- •3. Тапсырмалар:
- •5.Орындау критерийлері:
- •7. Бағалау критерийлері:
- •3. Тапсырмалар:
- •7. Бағалау критерийлері:
- •3. Тапсырмалар:
- •7. Бағалау критерийлері:
- •§112 М.Н. Чернявскийдің оқулығынан көп қолданылатын жұрнақтарды және мысал ретінде берілген туынды сөздерді жазып алыңыз. Конспектің түрі: жұрнақ, оның мағынасы. Туынды сөзі бар 1 мысал.
- •5. Орындау критерийлері:
- •7. Бағалау критерийлері:
- •5. Орындау критерилері:
- •7. Бағалау критерийлері:
- •2.11.2. Презентацияны бағалау критерийі (бағалау парағы)
1. Тақырып №1: Латын тілі тарихы. Латын тілі және мемлекеттік тілдің медицина тарихындағы ролі.
2. Мақсаты: Осы тақырып бойынша білім алу, мәліметтің конспектік жазу іскерлігін алу
3. Тапсырмалар:
а) Ежелгі рим және кейінгі латын, грек медициналық шығармаларды атаңдар (Гиппократ, Цельс, Клавдий, Гален, Диаскорид Киликийский, Руф Эфесский, Авиценна, Везалий, Славинецкий, Ломоносов, Протасов, Пирогов, Дьяковский).
Ақпаратты қамтамасыз ету: М.Н.Чернявский «Латинский язык и основы медицинской терминологии», Москва, Шико, 2008, 7-39бб.
б) Медицина тарихында латын және мемлекеттік тілдің ролі.
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Швейцариялық ғалым және дәрігер Парацельс (1493 - 1541) лекцияларды қай тілде оқыды?
2. Өз еңбектерін француз тілінде жазған атақты француз хирургінің (1510-1590) аты кім?
3. 17 және 18 ғасырларда латын тілі қандай ғылымдарда халықаралық тіл болып қалды?
4. Қай уақыттан бері латын тілі мемлекеттік гармониялық байланыста болды?
5. Бұрынғы ғалымдардың өздерінің ашуларын латын тілінде ұсынуына не әсер етті?
6. Ағылшын ғалымы және дәрігері Вильям Гарвейдің (1578-1656) еңбегі қалай аталады?
7. «Физиология » терминін ең алғаш рет қай ғалым қолданды?
8. Швейцариялық медицина докторы Галлердің қандай еңбегі жарыққа шықты?
9. Дәрігер-ғалымдар ғана өз еңбектерін латын тілінде жазды ма?
Студенттерге көмек ретінде осы 9 сұрақтарға жауап беру үшін қысқаша мәлімет:
Қайта өрлеу (15-16 ғғ.) дәуірінің соңғы он жылында ғылыми жұмыстарда және дәріс оқығанда мемлекеттік тілге көшуге жекеленген қадамдар жасалды. Атақты медицина реформаторы швейцариялық ғалым және дәрігер Парацельс Базель университетінде студенттерге дәрісті неміс тілінде оқыды. Сонымен қатар өзінің ғылыми жұмыстарын неміс тілінде жазды. Ұлы француз хирургі Амбруаз Паре (1510-1590) шығармаларын француз тілінде жазды. Оның кейбіреулері кейін латын және еуропа тілдеріне аударылды. Бірақ латын тілі кей жерлерде мемлекеттік тілдерге орын бергенімен, жаңа дәуір басында (17 ғ.) тіпті 18 ғ. биология мен медицинада халықаралық тіл болып қала берді. Латын тілінде сабақ берілді, ғылыми диспуттар жүргізілді, ғылыми еңбектер шығарылды. 18ғ. латын тілі мемлекеттік тілімен өзінің тең құқылы орынбасары ретінде гармониялық үйлесімде болды. Ғылымды халықаралықтандыруға ұмтылған әр елдің ғалымдары өздері ашқан жаңалықтарын барлығы қабылдаған латын тілінде жариялауды ұсынды.
Академик В.И. Вернадский халықаралықтандыру «механизмін» өте дұрыс анықтады: «Философия мен ғылым тарихында, әсіресе қайта өрлеу дәуірінде және жаңа дәуір басында латын тілі - елдер мен ұлттарға байланыссыз реалды ғылыми тіл болды, бірақ әлі орнықпаған философия мен ғалымдар интернационалының ортағасырлық реалды бірлікте терең тамырлары болды»
Тіпті 17-18 ғғ. ұлы ашулар мен әйгілі ғылыми жарияланулар латын тілінде жазылған шығармалармен белгілі болды. Осыған жататын, мысалы, ағылшын ғалымы және дәрігері Вильям Гарвей еңбектері. Оның жарыққа шыққан еңбегі «Exercitatio anatomica de motu cordis et sanguinis in animalibus» - «Жануарлардағы жүрек және қан айналымының анатомиялық зерттелуі» бұл еңбектерінің көп мағынасы болды, онда адам ағзасының құрылысы, жүрек жұмысы, үлкен және кіші қанайналым жүйесінің айырмашылығы сипатталған.
Швейцариялық физиолог, медицина докторы Галлер 1757-1766 жылдары латын тілінде 8 – томдық атласты жарыққа шығарды ”Elementia physiologiae corporis humani”- онда адам ағзасының құрылысы мен қызметіне толық мағлұмат берген. Галлер жаңа ғылым саласында «физиология» термин қолданды. Тек қана дәрігер-ғалымдар емес білімнің әртүрлі бөліміндегі өкілдері , философтар өздерінің ойларын өздері орнықты фактілер мен заңдылықтарды латын тілінде негіздеді.
4. Орындау формалары: Реферат
