлген:

Кадрлық - сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын мүше саны аз,ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы.

Бұқаралық - сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері де көп. Партия¬лық билеті жоқ мүшелік жар¬на төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы АКШ-тың республикалык және демократиялық партиялары.

Сайлаушылар партиясы - бұл партияның, негізгі мақсаты үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с. Мұнда тұрақты мүшелік жоқ ұйымдық құрылым жоқ

Парламенттік партия - екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады.

Авангардтық партия - орталықтанған өзінің барлық мүшелерінен партиянын жұмысына белсенді катынасуын талап етеді.

Қауымдастық партиясы - ортак көзкарас, ұқсас мүдделеріне орай маңызды мәселелерді талқылау үшін бірік-тіріледі.

Коммунистік партиялар — К.Маркстің ілімін басшы-лыққа алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды.

Социал-демократиялық партиялар - бұл партиялар үнемі еңбекші халыктың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі құндылықтары: әділеттілік, бостандық, теңдік, ынтымақтастық.

Буржуазиялық-демократиялық — билік үшін ашық күрес жүргізеді. Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында бәрінің, де тең болғанын қалайды.

Консервативтік партиялар - ірі буржуазияның мүдде¬сін қорғайды. Тенсіздікті сақтағысы келеді.

Фашистік партиялар - адам құқықтары мен бостанықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде жоғары тұрады. Күштеу басым болады.

Билеуші партиялар - билік қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді.

Оппозициялық партиялар - олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қарсыластық қасиет тән.

Ресми партия - жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді.

Жартылай ресми партия - формалды түрде рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған.

Бірпартиялық - өзінен баска партияның болғанын қаламайды. Мұндай партия тоталитарлық және авторитарлық коғамға тән. Мысалы: бұрынғы КСРО-дағы коммунистік партия.

Екіпартиялық - мұнда нағыз бәсекелестік ірі екі пар¬тия арасында болады. Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді. Үнемі бір-бірін сынға алып отырады. Мыса¬лы: АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялары. Ұлыбританиядағы консерваторлар мен лейбористер партиялары, Германиядағы христиандық демократтар мен социал-демократтар.

Көппартиялылық - мүнда үш немесе одан да көп пар¬тиялар болады. Саяси мәселелер жан-жақты қаралады, бюрократияға тежеу салынады. Билік басына нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік туады. Мысалы: қазіргі Қазақстан Республикасы. Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция құруы мүмкін.

9-ДӘРІС: Сайлау жүйелерін салыстырмалы талдау

Мақсаты: сайлау жүйелерінің жіктемесіне сипаттама беру, сайлау жүйелерін бағалау тәсілдерін көрсету, әр түрлі сайлау жүйелерінің саяси салдарына талқылау жасау

Сұрақтар тізімі:

  1. Сайлау жүйелерінің жіктемесі

  2. Сайлау жүйелерін бағалау

  3. Әр түрлі сайлау жүйелерінің саяси салдары

Негізгі түсініктер: сайлау, сайлау цензі, сайлау шектеулері, сайлау жүйелері, пропорционалды сайлау жүйесі, мажоритарлы сайлау жүйесі, плюралды сайлау жүйесі

Әдебиет:

  1. Голосов Г.В. Сравнительная политология: Учебник. – 3-е изд., перераб. и доп. – СПб.: Изд-во Европ. ун-та в С.-Петербурге, 2001. – 7.

  2. Дербишайр Дж. Д., Дербишайр Я. Политические системы мира: в 2 т. – М.: РИПОЛ КЛАССИК, 2004. – Т. 1. – Гл. 6; параграф 7.9.

  3. Зазнаев О.И. Как определяется победитель на выборах? // Что хотел бы знать избиратель Татарстана о выборах (но не знает где это спросить). – Казань: ГранДан, 2002. – С. 21–34.

  4. Ровдо В. Сравнительная политология: Учеб. пособие. В 3 ч. Ч. 1-2. – Вильнюс: ЕГУ – М.: ООО «Вариант», 2007. – С. 122-135.

  5. Сморгунов Л.В. Современная сравнительная политология. Учебник. – М.: РОССПЭН, 2002. – Гл. 14

  6. Таагепера Р., Шугарт М.С. Описание избирательных систем // Современная сравнительная политология. Хрестоматия. – М.: Московский общественный научный фонд, 1997. – С. 144-197 или Полис. – 1997. – № 3. – С. 114-136.

Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.

Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады.

Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:

  • дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді);

  • қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.

Пропорционалды сайлау жүйесі Парламент Мәжілісінің он депутатын, партиялық тізімге сәйкес пропорционалды өкілдіктер жүйесі бойынша және біртұтас жалпы ұлттық округтің аумақтары бойынша сайлауда қолданылады. Мәжіліс сайлауы өткеннен кейін ОСК дауыс беруге қатыскан сайлаушылар санының жеті және одан да көп пайызын алған партияларды анықтайды.

Осыдан кейін партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онда — біртұтас жалпы ұлттық округтің аумағы бойынша бөлінетін депутаттың мандаттар санына бөлінеді. Бұл нәтиже таңдап алынған алғашқы бөлінді сан (квота) болып табылады. Әрбір саяси партия жинаған дауыстардың саны квотаға (жеке санға) бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік — партиялық тізім кұрған тиісті саяси партия алатын депутаттын мандаттар саны болып табылады. Депутаттық мандаттар кандидаттарды тиісті партиялық тізімге орналастырудың ретінде қатаң бөлінеді.

Партиялық тізімдерді құраған саяси партиялар арасындағы депутаттық мандаттарды бөлудің нәтижесінде сайланған депутат мерзімінен бұрын шығып калған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының каулысымен сол партиялық тізім бойынша сайланған келесі кандидатқа беріледі. Тиісті партиялық тізімде кандидаттар калмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесі сайлауына дейін мандат бос калады. Саяси партияны тарату немесе саяси партиядағы мүшелігін тоқтату осы партияның партиялық тізімі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігін тоқтату үшін негіз болып табылады.

10-ДӘРІС: Салыстырмалы зерттеулердегі саяси мәдениет

Мақсаты: саяси мәдениет және саяси әлеуметтену теорияларына шолу, саяси мәдениет түрлері және саяси режимнің ара-қатынасын анықтау, әр түрлі саяси режим жағдайындағы саяси қатысу деңгейіне талдау жасау

Сұрақтар тізімі:

  1. Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену теориялары

  2. Саяси мәдениет түрлері және саяси режим

  3. Әр түрлі саяси режим жағдайындағы саяси қатысу деңгейі

Негізгі түсініктер: саяси мәдениет, патриархалды саяси мәдениет, азаматтық саяси мәдениет, салт-дәстүр, саяси сана, саяси идеология

Әдебиет:

  1. Алмонд Г. А., Вербе С. Гражданская культура и стабильность демократии // Полис. – 1992. – №4.

  2. Алмонд Г., Пауэлл Дж., Стром К., Далтон Р. Политическая культура и политическая социализация // Алмонд Г., Пауэлл Дж., Стром К., Далтон Р. Сравнительная политология сегодня. М., 2002. – С. 156 – 186.

  3. Даль Р. Проблемы гражданской компетентности // Пределы власти №1.

  4. Пивоваров Ю. С. Политическая культура: методологический очерк. – М., 1996.

  5. Политическая культура: Теория и национальные модели /Под ред. К. С. Гаджиева. – М., 1994.

Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - воспитиние, образование, развитие) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:

  • "патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;

  • "Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;

  • "Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.

Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.

Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.

11-ДӘРІС: Саяси модернизацияны талдаудағы салыстырмалы зерттеу әдісі

Мақсаты: мемлекеттің саяси модернизациялануы түрлерін талқылау, саяси модернизациялану үрдісін зерттеуде салыстырмалы әдісті қолданудың ерекшеліктерін анықтау.

Сұрақтар тізімі:

  1. Саяси модернизация түсінігі

  2. Саяси модернизацияланудың түрлері

  3. саяси модернизациялану үрдісін зерттеуде салыстырмалы әдісті қолданудың ерекшеліктері.

Негізгі түсініктер: мемлекеттік саясат, саясат, public policy, теория, институционализм, ойындар теориясы, мақсаттар ағашы, жариялылық саясат, үшінші әлем елдері, транзит.

Әдебиет:

  1. Голосов Г. В. Сравнительная политология. – СПб, 2001.

  2. Государственная политика и управления. Учебник. Ч.1. Концепции и проблемы государственной политики и управления //Под.ред. Л.Сморгунова. М., 2006. – 384с.

  3. Горгес Р. Так работают правительство и парламент. М.: Дело, 1993.

  4. Государственное управление и государственная служба за рубежом. – СПб., 1998.

  5. Дегтев Г. В. Конституционно-правовой статус президентов Российской Федерации и США: сравнительно-правовой анализ. М.: Юрист, 2003.

  6. Деобишайр Дж. Д., Деобишайр Я. Политические системы мира: В 2-х т. – М., 2004.

  7. Жакке Ж.-П. Конституционное право и политические институты. М.: Юристъ, 2002.

  8. Зубов А. Б. Парламентская демократия и политическая традиция Востока. – М., 1990.

  9. Институты конституционного права иностранных государств. М.: Городец-издат, 2002.

  10. Институты самоуправления: Историко-правовое исследование. – М., 1995.

  11. Исполнительная власть: Сравнительно-правовое исследование. – М., 1995.

12-ДӘРІС: Кроссұлттық зерттеулер

Мақсаты: кроссұлттық талдау түсінігі мен ерекшелігі анықтау, әлем мемлекеттерін жіктеу мәселесіне талдау жасау, кроссұлттық салыстырудағы сандық талдаудың мәнін ашу

Сұрақтар тізімі:

  1. Кроссұлттық талдау: түсінігі және ерекшелігі

  2. Әлем мемлекеттерін жіктеу

  3. Кроссұлттық салыстырудағы сандық талдау

Негізгі түсініктер: жіктеу, критерий, корссұлттық зерттеу, ел, мемлекет, сандық әдіс, сандық көрсеткіш, кқрсеткіш

Әдебиет:

  1. Алмонд Г., Пауэлл Дж., Стром К., Далтон Р. Сравнительная политология сегодня: Мировой обзор: Учебное пособие. – М.: Аспект Пресс, 2002. – С. 39-67.

  2. Голосов Г.В. Сравнительная политология: Учебник. – 3-е изд., перераб. и доп. – СПб.: Изд-во Европ. ун-та в С.-Петербурге, 2001. – Гл. 2.

  3. Доган М., Пеласси Д. Сравнительная политическая социология. – М., 1994. – Часть III, IV.

  4. Ойен Э. В чем несовершенство метода? // Сравнительная социология. Избранные переводы. – М., 1995. – С. 27-44.

  5. Сморгунов Л.В. Современная сравнительная политология. Учебник. – М.: РОССПЭН, 2002. – Гл. 1-2.

  6. Чешков М. Государственность как атрибут цивилизации: кризис, угасание или возрождение // Мировая экономика и международные отношения. – 1993. – № 1. – С. 29–31.

Салыстырмалы-мәдени психология немесе кросс-мәдени психология деген терминмен байланысты.

Кросс-мәдени зерттеуді ең алғаш 1901-1905 жылдары американдық ғалым К. Риберс жүргізді. Ол Мюррей аралының тұрғындары, сонымен қатар үнділер, европалықтарға қарағанда иллюзияға аз берілетінін эксперименталды түрде көрсетіп берген. Бұл зерттеу өзіне көптеген ғалымдардың назарын аудартты. Осы зерттеуден соң, осыған ұқсас көп түрлі психологиялық феномендерді зерттеу бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді. Осы зерттеулерге ортақ нәрсе тек құрылымның алғашқы схемасы болды, адекватты түрде қойылған міндетке сәйкес психологияның арасындағы қандайда бәр әдістеме таңдалып алынады, осы әдістеме бойынша екі немесе оданда көп этникалық топ зерттеушілерге салыстырмалы зерттеу жүргізілді.

Кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеудің қарапайымдылығы, жүргізу жеңілділігіне қарамастан біршама қиындықтар кездеседі.

Біріншіден, психологтың алдында үнемі әдістеме нәтижелерінің салыстырмалығы туралы сұрақ тұрады. Сондықтан барлық әдістемелер сол ұлттың ұлттық-психологиялық ерекшеліктеріне бейімделген болуы керек.

Екіншіден, әртүрлі этникалық қауымдастықтың өкілдерінің қатынасы бірдей болғандықтан, белгілі бір халық үшін экспериметтік арнайы процедурасын өңдеу қажет.

Үшіншіден, зерттеуші өзінің және бөтен елдің мәдениетін обьективті түрде қарсы қоя ала ма Немесе өзі жатпайтын этникалық топтарды ғана зерттеуге құқығы бар ма деген сұрақ үнемі туып отырады.

Кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеу психологияның басқа салаларының арасындағы әдістемелердің орнына қандай да бір әмбебап әдістерді құру қажеттілігін көрсетеді. Бірақта белгілі бір шектерге қарамастан кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеу бір этномәдениеттің, бір ұлттың, бір этникалық қауымдастықтың ішінен тыс жаңа принципті нәтижелер береді.

М. Мидтің көрсетуінше, мәселені шеше отырып, мәдени-антропологтар мен психологтар оған әртүрлі концептуалды схемамен, тұжырыммен қарады.

Қазіргі уақытта этнопсихологиядағы жетістіктер осы ықпалмен байланысты. Санасыз түрде зерттеушінің өз мәдениетін салыстыру үшін стандарт болғандықтан үнемі қауіп төніп тұрады, оның жеткілікті мөлшерде кемшіліктері де болады.

Салыстырмалы-мәдени психология немесе кросс-мәдени этнопсихологияның пәні әртүрлі мәдениеттер және этникасыз қоғамдағы психологиялық ауыспалылардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеу болып табылады.

Мәдениеттің, әсіресе тәуелсіз деп есептелетін «обьективті» әдістер қолданылады, зерттеушілер үлкен субьективті қателерден қашуға көптеген мәдени антрополгтар салыстырмалы-мәдени зерттеулерге белсенсіз қарайды. Олардың есептеуінше, әрбір мәдениетте тұйық, әмбебап желі бар, салыстыру үшін адекватты көрсеткіштер алу мүмкін емес дейді.

13-ДӘРІС: Президент институты: салыстырмалы талдау

Мақсаты: Президент институтының қалыптасуы және түрлеріне сипаттама, посткеңестік елдердегі президент институтының ерекшеліктерін анықтау, президент институтының саяси үдерістегі рөлі мен орнын көрсету

Сұрақтар тізімі:

  1. Президент институтының қалыптасуы және түрлері

  2. Посткеңестік елдердегі президент институтының ерекшеліктері

  3. Президент институтының саяси үдерістегі рөлі мен орны

Негізгі түсініктер: президент, президент институты, президенттік республика, атқарушы билік, билік бөліну теориясы

Әдебиет:

  1. Голосов Г.В. Сравнительная политология: Учебник. – 3-е изд., перераб. и доп. – СПб.: Изд-во Европ. ун-та в С.-Петербурге, 2001. – Гл. 9.

  2. Зазнаев О.И. Полупрезидентская система: теоретические и прикладные аспекты. – Казань: Казан. гос. ун-т им. В. И. Ульянова-Ленина, 2006. – Гл. 2, параграф 3 гл. 3.

  3. Зазнаев О.И. Типология форм правления: работа над ошибками // Полис. – 2006. – № 1. – С. 92–103.

  4. Линц Х. Опасности президентской формы правления // Теория и практика демократии. Избранные тексты / Пер. с англ. под ред. В.Л. Иноземцева, Б.Г. Капустина. – М.: Ладомир, 2006. – С. 216-222.

  5. Риггс Ф. Сравнительная оценка президентской формы правления // Сравнительная социология. Избранные переводы. – М.: Academia, 1995. – С. 99–156.

  6. Фарукшин М.Х. Сравнительный федерализм: учебник по спецкурсу. – Казань: Изд-во Казан. ун-та, 2001.

  7. Шугарт М.С., Кэри Д. Президентские системы // Современная сравнительная политология: хрестоматия. – М., 1997. – С. 198–246.

  8. Шугарт М.С., Кэрри Д. Президенты и законодательные собрания // Теория и практика демократии. Избранные тексты / Пер. с англ. под ред. В.Л. Иноземцева, Б.Г. Капустина. – М.: Ладомир, 2006. – С. 228-232.

14-ДӘРІС: Посткеңестік елдердегі федеративті және унитарлы мемлекеттік құрылысына талдау жасау

Мақсаты: басқару түрі түсінігі және жіктемесін анықтау, басқару түрлерін өлшеу әдістемесін түсіндіру, федеративті және унитарлы мемлекеттік құрылыстардың қазіргі заманғы үдерістерді анықтау

Сұрақтар тізімі:

  1. Басқару түрі түсінігі және жіктемесі

  2. Басқару түрлерін өлшеу

  3. Федеративті және унитарлы мемлекеттік құрылыстардың қазіргі заманғы үдерістері

Негізгі түсініктер: басқару түрі, мемлекет, унитарлы мемлекет, федеративті мемлекет, әкімшілік-саяси басқару, мемлекеттік органдар

Әдебиет:

  1. Голосов Г.В. Сравнительная политология: Учебник. – 3-е изд., перераб. и доп. – СПб.: Изд-во Европ. ун-та в С.-Петербурге, 2001. – Гл. 9.

  2. Зазнаев О.И. Полупрезидентская система: теоретические и прикладные аспекты. – Казань: Казан. гос. ун-т им. В. И. Ульянова-Ленина, 2006. – Гл. 2, параграф 3 гл. 3.

  3. Зазнаев О.И. Типология форм правления: работа над ошибками // Полис. – 2006. – № 1. – С. 92–103.

  4. Линц Х. Опасности президентской формы правления // Теория и практика демократии. Избранные тексты / Пер. с англ. под ред. В.Л. Иноземцева, Б.Г. Капустина. – М.: Ладомир, 2006. – С. 216-222.

  5. Риггс Ф. Сравнительная оценка президентской формы правления // Сравнительная социология. Избранные переводы. – М.: Academia, 1995. – С. 99–156.

  6. Фарукшин М.Х. Сравнительный федерализм: учебник по спецкурсу. – Казань: Изд-во Казан. ун-та, 2001.

  7. Шугарт М.С., Кэри Д. Президентские системы // Современная сравнительная политология: хрестоматия. – М., 1997. – С. 198–246.

15-ДӘРІС: Мемлекеттік қызмет: үлгілері және теориялары

Мақсаты: мемлекеттік қызмет теорияларын ашып көрсету, мемлекеттік қызмет үлгілерін көрсету, посткеңестік елдердегі мемлекеттік қызмет үлгілеріне талдау жасау

Сұрақтар тізімі:

  1. Мемлекеттік қызмет теориялары

  2. Мемлекеттік қызмет үлгілері

  3. Посткеңестік елдердегі мемлекеттік қызмет үлгілері

Негізгі түсініктер: мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметкер, ротация, конкурс, мемлекеттік қызметкер этикасы, мемлекеттік қызмет агенттігі

Әдебиет:

  1. Голосов Г.В. Сравнительная политология: Учебник. – 3-е изд., перераб. и доп. – СПб.: Изд-во Европ. ун-та в С.-Петербурге, 2001. – Гл. 3.

  2. Даймонд Л. Определение и развитие демократии // Теория и практика демократии. Избранные тексты. – М.: Ладомир, 2006. – С. 25-33.

  3. Лейпхарт А. Демократия в многосоставных обществах: сравнительное исследование. – М.: Аспект Пресс, 1997. – С. 143-156.

  4. Лейпхарт А. Консоциональная демократия // Теория и практика демократии. Избранные тексты. – М.: Ладомир, 2006. – С. 119-122.

  5. Сморгунов Л.В. Современная сравнительная политология. Учебник. – М.: РОССПЭН, 2002. – Гл. 7, 11.

  6. Сравнительная политика. Основные политические системы современного мира / Под общ. ред. В.С.Бакирова, Н.И.Сазонова. – Х.: ХНУ им. В.Н.Карамзина, 2005. – Гл. 12, 13.

  7. Хантингтон С. Третья волна. Демократизация в конце ХХ века. – М.: РОССПЭН, 2003. – С. 123-126.

Мемлекет басшысы әкімшілік реформа­сының мақсаты ретінде корпоративтік басқару, транспаренттік және қоғам алдында есеп берушілік қағидаттарына сай әрекет ететін жинақы және кәсіби мемлекеттік аппарат құруды белгілеп берді. Мұның барлығы тұтасымен алғанда халықтың өмір сүру сапасын және елімізде бизнесті дамытудың ахуалдарын жақсартудың ортақ мақсаттарына қызмет етеді.

Реформаның негізгі бағыттары – мем­ле­кеттік органдардың құрылымын жетілдіру, мемле­кеттік қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуді өсіру, мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары са­пасына қол жеткізу, мемлекеттік орган­дар­дың іс-қимылының рейтингін және бюджеттік үдеріске жаңа тәсілдермен ара­ла­суын енгізу, мемлекеттік аппараттың тұрақ­ты­лығын, орнықтылығын және басқаруға оң­тай­лылығын арттыру, сыбайластықты азайту, мемлекеттің оңды имиджін қалыптастыру және нығайту.

Бұларға қол жеткізу үшін төмендегідей кешенді әрі нақты іс-шаралар шешімін табуға тиіс болып отыр.

Біріншіден, мемлекеттік органдардың құ­рылымын жетілдіру. Басқарушылық шешім­дерді қабылдағанда мемлекеттік органдардың әрекетінде кешенділік болуын қамтамасыз ету қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсан күнгі №501 “Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдарын оңтайландырудың шаралары туралы” Жар­лығымен әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер лауазымдарының санаттар бойынша тізілімі бекітіліп, онда әкімшілік мемлекеттік лауа­зымдар едәуір, яғни 18 санатқа қысқартылған. Саяси мемлекеттік қызметкерлердің саны да азайтылған.

Екіншіден, мемлекеттік қызметкерлердің жалақыларын еңбектің нақты нәтижелерімен ұштастыра отырып өсіру. Жоғары білікті кадрларды мемлекеттік қызметке тартудағы проблемалардың бірі мемлекеттік қызметкер­лердің жұмыс ауқымының көптігі мен жоғары жауапкершілігіне қарамастан еңбекақы деңгейлерінің төмендігінде болып отыр.

Үшіншіден, мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары сапасына қол жеткізу. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №№561, 558, 559 қаулыларында: жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі; мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты; мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі регламенті бекітілген. Қазіргі кезге мемлекеттік қызметтер тізіліміне 511 қызмет көрсету түрі енгізілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету түрлерін ұсы­натын барлық мемлекеттік органдарда салалық стандарттар мен регламенттер дайындалып, енгізілген. Биылдан бастап әрбір мемлекеттік органда өз дамуының страте­гиялық жоспары бар, онда нақты мақсаттар, міндеттер, оларға қол жеткізудің жолдары, сондай-ақ дамудың перспективалары көрініс тапқан. Мемлекеттік қызмет көрсетудің стан­дарттарына сай бо­луы­на бақылау жасау үшін ішкі және сыртқы ау­дит­тердің, оның ішінде тұрғындар мен кә­сіп­керлердің әлеуметтік сұрақ-жауаптары бой­ынша зерттеулер жүргізудің жүйесі жасалған.

Төртіншіден, бюджеттік үдеріске рейтинг пен жаңа тәсілдер енгізу. Орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктерінің іс-қимы­лын рейтингтік бағамдаудың жүйесі қолда­нысқа енуде. Аталған шара мемлекеттік орган­дарды өз әрекеттерінің тиімділігін арттыруға ынталандыруға арналған.

Бесіншіден, мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын, орнықтылығын және басқаруға оңтайлылығын күшейту. Министрліктер мен Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың республика Президенті Премьер-Министрмен келісе отырып тағайындайтын және босататын жауапты хатшылар басқарады.

Алтыншыдан, сыбайластықтың төмендеуі. Жоғарыда сөз болған шаралардың бәрі және әкімшілік реформасының логикасы сыбай­ластықпен күреске бағытталған. Әкімшілік кедергілерді, бюрократиялық сөзбұйдаға салу­шылықты және тексерулердің шектен тыс көптігін азайту жұмысы жалғасуда. Мемле­кеттік реттеу нормаларын енгізгенде де, сон­дай-ақ оларды іске асыру кезінде де шағын және орта бизнестің мүдделерін қорғау күшей­тілетін болады.

Жетіншіден, мемлекеттік қызметтің позитивтік имиджін қалыптастыру және нығайту. Мемлекеттік қызмет саласында да әрі қарай реформа жүргізу қажет. Мысалы, өткізіліп жатқан конкурстық процедуралардың шынайылығына тұрғындардың сенімсіздікпен қарау проблемасы еліміздің барлық аумақ­тарына, оның ішінде біздің облысқа да, тән екендігі күмәнсіз. Конкурстық комиссия­лар­дың төрағасы көп жағдайда іс жүзінде мемлекеттік органның басшыларының өзі болатындықтан, аталмыш комиссиялар сол басшыларының шешімін іске асырушылар боп шығатынына таңғалуға болмас. Оның үстіне мемлекеттік орган жетекшісінің орынбасар­лығы лауазымына кандидаттармен сол ор­ганның бөлім бастықтары мен мамандарынан жасақталған комиссияның, яғни ертең өзіне бағынышты болатындардың әңгімелесу өткізуі мәнсіз жағдай деп есептейміз.