Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
703-07-12. Лекционный комплекс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.53 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

Қазақстан тарихы және қоғамдық-гуманитарлық пәндер мен

психология және педагогика кафедраСЫ

Дәрістердің кешені

Пән: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: ЕТN 1110

Мамандығы: (5В110400) «Жалпы медицина»

Оқу сағатының көлемі (кредиттің көлемі): 90 сағат

Курсы және оқу семестрі: 1 курс; 2 семестр

Ақтөбе 20___ ж

I. Экономикалық теория пәні және әдістері

Мақсаты: Жалпы экономика түсінігінің көп мағыналылығын игеру, экономика сөзімен өндірістік емес салалардың жиынтығын түсіндіру. Экономика сөзімен ғылым саласының экономикалық қатынастардағы қызметтік немесе салалық аспектілерін қарастыра білу.

Дәріс жоспары:

  1. Экономикалық теория ғылымының даму тарихы.

  2. Экономикалық теорияның қызметтері.

  3. Экономикалық ғылымының методологиясы.

Дәріс тезистері:

1.Экономикалық ғылым – ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы рет «Экономия» («ойкономия») термині біздің дәуірімізге дейін III ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт және Аристотель еңбектерінде пайда болды. «Ойкономия» сөзі ретінде (үй, шаруашылық) Аристотельқұл иеленушілік шаруашалықты жүргізуді ұйымдастыру туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген.Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсер етті. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атқа ие болды. Экономикалық теория ғылым ретінде XVI-XVII 5ғасырлар тоғысында пайда болды. Осы кезде тауарлы-ақша қатынастары кең дамыды. «Меркантелизм» (итальян.сөзі-саудагер, көпес) бірінші экономикалық ілім болып табылады. Меркантелистер байлықтың қайнар көзі мен қоғамның әл-ауқаттылығы, материалдық игіліктер өндірісінде емес, ол тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Меркантелистік саясат елге барынша көп мөлшерде алтын мен күмісті жинауды көздеді. Өкілдері – В.Стаффорд және Т.Мен. «Физиократтар»мектебінің (грек сөзі –табиғат, өкімет)өкілдері Ф.Кенэ, У.Пэтти ұлттық байлықтың қайнар көзі – ауыл шаруашылығындағы еңбек деп есептеді. «Классикалық» мектептің өкілдері А.Смит және Д.Рикардо ұлттық байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы емес, барлық өндіріс саласындағы еңбектерде (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс өндірісі) көрінетіндігін айғақ етті. «Марксизм» идеясының авторлары К.Маркс, Ф.Энгельс ашқан басты жаңалықтар: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің (коммунизм) жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін ашты. Экономикалық теория – бұл іргелі экономикалық ғылым, әлеуметтік-гуманитарлық және кәсіби экономикалық білімнің негізі, қоғамдық байлықты және экономикалық қатынастар мен экономикалық заңдарды зерттейтін ғылым ретінде анықтауға болады.

2. Кез-келген ғылым сияқты жалпы экономикалық теория бірқатар қызметтер атқарады: танып білу, методологиялық, сыншыл және практикалық. Танып-білу қызметін қоғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең әрі жан-жақты зерттеп білуі және түсіндіруі тиіс. Методологиялық қызмет барлық экономиканың ғылым жүйесі үшін негіз болып табылады. Оларға салалық экономика (өнеркәсіп экономикасы, ауыл шаруашылық экономикасы, құрылыс экономикасы, көлік экономикасы, қызмет көрсету саласының экономикасы), қызметтік ғылымдар (қаржы мен несие, ақша айналымы, бухгалтерлік есеп, еңбек экономикасы, статистика, әр түрлі білім салалары тоғысатын ғылымдар (экономикалық тарих, экономпикалық география, тұрғындар экономикасы) және қолданбалы ғылымдар (марктинг, жоспарлау, болжамдау) жатады. Сыншыл қызметінде – құбылыстарды сын тұрғысынан қарастырып, олардың жетістігі мен артықшылығын, күнделіті өмірде қолдану мақсатында және кемшілігін де көрсетеді. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашлықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеуімен түсіндіреді. Жалпы экономикалық теорияның ерекше мән беретіні – адам, оның қажеттілігі мен мүддесі, қоғамдық, табиғаттық, материалдық объектілері мен субъектілері.

3. Кез-келген ғылыми зерттеудің методологиялық негізі – диалектикалық танып-білу әдісі болып табылады. Бұл әдістің ғылыми мәні мынада: барлық экономикалық құбылыстар мен процестерді олардың дамуы тұрғысынан – жай түрінен күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарысына қарай қарастырылады. Экономикалық теорияның пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы – ғылыми абстракция әдісі болып табылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. «Абстракция» термині жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Кез-келген процесті зерттеуде экономикалық теория тарихи және логикалық әдістердің бірлігін қолданады. Тарих көп жағдайда кездейсоқ факторлар, қым-қиғаш құбылыстар, кері шегіністер мен ілгері озып кетушіліктер іс-әрекетіне бой алдырады. Осы кезде экономикалық ғылымның логикасы көмекке келеді. Болмысты танып-білу процесі пратикамен аяқталады. Қоғамдық практика – экономикалық теория әдісінің ең маңызды буыны және оның ережесінің дұрыстығын растайтын өлшемі болып табылады. Экономикалық зерттеуде анализ (талдау) және синтез тәсілі де қолданылады. Зерттелетін құбылыс өзінің құрамдас бөліктері мен жақтарына жіктеледі. Осы бөліктер мен жақтардың әрқайсысын нақтылап, тұтас құбылыстың қажетті бір бөлігі ретінде қарастыруды анализ (талдау) дейміз. Алайда,құбылысты қарастыру тек талдаумен шектелмейді. Әрбір құрамдас бөліктерді зерттеп болған соң, осы элементтерді қайтадан тұтас етіп біріктіру қажет. Зерттелетін құбылыстардың бөліктерін жұптастыру және оларды тұтас құбылыс ретінде танып-білуді синтез дейміз. Кез-келген өмір мен табиғат сияқты экономикада кездейсоқтың тікелей ауыртпалығына құбылыстардың ретсіз бейнелеріне бағытталған белгілі заңдылықтарға жол салады. Қоғамдағы экономикалық процестерді басқару ондағы экономикалық заңдарға тән. Экономикалық заңдар өздігінен іс-әрекет жасайды. Адамдар өндіре, айырбастап және тұтына бастаған жағдайда ғана экономикалық заңдар пайда бола бастайды. Қандай да ғылымның басты міндеті – табиғатта немесе қоғамда қолданылатын заңдарды адам мүддесіне қолдану үшін танып білу болып табылады. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасына бағынбайды.

Көрнекіліктер: Схема «Экономикалық теорияның қызметтері»

Әдебиеттер:

  1. Әубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1998.

  2. Әкімбеков С, Баймухаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Астана, 2002. 46 бет.

  3. Жүнісов Б.А., Комягин И., Байжомартов Ү.С., Мәмбетов Ұ. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 1994.

  4. Осипова Г. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2002.

  5. Симкина А. Общая экономическая теория. П, 2002.

  6. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория. Оқу құралы. 1-бөлім. Алматы, Экономика. 2004. 6 бет.

Бақылау сұрақтары:

1. Жалпы экономикалық теория нені зерттейді?

2. Жалпы экономикалық теорияны оқып-үйрену не үшін қажет?

3. Экономикалық теория қандай қызметтер атқарады?

4. Экономикалық теорияның қандай әдістерін білесіз?

II. Қоғамның экономикалық дамуының жалпы негіздері

Мақсаты: Өндіріс, қоғам өмірінің маңызы, өзге де салалары келіп шығатын негізгі саласы ретінде адамдардың табиғатпен қарым-қатынасына бағытталған. Салыстырмалы талдау әдісі арқылы натуралды және тауарлы-нарықтық шаруашылықтың экономикалық мәнін ашу.

Дәріс жоспары:

1. Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.

2. Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс.

Дәріс тезистері:

1. Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рузани игіліктерді құру процесі. Өндіріс процесі тек қана үш фактрлардың – адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекет арқылы жүзеге асуы мүмкін. Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. өндірі процесі жүзеге асуы үшін жұмыс күші әрбір кезде іс-әрекетте болуы қажет, тұтынылуы керек. Еңбек құрал-саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б. Еңбек заты мен құрал-саймандар бірге өндіріс құрал жабдықтарын құрайды. Әрбір адам жеке жұмыс жасайды, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар. Өндіргіш күштер – бұл өндіріс құрал жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар. Адамдар қоғамның басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал-жабдығын іске қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Маржинализм теориясы бойынша, төрт өндіріс факторы бар: жер, еңбек, капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік. Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер және т.б. жатады.

Капитал – бұл машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары. Еңбек адамның ақыл-ой және дене қызметтерін көрсетеді. Адам еңбегі әрқашанда ойланып істелетін, мақсатқа әйкес қызмет. Кәсіпкерлік қабілеттілік – арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталылылқты, төзімділікті және тәуелдіділкті көрсетеді. Өндіріс процесінде адамдар бір-бірімен қатынаста болады. Бір жағынан, бұл қатынастар: ұйымдастырушы, адамдарды оранластыру – техникалық-өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші жағынан, бұл қоғамдық өндірістік, яғни экономикалық қатынастар. Олар меншік сипатымен, меншік қатынастарымен анықталады. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар бір-біріне өзара әсер етеді. Өндіргіш күштердің дамуы өндірістік қатынастардың жетілуіне ықпал етеді. Өз кезегінде өндірістік қатынастар өндіргіш күштерді тоқтатуы немесе дамытуы мүмкін. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі өндіріс әдісін құрайды. Әрбір өндіріс әдісіне өзінің экономикалық (өндірістік) қатынастары сай келеді. Материалдық өндірістер саласы – халық шаруашылығы салаларының төмендегідей матеиалдық игіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс) және материалдық қызмет көрсету саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету – киімді өңдеу, тігу, жуу, тазалау және т.б.) екгіе бөлінеді. Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымына материалдық өндіріс салаларынан басқа, материалдық емес,өндіріс салаларыда бөлінеді Оларда ерекше материалдық емес игіліктер (рухани құндылықтар) жасалады, сондай-ақ материалдық емес қызмет көрсету – денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, спорт, және басқаларыда бар және бұлар бұрын өндірістік емес салаға жатқызылған. Бүгінгі кезде қазіргі қоғамдық өндірістің алдында төмендегідей маңызды мәселелер тұр: өндірістің тиімділігін арттыру, өндірістің экологиясын сауықтыру, гуманизациялау мәселесі, яғни өндірісте адамға бір қалыпты жағдай жасау.

2. Қоғамдық өндірістің екі түрі бар: а)натуралды және ә)тауарлы шаруашылық.

Натуралды шаруашылық қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал-сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіндік береді. Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық өндіріс әдісінде басым болады. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айналды. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Өз кезегінде бұл олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды. Тауар өндірісі капиталистік өндіріс әдісінде өзінің дамуының жоғары түріне қол жеткізеді және жалпылама сипатқа ие болады. Қазіргі қоғамдық өндіріс – бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген еңбек бөлісінің болуы және оның мамандануы. Тауар өндірісінің пайда болуы төмендегідей үш жағдайда жүзеге асады:

-бірінші ең ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы;

-алғашқы тұрмыстық қауымдастық қойнауында жеке меншіктің пайда болуы;

-тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы (отбасының қауымдастықтан экономикалық оқшаулануы). Тауар ең алдымен адамның іс-әрекетінің өнімі, ол өзінің қасиетімен адамдардың қандайда да бір тұтынысын қанағаттандырады. Маркстің ойынша, тауардың екі қасиеті бар: адамдардың сұранымын қанағаттандырады және зат бола отырып, басқа затқа айырбасталу қабілеттілігі. Заттың пайдалылығы, сұранымды қанағаттандыру қасиеті – тұтыну құны деп аталады. Құн – бұл тауарға сіңген қоғамдық еңбек пен айырбас арқылы байқалады. Тауар өндірісінің екі түрі бар: жай және капиталистік. Жай тауар өндірісінде өнім тауар өндірушінің өзіндік еңбегімен жасалады. Мұнда жұмыс күшін жалдау жоқ. Капиталистік тауар өндірісінде өнімді өндіріс құрал-жабдығы жоқ жалдамалы жұмысшы жасайды.

Көрнекіліктер: Схема «Қоғамдық өндірістің құрылымы»

Әдебиеттер:

1. Әубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1998.

  1. Әкімбеков С, Баймухаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Астана, 2002. 46 бет.

  2. Жүнісов Б.А., Комягин И., Байжомартов Ү.С., Мәмбетов Ұ. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 1994.

  3. Осипова Г. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2002.

  4. Симкина А. Общая экономическая теория. П, 2002.

  5. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория. Оқу құралы. 1-бөлім. Алматы, Экономика. 2004. 6 бет.

Бақылау сұрақтары:

1. Өндіріс дегеніміз не?. Өндіріс факторының өзара іс-әрекеті мен өзара байланысын неден байқауға болады?

2. Өндіріс гуманизациясы дегеніміз не?

3. Қоғамдық өндірістің қазіргі құрылымының дәстүрлі өндірістен қандай айырмашылығы бар?

4. Материалдық және материалдық емес өндірістің өзара әсері?

5.Қоғамдық шаруашылықтың нысандарын ата және олардың айырмашылығы неде?

6. Тауардың еңбек өнімінен айырмашылығы неде?