- •2009 Жылдың 27 қарашасында Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекет басшылары Минск қаласында кездесіп, Кеден кодексі туралы шартқа қол қойды.
- •Әлеуметтік
- •Әлеуметтік
- •Кеден одағының комиссиясы туралы
- •2015 Жылдан жүзеге асырылуы көзделген Еуразия Экономикалық Одағы (әрі қарай - еэо) қалыптастыру кезінде кейбір күрделі мәселелерді тезірек шешу кажеттілігі байқалуда.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әлеуметтік
Әлеуметтік маңызы бар тауарларға деген бағаны бір қалыпты ұстап тұру үшін қандай шаралар қолдану керек? Нарықтық экономиканың негізгі заңы: сұраныс пен ұсыныс теңбе-тең болғанда ғана бағаны бірқалыпты ұстап тұра аламыз. Бірақ, дәл қазіргі жағдайда екі тізгінді тең ұстау мүмкін емес. Себебі, нарықтың өзін-өзі реттейтін заңдары «жарға соғылып» монополия деген ауруға шалынып отыр. Монополия бар жерде сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті нәтиже бермейді.Монополист бағаны қалай қоям десе, өз еркінде.
Қазақстанға осы үштік сауда экономикасынан елімізге 3 жыл ішінде кіргізген табысы қаншалықты артқанын немесе азайғанын еліміздің сауда статистика агенттігінің деректеріне көз жүгіртсек.Елімізде не үшін қымбатшылық бірде орын алып,бірде нарықтағы баға қайта қалпына келуде? Қарапайым халықта бұл мәселені түсінер емес. Былтырғы жылы тұтынатын тауарлар мен азық-түліктің бағасында қандай өзгерістер болды? Бұған қатысты мәліметтер не дейді? Осы мақсатта Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарасақ. Агенттіктің мәліметінде, былтырғы жылы азық-түлік өнімдерінің құны 5,3 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 3,5 пайызға, ал ақылы қызметтердің бағасы 9,3 пайызға жоғарылаған. 2012 жылдың жалпы қорытындысындағы көрсеткіштер осындай. Өткен жылдың соңғы айында ғана баға бір емес, бірнеше рет өзгеріске ұшырады. 2012 жылдың желтоқсан айында оның алдындағы 2011 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда бағалар мынадай өзгеріске ұшыраған: ұн – 7,6, макарон өнімдері – 7,5, кондитерлік өнімдер – 5, жемістер мен көкөніс – 4,8, сүт өнімдері – 3,8, ет пен ет өнімдерінің бағасы – 9,5 пайызға жоғарылаған. Тағам түрлерінің ішінен жарма өнімдерінің бағасы бірден – 27 пайызға, өсімдік майлары – 2,6 және қант 2,1 пайызға азайыпты.
Азық - түлік өнімдерінен басқа, қызмет көрсету саласында да баға айтарлықтай жоғарылаған. Мысалы, теміржол көлігі қызметтерінің бағасы – 1,7, қонақүйлер құны –1,1, шаштараз сияқты жеке қызмет көрсету орындарының ақысы 1 пайызға қымбаттаған. Бірақ, бұл бағаның өсуі тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласы бойынша тарифтердің көлеңкесінде қалды. Мысалы, желі бойынша тасымалданатын газ – 2,8, құбыр – 2,5, суық су – 1,2, ыстық су ақысы – 1 пайызға жоғарылаған.
Кеден одағының комиссиясы туралы
Қазақстан Республикасы, Белорусь Республикасы және Ресей Федерациясы кеден одағының бірыңғай тұрақты жұмыс істейтін реттеуші орган ретінде Кеден одағының комиссиясын құрды. Комиссяның негізгі міндетіне кеден одағының жұмыс істеуі және даму жағдайын қамтамасыз ету болып табылады.
Тараптардың мемлекеттік органдары өкілеттіктерінің бір бөлігін Комиссияға ерікті түрде кезең - кезеңімен беруі:
Тараптардың өзара пайдасы мен ұлттың мүдделерін есепке алуды қамтамасыз ету;
Қабылданатын шешімдердің экономикалық негізділігі;
Ашықтық, жариялылық және әділдік принциптері негізінде жүзеге асырады.
Комиссия мындай функцияларды жүзеге асырады:
Кеден одағының жоғарғы органы қабылдаған шешімдерді орындайды;
Кеден одағын қалыптастыру жөніндегі халықаралық шарттардың орындалу мониторингін жүзеге асырады;
Кеден одағының қалыптастыру және оның жұмыс істеу мәселелері бойынша Тараптар үкіметтерінің қатысуымен кеден одағының жоғарғы органы үшін ұсынымдар әзірлейді;
Өзінің өкілеттіктері шегінде кеден одағының шарттық – құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шарттардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінгенге дейін дауларды кеден одағының шеңберінде реттеуде Тараптарға жәрдем көрсетеді;
Өзінің өкілеттіктері шегінде Тараптардың мемлекеттік билік органдарымен өзара іс – қимылды жүзеге асырады;
Кеден одағын қалыптастыру жөніндегі халықаралық шарттардың депозитарийі функциясын атқарады;
Комиссияның өз қызметінің нақты салалардағы функцияларын жүзеге асыру тәртібі мен талаптары Тараптар арасындағы жекеленген халықаралық шарттармен белгілінді. Комиссияға әрбір Тараптан қажетті өклілеттіктер берілген үкімет басшысының орынбасары немесе үкімет мүшесі болып табылатын бір өкілден кіреді. Тараптардың өкілдері Комиссияда тұрақты негізде жұмыс істейді.
Комиссияда Тараптар арасындағы дауыстар мынандай ретпен бөлінеді:
Беларусь Республикасы – 21,5;
Қазақстан Республикасы – 21,5;
Ресей Федерациясы – 57.
Орыс тілі Комиссияның жұмыс тілі болып табылады. Комиссияның орналасқан жері Мәскеу қаласы.
Қазақстанның экономикалық дамуы мен тәуелсіздігін, оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кеден саясатының өзіндік белгілі орны бар.
Мемлекетіміздің байсалды кеден саясаты қазақстандық нарықты, отандық тұтынушылар мен өндірушілерді қорғауға, экспортты ұлғайтуға және импорттың орнын басатын өндірісті дамытуға, шетел инвестицияларын тартуға, сауда саясаты мәселелерін тиімді шешуге ықпал етуде.
