Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мирас.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.52 Кб
Скачать

2015 Жылдан жүзеге асырылуы көзделген Еуразия Экономикалық Одағы (әрі қарай - еэо) қалыптастыру кезінде кейбір күрделі мәселелерді тезірек шешу кажеттілігі байқалуда.

Қазақстанның өндіріс құрылымы, негізінен, экспортқа, яғни сыртқы экономикалық байланыстарға бағытталған, сондықтан бұл байланысты  кеңейту, оны халқымыздың тұрмысын жақсарту мақсатында дамытужәне реттеу бүгінгі таңдағы өте маңызды да күрделі мәселе болып тұр.

Бұл жерде, 1995 жылы ресми түрде қол қойылған, бірақ іс жүзінде көп мәселері анықталмаған, солардың ішінде Ресей мен Беларусь мемлекеттерінің парламенттері ратификацияламаған алғашқы Кеден Одағының маңызы да үлкен болғанын атап өткен жөн. Себебі, осы нәтижесіз көрінген тәжірибе, 2010 жылы ресми жарияланған Кеден Одағының нақтылы жұмыс істей бастауына негіз болды.

Статистикалық мәліметтер, соңғы төрт жылда Кеден Одағы мемлекеттері арасындағы сауданың 40 пайызға артқанын көрсетті.

Бұл үлкен табысты нәтиже. Осы жерде, кейбір қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында «Кеден Одағына қарсы және қалыс топтардың, экспортымыз өспеді, сауда айналымы Ресейден алынатын импортының өсуімен ғана қамтамасыз етіліп жатыр» деген жаңсақ пікірлерінің дұрыс емес екенін айтуымыз керек. Қарапайым халық сапасы күмәнді қытай тауарларының орнына, өзімізге белгілі және сапалы Ресей мен Беларусь тауарларын қайтадан тұтына бастады. Халықтың табысы ұлғайуымен байланысты бұл үрдіс әлі де жалғасады деп ойлаймыз. Елдеріміз арасындағы кеден бекеттерінің алынып тасталуынан барлық мүше елдердің өндіріс саласы ұтты, себебі тасымалдау шығындары сезілетіндей дәрежеде азайды.

Ал, еңбек ресурстарының еркін айналымы, бәсекелестік принциптерінің негізінде сапалы еңбек өнімділігінің артуына алып келді.Мысалы ретінде, Ресейдің Қазақстанмен шекералас өңірлерінде қазақстандық ұн, макарон, шіріндіктер, кейбір ішімдік түрлерін тұтыну кеңейген. Оның нәтижесінде, Ресей Орталық банкі мәліметтеріне сай, Қазақстан 500 млн долларлық артықша пайда көрген.

Кеден Одағының халқымыз үшін табысты болуына, мүше елдер арасындағы сауданы, әкімшілік жолымен емес, тек экономикалық әдістер, оның ішінде, кеден бажы, салық жәнеалымдар арқылы реттеу мақсатқа сай болады. Бүгінгі күндегі Кеден Одағы бойынша бірыңғай жиналатын кеден бажы төлемдеріндегі Қазақстанның үлесі 7,3 % болып белгіленуі, Беларусь пен Ресейдің жалпы ішкі өнім өсуінің Қазақстанмен салыстырғанда төмен болуы, жақын жылдарда бұл үлестің өзгертілуін талап етеді. Біздің пікірмізше, әкімшілік жолмен анықталған бұл үлес әр жылы ІЖӨ-нің өсу көрсеткішіне сай анықталып тұрғаны дұрыс болар еді.

Қазақстанды өзінің стратегиялық әріптесі ретінде көретін, сонымен бірге Кеден Одағындағы басымды мемлекет, әрине Ресей екені күмәнсіз. Жалпы ішкі өнім бойынша бізден 9 есе жоғары көрсеткішке ие. 2013 жыл нәтижесі бойынша Ресей 2,1 триллион (2145,7 млрддоллар) өнім өндірген болса, Қазақстан көрсеткіші 230,0 млрд доллар болды. Экспорт көлемі де жеті есе жоғары.

Қорытынды

Сарапшылардың пікірінше, Кеден одағы Қазақстандағы миллиондаған адамдардың кәсібіне зиян келтіреді. Елде сырттан тауар әкеліп, оны ішкі базарда саудаға шығаратын шағын бизнес түрімен айналысып жүрген соншама адам бар. Бірыңғай кедендік аймақтың зияны ең алдымен сырт елдерден тауар тасымалдаушыларға тиеді. Енді Қытайдан арзан тауар әкелу қымбатқа түсетін болды. Кедендік баж алымы бірнеше есеге өсті.

Базар саудагерлері кәсіподағының төрайымы шымкенттік Елена Леонидова: - кәсіпкерлердің көпшілігі осы уақытқа дейін айналысып келген шағын бизнестерін тастап кетуге мәжбүр болып отырғандарын айтады. Бірыңғай кеден кодексінің күшіне енген соң, тауар тасымалдайтын кәсіпкерлер тағы бір жеңілдіктен жұрдай болды. Бұрын жеке кәсіпкерлер елімізге әкелетін тауарларын кеденнен өткізгенде жеңілдетілген әдіс бойынша рәсімдейтін. Кәсіпкердің тауарына қосылған құн салағы алынбайтын еді, ол әкеле жатқан тауарына онша көп емес кедендік баж салығын төлеп, тауарды тұтынушыларға жеткізетін. Ал енді шілденің 1- нен бастап Қазақстан бойынша ондай жеңілдіктің күші жойылды . Енді кеденнен тауар алып өту үшін кәсіпкер фирмасын тіркейді, барлық салықтарды толық төлеуге мәжбүр болады. Бұл нарықты заңдастыру үшін жасалып жатқан өзгеріс деп айтылып отыр. Кедендік одаққа қатысты өзгерістер қарапайым халыққа да соққы болып тиеді – деп ойлайды, Алматы кәсіпкерлер ассоциациясының президенті Виктор Ямбаев. Азық – түлік өнімдері мен халық тұтынатын тауарлар қымбаттайды. Алдын пайдаланылған шетелдік автокөліктерді Қазақстанға сатуға әкелетіндер де өз кәсібінен айрылды. Бес жылдан көп қолданылған автокөліктердің баж алымдары қазірде – 40 есеге өсті. Ал, жаңа көліктерге 10-20 есеге жоғарылады, енді еліміз Беларусьтің тракторларын, ал Ресей өнеркәсібінің КамАЗ автокөліктерін алатын болады – дейді Виктор Ямбаев. Оның айтуынша, осы жағдайдың салдарынан адамдардың автомашина сатып алу мүмкіндігі төмендейді, ал Ресейдің бәсекеге қабілетсіз автокөліктеріне артықшылық жасалады. Жаңа кедендік кодексті 1990 жылдарға қарай кері шегіну деп бағалаған мамандар, бұл кодекс ірі қаржылық топтарға тиімді болады дейді. Олар үшін нарықтағы бәсеке азайып, көздегендеріне жетуге жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Сонымен қорыта айтқанда, Кеден Одағының Қазақстан нарығы үшін пайдасы көп пе әлде кері тұстары көп пе деген сұраққа жан – жақты пікір естуге болатынына көзіміз жетті. Дегенмен еліміздің Кеден Одағының мүшесі бола отырып қандай жетістіктерге жететінін уақыт көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]