- •«Әлеуметтану ғылым ретінде»
- •«Әлеуметтанулық ойдың дамуының негізгі кезеңдері»
- •«Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы»
- •«Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы»
- •«Хх ғасыр әлеуметтануы»
- •«Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде»
- •«Әлеуметтік институттар және процестер»
- •«Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация»
- •«Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары»
- •«Девиация және әлеуметтік бақылау»
- •«Білім әлеуметтануы»
- •«Саясат әлеуметтануы»
- •«Экономика әлеуметтануы»
- •«Отбасы әлеуметтануы»
- •«Мәдениет әлеуметтануы»
- •«Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы»
- •«Қолданбалы әлеуметтану»
- •«Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік жағдайы»
«Әлеуметтік институттар және процестер»
110. Әлеуметтік институттың басты артықшылығы:
А) алдын-ала болжам жасау, сенімділік, тұрақтылық;
В) неғайбылдық, күтпеген шешім жасау;
С) эксперимент мүмкіндігі;
D) кездейсоқтық, тосыннан шешім жасау;
Е) ретсіздік, тұрақсыздық.
*****
111. Әлеуметтік институттар пайымдау үшін мыналарды негіз етіп береді:
А) белгілі бір қажеттіліктің кез-келген жағдайда қанағаттандырылуын;
В) қажеттіліктің белгілі бір жағдайда қанағаттандырылуын;
С) қажеттіліктің сапалық деңгейде қанағаттандырылуын;
D) қажеттілікті қанағаттандыруға тырысудың мағынасы жоқтығын;
Е) қажеттілікті қанағаттандыру мүмкін еместігін.
*****
112. Институт ең алдымен неге негізделеді?
А) мүдделердің сәйкестігіне;
В) қажеттіліктер деңгейінің бірдейлігіне;
С) міндеттемелерді әлеуметтік реттеушілікке;
D) тәжірибе алмасуға;
Е) ара қатынастарды әлеуметтік реттеушілікке.
*****
113. Институттардың тиімділігін арттыруда не мүмкіндік туғызады?
А) жеке жауапкершіліктің жоғарғы деңгейі;
В) еңбек бөлінісі және кәсібилік;
С) материалдық мүдделік;
D) моральдық мүдделік;
Е) санкциялар.
*****
114. Төменде көрсетілген әлеуметтік институттендірілген байланыстардан формальды еместерін бөліп көрсет:
А) достық;
В) шаруашылық қызмет;
С) ғылыми ізденіс;
D) білім;
Е) нарық.
*****
115. Өзінің «Парықсыз тап теориясы» атты кітабында алғашқылардың бірі болып әлеуметтік институт ұғымын анықтаған американ ғалымы және экономисі:
А) Т. Веблен;
В) Р. Миллс;
С) П. Бергер;
D) А. Гелен
Е) Л. Томпсон.
*****
116. Маңызды қоғамдық құндылықтарды біріктіретін, қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын әлеуметтік байланыстар мен нормалардың ұйымдасқан жүйесі – бұл:
А) әлеуметтік ұйым;
В) әлеуметтік топ;
С) әлеуметтік институт;
D) әлеуметтік жүйе;
Е) әлеуметтік басқару.
*****
117. Кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бағытында әрекет етуге қабілетті мәртебелер ме ролдерді, нормаларды, ережелерді анықтау және бекіту, оларды жүйеге келтіру үрдісінің аталуы:
А) үйрену;
В) интериоризация;
С) өзіндік сала;
D) институционалдандыру;
Е) өзін-өзі реттеу.
*****
118. Бұл еңбегінде Торстейн Веблер қоғамның эволюциясын әлеуметтік институттардың табиғи сұрыпталу үрдісі ретінде қарастырған:
А) «Әлеуметтанудың негізгі ұғымдары»;
В) «Әлеуметтік әрекет құрылымы»;
С) «Парықсыз тап теориясы»;
D) «Қоғам және қауымдастық»;
Е) «Әлеуметтану жүйесі».
*****
119. Осы институттың беделін түсуін сипаттайтын кері үрдістің аталуы:
А) институционалдық дағдарыс;
В) институционалдық регресс;
С) институционалдық прогресс;
D) институционалдық құлдырау;
Е) инстиуционалдық рецессия (шегіну).
*****
120. Институттың: а) жүріс-тұрыс ұстанымы мен үлгісі; б) символдық мәдени белгілері; в) утилитарлық мәдени белгілері; г) ауызша және жазбаша кодексі; д) идеология сияқты белгілерін бөліп көрсеткен авторды атаңыз:
А) Р. Аргон;
В) С. Фролов;
С) Н. Смелзер;
D) А. Кравченко;
Е) Ж. Тощенко.
*****
121. Жүріс-тұрысқа соқыр еліктеу жолын жасау арқылы қоғам мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін әлеуметтік интитуттардың функциясы:
А) біріктірушілік;
В) трансляциялау;
С) коммуникативтік;
D) реттеушілік;
Е) қоғамдық қатынастарды бекіту және ұдайы өндіру.
*****
122. Нормалар, ережелер және ролдер негізінде әлеуметтік топ мүшелерінің топтасуын, өзара тәуелділігін және өзара жауапкершілігін қамтамасыз ететін функцияны атаңыз:
А) біріктірушілік;
В) қоғамдық қатынастарды бекіту және ұдайы өндіру;
С) коммуникативтік;
D) реттеушілік;
Е) трансляциялау.
*****
123. Келер ұрпаққа тәрбиені жеткізетін функцияның аталуы:
А) біріктірушілік;
В) трансляциялау;
С) коммуникативтік;
D) реттеушілік;
Е) қоғамдық қатынастарды бекіту және ұдайы өндіру.
*****
124. Қоғам мүшелерінің жүріс-тұрысын бекітіп, қалыпқа келтіретін және бұл жүріс-тұрысты күні бұрын білдіретін функцияның аталуы:
А) біріктірушілік;
В) трансляциялау;
С) коммуникативтік;
D) реттеушілік;
Е) қоғамдық қатынастарды бекіту және ұдайы өндіру.
*****
125. Көптеген әлеуметтік әрекеттерден бөліп көрсетуге болатын бір бағыттық және қайталанбалы әлеуметтік әрекеттердің жиынтығының аталуы:
А) әлеуметтік ауысулар;
В) әлеуметтік ықпал ету;
С) әлеуметтік процесс;
D) әлеуметтік өзгерістер;
Е) әлеуметтік әрекет.
*****
126. Қоры шектеулі және тең бөлінбеген құндылықтарды иемдену үшін индивидтер, топтар немес қауымдастықтар арасындағы күрестің аталуы:
А) кооперация;
В) бәсекелестік;
С) бейімделу;
D) мәміле;
Е) келісім.
*****
127. Жаңа ортаның мәдени нормаларын, құндылықтарын және әрекет эталондарын индивидтің немесе топтың қабылдауы қалай аталады?
А) кооперация;
В) шыдамдылық;
С) бейімделу;
D) бағыну;
Е) келісім.
*****
128. Жаңа мақсаттар мен тәсілдерді толық немесе жартылай қабылдау жолымен индивидтің немесе топтың өзгерген жағдайлар мен мәдениетке келісуін білдіретін бейімделу формасы:
А) мәміле;
В) шыдамдылық;
С) бейімделу;
D) бағыну;
Е) келісім.
*****
129. Барлық қатысушылардың жалпы мәдени үрдіске қатысуы арқылы тұлғалар мен топтардың өзара мәдени араласу үрдісінің аталуы:
А)амальгамизация;
В)бейімделу;
С) шыдамдылық;
D) сіңісу;
Е) бағыну.
*****
