Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Олимп ГЫЛЫМИ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148.48 Кб
Скачать

2.1 Мектептің құрылымдық мазмұны

«Жасstar» мектебінің жобасы жеке тұлғаның бағдарлы дамуына негізделіп, ұсынылып отыр. Жобада мектептің аты, басқару құрылымы, оқу-тәрбие жұмысының құрылымы, шығармашылық іс-шаралар, әлеуметтік байланыстар жан-жақты қарастырылған. Суретте «Кәусар» мектебінің формасы, мектеп ғимаратының орналасуы, мектеп ауласындағы шеберхана, спорттық кешен, демалыс орындары, ғылыми зертхана, обсерватория бейнеленген. Мектептің оқу бөлмелері санитарлық-гигиеналық талаптарға сай, күншығыс бетке қараған, кең, әрі жарық. Оқушылардың оқу шеберханалары және спорт кешені мектептің негізгі оқу ғимаратынан біршама қашықтықта орналасқан, сондықтан сыртқы шу мен түрлі әсерлерден қорғалған. Мектеп ауласында оқушылардың демалуына мүмкіндік жасалған.

А – Мектеп ғимараты В – Спорт кешені

Ә - Бастауыш сынып оқушыларының Г – Оқушылар театры

бос уақытын ұйымдастыру орны Ғ - Асхана

Б – Ғылыми-зерттеу лабораториялары Е – Жер үлескісі

2-сурет Ж – Обсерватория

Әрбір сынып заманауи технологиямен жабдықталған. Барлық ұстаздар интернет желісіне қосылған ноутбук. Мектеп жан-жақты жабдықталған: фото-киностудио, медиатека, интернет-клуб, медициналық блок. Бұл мектепте мынадай кабинеттер болады: ойынға арналған бөлме, психологиялық кабинет, мұғалімге арналған релаксация кабинеті. Сонымен қатар біздің мектепте қысы-жазы оқушылар қарайтын ботаникалық бақша болады.

Ұсынылған сұлбаның бүгінгі мектептерден ерекшелігі туралы айтсақ, жобада оқушылардың жан-жақты дамуына толық мүмкіндік жасалады:

  • білім алуына;

  • демалуға;

  • спорттық ойындармен шұғылдануына;

  • көркем өнермен айналысуына;

  • жер үлескісінде жұмыс істеуге;

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарымен машықтануға;

  • еңбек шеберханаларында қол еңбегін үйренуге;

  • аспан әлемінің таңғажайып сырларын зерттеуге.

2.2 Басқару құрылымы

Ұсынылған мектеп жобасында білім берудің сатылы мазмұны мен оқу-тәрбие процесін басқарудың демократиялық принципі басшылыққа алынады. Мектептің оң қанатында әкімшілік- басқару жүйесі орналасқан, онда мектеп директоры, оқу және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, психологиялық қызмет және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бөлмелері, т.б. Ал мектептің сол қанатында оқушылардың өзін-өзі басқару орны мен олардың бос уақытын ұйымдастыру бөлмелері орналасқан. Басқару жүйесі демократиялық принципке негізделген. Мектептегі жұмыс мазмұны қазіргі талаптарды есепке алған. Атап айтқанда, оқушының жалпы дүниетанымын қалыптастыру, зерттеу жұмыстарын жүргізуге машықтандыруға барлық мүмкіндіктер жасалған. Аталған мәселелер білім сапасын арттыруға жол ашады.

2.3 Мектептің оқу- тәрбие жұмысының мазмұны

«Жасstar» мектебінің жұмыс мазмұны оқушының дамуының және қалыптасуының тұлғалық- бағдарлы қызмет жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сол мақсатта сапалы білімге қол жеткізу үшін дамыта оқыту концепциясы негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту қолға алынған. Біз ұсынып отырған мектеп әлемдік стандартқа сай, 12 жылдық білім беру жүйесінде жасалған. Бұл жүйе мектепте жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. «Кәусар» мектебі ақпараттық технология мен кредиттік технологияны оқу- тәрбие процесінің негізгі әдістемелік құралы ретінде пайдаланады.

Біз өзіміздің «Жасstar» мектеп жобасын жасай отырып, мектепте оқытылатын жалпы пәндерге қоса, мына пәндер оқу үрдісіне енгізілсе деген ұсынысымыз бар:

- мәдениеттану;

- дінтану;

- елтану.

Мәдениеттану пәнінің негізгі мақсаты – бұл пән мектеп оқушыларына дүние жүзі мәдениетімен таныстыра отырып, қазақ халқының мәдениетінің ерекшеліктерін салыстырып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген нағыз азамат тәрбиелеу.

Дінтану пәнінің мақсаты – жас ұрпақтың діни сауатын ашу, бойларына имандылық, адамгершілік, кішіпейілділік, адалдық, еңбекқорлық, сабырлық, ізгілік қасиеттерді қалыптастыру.

Елтану пәнінің мақсаты – балаларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Қазақ халқының ұлан байтақ жерін, елін таныстыру.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, еркін енуіне дайындығын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан біз ұсынып отырған мектеп жобасын 12 жылдық білім беру жүйесіне сәйкес жасадық.

12 жылдық білім жүйесіне көшуде 3 сатылы деңгейде білім беру жүзеге асырылады.

1- сатысы /1-4 сыныптар/ - гуманитарлық білім мазмұны негізінде құрылады. Онда сауат ашу, тіл дамыту, баланың ойын дамыту секілді дидактикалық міндеттерді жүзеге асыратын базалық пәндер мемлекеттік бағдарламаға сәйкес беріледі, ал мектеп компоненті оқушының ізгіліктік қасиеттерін дамытуға бағытталып /“Әдепті бала ережесі”, “Менің Отаным”, “Ұлттық дүниетаным”/ ұсынылады.

2- сатысында /5-10 сыныптар/ - оқушылар білім мазмұнының базистік негізін игереді, өзін-өзі танып білуге, адамдар және халықтар арасындағы мәдени қарым-қатынастарды меңгеруін қалыптастыруға басты көңіл бөлінеді. 7- сыныптан бастап базалық пәндер бойынша /математика, жаратылыстану, гуманитарлық, қоғамдық пәндер/ дифференциялап оқыту енгізіледі. Мектеп жанындағы ғылыми лабораторияларда оқушылар ғылыми зерттеу әдістерін меңгереді. Бұл оқушылардың мамандыққа бейімделуін қамтамасыз етеді.

3-сатыда /11-12 сыныптар/ - оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру және оқушыларды қабілеттік ерекшеліктері бойынша мамандық таңдауға даярлау жұмыстары жүргізіледі. Осы сатыда білім берудің мазмұнын саралау, ықпалдастыру және кәсібилендіру қызметтері атқарылады. Кәсіби оқуға даярлау әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, технологиялық бағыттар бойынша бейінді оқыту негізінде жүзеге асады. Оның мазмұндық ерекшелігі мен тиімді нәтиже беруін қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесінің әдістемелік кешенін дайындау біздің «Кәусар» мектебінің негізгі мақсаты болып табылады. Мектепте оқушылардың ғылыми қоғамы (НОУ) түрде жұмыс атқарады, оның жұмысына қаламыздағы ғылыми мекемелердің ғалымдары мен педагогикалық институттың педагогтары жетекшілік етеді.