- •«Әлеуметтану ғылым ретінде»
- •«Әлеуметтанулық ойдың дамуының негізгі кезеңдері»
- •«Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы»
- •«Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы»
- •«Хх ғасыр әлеуметтануы»
- •«Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде»
- •«Әлеуметтік институттар және процестер»
- •«Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация»
- •«Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары»
- •«Девиация және әлеуметтік бақылау»
- •«Білім әлеуметтануы»
- •«Саясат әлеуметтануы»
- •«Экономика әлеуметтануы»
- •«Отбасы әлеуметтануы»
- •«Мәдениет әлеуметтануы»
- •«Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы»
- •«Қолданбалы әлеуметтану»
- •«Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік жағдайы»
«Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы»
58. Ш. Уәлиханов өзі өмір сүрген қазақ қоғамының кұрылысын қалайша белгіледі?
А) дәстүрлі;
В) патриархалды-феодалдық;
С) индустриалдық;
D) аграрлық;
Е) постиндустриалдық қоғам.
*****
59. Ш. Уәлиханов қазақ қоғамын саяси басқару туралы не айтты?
А) хандар басқарады;
В) патша әкімшілігінің чиновниктері басқарады;
С) халық өзін-өзі басқарады;
D) Батыс елдері билеп-тестейді;
Е) қазақ батырлары басқарады.
*****
60. Ш. Уәлихановтың қоғамды реформалау жөніндегі көзқарасы:
А) реформалар сырттан енгізілген теориялар негізінде жүргізілуі тиіс;
В) революциядан реформаның тиімділігі әлдеқайда артық;
С) басқа халықтың өміріндегі реформаны көшіруге болады;
D) реформалар туралы мәселе аса үлкен сақтықты, терең пайымдауды талап етеді, өйткені олардан халықтың «болу немесе болмауы» шешіледі;
Е) реформа жургізу міндетті іс емес, қоғам табиғи-тарихи жолмен дамуы тиіс.
*****
61. Ш. Уәлиханов халықтың әлеуметтік жағдайы туралы:
А) байлар мен белгілі адамдардың мүдделері бұқараның, халық көпшілігінің мүддесіне қарсы;
В) салыстырмалы түрде тұрақты;
С) мал басының өсуі халықтың әл-ауқатын арттырады;
D) сословиенің сақталуы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал етеді;
Е) қарапайым халықты қанау – тарихи қажеттілік.
*****
62. Ы. Алтынсарин қазақ қоғамының алдыңғы қатарлы өркениеттен артта қалу себептерін неден көрді?
А) мал шаруашылығындағы ескішіліктен;
В) шетелдік инвестицияның болмауынан;
С) дамыған өнеркәсіптің болмауынан;
D) патриархалдық-феодалдық қоғамның сақталуынан;
Е) қазақтар арасындағы оқу-ағарту ісінің болмауынан.
*****
63. Ы. Алтынсарин көшпелі қазақ қауымынық әлеуметтік дамуының басты бағыттары туралы:
А) өндірістік кәсіпорындарды дамыту;
В) жұмысшы табын қалыптастыру;
С) нарықтық экономиканы дамыту;
D) елге сауаттылықты тарату, қол өнерді дамыту, отырықшылыққа көшу, жер шаруашылығына өту жолдарымен қоғамды эволюциялық дамыту;
Е) темір және автомобиль жол тораптарын қалыптастыру.
*****
64. Ы. Алтынсариннің қазақ қоғамының әлеуметтік-таптық кұрылымы туралы көзқарасы:
А) буржуазия, феодал, кедей;
В) шаруалар, кулактар, буржуазия;
С) кедейлер, помещиктер, орта шаруалар;
D) жұмысшылар, капиталистер, батырақтар;
Е) бай-феодалдар, орта шаруа, кедей жатақтар.
****
65. Абай қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздіктің себептерін немен түсіндірді?
А) жұт, барымтамен;
В) ру-тайпа аралық тартыстармен;
С) қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуі және олардың мүдделерінің қарама-қайшы болуымен;
D) қабылданған заңдардың, салт-дәстүрлердің жұмыс істемеуімен;
Е) ғылым-білімнің, мәдениеттің артта қалуымен.
*****
66. Абай әдеттегі қазақ құқын жетілдіруде қандай үлес қосты?
А) отбасы-неке қатынастарын жетілдірді;
В) 100-ден аса баптардан тұратын әдеттегі құқықтың жиынтығын құрастырды;
С) әмеңгерлік салтты енгізді;
D) ру аралық қатынастарды нығайту үшін заңдар құрастырды;
Е) 35 баптан тұратын әдеттегі құқық жинағын құрастырды.
*****
67. Абайдың анықтауы бойынша ғылым қандай әлеуметтік рөл атқарады?
А) ғылым адамды қараңғылықтан құтқарады, білімсіздіктен шығудың жолын көрсетеді;
В) ғылымды еңбекпен, ықлас қоюмен меңгеруге болады;
С) практика ғылымсыз бәрін де бере алады;
D) ғылым әлем дүниесінің құпияларын ашуға мүмкіндік береді;
Е) ғылым ғылыми-техникалық прогреске ықпал етеді.
*****
68. Абайдың еңбектің әлеуметтік рөлі туралы көзқарасы:
А) барымта баюдың бірден-бір жолы;
В) еңбектің барлык түрлері пайдалы, сонымен қатар жалдамалы енбек те пайдалы;
С) еңбек адамның жан-жақты дамуына ықпал жасайды;
D) алыпсатарлық, базар, ұрлық баюдың көзі болуы мүмкін;
Е) байлар мен кедейлер еңбек етуі тиіс.
*****
69. Тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал ететін Абай айтқан алғышарттар:
А) еріншектік, қызылбайлық;
В) саясат, дін, мектеп;
С) талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым;
D) еңбек, өнеркәсіп;
Е) базар, байлық, жауапкершілік.
*****
70. Байтұрсыновтың қоғамның даму жолдары жөніндегі көзқарасы:
А) қоғамның дамуын революциялық жолмен іске асыру;
В) эволюциялық, реформалық жолмен іске асыру;
С) халықтың мүддесін қорғайтын саяси партия құру арқылы қоғамды дамытуға болады;
D) отаршылдыққа қарсы күрес жүргізу жолымен жетістікке жету;
Е) реформалық жолмен қоғамды дамыту.
*****
71. Ә. Бөкейхановтың кадет партиясынан шығуына себеп болған жағдай:
А) Ресей патшалығы отарлау саясатын жүргізгені үшін;
В) жаңа билік жүйесінде Торғай облысы бойынша комиссар болып тағайындалу үшін;
С) партия бұратана халықтарға, соның ішінде қазақтарға автономия алу мүмкіндігін бермейтіндігін білгендіктен;
D) Семей, Ақмола облыстары уездерінің жерді пайдалану тәсілдерін зерттеп, онда орыс казактарынң қоныс аударуына ғылыми негіз жасау үшін;
Е) қазақтардың этностық қалыптасу процесін зерттеу үшін.
*****
