Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ауру тарихы ишемия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.76 Кб
Скачать

Жүрек- қан тамыр жүйесі

Тамыр соғысының жиілігі 80 рет/мин, толымдылығы жоғары, серпімділігі жоғары, ырғағы дұрыс емес. Жүрек ұшының түрткісін пальпациялағанда, ол V қабырғааралықта linea medioclavicularis-тан сыртқа қарай 1 см арақашықтықта орналасқан.  

Перкуссия әдісімен жүректің салыстырмалы және абсолютті тұйықтығын анықтағанда мынадай мөлшерлер алынды:

Шекарасы

Салыстырмалы тұйықтық

Абсолютті тұйықтық

Оң жақ

ІV қабырғааралықта төстің оң жақ шетінен 1,5 см қашықтықта

ІV қабырғааралықта төстің сол жақ жиегінде

Сол жақ

V қабырғааралықта                    l. medioclavicularis-тан сыртқа қарай 1 см қашықтықта

V қабырғааралықта                 l. medioclavicularis-тан ішке қарай 0,5 см қашықтықта

Жоғарғы

ІІ қабырғааралықта                     l. рarasternalis бойында

ІII қабырғааралықта                l. рarasternalis бойында

Тамыр шоғырының ені – 6,5 см.

Аускультацияда ырғақ бұзылыстары анықталды, жүрек тондары тұйық.           II дыбыстың қолқалық акценті. Жүректің жиырылу жиілігі – 72 рет/мин. Артериялық қан қысымы 180/100 мм с.б. Жүрек шуылдары естілген жоқ.

Асқорыту ағзалары

Науқастың тәбеті жақсы, қалыптан тыс әуестенушілік және тағамға жеркенушілік байқалмайды. Шөлдеу жоқ, ауыздың дәм сезінуі қалыпты.

Тілі таза. Қызыл иектері мен шырышты қабаты өзгеріссіз. Тамақты жұту және өңеш арқылы өтуі бос, ауырсыну жоқ. Қыжылдау жоқ, кекіру болмайды, жүрек айнуына шағымданбайды, құспайды. Іш конфигурациясы симметриялық, үлкен, дем алу актісіне қатысады.

Беткей пальпациямен қарағанда іші жұмсақ; кіндік, қасаға үсті аймақтарында ауырсынбайды, керу және ауырлық сезімі жоқ, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс; жарықтар анықталмады.

Іштің терең пальпациясы кезінде:

  • сигматәрізді ішек анықталады, ауырсыну жоқ, шұрылдамайды, цилиндр тәрізді.

  • Соқыр ішек linea umbilicailiaceae сызығында жатыр. Ауырсынусыз, өсіндісі анықталған жоқ, аппендоэктомия жасалмаған.

  • Тоқ ішектің жоғарғы және төменгі өрлеген және көлденең бөлігін анықтағанда оның ауырсынбағаны, шұрылдамайтыны және қозғалмалы екендігі анықталды.

  • Асқазанның үлкен иіні Образцов бойынша соққылау, фонендоскоп және пальпация, су шалпылы арқылы анықталды. Ол кіндіктен шамамен 3-4 см жоғары орналасқан. Жұмсақ, қолға ілінеді, ауырсыну жоқ.

  • Асқазан қалтқысы кіндіктен 3-4 см жоғары оң жаққа қарай орналасқан, тығыз цилиндр, ауырсыну жоқ.

  • 12 Елі шіек ауруларына сәйкес Боас, Оперховский нүктелерінде ауырсынулар жоқ.

Перкуссия: жоғарғы тимпаникалық дыбыс. Бос сұйықтықпен газ анықталмайды.

Аускультация  іш перистальтикасы сақталмаған. Құрсақ аортасында тамырлық шуылдар естілмейді.

Бауыр жіне өт жолдары.

Қарау: томпаю, бауыр аймағында деформациясы жоқ. Тері, тамырларының кеңеюлері анықталмайды.

Перкуссия: Курлов әдісімен перкуссия жасағанда көлемі 10×8×7 см.

Палпация: Образцов-Стражеско әдісімен пальпация жасағанда бауыр аздап ұлғайған, бауырдың төменгі шеті өткір, беті тегіс, жұмсақ, ауырсыну сезімі жоқ.

Өт қабы пальпацияланбайды.

Көкбауыр пальпацияда анықталмайды. Перкуторлы шекарасы Х қабырға деңгейінде, көлемі 4*6 см. Ортнер, Мюсси, Мерфи симптомдары теріс.                               

Зәр-жыныс ағзалары

Зәр шығару еркін, ауырсынусыз, күніне 4-5 рет. Тәуліктік зәрдің мөлшері 1-1,5 литр. Зәрдің түсі қалыпты, ашық сары түсті. Зәр шығару кезінде қан болмайды. Бүйрек тұсында ауырсыну сезімі жоқ.

Қарап тексеру кезінде ісіктер анықталмады.   

Пальпациямен қарағанда бүйрек пальпацияланбайды.Қуық пальпацияланбайды.   Пастернацкий симптомы екі жақтан да теріс.

 Эндокринді жүйе

Тәбеті жақсы. Тер бездерінің бөлінуі қалыпты. Тері және шырышты қабықтың пигментациясы қалыпты. Екіншілік жыныс белгілерінің дамуы қалыпты. Қалқанша безі  пальпацияланбайды. Гипер және гипотериз симптомдары жоқ.

Нерв жүйесі

Есі анық, ұйқысы бұзылмаған. Есте сақтау қабілеті өзгеріссіз. Артериялық қан қысымының жоғарылауына байланысты басының ауырсынуы болады. Сөйлеу қабілеті дұрыс; көру, иіс сезу қабілеттері бұзылмаған. Психикасы дұрыс, тәртібі белсенді. Мүшелердің жансыздануы, сал болуы, қалшылдау байқалмады. Рефлекстері қалыпты.

Қауып –қатер факторлары

  • Шылым шегу жоқ

  • Артық салмақ

  • Жасы 64 , жынысы әйел

  • Тұқымқуалаушылық жоқ.

  • Гиподинамия

  • Жоғары колориялы тамақтану

  • Стресті жағдайлар

Болжам  диагноз

  • шағымы: Төс артының жоғарғы бөлігінің қысып,  ашып ауыруы,  ұзақтығы 5-10 минут аралығы, бас айналуы, жүректің қысып ауыруы, көзінің алды қарауытуы, құлақтың шуылы. Жай физикалық жүктемеден пайда болатын     (50-100 м жазық жермен жүру) ентігу және тұншығу. Жүрек ұстамасы кезінде нитросорбин 0,01 тіл астына салу арқылы біраз ауырсынуды басатынын айтады.

  • Anamnesis morbi :

  • Анамнезіндегі 1988 жылдан бастап  жүрек ишемиялық ауруымен ауырған.

  • Жанұялық анамнезіне қарай тұқымқуалаушылық  жоқ.

  • Обьективті тексерудегі : физикалық күш тұсудегі ( 100-200 м жазық жермен жүру, отырып тұру қозғалыстарында) аяқта  анықталған ісінулер. Жүректің шекаралары солға және төмен ығысқан 6-шы қабырғааралықта бұғана орта сызығынан 1см сыртқа сол жақ шекарасы ығысқан. Аускультацияда  жүрек тондары тұйықталған.

Қауып –қатер факторлары

  • Шылым шегу жоқ.

  • Артық салмақ

  • Жасы 64 , жынысы әйел

  • Тұқымқуалаушылық жоқ.

  • Гиподинамия

  • Жоғары колориялы тамақтану

  • Стресті жағдайлар

     Қауып –қатер факторларын  негізге ала отырып – болжам диагнозын- Жүректің ишемиялық ауруы, тұрақсыз стенокардия II В класс, екінші қауіп, ІІ дәрежедегі  артериялық гипертензия, ІY қауіп, церебральды  атеросклероз, аяқтың  төменгі  бөлігіндегі варикоздық  кеңею,  декомпенсация  сатысы. 

Зерттеу жоспары

  1. Қанның жалпы анализі.

  2. Зәрдің жалпы анализі.

  3. Қанның биохимиялық анализі.

  4. Электрокардиография.

  5. Эхокардиография.

  6. Флюроография.

  7. Қан талдау коагуологиялық зерттеу

Жалпы қан анализі – 08.09 2010 ж.

Гемоглобин – 143 г/л

Эритроциттер – 4,21 x1012

ЭТЖ – 15 мм/сағ

Тромбоциттер – 330х10 /л

Лейкоциттер – 5 х109

Эозинофильдер – 5%

Таяқша ядролы – 2%

Сегмент ядролы –74%

Лимфоциттер – 9%

Моноциттер – 10%

Гематокрит 39 %

Жалпы зәр анализі – 08.09.2010 ж.

Мөлшері: 240 мл

Тығыздығы: 1022 мг/л

Түсі:  сары

Мөлдірлігі: мөлдір

Реакциясы: қышқылды

Ақуыз: іздер

Қант: жоқ

Лейкоциттер: көріну алаңында Еd

Эртроциттер: көріну алаңында 2-3 кл.

Эпителий жасушалары: көріну алаңында Ed

Қанның биохимиялық анализі – 08.09.2010 ж.

глюкоза 5,9 ммоль/л

серомукоид 0,15 бірлік

сиал қышқылы 2,14ммоль/л

мочевина 7,8 ммль/л

билирубин 6,3 мкмоль/л

АСТ 0,38 ммоль/л

АЛТ 0.12 ммоль/л

Креатинин 0,07 ммоль/л

Холестерин 2.7 ммоль/л

липопротеидтер 57 b бірлік

Коагулогиялық зерттеу. Қан талдауы – 08.09.2010 ж.

Протромбин түзілу фазасы 32 сек.

Фибрин түзілу фазасы 3774 сек.

Посткоагуляция фазасы Теріс.

Электрокардиография – 08.09.2010 ж.

P–0,08 сек.

P–Q=0,12 сек.

QRS=0,06 сек.

QRST (Q-T)=0,38 сек.

R–R=0,37 сек.

ЖСС=85

ЭКГ қорытындысы: синусоидты ырғақ, ЖСС=85/мин, жүректің электрлік осіні горизонтальді қалыпта, сол жақ қарыншаның гипертрофиясының белгісі, миокардтағы  өзгерістермен.

Ажырату диагностикасы

Диагностика критерилері

Менін науқасым

Миокард инфарктісі

Миокардит

Стенокардия

 

Аурудың динамикасы

ЖИА-ның созылмалы формасы

ЖИА-ның жіті формасы

Миокардтың ісінуі

ЖИА-ның

созылмалы формасы

Аурудың сипаты

Тұрақты, 10-15 минут ауырсынулар, белгілі бір факторларға байланысты

Төс аймағында батып, күйдіріп, қысып, шаншып ауырсынуы

Физиха эмоциялық күштемелерге байланыссыз п.б. ангиозды емес. Жүрек маңындағы ұзақ ауырсыну сезімі. Инфекциялық аурулар, т.б негізі болады.

 Тұрақты

10-15 минуттың ауырсынулар.

Белгілі бір

 факторларға байланысты

Ниттраттардың әсері

1-2 таб нитросорбин тіл астына салғаннан кейін ауырсыну сезімі басылыды

Ауырсыну басылмайды

Ауырсыну басылмайды

1-2 таб кейін

ауырсыну

басылмайды

Резорбтивті- некротикалық синдром

+

-

+

+

+

-

ЭКГ

Ұстама кезіндегі белгілерST депрессиясы

(-)Т V3-V6терең, STжоғары

PQ сегментінің жоғарлауы және ырғақ бұзылады.

Ұстама

кезіндегі

белгілер

РT депрессиясы

Кардиоспецификалық фактор тропинин

-

+

-

-

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды: жай физикалық жүктемеден пайда болатын ентігу, төс артының күйдіріп ауруы ұзақтығы 5-10 минут. 1-2 таб кейін тез басылады.  ЭКГ- дағы өзгерістер  стенокардияны дәлелдейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]