- •«Әлеуметтану ғылым ретінде»
- •«Әлеуметтанулық ойдың дамуының негізгі кезеңдері»
- •«Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы»
- •«Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы»
- •«Хх ғасыр әлеуметтануы»
- •«Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде»
- •«Әлеуметтік институттар және процестер»
- •«Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация»
- •«Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары»
- •«Девиация және әлеуметтік бақылау»
- •«Білім әлеуметтануы»
- •«Саясат әлеуметтануы»
- •«Экономика әлеуметтануы»
- •«Отбасы әлеуметтануы»
- •«Мәдениет әлеуметтануы»
- •«Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы»
- •«Қолданбалы әлеуметтану»
- •«Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік жағдайы»
«Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде»
91. Әлеуметтану тұрғысынан қоғам дегеніміз – бұл:
А) бір аймақты мекендеген және бір тілде сөйлейтін адамдардың үлкен тобы;
В) өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында адамдардың тарихи формаларымен біріккен, өзара байланыстары мен өзара әрекеттері туындайтын адамдар жиынтығы;
С) бір елде өмір сүретін адамдардың жиынтығы;
D) ортақ мүддемен біріккен адамдар жиынтығы;
Е) өмірде ортақ мақсатпен біріккен адамдардың тобы.
*****
92. Бұл ғалымдар 1967 жылы әлеуметтік біріктірудің: тұрақты аумақ, өзін-өзі өндіру, жоғары дамыған мәдениеттің болуы және саяси тәуелсіздік сияқты жағдайларын анықтап, оны қоғам деп есептеуді ұсынды:
А) Марш Р., Шилз Э.;
В) Уатт Д., Белл Д.;
С) Боултон М., Фултон Р.;
D) Тейлор Ф., Смол А.;
Е) Парсонс Т., Мертон Р.;
*****
93. Қоғам дамуының негізгі жолдары :
А) революциялық;
В) эволюциялық;
С) реформалық;
D) революциялық және эволюциялықтың үйлесімділігі;
Е) секіріп өту жолы.
*****
94. Революция деген - бұл:
А) өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылыстың ңегіздеріне тимей, кейбір өмір саласын біршама жетілдіруді бірте-бірте жүзеге асыратын қайта құрулар;
В) саяси режимнің алмасуы;
С) қандай да партияларға біріккен бір топ адамдардың жасаған төңкерісі;
D) бір қоғамдық-экономикалық формациядан екіншісіне өту;
Е) өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылыстың негіздерін қиратып қоғамдық өмірдің бүкіл немесе көптеген жақтарын толық немесе кешенді өзгерту.
*****
95. Ескірген техника мен технологияны айырбастау процесі, ғылыми табыстардың есебінен жаңа, мейлінше жетілгенін енгізу қалай аталады?
А) ғылыми-техникалық прогресс;
В) өндірістік революция;
С) ақпараттық революция;
D) әлеуметтік прогресс;
Е) ғылыми ашулар процесі.
*****
96. Қоғамды жүйелік тұрғыда зерттеу деген:
А) қоғамды экономикалық аспектіде зерттеу;
В) қоғамды саяси аспектіде зерттеу;
С) қоғамды құрылымдық аспектіде зерттеу;
D) функционалдық аспектіде зерттеу;
Е) құрылымдық, функционалдық, динамикалық тұрғыда зерттеу.
*****
97. Жаһандық деңгейде қоғам дүниежүзілік жүйеге айналады, оны үш бөлімге: өзекке, жартылай шетаймаққа және шетаймаққа бөлуге болады деп санаған:
А) МарксК.;
В) Дюркгейм Э.;
С) Сорокин П.;
D) Валлерштайн И.;
Е) Маклуэн М.
*****
98. Өмір сүріп отырған құрылыстың негіздеріне тимей өмірдің қайсыбір саласын біршама жетілдіру, бірқатар қайта құрулар қалай аталады?
А) революция;
В) контрреволюция;
С) реформа;
D) келісім;
Е) ынтымақтастық.
*****
99. Әлемдік әлеуметтануда қоғам дамуының алғашқы да жемісті теорияларының бірін «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы» атты шығармада жасаған:
А) Вебер М.;
В) Дюркгейм Э.;
С) Зиммель Г.;
D) Фурье Ш.;
Е) Дарендорф Р.
*****
100. Адамдардың өмірлік маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыратын, қоғамда бар ресурстарды өндіріске қосуға және тауарлар мен қызмет көрсетулердің санын көптеп жасауға мүмкіндік беретін саланы атаңыз:
А) әлеуметтік сала;
В) экономикалық сала;
С) саяси сала;
D) рухани сала;
Е) мәдени сала.
*****
101. Бұл саланың міндеті қоғамдағы әлеуметтік тәртіпті қатамасыз ету, қақтығыстарды тоқтату, билікті қорғау және т.с.с.:
А) әлеуметтік сала;
В) экономикалық сала;
С) саяси сала;
D) рухани сала;
Е) мәдени сала.
*****
102. Барлық салада жаңа білімдер ашу, оларды келесі ұрпаққа жеткізу, көркемдік құндылықтарды жасау қай саланың міндеті болып табылады:
А) әлеуметтік сала;
В) экономикалық сала;
С) саяси сала;
D) рухани сала;
Е) мәдени сала.
****
103. Адамның қоғамдағы әл-ауқаты үшін жауап беретін сала – бұл:
А) әлеуметтік сала;
В) экономикалық сала;
С) саяси сала;
D) рухани сала;
Е) мәдени сала.
*****
104. Кезуші аңшылар, көсемдер, мал щаруашылығы мен жер шаруашылығы, неолит революциясы, ежелгі мемлекеттер, аграрлық қоғам, қазіргі заманғы қоғам – бұл:
А) қоғам дамуының жолдары;
В) қоғам дамуының сатылары;
С) қоғам дамуының кезеңдері;
D) қоғам дамуының формасы;
Е) қоғам дамуының типтері.
*****
105. Ұқсас белгілерімен немесе критерийлерімен біріккен қоғам:
А) қоғам дамуының жолдары;
В) қоғам дамуының сатылары;
С) қоғам дамуының кезеңдері;
D) қоғам дамуының формасы;
Е) қоғам дамуының типтері.
*****
106. Әрбір кейінгі даму сатыларына бұрынғыларына қарағанда аз уақыт кетеді деп есептейтін заң – бұл:
А) заңдылық заңы;
В) санның сапаға өзгеру заңы;
С) тарихи уақытты жеделдету заңы;
D) терістеуді терістеу заңы;
Е) қарама-қарсылықтың бірігуі мен күрес заңы.
*****
107. Осы заңдылыққа сәйкес халықтар мен ұлттардың даму жылдамдығы әр түрлі:
А) заңдылық заңы;
В) санның сапаға өзгеру заңы;
С) тарихи уақытты жеделдету заңы;
D) терістеуді терістеу заңы;
Е) қарама-қарсылықтың бірігуі мен күрес заңы.
*****
108. Қоғам қашан пайда болды?
А) 30 мың жыл бұрын;
В) 40 мың жыл бұрын;
С) 50 мың жыл бұрын;
D) 20 мың жыл бұрын;
Е) 10 мың жыл бұрын.
*****
109. Қоғамның өзіндік жетілгендігінің басты белгісі:
А) саяси;
В) рухани;
С) экономикалық;
D) мәдени;
Е) әлеуметтік.
*****
