
- •1. Техникалық-экономикалық негіздеме
- •Жобаланатын кәсіпорнының жалпы сипаттамасы
- •Кесте 1.2 Кәсіпорын ғимараттары мен құрылыстарының құрамы
- •Автокөлік кәсіпорнының техника-экономикалық көрсеткіштері «Бек-сервис» жшс-нің есеп берілген 2007 жылдағы техника-экономикалық көрсеткіштері 1.3.-кестеде келтірілген.
- •1.2. Тқк мен аж технологиялық процестеріне және ұйымдастырылу сапасына талдау жасау
- •1. Қызмет көрсетілетін автомобиль санының өзгеру динамикасы, дана.
- •Жобалау нысанының мінездемесі
- •2. Технологиялық есептеу
- •2.1. Атк жылдық өндірістік бағдарламасын есептеу
- •2.1.1. Тқк мерзімділігін және кж-ге дейінгі жүрісті таңдау және түзету
- •2.1.2. Цикл ішінде бір автомобильге келетін кж, тқк санын анықтау
- •2.1.3.Циклдік техникалық дайындық коэффициентін есептеу
- •2.1.4. Жыл ішінде бір автомобильге келетін және жалпы автопарк бойынша тқк санын анықтау
- •2.1.5. Автомобильдердің тқк мен диагностикасы бойынша тәуліктік бағдарламаны есептеу
- •2.2. Жұмыстардың жылдық көлемін есептеу
- •Нормативті еңбек мөлшерлерді таңдау және түзету
- •2.2.2.Жұмыстардың жылдық көлемін анықтау
- •2.2.3. Жұмыс көлемінің өндірістік аймақтар мен учаскелер бойынша үлестірілуі
- •2.3. Өндірістік жұмысшылардың санын есептеу
- •2.4. Бекеттер мен толассыз желілерді есептеу
- •2.4.1. Автомобильдердің тқк мен аж жұмыстарын ұйымдастыру тәсілін таңдап алу
- •2.4.4. Диагностикалау бекеттерін есептеу
- •2.4.5. Кқк желісін есептеу
- •2.4.6. Аж бекеттерінің санын есептеу
- •2.4.7. Күту бекеттерінің санын есептеу
- •2.5. Жайлардың аудандарын есептеу
- •Тқк мен аж аймақтарының ауданын есептеу
- •Өндірістік учаскелердің ауданын есептеу
- •2.5.3. Қоймалық бөлмелердің аудандарын есептеу
- •2.5.4. Автомобильдерді сақтау аймағының ауданын есептеу
- •2.6. Слесарлы-механикалық бөлімшенің техникалық жобасы
- •2.6.1. Жобаланатын бөлімшедегі жұмысшылардың санын анықтау
- •2.6.2. Технологиялық жабдықты таңдау
- •2.6.3. Слесарлы-механикалық учаскенің технологиялық жоспары
- •Технологиялық картаны құрастыру
- •Технологиялық карта
- •3.Өндірісті басқару және ұйымдастыру
- •3.1. Техникалық қызмет көрсету мен диагностикалау кешені жұмысын ұйымдастыру
- •3.2. Автомобильдердің тқк мен жөндеу сапасын басқару
- •3.3. Жылжымалы құрамға тқк мен аж ресурс үнемдейтін технологиясы
- •5.Конструкторлық бөлім
- •6.1. Өндiрiстi» потенциалдыº ºауiптiлiгiн ж¸не зияндылы¹ын талдау
- •6.2. К¼лемдiк-жоспарлыº шешiм
- •6.3. Санитарлыº-техникалыº iс-шаралар
- •6.3.1. Таби¹и ж¸не жасанды вентиляцияны есептеу
- •6.3.2.Вентиляцияны есептеу
- •6.3.3.Шудан, ультрадыбыстан ж¸не вибрациядан ºор¹ану
- •Жеке қорғаныс құралдары
- •6.3.5. Өндірісті механикаландыру және автоматтандыру деңгейін жетілдіру дәрежесінің сипаттамасы
- •6.4. Қауіпсіздік техникасы
- •6.5. Электр ºауiпсiздiгi
- •6.7. Азаматтық қорғаныс
- •7. Қоршаған ортаны қорғау
- •7.1. Қоршаған ортаны ластау көзқарасынан слесарлы-механикалық учаскесінің технологиялық процесінің суреттелуі
- •7.2. Автомбильдердің зиянды заттарымен атмосфераны ластағаны үшін төленетін төлемақы мөлшерін есептеу
- •7.3. Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар
- •8. Экономикалық бөлім
- •8.1.Күрделі салымдарды есептеу
- •8.2. Жұмыстардың өзіндік құнын есептеу
- •8.2.1. Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы
- •8.2.2. Материалдар мен қосалқы бөлшектер
- •8.2.3. Қосымша шығындар
- •8.2.4. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
- •8.3. Жобаның экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеу
- •9. Бизнес-жОспар
- •1. Аннотация
- •2.Резюме
- •3. Кәсіпорынның, саланың қысқаша сипаттамасы Кәсіпорын бойынша 2007 жылғы жұмысының қаржылық көрсеткіштерін келтіреміз.
- •4. Өнімнің сипаттамасы
- •5. Маркетинг жоспары
- •6. Өндірістік жоспар
- •7. Ұйымдастыру қызметінің жоспары
- •8. Қаржылық жоспар
- •9. Жұмыстардың орындалу тізбесі
- •10. Жобаның тәуекелділігін талдау
- •8. Оценка риска
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
9. Бизнес-жОспар
1. Аннотация
Бизнес-жоспар тақырыбы: Слесарлы-механикалық бөлімшесінің жұмысының бизнес-жоспары
Фирма аты: «Бек-сервис» ЖШС
Мекен-жайы: Шымкент қ., Таштракт көшесінің орналасқан
Телефон: 8(3252)571589;
Кіммен жасалған: Усембаев Ж.Е.
Бизнес сферасы: Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Қызметтің негізгі түрлері: Автомобильдерді жөндеу
Басталу мерзімі: 01.07.2008ж.
Бизнес-жоспар қандай мерзімге есептеліп жасалған: 1 жыл.
2.Резюме
Бизнес-жоспардың мақсаты – «Бек-сервис» ЖШС автобус паркінің слесарлы-механикалық бөлімшесінің өнімінің сапасын жақсарту, сұранысты толық қанағаттандыру және бәсекеге қабілетті ету болып табылады.
Бизнес-жоспардың стратегиясы:
- жөндеу процестерінің ең жоғары тиімділігіне қол жеткізу және өнімнің өзіндік құнын төмендету;
-инновациялық технологиялар мен инфрақұрылымды кластерлік дамыту есебінен кәсіпорынның автомобильдерге қызмет көрсету және жөндеу қызметінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; жөндеу процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-экологиялық қауіпсіздікті және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
-көлік секторында қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру.
Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері: жаңа жобаны ұйымдастыру және енгізу үшін 300145 теңге көлемінде инвестиция қажет. Көрсетілген қаражат жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалады. 1,9 жылдан кейін кәсіпорын алған қаржыны қайтару міндетіне алады.
Іске асыру мерзімі: 2008-2009 жылдар
Күтілетін нәтижелер:
қолайлы инвестициялық ахуал жасау арқылы кәсіпорынның барлық ұзақ мерзімді активтері жаңартылады, еңбекті ұйымдастыру мен өндірістік процестің прогрессивтік технологиялары енгізіледі, отандық салалық өндірістер құрылады;
жөндеу қызметінің тиімділігі арттырылады, бұл кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді.
көліктің техногенді және экологиялық қауіпі төмендейді.
3. Кәсіпорынның, саланың қысқаша сипаттамасы Кәсіпорын бойынша 2007 жылғы жұмысының қаржылық көрсеткіштерін келтіреміз.
Кесте 9.1.
№ |
Көрсеткіштердің аталуы |
Өлшем бірлігі |
Мәні |
1
2 3
|
ТҚК мен АЖ шығыны, жалпы соның ішінде:
ТҚК мен АЖ нормативтік шығыны Түскен пайда, жалпы соның ішінде:
|
мың теңге
теңге/1000км мың теңге |
12783
5760 4095 2928 58,5 22000
17500 4500 |
Автомобиль жасаудың әлемдік өндірісінің дамуы нәтижесінде және автомобильдерге деген сұраныстың артуының нәтижесінде автожөндеу бизнесі қарапайым қызмет көрсетуден күрделі жөндеу жұмыстарын орындауға көшуде, сонымен бірге қазіргі заманғы өнеркәсіп елдерінің экономикалық факторының негізі бола отырып, тиімді бизнес түрі болып келеді. Соның ішінде, Қазақстан Республикасы үшін автомобиль жасау және оның бөлшектерін өндіру төмен деңгейде дамып келе жатқандықтан, автомобильдерді жөндеумен айналысатын кәсіпорындардың жұмысына сұраныс жоғары. Оны жаңа автомобильдер мен қосалқы бөлшектердің бағасының қымбат болуымен түсіндіреміз. Автомобиль жөндеу кәсіпорындарының дамуының негізгі тенденциялары мен оларға қойылатын талаптар:
мамандар біліктілігін арттыру;
қарапайым қызмет көрсету түрлерінен күрделі жөндеулерді орындауға көшу;
жабдықтар мен жаңа приборларларға инвестиция көоемін арттыру;
қызмет көрсетуге дайындықты кеңейту;
жаңа технологиялар мен химико-технологиялық жаңалықтарды қолдану.
Жоғарыдағы аталғандардың нәтижесінде жетуге болады:
автомобильдің жөндеуде тұру ұзақтылығын азайтуға;
өндірістік құралдар шығынын қысқартуға;
материалдар мен қосалқы бөлшектерге қажеттіліті қысқартуға;
еңбек құны мен жалақыны арттыруға.
Автомобиль жасаушылар мен автомобиль пайдаланушылардың қызығушылығы, талпынысы және талғамы барлық тенденцияларда сәйкес келеді. Соның ішінде, автомобил жөндеу бизнесі де барлық тенденциялармен толық сәйкес болып, белсенді түрде дамуы қажет.
Сондықтан, «Бек-сервис» ЖШС автобустарды жөндеу және пайдалану нарығында алдыңғы қатарға шығуы қажет . Ол үшін кәсіпорынның толық мүмкіндігі бар. Бұл кәсіпорын пайдалануға 1993 жылы берілген, соңғы үлгідегі жобамен салынған. Қазіргі уақытта жеке меншік халықаралық және қалааралық қатынастағы Ман, МАН, Сетра, Неоплан автобустары жөндеу жұмыстарын орындау үшін осы кәсіпорынға келеді. Ол автобустар үшін жөндеуді ұйымдастыруға мұнда басқа кәсіпорындарға қарағанда мүмкіндіктер жоғары.
Кәсіпорынға жаңа автобустар мен жабдықтар сатып алумен бірге жұмысшылар мен қызметкерлердің де саны артып отырады.