Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Олимп ГЫЛЫМИ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148.48 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

5В010200 - «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша білімгерлердің V Республикалық пәндік олимпиадасы

«Болашақтың мектебі» жобасы бойынша орындалған үй тапсырмасы

Тапсырманы орындаушы: Тараз мемлекеттік педогогикалық

институтының «Тараз-star» командасы

Команда мүшелері: Молдабекова Гүлфайрусь

Исаева Ұлдана

Орал Айгерім

Чмаева Жадыра

Тараз 2013

БОЛАШАҚТЫҢ МЕКТЕБІ” жобасы

Мазмұны

1.Кіріспе бөлім.........................................................................................1

1.1 Тақырыптың өзектілігі.................................................................4

1.2 Мектептің аты...............................................................................5

2. Негізгі бөлім.........................................................................................

2.1 Мектептің құрылымдық мазмұны

2.2 Басқару құрылымы.........................................................................6

2.3 Мектептің оқу-тәрбие жұмысының мазмұны..............................7

2.4 Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру.....................8

3. Қорытынды бөлім............................................................................9

1. Кіріспе бөлім

1.1 Тақырыптың өзектілігі

Еліміздегі қоғамдық-әлеуметтік реформалар адам санасындағы күрделі жаңғыру процесімен астаса жүріп жатыр, мұның өзі іргелі және әмбебап білімді саралап, оның өрісін кеңейте түсуді және бұл істі білім беру жүйесі арқылы жүзеге асыруды талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Болашақтағы мектеп – бұл  мәдениеттің, білім мен тәрбиенің ошағы, жан – дүниеңді, эстетикалық талғам мен интеллектуалдық дамытудың, оқушының сана – сезімін жаңа денгейге тез жеткізу үшін мүмкіндік жасайтын үздіксіз білім берудің кешенді орталығы. Мектеп – жан -жақты дамуға жағдайлар туғызатын, адамның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын ошақ болуы қажет.

Бүгінгі Қазақстандағы білім беру ісіне, мұғалімге, жас ұрпақты тәрбиелеуге деген жаңа көзқарастар пайда болды.  Білім беру ісіне жаңа көзқараспен қарау мектепке жаңа көзқараспен қарау деген сөз.

Сондықтан, болашақтың мектебі оқу-тәрбие процесін гуманитарландыру саясаты негізінде оқушылардың тұлғалық-бағдарлы дамуы концепциясын басты ұстаным ретінде қабылдағанын дұрыс деп санаймыз. Бұл мектепте К.Д.Ушинскийдің пікірі бойынша: «Өмірдің барлық кездейсоқтарының соққыларына төтеп бере алуға мүмкіндік беретін білім адамды зиянды, әрі бұзақы әрекеттерден құтқарушы және барлық қарым-қатынастардан қайырымды, жағымды нәтижелер ала алатын мүмкіндікке жетелейтін», - тәлім-тәрбие алуға болады.

Зерттеудің мақсаты: Обеспечение индивидуальной образовательной траектории для каждого ребенка на основе личностно-ориентированного образования и возрастной диагностики развития универсальных умений и способностей. Халық нақылында айтылғандай: «Мақсат – жетістіктің желкені». Орынды мақсаттар ғана табысқа жеткізеді.

Подлинная цель системы образования - воспитать счастливого человека.

Біздің девиз: «Артта қалатын бала жоқ, ашылмаған талант көп».