Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ауру тарихы ишемия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.76 Кб
Скачать

Жүректің ишемиялық ауруы, тұрақсыз стенокардия ауру тарихы терапия

Науқастың шағымдары

Негізгі шағымы: Төс артының жоғарғы бөлігінің қысып,  ашып ауыруы,  ұзақтығы 5-10 минут аралығы, бас айналуы, жүректің қысып ауыруы, көзінің алды қарауытуы, құлақтың шуылы. Жай физикалық жүктемеден пайда болатын     (50-100 м жазық жермен жүру) ентігу және тұншығу. Артериялық қысымның жоғарлауына  шағымданады.

Қосымша: бас ауруы, жалпы әлсіздік, ентікпе, жұмыс қабілетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы.

Anamnesis morbi

1988 жылдан бері (жүрек ишемиялық ауруымен)  өзін науқаспын деп санайды.  Ауруға себеп болудың ықпалдары және басталуы ойында жоқ. Осы жылдар аралығында бас ауруының, жиі қан қысымының көтерілуін, эмоциялық және физикалық жүктемеден кейінгі жүрек аймағындағы ауыру сезімдері пайда болатындығын айтты. 100-200 метр жүргеннени кейін немесе екінші не үшінші қабатқа көтерілгенде ентікпе пайда болады, сонымен қатар               жүрек тұсында,  төс сүйегінің артынан 10 минутқа жуық созылатын ашып, күйдіріп   ұстамалы ауыру сезімі 2 аптадай болды. Ауыру сезімі сол иыққа, сол қолға, мойынның және бастың сол жағына, төменгі жаққа, жауырын аралығына беріледі.

Басынан өткізген аурулары

Туберкулез, боткин ауруы, венерологиялық аурулармен ауырмаған. Жаралану, контузия жоқ. Психикалық жарақаттар алмаған. Улану болмаған. Тонзилэктомияны,  аппендицитті  басынан өткізген.

Аллергиялық анемнезі

Хлорлы заттарға  аллергиялық  реакциясы  бар.        Аллергиялық аурулар

(бронх демікпесі, экзема және т.б) науқаста және туыстарының анамезінде болмаған. Тағамды затармен дәрілік заттарға жоғары сезімталдық жоқ.

Anamnesis vitae

Қожахметова Марияш Сағымжановна, 22.06.1946 ж  дүниеге  келген. Бала кезінде физикалық және ақыл-ойының дамуында ауытқулар байқалмайды. 7 жасында мектепке барды. Мектептегі үлгерімі жақсы болды. Материалдық-тұрмыстық жағдайы жақсы. Үйленген. 3 баласы бар. Жанұясында тұқымқуалаушылық аурулары бұрын-соңды байқалмаған. Созылмалы, спецификалық аурулармен сырқаттанбаған. Аллергиялар байқалмаған. Бұрын-соңды гемотрансфузиялар жасалмаған. Зейнеткер.

Status prаesens

Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Төсектегі қалпы еркін. Есі анық. Басы мен мойнының көлемі өзгермеген, мойны деформацияланбаған.

Қабақтың, көз астының ісінуі байқалмайды. Көзінің қарашықтарының формасы бірдей және жарық әсеріне жауап береді.

Мұрнының формасы дұрыс. Ауыз бұрыштары симметриялы, ернінің түсі ашық қызғылт, жаралар мен қотырлануы жоқ.

Дене бітімі гиперстеникалық. Температурасы 36,4ºС; бойы 158 см, салмағы 73 кг. Тері түсі бозғылт, терісінің пигментациясы жоқ. Эластикасы қалыпты күйде. Тері астындағы қан тамырларының өзгеруі байқалмайды. Терінің ылғалдылық дәрежесі қалыпты. Теріде патологиялық бөртпелер байқалған жоқ. Тырнақтарының сыртқы пішіні өзгермеген.

Еріннің, мұрынның, көздің, қабақтың, таңдайдың шырышты қабаттарының түсі қалыпты. Бөртпелер жоқ.

Теріасты май қабаты орташа дамыған, серпінділік қасиеті сақталған.

Лимфа бездері: желкенің, мойынның, құлақ аймағының, жақастының, шынтақ аумағының, бұғана үстінің, шаптың, тақым асты бездері үлкеймеген, пальпацияланбайды.

Тірек-қимыл аппаратының функционалдық жағдайы жақсы Бұлшық еттері жақсы дамыған. Тонусы мен күші қалыпты.  Аяқ-қолдары бірдей, тұлғасына сәйкес. Сүйектер мен буындардың деформациясы байқалмады.

Тыныс алу ағзалары

Қарау: мұрын,  өңеш, мойын,  көкірек клеткасы  қалыпты, ассимметриясыз, тыныс алуы беткей,  дем алу типі – құрсақтық, тыныс алу жиілігі – 16/мин, ырғықсыз, инспираторлы ентігу. Тыныс алуда кеуде қуысының екі жағы біркелкі симметриялы. Танау арқылы  тынысы  қиындаған.

Пальпация: кеуде қуысының пальпациясы  кезінде ауырсынусыз, серпімді, резистентті, тері ісінулері жоқ.  Дауыс дірілі екі жақта да әлсіз.  

Оң және сол өкпенің салыстырмалы перкуссиясы кезінде екі жақтан да әлсіреген, тұйықталған перкуторлық дыбыс естілді.

Топографиялық перкуссия кезінде өкпе шекараларының қалыпты мөлшерлерден ауытқымағандығы анықталды:

Өкпе ұшы – алдыңғы жағынан бұғанадан 3 см жоғары, ал арқа жағынан СVII деңгейінде орналасқан;

Крениг кеңістігінің көлденең ені – 7 см;

өкпенің төменгі шекаралары:

Топографиялық сызықтар

Оң жақ

Сол жақ

1

l. parasternalis

V қабырға аралық

2

l. medioclavicularis

VI қабырға аралық

3

l. axillaris anterior

VII қабырға

VII қабырға

4

l. axillaris media

VIII қабырға

VIII қабырға

5

l. axillaris posterior

IX қабырға

IX қабырға

6

L. scapularis

X қабырға

X қабырға

7

L. paravertebralis

XI қабырға

XI қабырға

8

Өкпе экскурсиясы

4 см

4 см

Аускультация кезінде екі жақ өкпеден де әлсіз везикулалық дыбыс естілді. Патологиялық сырылдар, сықырлар, шуылдар жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]