Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социологиядан рубежныйга арналган тест сурактар...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92.96 Кб
Скачать

«Девиация және әлеуметтік бақылау»

168. Девианттық мінез-құлықтың көрсететіні:

А) қоғамдық дамудағы қайшылықтар;

В) дене және ой еңбегінің арасындағы қайшылықтар;

С) ресми мойындалған немесе қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес келмейтін бұқаралық қызметтің формасы:

D) ішкі және сыртқы өмір сүру жағдайына дамудағы жүйелердің әлі де толық бейімделмеуі;

Е) кездейсоқ оқиғалардың байланысы.

*****

169. Девианттық мінез-құлықтың қоғамда болуының басты себебі:

А) экономикалық қатынастарда;

В) саяси қатынастарда;

С) әлеуметтік қатынастарда;

D) отбасылық қатынастарда;

Е) сәйкес емес қатынастарда.

*****

170. Қылмыстарды зерттеудің мәліметтеріне қарағанда енбек пен қылмыстық мінездің арасында:

А) байланыс жоқ;

В) шамалы байланыс бар;

С) тығыз байланыс бар;

D) тікелей байланыс жоқ;

Е) кездейсоқ пайда болған байланыс бар.

*****

171. Еңбектің мазмұны мен қоғамға жат тәртіптің арасындағы байланыс психологиямен және моральмен жанама түрде болғанмен олар қайшылықтар туғызады:

А) дене және ой еңбегінің арасында;

В) қызметкердің қажеттілігі мен оның өндірістік жағдайлары арасында;

С) қала мен ауыл арасында;

D) адам мен қоғам арасында;

Е) болса екен деген тілек пен шындық арасында.

*****

172. Қоғамға жат ауытқушылықтардың пайда болуының қайнар көзі не?

А) тиімді кұқықтық заң шығарудың болмауы;

В) құқықты мемлекеттің болмауы;

С) әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерінің сәйкеспеуі;

D) қоғам дамуының ақиқат процесі мен адамдардың ізденіс-талап құқын жүзеге асырудың сәйкеспеуі;

Е) тілек пен шындыктың дөп келмеуі.

*****

173. Ішкі шиеленістер немен анықталады?

А) құнды бағдарлардың бір-бірінен алшақтауымен;

В) әртүрлі моральдық жүйелердің қақтығысулары арқылы;

С) жеке бастың моральдық санасының қайшылықтарымен;

D) адамдардың адамгершілік ұстанымдарының әр түрлі болуымен;

Е) адамдардың жеке мәдени деңгейлерінің бір-біріне сай келмеуімен.

*****

174. Адамдардың санасы мен мінез-құлқында болатын мынадай келеңсіз кұбылыстар: немқұрайлылық, дөрекілік, менмендік, қаталдық, арсыздық және т. б. ауытқыған мінез-құлықтың қандай типтік топтарына жатқызылады?

А) адамдар ара қатынасындағы ізгіліктік принциптердің бұзылуына;

В) моральдық принциптерінің бұзылуына;

С) қоғамдық сананы қалыптастырудың бұзылуына;

D) ұлыдержавалық шовинизмге;

Е) діни наным-сенімдерге.

*****

175. Тұлғаның, әлеуметтік институттардың және қоғамның мүддесіне қауіп-қатер төндіретін шектен асқан ауытқыған мінез-құлық:

А) нашақорлық;

В) қаңғыбастық;

С) маскүнемдік;

D) токсикомандық;

Е) қылмыскерлік.

*****

176. Өз бетінше пайда болып, үлкен эмоциональдық пен және конформизммен айрықшаланатын:

А) формальды топтар;

В) стихиялық топтар;

С) формальды емес топтар;

D) қылмыстық топтар;

Е) мүддесіне орай құрылған топтар.

*****

177. Ұжымдық топтармен басқа да әлеуметтік қауымдастықтарға қарағанда стихиялық топтар сана мен мінез-құлықтың бұрмаланған белгілерін қабылдауға тым жақын. Бұл ең алдымен мынамен түсіндіріледі:

А) қоғамдық өмірдің интенсивті саясаттандыру процесімен;

В) топ мүшелерінің психологиялық тұрақсыздығымен;

С) топта қоғамдық пайдалы мақсаттардың болмауымен;

D) индивидтерге нашар топтасқан ұжымдардың тиімсіз ықпалымен;

Е) топ мүшелерінің өмір сапаларының төмендігімен.

*****

178. Делинквентілік неден қолдау таппайды?

А) ұйымдардан;

В) ережелерден;

С) топтардан;

D) заңнан;

Е) қоғамнан.

*****

179. Шетелде ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануы қай еңбектен бастау алды?

А) Ф. Тённис. «Қауымдастық және қоғам»;

В) Т. Парсонс. «Әлеуметтік әрекеттің құрылымы»;

С) Э. Дюркгейм. «Өзіне-өзі қол салу»;

D) М. Вебер. «Негізгі әлеуметтанулық ұғымдар»;

Е) Т. Гоббс. «Левиафан».

*****