Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-ЖШС-«Бек-сервис»-автотранспорт-кәсіпорныны...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.36 Mб
Скачать

4. Өнімнің сипаттамасы

Жобаланатын слесарлы-механикалық учаскесі автомобильдерді жөндеу кезінде қажет болатын қарапайым бөлшектерді, атап айтқанда, бұрандаларды, болттарды, гайкаларды, шпилькаларды, шайбаларды, тойтармаларды және т.с.с. әзірлейді және қалпына келтіреді, сондай-ақ мұнда металды кесу, өңдеу жұмыстары орындалады. Осы бөлімше жұмысының ұйымдастырылуы бойынша станоктық (метал жону, фрезер және тегістеу) және слесарлық жұмыстар бөлшектерді әзірлеу және қалпына келтіру кезіндегі соңғы өңдеу жұмыстары болып табылады.

«Бексервис» ЖШС слесарлы-механикалық учаскесі өндірістік ғимаратта орналасқан және ТҚК-2 мен АЖ аймақтарымен, агрегаттар бөлімшесімен, орталық қоймамен шектеседі. Учаскеде 3 және 4 разрядты 4 автослесарь жұмыс істейді. Бұл слесарьлардың білімі орта және орта арнаулы. Жұмыс стаждары 2 жылдан 10 жылға дейін. Олардың қазіргі еңбек ақысы 22134,9 теңге болса, жоба бойынша 26861,2 теңгені құрады. Болашақта слесарьларды жоғарғы оқу орындарына қазіргі заманғы жөндеу әдістерін меңгеру бойынша курстарға оқыту жоспарланады. Кәсіпорында жоспарды толық орындайтын жүргізушілер мен слесарьларға тоқсан сайын қосымша ақы тағайындалған. Ұжымды басқару кезінде жұмыс сапасына емес, санына көп көңіл бөлетін қызметкерлер кездеседі. Олармен тек еңбек ақыны төлеудің баллдық жүйесіне көшуді қарастыру қажет, яғни жұмысшының еңбек ақысы орындалған жұмыс сапасы мен мөлшеріне байланысты болады.

Учаске 5-күндік жұмыс аптасы бойынша ұзақтығы 8 сағат бір ауысыммен жұмыс істейді. Учаскенің технологиялық жабдығы орындалатын жұмыстарға сәйкес келеді.

Орта және жоғары сыйымдылықтағы автобустарды жөндеу бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындар жұмысын талдай отырып, олардың ішінде «Бек-сервис» кәсіпорнының сапа мен бағаның жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндігі жоғары екендігін көруге болады. Бұл кәсіпорынның қызметіне сұранысты арттырады.

5. Маркетинг жоспары

Қазіргі кездегі қаладағы тұрғындар санының өсуіне байланысты жолаушы тасымалдау нарығы да өсуде. Сонымен қатар, жылжымалы құрамның санының өсуімен және ескіруіне байланысты оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бизнесі де қарқынды түрде өсуде. Бұл кәсіпорында автомобильдерге жол полициясымен бірге техникалық байқау өткізуге де мүмкіндіктер бар.

Слесарлы-механикалық учаскесі төбесі жабық ғимаратта орналасқан. Осыған байланысты қалааралық және халықаралық қатынастағы автобустарға қызмет көрсетуге жағдайлар жасалған. Ол үшін қосымша жаңа жабдықтар сатып алу үшін үш жыл мерзімге несие алу қарастырылған. Есептелген өзіндік құнның төмендеуінен түсетін пайда күрделі салымды 2,9 жыл ішінде қайтаруға мүмкіндік бар екендігін көрсетті

«Бек-сервис» ЖШС сияқты кәсіпорындарда автобус иелері арасында жұмыстың маркетингтік бағдарламасы жүргізілмейді. Мұндай кәсіпорындарда сервис-менеджерлер штаты жоқ, жүргізушілер қандай да бір жолмен (басқалардан есту, кездейсоқ келу) біліп келеді. Көп жағдайларда автобус жөндеу орындарында білікті маман жоқ болғандықтан, жүргізушіден автомобильді тез арада қабылдап, ақауды жөндеу процесін жасырын орындауға тырысады. Автомобиль иесі жөндеу сапасын, жұмыстың орындалуын толық білмегендіктен, ол кәсіпқой мен жаңадан үйренушінің жұмысының арасындағы айырмашылықты көрмейді де, автомобилін кез-келген неғұрлым арзан жерде істетуге тырысады.

Мен автобус иелерін шақыруға көмек беретін және кәсіпорын имиджін тұрақты кәсіби көмекші ретінде көрсетуге маркетинг бойынша бірнеше іс-әрекеттерді ұсынамын:

1.Кепілдік мерзімі көрсетілген, орындалған жұмыс туралы жазулары ьар сервис кітапшаларын беру. Бұл автобус иесіне кәсіпорынға негізделген шағымдарын беруге құқық береді, ал біз өз жағымыздан орындаған жұмысымызға толық заңды жауапкершілік аламыз.

2.Егер автобус иесі біздің кәсіпорында 30000 теңгеден жоғары сомаға қызмет пайдаланса, онда келесі бір жыл ішінде 20%-тік төмен бағамен қызмет көрсетуге жеңілдіктер алады.

3.Автобустар мен бөлшектер сататын орындарға олардан келетін клиенттерге біз 15%-тік жеңілдік беретініміз туралы ұсыныстар айту.

Жарнама мақсатында алғашқы айларда кәсіпорынның қала ішіндегі 6 автобусын ерекше түске бояп, ол жарнамалардың дизайнын ерекше етіп көрсетеміз.