Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК салыстырмалы саясаттану 3курс Асылтаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
454.66 Кб
Скачать

6. Негізгі және қосымша әдебиеттің тізімі

6.1. Негізгі әдебиеттер:

  1. Алмонд Г., Пауэлл Дж., Стром К., Далтон Р. Сравнительная политология сегодня. – М., 2002.

  2. Ачкасов В. А. Сравнительная политология. Курс лекций. – СПб., 2002.

  3. Голосов Г. В. Сравнительная политология. – СПб, 2001.

  4. 12. Кеннет Джанда. Сравнение политических партий: исследования и теория. В кн. Современная сравнительная политология. Хрестоматия. М., 1997, с.84-144.

  5. Мангейм Д., Рич Р. Политология. Методы исследования.  – М.: Изд. «Весь мир», 1997. – С. 329-355.

6.2. Қосымша әдебиеттер:

  1. Доган М., Пеласси Д. Сравнительная политическая социология. – М., 1994.

  2. Сравнительная политология // Политическая наука: новые направления. – М., 1999.

  3. Чилкот Р. Теории сравнительной политологии. – М., 2001.

  4. Шаран П. Сравнительная политология. – М., 1992.

Ағымдық бақылау – 20%

СӨОЖ, СӨЖ - 20%

Аралық бақылау:

салыстыру әдісі негізінде зерттеу – 10%

коллоквиум – 10%

Ағымдағы және аралық бақылау - 60%

Қорытынды бақылау - 40%

8. Оқу пәнінің саясаты. Барлық оқу уақыты дәріс, семинар сабақтарына (олардың барысында өздеріңіз оқыған және дайындаған мәліметтер талқыланады), БАӨЖ-ге бөлінеді. Әр сабаққа міндетті түрде дайындалу, сонымен қатар берілген материалды оқып игеру, тапсырмаларды уақытында орындау қажет. Мұндай жүйелі дайындық экспресс-сұраулар, тест алу және тағы басқа әдістер арқылы оқытушының ескертуінсіз сіздерді тексеріп отыруын көздейді. Түгел тапсырмалар уақытында тапсырылуы тиіс. Кешігіп тапсырылған жұмыстар төмен бағаланады. Емтихан, жазба тапсырмаларды орындау барысында - кітаптан көшіруге, ауызша жауап беру барысында - кітаптан оқып беруге тыйым салынады.

2. «Салыстырмалы саясаттану» пәні бойынша глоссарий

  1. Бихевиорализм – адам тәртібін зерттейтін саясаттану ағымы.

  2. Гипотеза – қандайда болмасын құбылысты түсіндіруді және тәжірибеде тексеруді талап ететін ғылыми болжам

  3. Талдау бірлігі – талдаудың элементі

  4. Өлшем – құбылыстың сандық сипаттамаларының есептеу тәсілі.

  5. Индекс – екі одан да көп көрсеткіштердің бір жалпы көрсеткішке бірігу нәтижесі.

  6. Индикатор – зерттелетін объектінің қол жетімді өлшемі

  7. Кейс-стади (case study – исследование случая) – ерекше объектіні (жекелеген ел немесе территория) зерттеуге бағытталған сапалық әдіс.

  8. Критерий – (kriterion – талқылау тәсілі) – жіктеме жүргізілетін белгі немесе ерекшелік.

  9. Салыстыру - екі не одан да көп бірліктерге зерттеуге бағытталған зерттеудің түрі

  10. Мониторинг - әр түрлі кезеңде бір құбылысты бақылау

  11. Лонгитюдті зерттеу дегеніміз - ұзақ уақыт бойы бір жиынтыққа талдау жасау зерттеу

  12. Когортты зерттеу дегеніміз - ұзақ уақыт бойы бір жастағы адамдарға талдау жасау зерттеу

  13. Трендтік зерттеу дегеніміз - уақыттың интервалын сақтай отырып, бір жиынтыққа талдау жасау зерттеу

  14. Екінші талдау дегеніміз - басқа зерттеумен бұрын жиналған мәліметтерге талдау жасау

  15. Операционализация - зерттеу барысында қолданылатын негізгі терминдердің мән жайын ашып, негіздеп алу