
- •2009 Жылдың 27 қарашасында Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекет басшылары Минск қаласында кездесіп, Кеден кодексі туралы шартқа қол қойды.
- •Әлеуметтік
- •Әлеуметтік
- •Кеден одағының комиссиясы туралы
- •2015 Жылдан жүзеге асырылуы көзделген Еуразия Экономикалық Одағы (әрі қарай - еэо) қалыптастыру кезінде кейбір күрделі мәселелерді тезірек шешу кажеттілігі байқалуда.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
«Егер де Біз жаугершілікке үйлестік пен төзімділік, рухани байлық, өзара сенімділік пен қарым-қатынасқа негізделген құрылым принципін қарсы қойсақ, онда әлемде шешімін таппайтын мәселе болмас еді.....»
(Н.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассаблеясының 62-ші сессиясында сөйлеген сөзінен)
Кіріспе
Кеден ісінің елімізде атқаратын маңызы өте үлкен. Еліміздің шетелдермен сыртқы және ішкі тауар айналымының сапалы болуы да осы кеден ісіне тікелей байланысты.
Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағына бірігіп отыр. Соңғы үш-төрт жыл аралығында дайындық жұмыстарының нәтижесінде үш ел одақтастығы біріктірілді. Қазіргі кезде тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің арасында мұндай бірлестіктер интеграциялық дамудың жетік бір түрі болып табылады.
Кеден одағына бірігу елдің дамуына, қосымша жұмыс орындарының ашылуына, өндірілетін өнімдердің сапасының артуына, сапалы өнімдердің көбеюіне көп мүмкіндік туғызып отыр және де бұл мемлекеттік бағдарламаға да сай келеді. Бұдан ұтатынымыз өнім сапасы талаптарға сай, сатып алуға қолайлы, тауардың адам өміріне қауіпсіз сертификатталған өнімі пайдаланылады. Қауіпті өнімдер болған жағдайда да ортақ ақпараттық жүйе құрылады. Кедендік құрылымдарда құжаттардың дәлдігін пайдалана отырып, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеуді жүзеге асырады.
2009 Жылдың 27 қарашасында Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекет басшылары Минск қаласында кездесіп, Кеден кодексі туралы шартқа қол қойды.
Бұған дейін 2006 жылы 16 тамызда Қазақстан, Беларусь, Ресей арасында еркін сауда саттық кедендік алым-салықсыз кеден одағын құру туралы шешім қабылданып, содан бастап осы одаққа бірігуге дайындық жұмыстары басталған болатын. Тәуелсіздік жылдарында үш одақтың, яғни Беларусь, Қазақстан, Ресей арасындағы қарым-қатынастың бұл түрі экономикалық жағынан қанағаттанарлық жағдайда болған жоқ.
Осыған байланысты 2010 жылдың 9 маусымында біріңғай кедендік аймақ құрудың кезеңдері мен мерзімі мақұлданды. Одақтың толық қанды жұмысын жолға түсіретін қажетті үрдістер 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталуы тиіс деп белгіленді.
2007 жылы қазан айында Беларусь, Қазақстан және Ресей Федерациясы Түркімен астанасы Душанбе қаласында Кеден одағы туралы шартқа қол қойған болатын. Үш елдің өкілдері осы ұлттық құрылым құрамына кіреді.
Комиссия отырысында Ресей, Қазақстан және Беларусь Кеден Одағының жүйесін нақты құру, тауарлардың еркін айналымын реттеу, жаңа экономикалық жүйе қалыптастыру мен баж алымынсыз жүргізілетін сауданы реттеу мәселелері талқыланды. Нәтижесінде 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы одақты қалыптастырудың нақты қадамы ретінде үш мемлекеттің кедендерінен өтетін тауарлардың бірыңғай тарифі жұмыс істеуге кірісті.
Осылай кеден одағы өзінің нақты мәнінде өмірге келді. Бұл одақтың өмірге келуінің елімізге пайдасы - жалпы тауарлар экспорты мен импортының баж салығынсыз жүргізілетіндігі. Бұл біріккен үш одаққа да пайдалы.
Үш ел шығаратын тауарлар және бір-біріне саудалайтын тауарлар мемлекеттік шекаралардан өткен тұста олардан бұдан былай кедендік алым алынбайтын болды. Сонымен қатар, біріккен осы үш ел, үшінші бір елге қатысты бірыңғай сауда саясатын жүргізуге тиіс:
1. бірыңғай тарифтік саясат.
2. тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын бірлесе қабылдап, жүзеге асыру.
3. елдердің ішіндегі кеден заңдарының біріңғайландырылуы.
Қазіргі кезге дейін Кеден одағымен 38 халықаралық келісім қабылданды. Бұның негізі Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға негізделген.
Кеден Одағының еуразиялық экономикалық қор шеңберінде 13 халықаралық келісім әрекет етуге кірісті. Кеден одағының жұмысын ретке келтіретін негізгі құрылымдар құрылды.
Кеден Одағының ең жоғарғы басқарушы құрылымы мемлекет басшылары немесе Үкімет басшыларының кеңесі болып табылады.
Үкімет басшыларының кеңесінде қабылданған шешімдер Кеден одағы комиссиясына тапсырылып отырады. Кеден одағы комиссиялары шешімі аталған үш елдің аумақтарында бірдей қолданылады. Комиссия тиімді жұмыс істеу үшін оған кедендік тарифтік және тарифтік емес реттеу саласында бірқатар өкілеттіктерді беру жоспарланып отыр және жұмыс жасауда.
Құрылым тәртібіне сай әр мемлекет Кеден одағына өзінің бір өкілін ұсынады. Осы тәртіппен қазір Кеден Одағында үш елдің үш өкілі жұмыс атқарады.
Кеден одағының үш мемлекет басшыларының алдын-ала жасалған келісіміне сәйкес Қазақстанға өтпелі кезең қарастырылған. Осыған байланысты елімізде 400-ге тарта импорттық тауарлар түрі бойынша ең төменгі кедендік баж салығын белгілеу құқымызды өз күйінде қалдырып отыр. Мұның өзі бірінші кезектегі ең қажетті болып табылатын дәрі-дәрмек сияқты тауарларды бұрынғысынша арзан бағамен елімізге әкелуге мүмкіндік беріп отыр.
Кеден Одағының Қазақстан үшін оң тұстары
Экономикалық
Бүгінгі күні Кеден Одағының жаңа қалыптасқан тарифтері сауда мен экономикалық байланыс, кедергісіз тауар айналымы туралы сарапшыларымыз әр түрлі пікір айтуда. Ең бастысы, үш ел арасында жалпы ішкі өнімнің көлемі 2 триллион долларға жуық үлкен нарық пен сауда-саттық жолы ашылды, Қазақстан мен Белорусия арасындағы тауар айналымы 5 есеге өсті.
Мұның өзі тұтынушыларға өзінің үлкен пайдасын тигізуде. Осыдан 4 жыл бұрын Кеден Одағының басшыларының келісімі бойынша айтылған экономикалық пайдасы бар нарық көзі дәлелденіп отыр.
Көптеген сарапшылар қазіргі күні еліміздің салық саясаты көптеген елдерге қарағанда ыңғайлы әрі тиімді екенін сараптауда. 2010 жылдың аяғында осы үш елдің халық санын ескере отырып, ресейлік әр тұрғынға шаққанда 2782,2 доллар, әр белорусқа- 1687,5 доллар әр қазақстандыққа 9731,1доллар көлемінде пайда түскендігі белгілі.
Әрине әлемдік дамыған елдермен салыстырғанда салық мәселесі әлі өзекті күйде екені Кеден Одағына байланысты экономикалық кеңестік көптеген мәселелерді басқаша шешуді қажет етеді.
Саяси
Алдағы уақытта ішкі бақылаудың барлығы алынып, тек шекаралық бақылау ғана қалады. Әкімшілік кедергілер азайған соң тауарларды еркін жылжыту, Одақтар айналымында сауда-саттық еркін жүрмек. Сонымен қатар, Қазақстандағы шикізатты сату нарығы бағыты әлсіз. Оның орнын мұнай мен басқа да қазба байлықтар толтырып отыр.
Кеден Одағын құру Ресей, Қазақстан, Беларусь республикалары арасында өзара инвестиция тарту және өндірістер құру Кеден Одағын құрумен қолайлы жағдайлар туғызуда.
Қазіргі уақытта индустриялық-иновациялық дамудың жеделдетілген бағдарламасы іске асырылуда. Құрылыс салу, фармацевтикалық, металлургиялық материалдары басымдықты салалардың бірі болып табылады.
Осы міндетті шешу үшін арзан шикізатты кеден салығын төлеусіз алу мүмкіндігін сақтап қалу маңызды.